Қас – ердің алдыңғы және артқы басы, құрылымдық жағынан ең мәнді негізгі бөлігі.
Құрылымы
Ердің алдыңғы басын "алдыңғы қасы", артқы басын "артқы қасы" деп атайды. Олар бір-бірінен ерекшеленеді. Алдыңғы қас ілгері қарай сәл биіктеу келеді. Артқы қастың үсті кең, орнықты, аласа болады. Қастың ерекшелігі үстінде отырған адам нық отырады. Яғни, қас адамды алға, не артқа ауып кетуден, сыпырылып түсуден сақтайды. "Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды" деген сөз орамынан артқы қастың атқарар қызметінің маңызы зор екендігін аңғаруға болады. Х. Арғынбаевтың мәліметінше: «қасты қайыңның шірімеген түбірінен жасаған, кейде жуандау қайыңның екі айрылған тұсы қолданылған». Себебі, қайың берік, діңі тығыз, шайырсыз ағашқа жатады. Ал, «қарағай ерге қас болмас, Қыз бала елге бас болмас» деген халық мақалы қарағай ағашының ердің қасын жасауда қолданылмағандығын көрсетеді. Жергілікті тілде қас кісілік деп те аталады.
Ерекшелігі мен атулары
Қасты ер негізінен көшпелі халықтарға тән ерекшелік. Көшпелі тұрмыста қас аттың жүрісі мен отырған адамның ыңғайлылығы үшін жасалған. Ердің алдыңғы және артқы қастарының пошымына, жабдықтарының құрамына қарай "қазықбас ер", "шошақбас ер", "қозықұйрық", "бітеу ер", "қандек ер" деп түрліше аталады. Ердің қастарына көбінесе темірге қақталған күміс шабылып, күміс шытыралар қондырылады. Кейде қас бетін ою-өрнек салған жұқа темірмен жауып, алтын жалатады. Дәстүрлі ортада ауқатты адамдар әсіресе қыз-келіншектерге арналған ердің қасын ерекше сәндеп, өрнектеуге тырысқан. Асыл тастардан қозалар орнатқан.
Халық арасындағы «алтын ердің қасы еді» деген сөз орамы беделді, ардақты адам еді деген мағынада қолданылады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Арғынбаев Х. Қазақтың ер-тұрман жабдықтары. Казахстан в ХҮ-ХҮІІІ веках. Алма-Ата, 1969. 186-б;
- Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
- Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Ғылыми анықтамалық басылым. Алматы: Ғылым, 1991;
- Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995. 240 б;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қas erdin aldyngy zhәne artky basy kurylymdyk zhagynan en mәndi negizgi boligi Erdin aldyngy zhәne artky kastary ҚR ҰM nyn korme zalynan ҚurylymyErdin aldyngy basyn aldyngy kasy artky basyn artky kasy dep atajdy Olar bir birinen erekshelenedi Aldyngy kas ilgeri karaj sәl biikteu keledi Artky kastyn үsti ken ornykty alasa bolady Қastyn ereksheligi үstinde otyrgan adam nyk otyrady Yagni kas adamdy alga ne artka auyp ketuden sypyrylyp tүsuden saktajdy Ajrylar dos erdin artky kasyn surajdy degen soz oramynan artky kastyn atkarar kyzmetinin manyzy zor ekendigin angaruga bolady H Argynbaevtyn mәlimetinshe kasty kajynnyn shirimegen tүbirinen zhasagan kejde zhuandau kajynnyn eki ajrylgan tusy koldanylgan Sebebi kajyn berik dini tygyz shajyrsyz agashka zhatady Al karagaj erge kas bolmas Қyz bala elge bas bolmas degen halyk makaly karagaj agashynyn erdin kasyn zhasauda koldanylmagandygyn korsetedi Zhergilikti tilde kas kisilik dep te atalady Ereksheligi men atularyҚasty er negizinen koshpeli halyktarga tәn erekshelik Koshpeli turmysta kas attyn zhүrisi men otyrgan adamnyn yngajlylygy үshin zhasalgan Erdin aldyngy zhәne artky kastarynyn poshymyna zhabdyktarynyn kuramyna karaj kazykbas er shoshakbas er kozykujryk biteu er kandek er dep tүrlishe atalady Erdin kastaryna kobinese temirge kaktalgan kүmis shabylyp kүmis shytyralar kondyrylady Kejde kas betin oyu ornek salgan zhuka temirmen zhauyp altyn zhalatady Dәstүrli ortada aukatty adamdar әsirese kyz kelinshekterge arnalgan erdin kasyn erekshe sәndep ornekteuge tyryskan Asyl tastardan kozalar ornatkan Halyk arasyndagy altyn erdin kasy edi degen soz oramy bedeldi ardakty adam edi degen magynada koldanylady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterArgynbaev H Қazaktyn er turman zhabdyktary Kazahstan v HҮ HҮIII vekah Alma Ata 1969 186 b Argynbaev H Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987 Shojbekov R N Қazak zergerlik onerinin sozdigi Ғylymi anyktamalyk basylym Almaty Ғylym 1991 Қasimanov S Қazak halkynyn koloneri Almaty Қazakstan 1995 240 b ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan