Жиенқұрық – жиен нағашы жұртына алғаш барғанда берілетін кәде, сыйлық.
Жоралғы сипаты мен атаулары
Жиенге нағашы жұрты алғаш келгені үшін бәсiре, яғни мал атап, ен салады. Кейін нағашылары жиен ер жеткенде сол малды енші қылып беретін болған. Бұл болмаған жағдайда жиен ес біліп, есейе келе нағашы жұртынан қалаған затын (жүйрiк ат, тазы, қыран бүркіт, берен мылтық) сұрайды, оны нағашылары беруге мiндетті. Бұл салт ел арасында "жиенқұрық" немесе "жиенсыбаға" деп аталған, яғни жиеннiң құрығына iлiккенін нағашылары жиен назары қатты деп бетiн қайтармай, орындайтын болған. Жиенқұрыққа байланысты берілетін кәденің атын "жиеннiң қырық серкешi" деп те атайды. Бұл жиенқұрықтың барлық қазақ өңірлеріне ортақ мөлшері болып табылады.
Кәдені алу барысы
Жиен нағашысынан жиенқұрық салтына сәйкес өзіне тиесілі кәдені үш рет алуға қақылы. Кейбір жағдайда жиен өзіне ұнаған бұйымды немесе малды сұраусыз да алып кете берген. Оны "жиендік жасау" деп атайды. Төртінші рет осындай іс-әрекетке барған жиеннің қылығы "ұрлық" деп есептелінеді. Бірақ, жиеннің осындай жайтқа баруы өте сирек кездесетін құбылыс болды. Өйткені, нағашы-жиеннің арасындағы туыстық қатынас қазақы ортадағы жалпы туыстық жүйенің ең іргелі принциптерінің бірі болды.
Қазақтың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері туралы деректерді жинақтаған академик С.З. Зимановтың қолжазба қорында осы жайтқа байланысты төмендегідей мәлімет келтіріледі: «Нағашылары жиеннің алып кеткен малын даулап, шағымдана алмайды, әрі ренжуіне жол жоқ. Себебі әдет заңы бойынша жиен нағашысынан бір рет қана қалағанын алып, жиендік етуге ерікті болған».
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Т.1. Юридический быт. Ташкент: Типо-Литография С.И. Лахтина, 1889;
- Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және дәстүрлері туралы деректер (акад. С.З. Зимановтың қолжазба қорынан алынды). Қазақтың Ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. Он томдық. IX том. Алматы: Жеті жарғы, 2008. 176-б.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhienkuryk zhien nagashy zhurtyna algash barganda beriletin kәde syjlyk Zhienkuryk Suretti salgan E Ospanuly Zhoralgy sipaty men ataularyZhienge nagashy zhurty algash kelgeni үshin bәsire yagni mal atap en salady Kejin nagashylary zhien er zhetkende sol maldy enshi kylyp beretin bolgan Bul bolmagan zhagdajda zhien es bilip eseje kele nagashy zhurtynan kalagan zatyn zhүjrik at tazy kyran bүrkit beren myltyk surajdy ony nagashylary beruge mindetti Bul salt el arasynda zhienkuryk nemese zhiensybaga dep atalgan yagni zhiennin kurygyna ilikkenin nagashylary zhien nazary katty dep betin kajtarmaj oryndajtyn bolgan Zhienkurykka bajlanysty beriletin kәdenin atyn zhiennin kyryk serkeshi dep te atajdy Bul zhienkuryktyn barlyk kazak onirlerine ortak molsheri bolyp tabylady Kәdeni alu barysyZhien nagashysynan zhienkuryk saltyna sәjkes ozine tiesili kәdeni үsh ret aluga kakyly Kejbir zhagdajda zhien ozine unagan bujymdy nemese maldy surausyz da alyp kete bergen Ony zhiendik zhasau dep atajdy Tortinshi ret osyndaj is әreketke bargan zhiennin kylygy urlyk dep eseptelinedi Birak zhiennin osyndaj zhajtka baruy ote sirek kezdesetin kubylys boldy Өjtkeni nagashy zhiennin arasyndagy tuystyk katynas kazaky ortadagy zhalpy tuystyk zhүjenin en irgeli principterinin biri boldy Қazaktyn әdet guryptary dәstүrleri turaly derekterdi zhinaktagan akademik S Z Zimanovtyn kolzhazba korynda osy zhajtka bajlanysty tomendegidej mәlimet keltiriledi Nagashylary zhiennin alyp ketken malyn daulap shagymdana almajdy әri renzhuine zhol zhok Sebebi әdet zany bojynsha zhien nagashysynan bir ret kana kalaganyn alyp zhiendik etuge erikti bolgan DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterGrodekov N I Kirgizy i karakirgizy Syr Darinskoj oblasti T 1 Yuridicheskij byt Tashkent Tipo Litografiya S I Lahtina 1889 Қazak halkynyn әdet guryptary zhәne dәstүrleri turaly derekter akad S Z Zimanovtyn kolzhazba korynan alyndy Қazaktyn Ata zandary Қuzhattar derekter zhәne zertteuler On tomdyk IX tom Almaty Zheti zhargy 2008 176 b