Үйінді — жер бетінде арнайы бөлінген орынға бос тау жыныстарынан, есептен тыс кедей кендерден және өндіріс қалдықтарынан жасалған үйме. Үйіндінің жасанды және су шайып әкелген түрлері болады. Кенді ашық әдіспен өндіру кезінде Үйінділерді кеніштің қазып алынған кеңістігінде және болашақ кеніштің сұлбасынан тысқары қашықтықта тұрғызады. Ал жер асты әдістері барысында Үйінді жақын жерге немесе өндіріс алаңының шеңберінде жасалады (террикон). Жұмсақ және беріктігі орташа тау жыныстарынан жасалған Үйінділердің биіктігі 30 м, ал қатты тау жыныстары Үйіндінің биіктігі 60 метрге, кейде (тау бөктері, шатқалда) 300 метрге жетеді. Үйіндінің пішіні конус, сектор, жайпақ жота тәрізді болып келеді. Үйінді жасағанда ең алдымен оның ұзына бойына алғашқы жал (биіктігі 10 — 15 м) үйіледі. Ол үшін экскаватор, скип, абзетцер, драглайн, мех. күрек, конвейер, бульдозер, т.б. техникалар қолданылады. Қазақстан аумағында тау-кен және металлургия қалдықтарынан 60 мың га жерді алып жатқан 26 млрд. т Үйінді жиналып, қоршаған ортаны ластауда. Жерді қалпына келтіру мақсатында Үйінділердің бетіне ағаш немесе әр түрлі шөптер егіліп, рекультивацияланады, кейіннен а. ш-на пайдаланылады. Кейбір жағдайда Үйінді үстіне құнарлы топырақ төгіледі.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Үjindi zher betinde arnajy bolingen orynga bos tau zhynystarynan esepten tys kedej kenderden zhәne ondiris kaldyktarynan zhasalgan үjme Үjindinin zhasandy zhәne su shajyp әkelgen tүrleri bolady Kendi ashyk әdispen ondiru kezinde Үjindilerdi kenishtin kazyp alyngan kenistiginde zhәne bolashak kenishtin sulbasynan tyskary kashyktykta turgyzady Al zher asty әdisteri barysynda Үjindi zhakyn zherge nemese ondiris alanynyn shenberinde zhasalady terrikon Zhumsak zhәne beriktigi ortasha tau zhynystarynan zhasalgan Үjindilerdin biiktigi 30 m al katty tau zhynystary Үjindinin biiktigi 60 metrge kejde tau bokteri shatkalda 300 metrge zhetedi Үjindinin pishini konus sektor zhajpak zhota tәrizdi bolyp keledi Үjindi zhasaganda en aldymen onyn uzyna bojyna algashky zhal biiktigi 10 15 m үjiledi Ol үshin ekskavator skip abzetcer draglajn meh kүrek konvejer buldozer t b tehnikalar koldanylady Қazakstan aumagynda tau ken zhәne metallurgiya kaldyktarynan 60 myn ga zherdi alyp zhatkan 26 mlrd t Үjindi zhinalyp korshagan ortany lastauda Zherdi kalpyna keltiru maksatynda Үjindilerdin betine agash nemese әr tүrli shopter egilip rekultivaciyalanady kejinnen a sh na pajdalanylady Kejbir zhagdajda Үjindi үstine kunarly topyrak togiledi Siltemeler Қazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet