Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек (1693 — 1752, Қостанай облысы Жангелді ауданы Тосын құмы) — батыр.
Жәнібек Тархан Қошқарұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1693 Қостанай облысы Жангелді ауданы |
Қайтыс болғаны: | 1752 |
Мансабы: | Қазақ батыры |
Өмірбаян
Алғаш рет 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста 24 жасында қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек Тархан бір жағынан, Кіші жүз жасақтарына көмектесіп Еділ қалмақтарымен, екінші жағынан, Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Өтеген батырлармен бірге оңтүстікте жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп отырды. 1726 жылы Ордабасыдағы ұйғарымнан кейін құрылып, Сарысу өзенінің Бұланты саласының бойында жоңғарларға ойсырата соққы берген біріккен қазақ жасағының құрамында Орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын Жәнібек Тархан басқарған. Ел жадында сақталған аңыз әңгімелер бойынша, Төле бидің түйесін бағып жүрген Сабалақтың (болашақ Абылай ханның) Ташкентті билеген Уәли сұлтанның баласы екенін алғаш жария еткен де, Абылай хан тағына отырғанда оған бата берген де Жәнібек Тархан болған. Ол 1740 — 1741 жылы жоңғар қоңтайшысының тұтқынындағы Абылайды құтқарып алуда да ерекше дипломатиялық шеберлік танытқан. Орынбор комиссиясының бастығы арадағы қатынасын ұтымды пайдаланып, жоңғар қоңтайшысына арнаулы елшілік шығартқан, бұл іске Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандарды да араластырып, ақыры Абылайды басқа адаммен аманатқа ауыстырып алған. Жәнібек Тархан 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар әскерлері Орта жүзге шабуыл жасағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен. Жәнібек Тархан бастаған қазақ жасақтары саны жағынан анағұрлым басым басқыншыларға тойтарыс береді. Бірақ үздіксіз шапқыншылықтан әбден титықтаған Қазақ елі Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болады. Жәнібек Тарханның қазақ даласының тұтастығы мен елінің еркіндігі жолындағы саяси күресінің елеулі белестері осы кезеңде басталды. Абылай хан да, Жәнібек Тархан да Ресей мемлекетінің қазақ жеріне бекіністер салуына үзілді-кесілді қарсы шыққандарына қарамастан 1740 жылы шекара комиссиясының бастығы қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға, саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздерге қатысқан. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жәнібек Тарханға жүктеген. Кейін Жәнібек Тархан да Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгембай батырлармен бірге Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. Осы тұста, 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Орта жүз хандығының билігі Абылайдың қолына көшкеннен кейін Жәнібек Тарханның өкілдігі де жоғарылады. Ш.Уәлихановтың пікірінше, Жәнібек Тархан көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған. Жәнібек Тарханның үлкен бәйбішесі — датқаның қызы, екінші әйелі — Әйтеке бидің қызы, үшіншісі — қалмақ ханының қызы, кіші әйелі — қызы. Бұлардан тараған Дәуітбай, , , , , ұрпақтары қазіргі уақытта, негізінен, Қостанай облысы Жангелді ауданында тұрады. Жәнібек Тарханның мәйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. Батыр есімі Бұқар жырау, Тәтіқара ақын, жырларында кездеседі. Халық ақыны Иманжан Жылқайдаровтың жырлауында бізге жеткен “Шақшақ Жәнібек батыр” жырында, Көкбайдың “Абылай” дастанында Жәнібек Тарханның ер тұлғасы нанымды сомдалған. 1993 жылы Арқалық қаласында батырға ескерткіш орнатылды.
Шынында ол сондай сегіз болыпты. Қазақтың шежіре - тарихында бірнеше
- Әз-Жәнібек -1406-1473 ж.ш. өмір сүріп, хан шешеннің замандасы.
- Шақшақ Жәнібек - біз әңгіме етіп отырған қарұлы.
- Жәнібек Сұлтан - Өске әулетінен шыққан Кіші жүз Ханның күйеу баласы.
- Божбан Жәнібек - орта жүздің Қоңырат оның лығынан шыққан би.
- Керей Жәнібек Бердәулетұлы - Керей еліне билік Бердәулет батырдың әйелі атақты Қаз дауысты Қазыбектің-^ОИИИвекен Жәнібек би содан туыпты.
- Жәнібек батыр Әлібиұлы - жоңғар, қалмақ шабуылы атырабындағы шайқастарға қатысып, асқан ерлік көрсеткен ерлігі жөнінде халық ақыны Орынбай Таймановтың дастаны бар.
Шақшақ Жәнібек Торғай облысындағы Тосынқұм даласында, Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)нда дүниеге келген. Қазақ шежіресінде оның ат таратылады; Жәнібектің ұлы аталары - бабасы Шақшақ, одан Көшей, Дүзей, Бақай, Томай, Есназар және Ақназар, өз атасы тарайтын ұрпақтар - Қарабас, Қошқар, Аю, Тінет, Еламан және Қалқаман Жәнібек Қошқардың Тінібек пен Тұрлығұлдан кейінгі үшінші, кенже баласы.
Тарихи деректерде және ауызекі әңгімелерде Қошқарұлы Жәнібек деген тіркес сирек айтылады. Ол көпшіліққе Шақшақ Жәнібек деген атпен мөлім. Жәнібек - жеті атасынан батыр болған адам. Түпкі аталары Белтірік пен Шағыр ерлікте жұбын жазбай өткен ерен тұлғалар болтан. Шагырдан туатын Аманжол, Сомжүрек ел намысын бөрінен биік ұстап өткен жандар. Аманжолдың ортаншы ұлы - Шақшақ - әйгілі Есім ханның түсындағы қазақтың бетке ұстар батыры.
Шақшақ батыр жорыққа он алты - он жеті жас шамасында қатыса бастапты. Бұл тұста қазақ қолы Еділдің бергі бетіне жетіп іркілсе ,кЦпк. Аржақта бұлардың келуінен бейхабар жау өскері жатады. Асау өзерг» рілғаш ат қоятын жүректі жан шыға қоймай, бергі беттегілер аз-кем. Сол сәтте ала тай мінген бала жігіт өткелге бірінші болып қойып кетеді. Онысымен қоймай бұрын-соңды естілмеген ұранды ауызга алады:
- Аманжол, Аманжол! кешкен. оны Шақшақ Жәнібек, азамат ше
Жас жігіттің соңынан бәрі ат қояды. Сол жолы бұлар жау жасагының тас-талқанын шыгарды. Жеңіс қызығы басыла бастаған тұста ғана манаты жас батыр еске түседі. Беймәлім ұранның иесі кім екенін жұрттың білгісі келеді.
Сөйтсе, бұл жігіт кіші Арғыннан тарайтын Ермен әулетінің үшінші ұрпағы - Шақшақ екен. Ал, ол ұран еткен Аманжол - баланың өз әкесі болып шықты. Сол күннен бастап тоқал шешеден тарайтын Арғын рулары үшін Аманжол ұранға айналады. Бұрын олар басқа арғындар секілді Ақжол ата есімін дабыл етіп келген еді.
Алғашкы қадамынан-ақ көзсіз ерлік танытып, жаудың бас батырын найзаға іліктірген Шақшақ Есім ханның ерекше құрметіне бөленеді. Бірте-бірте ол сол дәуірдің бас батырына айналады.
Жәнібектің одан кейінгі атасы - Көшей нар тұлғалы, болмыс-бітімі ерекше болған адам көрінеді. Оның сирек қоздалатыны, томырық мінезі жайлы аңыз көп.
Ел аузында "Жау шанса да, Көшей саспайды" деген сөз содан қалған. Тағдырдың нұры бұл кісінін ерекше қасиеттері жетерлік екен. Шақшақ батыр өзінің айтулы замандастарының бірінің қызына құда түсіп, қызға өзінің алты ұлының ішінен қалағанын таңдауға ерік береді. Алтауы да ақберен жігіт, басқа бесеуінің жауынгерлік даңқы атырапқа жайылып жатса да, қыз Көшейді таңдайды. Қыздың жеңгесі:
-Сен Шақшақтың батыр ұлдарының бірінің етегінен ұстамай, мал соңында жүретін нөуетек Көшейге неге қызықтың? - деп кінөлағанда, кыз:
-Сендер ештеңе анғармайды екенсіңдер ғой. Көшей қой бағып жүргенде, оның үстінен үнемі ақбауыр бұлт ере көшіп жүреді. Аспан мен жерді жалғастырған өңге жанды көрген емеспін, - дейді.
Көшейдің екінші әйелі - қалмақ қызынан туатын балалары Қарабас, Қошқар, Аю - үшеуі де ата жолын қуып, жауынгерлік жорық үстінде шыңдалған. Тағдырдың өзі сыйға тартқан ерлік жолы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған. Қошқардан туған үш ұл - Тінібек, Тұрлығүл және Жәнібектің алғашкы екеуі талай майданға қатысқан айтулы батыр.
Жәнібек жас кезінде елі өзінің нағашысы ұлы жүз Бектас қарияға келеді. Ол кісі он екі айғыр үйір жылқыдан таңдап жүріп, бөсіре ат мінгізеді. Бесті құрық тимеген асау күреңді мініп, енді Жәнібек қаракерей соқыр»» келеді. Бұл кісі сол кездегі Орта жүздің батагөйі болса керек. Мән-жайды білгеннен кейін 125 жасар қария:
-Ел бастап жұрт сүйем деген ұл екенсің!
Сөз бастап би болайын деген ұл екенсің!
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма
- аймағың кетпес алдыңнан, қол бастап жол алайын деген ұл екенсің.
Жолдастың мыңын алма, бірін ал
- мың кісіге бір кісі олжа салатұғын, олжаңды аямасаң
- жолдасың кетпес жаныңнан.
Жас күніңде қалың бер де қатын ал, жігіттің хан болатын,
Қыздың ханым болатын уақыты сол, - деп батасын беріпті де, Абыз баба сөзінің соңын былайша термелеп:
Келіп түрмын жүз жиырма беске балам,
Ең ақырғы батам, есті, балам.
Қолың жай батама балам Риза бол атаңа балам.
Бағың жоғары өрлесін балам,
Дұшпаның шеніңе келмесін балам,
Абыройың таймасын балам,
Басыңа дәулет құс ойнасын балам.
Лұкмандай милы бол балам
Залдан да терең ойлы бол, балам
Сабырлыққа Аюдай бол, балам
Рүстемдей батыр бол, балам
Дәулеттей үлды бол, балам,
Талқадай тілді бол, балам
Мұхаммедтей көзді бол, балам
Әділ, тура сөзді бол, балам
Омардай қара қылды қақ жар, балам,
Ғазрет Ғалидай топ жар, балам.
Ағзамдай дана бол, балам
Ғазалидей аш-арыққа пана бол, балам.
Атымтайдай жомарт бол, балам,
Хосраудай намарт бол балам
Қобыландыдай қайтпас батыр бол, балам.
Тарғындай жараға жатпас бол, балам
Алпамыстай даңқты бол, балам,
Қамбардай халқыңа қамқор бол балам - деп Зал алды жақын:
Тышқан да інінің
Аруақтар сақтасын, балам
Бөле-жала таппасын, балам
Ордамыз Түркістан, балам
Мәселің қайтпасын ұрыстан, балам - деп бата беріп қайырыпты.
Қошқарұлы Жәнібек он үш жасында Қара биден бата алып жолға шығады. Бірақ сәті түспей, екі ел арасында үлкен ұрыстың арасынан өте алмаған бозбала Жәнібек соғыстың тоқтағанын күтіп, арада үш жыл өтіп кетеді, Қара биге келіп сәлем береді. Қара би оның сәлемін қабыл алып:
-Әй, мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім, -деп сұрайды. Жәнібек болтан оқиғаны айтады.
-Е, онда жөн басқа, - дейді Қара би. - Менде қандай
Бедері жоқ қамқадан,
Берік тоқылған бөз артық.
Бірлігі жок туыстан,
Берік сөйлеген жат артық.
Пайданы алыстан қылғайсың,
-Оны өзіңіз де сезіп отырған шығарсыз. Маған керегі дейді Қошқарұлы Жәнібек. Сол кезде би қолын жайып: Оны да есіңе алғайсың -деп батасын беріпті.
"Белгілі батыр, әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп:
-Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ат, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып, билік құрайын ба? Елінде кәрің болса - жазулы хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса
-ерттеулі атың деуші еді, ақыл сұрай келдім - депті.
Сонда Төле би:
-Өгізді өрге салма - қанатың талар, наданға көзің салма - ?.
Досыңа өтірік айтпа - сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айпта түбіңе жетер.
Қару жисаң - мылтық жый, жаяу жүрсең - таяғың, қарнын ашса - тамағың.
Ит жүгіртіп құс салсаң - әуейі боларсың.
Әйелі көпке қызықпа, тектіні ал.
Мақтаншақ жігіт жисаң - ұятқа қалдырар.
Ұрыншақ ат - жаз жарға жығар, қыс қарға жығар.
Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар.
Елге бай құт емес, би құт.
Қабырғадан қар жауса - атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе батыр менен биге күш
Өйстіп отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр-кәсіп болмай, нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң, айтарым осы" деген екен.
Ал, Қаз дауысты Қазыбек би Жәнібек батырдың тәкаппарлығына шағынған Әбілмәмбет ханға (кейбір сөзде Барақ сұлтан деп те айтады) былай деген екен:
Түркістанда түмен бал, балам.
Самарқандта савез бал, балам,
Отырарда отыз бал балам
Ең үлкені Арыепця бепбалам,
Ел бастыгы Едіге, бехам.
-Дұрысына келсең, Жәнібекке қара да, төре де бөрібір. Төреге илікпейтіні - төрелердің айдап әкелген елі, арқалап әкелген жері жоқ. Қарата илікпейтіні - қанша бай, қанша көп болса да мал мен жанды ұстауға ақыл, білік және күш қатар керек. Мен көрген қазақта осы үшеуі Жәнібекте ғана бар. Сондықтан да, төренің де, қараның да күні Жәнібекке еркісіз түседі .
Ол 17-18 жасында Абылай хан бастаған жасақта болып, жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорық, соғыстарға қатысып ерлік көрсеткен. Сөйтіп Абылай ханның жеңімпаз, сенімді батырларының бірі болған. Кейін Жәнібек Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарының саяси өміріне белсене араласқан. Қазақтармен арасындағы келіссөздерге қатысып, шешуші рөл атқарған. 1742 жылы қазақ шонжарлары арасынан бірінші болып Ресей патшалығынан тархан атағын алған. Патша өкімшілігі Жәнібек тарханға Орынбор мен Орта Азия арасында қатынап тұрған сауда керуеннің қауіпсіз болуын жүктеген. Ол бұл сенімді мүлтіксіз ақтап отырған Жәнібек би Кіші жүздің Нұралы ханымен тығыз қарым-қатынаста бол-ған, орыс патшалығы жене қалмақпен келісім кезінде ол Нұралымен тізе қосып, келіссөз жүргізген. Орта жүз бен Кіші жүздің ел басшылары көбіне Жәнібек би мен Нұралы хан ықпалында болып келген.
Жәнібек Қошқарұлы әсіресе Жоңғар шапқыншылығы түсында атағы шығып, абыройы арткдн батырлардың бірі болды. Оның ерлік өнегесі, ақпатөкпе шешендігі, билігі мен білгірлігі жайлы ел аузында қалған аңыз да аз емес.
Қорытынды
Сонымен Шақшақ Жәнібек 1752 жылы Торғай даласының өзі туып өскен Тосын құмындағы ауылда дүние салған. Бұл ауыл бүгінде Жәнібек аталады. Үрім-бұтақтары басына ескерткіш орнатып, ел қорғаудағы ерен ерлігі мен еңбегін еске алып, тағызым етіп тұрады.
Тархан Жәнібек би туралы кезінде Шоқан Уәлиханов және орыстың бірқатар зерттеушілері пікір айтқан. Тәтіқара, Бұқар жыраулар, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Нұрхан Ахметбеков, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков тағы да басқалары өлең-дастан арнап, мақалалар жазған.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- "Торғай таны" 1992 жыл, 14 мамыр
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhәnibek Tarhan Қoshkaruly Shakshak Zhәnibek 1693 1752 Қostanaj oblysy Zhangeldi audany Tosyn kumy batyr Zhәnibek Tarhan ҚoshkarulyDүniege kelgeni 1693 Қostanaj oblysy Zhangeldi audanyҚajtys bolgany 1752Mansaby Қazak batyryӨmirbayanAlgash ret 1717 zhylgy Ayagoz manyndagy shajkasta 24 zhasynda kol bastap erlik korsetken 1723 zhyldan bastap Zhәnibek Tarhan bir zhagynan Kishi zhүz zhasaktaryna komektesip Edil kalmaktarymen ekinshi zhagynan Bogenbaj Қabanbaj Malajsary Rajymbek Өtegen batyrlarmen birge ontүstikte zhongar shapkynshylygyna tojtarys berip otyrdy 1726 zhyly Ordabasydagy ujgarymnan kejin kurylyp Sarysu ozeninin Bulanty salasynyn bojynda zhongarlarga ojsyrata sokky bergen birikken kazak zhasagynyn kuramynda Orta zhүz әskerlerinin en iri kolyn Zhәnibek Tarhan baskargan El zhadynda saktalgan anyz әngimeler bojynsha Tole bidin tүjesin bagyp zhүrgen Sabalaktyn bolashak Abylaj hannyn Tashkentti bilegen Uәli sultannyn balasy ekenin algash zhariya etken de Abylaj han tagyna otyrganda ogan bata bergen de Zhәnibek Tarhan bolgan Ol 1740 1741 zhyly zhongar kontajshysynyn tutkynyndagy Abylajdy kutkaryp aluda da erekshe diplomatiyalyk sheberlik tanytkan Orynbor komissiyasynyn bastygy aradagy katynasyn utymdy pajdalanyp zhongar kontajshysyna arnauly elshilik shygartkan bul iske Әbilmәmbet Әbilkajyr handardy da aralastyryp akyry Abylajdy baska adammen amanatka auystyryp algan Zhәnibek Tarhan 1732 zhyly zheti myn koldyk zhongar әskerleri Orta zhүzge shabuyl zhasaganda kazak әskerlerine basshylyk etken Zhәnibek Tarhan bastagan kazak zhasaktary sany zhagynan anagurlym basym baskynshylarga tojtarys beredi Birak үzdiksiz shapkynshylyktan әbden tityktagan Қazak eli Resej patshasynan komek surauga mәzhbүr bolady Zhәnibek Tarhannyn kazak dalasynyn tutastygy men elinin erkindigi zholyndagy sayasi kүresinin eleuli belesteri osy kezende bastaldy Abylaj han da Zhәnibek Tarhan da Resej memleketinin kazak zherine bekinister saluyna үzildi kesildi karsy shykkandaryna karamastan 1740 zhyly shekara komissiyasynyn bastygy kazak orys sauda katynasyn ornatuga sayasi bajlanystardy odan әri nygajtuga bagyttalgan kelissozderge katyskan Resej әkimshiligi Orta Aziyadan Orynborga katynap turgan sauda keruenderinin kauipsizdigin kamtamasyz etudi Zhәnibek Tarhanga zhүktegen Kejin Zhәnibek Tarhan da Abylaj sultan Әbilmәmbet han Қabanbaj Bogembaj batyrlarmen birge Orta zhүzdin Resejdin kol astyna otuin resmi tirkegen kuzhatka kol kojdy Osy tusta 1743 zhyly 11 shildede Resej patshajymy Elizaveta Petrovnanyn zharlygymen Қoshkaruly Zhәnibekke tarhan atagy berildi Orta zhүz handygynyn biligi Abylajdyn kolyna koshkennen kejin Zhәnibek Tarhannyn okildigi de zhogarylady Sh Uәlihanovtyn pikirinshe Zhәnibek Tarhan kop tyndap az sojlejtin erdin kunyn eki auyz sozben sheshe alatyn әdil de sheshen adam bolgan Zhәnibek Tarhannyn үlken bәjbishesi datkanyn kyzy ekinshi әjeli Әjteke bidin kyzy үshinshisi kalmak hanynyn kyzy kishi әjeli kyzy Bulardan taragan Dәuitbaj urpaktary kazirgi uakytta negizinen Қostanaj oblysy Zhangeldi audanynda turady Zhәnibek Tarhannyn mәjiti Tүrkistanga zhetkizilip Қozha Ahmet Iasaui kesenesine zherlengen Batyr esimi Bukar zhyrau Tәtikara akyn zhyrlarynda kezdesedi Halyk akyny Imanzhan Zhylkajdarovtyn zhyrlauynda bizge zhetken Shakshak Zhәnibek batyr zhyrynda Kokbajdyn Abylaj dastanynda Zhәnibek Tarhannyn er tulgasy nanymdy somdalgan 1993 zhyly Arkalyk kalasynda batyrga eskertkish ornatyldy Shynynda ol sondaj segiz bolypty Қazaktyn shezhire tarihynda birneshe Әz Zhәnibek 1406 1473 zh sh omir sүrip han sheshennin zamandasy Shakshak Zhәnibek biz әngime etip otyrgan karuly Zhәnibek Sultan Өske әuletinen shykkan Kishi zhүz Hannyn kүjeu balasy Bozhban Zhәnibek orta zhүzdin Қonyrat onyn lygynan shykkan bi Kerej Zhәnibek Berdәuletuly Kerej eline bilik Berdәulet batyrdyn әjeli atakty Қaz dauysty Қazybektin OIIIveken Zhәnibek bi sodan tuypty Zhәnibek batyr Әlibiuly zhongar kalmak shabuyly atyrabyndagy shajkastarga katysyp askan erlik korsetken erligi zhoninde halyk akyny Orynbaj Tajmanovtyn dastany bar Shakshak Zhәnibek Torgaj oblysyndagy Tosynkum dalasynda Zhәnibek Batys Қazakstan oblysy nda dүniege kelgen Қazak shezhiresinde onyn at taratylady Zhәnibektin uly atalary babasy Shakshak odan Koshej Dүzej Bakaj Tomaj Esnazar zhәne Aknazar oz atasy tarajtyn urpaktar Қarabas Қoshkar Ayu Tinet Elaman zhәne Қalkaman Zhәnibek Қoshkardyn Tinibek pen Turlyguldan kejingi үshinshi kenzhe balasy Tarihi derekterde zhәne auyzeki әngimelerde Қoshkaruly Zhәnibek degen tirkes sirek ajtylady Ol kopshilikke Shakshak Zhәnibek degen atpen molim Zhәnibek zheti atasynan batyr bolgan adam Tүpki atalary Beltirik pen Shagyr erlikte zhubyn zhazbaj otken eren tulgalar boltan Shagyrdan tuatyn Amanzhol Somzhүrek el namysyn borinen biik ustap otken zhandar Amanzholdyn ortanshy uly Shakshak әjgili Esim hannyn tүsyndagy kazaktyn betke ustar batyry Shakshak batyr zhorykka on alty on zheti zhas shamasynda katysa bastapty Bul tusta kazak koly Edildin bergi betine zhetip irkilse kCpk Arzhakta bulardyn keluinen bejhabar zhau oskeri zhatady Asau ozerg rilgash at koyatyn zhүrekti zhan shyga kojmaj bergi bettegiler az kem Sol sәtte ala taj mingen bala zhigit otkelge birinshi bolyp kojyp ketedi Onysymen kojmaj buryn sondy estilmegen urandy auyzga alady Amanzhol Amanzhol keshken ony Shakshak Zhәnibek azamat she Zhas zhigittin sonynan bәri at koyady Sol zholy bular zhau zhasagynyn tas talkanyn shygardy Zhenis kyzygy basyla bastagan tusta gana manaty zhas batyr eske tүsedi Bejmәlim urannyn iesi kim ekenin zhurttyn bilgisi keledi Sojtse bul zhigit kishi Argynnan tarajtyn Ermen әuletinin үshinshi urpagy Shakshak eken Al ol uran etken Amanzhol balanyn oz әkesi bolyp shykty Sol kүnnen bastap tokal shesheden tarajtyn Argyn rulary үshin Amanzhol uranga ajnalady Buryn olar baska argyndar sekildi Akzhol ata esimin dabyl etip kelgen edi Algashky kadamynan ak kozsiz erlik tanytyp zhaudyn bas batyryn najzaga iliktirgen Shakshak Esim hannyn erekshe kurmetine bolenedi Birte birte ol sol dәuirdin bas batyryna ajnalady Zhәnibektin odan kejingi atasy Koshej nar tulgaly bolmys bitimi erekshe bolgan adam korinedi Onyn sirek kozdalatyny tomyryk minezi zhajly anyz kop El auzynda Zhau shansa da Koshej saspajdy degen soz sodan kalgan Tagdyrdyn nury bul kisinin erekshe kasietteri zheterlik eken Shakshak batyr ozinin ajtuly zamandastarynyn birinin kyzyna kuda tүsip kyzga ozinin alty ulynyn ishinen kalaganyn tandauga erik beredi Altauy da akberen zhigit baska beseuinin zhauyngerlik danky atyrapka zhajylyp zhatsa da kyz Koshejdi tandajdy Қyzdyn zhengesi Sen Shakshaktyn batyr uldarynyn birinin eteginen ustamaj mal sonynda zhүretin nouetek Koshejge nege kyzyktyn dep kinolaganda kyz Sender eshtene angarmajdy ekensinder goj Koshej koj bagyp zhүrgende onyn үstinen үnemi akbauyr bult ere koship zhүredi Aspan men zherdi zhalgastyrgan onge zhandy korgen emespin dejdi Koshejdin ekinshi әjeli kalmak kyzynan tuatyn balalary Қarabas Қoshkar Ayu үsheui de ata zholyn kuyp zhauyngerlik zhoryk үstinde shyndalgan Tagdyrdyn ozi syjga tartkan erlik zholy urpaktan urpakka zhalgasyp otyrgan Қoshkardan tugan үsh ul Tinibek Turlygүl zhәne Zhәnibektin algashky ekeui talaj majdanga katyskan ajtuly batyr Zhәnibek zhas kezinde eli ozinin nagashysy uly zhүz Bektas kariyaga keledi Ol kisi on eki ajgyr үjir zhylkydan tandap zhүrip bosire at mingizedi Besti kuryk timegen asau kүrendi minip endi Zhәnibek karakerej sokyr keledi Bul kisi sol kezdegi Orta zhүzdin batagoji bolsa kerek Mәn zhajdy bilgennen kejin 125 zhasar kariya El bastap zhurt sүjem degen ul ekensin Soz bastap bi bolajyn degen ul ekensin Aldyna kelse әdildigindi ayama ajmagyn ketpes aldynnan kol bastap zhol alajyn degen ul ekensin Zholdastyn mynyn alma birin al myn kisige bir kisi olzha salatugyn olzhandy ayamasan zholdasyn ketpes zhanynnan Zhas kүninde kalyn ber de katyn al zhigittin han bolatyn Қyzdyn hanym bolatyn uakyty sol dep batasyn beripti de Abyz baba sozinin sonyn bylajsha termelep Kelip tүrmyn zhүz zhiyrma beske balam En akyrgy batam esti balam Қolyn zhaj batama balam Riza bol atana balam Bagyn zhogary orlesin balam Dushpanyn shenine kelmesin balam Abyrojyn tajmasyn balam Basyna dәulet kus ojnasyn balam Lukmandaj mily bol balam Zaldan da teren ojly bol balam Sabyrlykka Ayudaj bol balam Rүstemdej batyr bol balam Dәulettej үldy bol balam Talkadaj tildi bol balam Muhammedtej kozdi bol balam Әdil tura sozdi bol balam Omardaj kara kyldy kak zhar balam Ғazret Ғalidaj top zhar balam Agzamdaj dana bol balam Ғazalidej ash arykka pana bol balam Atymtajdaj zhomart bol balam Hosraudaj namart bol balam Қobylandydaj kajtpas batyr bol balam Targyndaj zharaga zhatpas bol balam Alpamystaj dankty bol balam Қambardaj halkyna kamkor bol balam dep Zal aldy zhakyn Tyshkan da ininin Aruaktar saktasyn balam Bole zhala tappasyn balam Ordamyz Tүrkistan balam Mәselin kajtpasyn urystan balam dep bata berip kajyrypty Қoshkaruly Zhәnibek on үsh zhasynda Қara biden bata alyp zholga shygady Birak sәti tүspej eki el arasynda үlken urystyn arasynan ote almagan bozbala Zhәnibek sogystyn toktaganyn kүtip arada үsh zhyl otip ketedi Қara bige kelip sәlem beredi Қara bi onyn sәlemin kabyl alyp Әj men seni osydan үsh zhyl buryn kүtip edim dep surajdy Zhәnibek boltan okigany ajtady E onda zhon baska dejdi Қara bi Mende kandaj Bederi zhok kamkadan Berik tokylgan boz artyk Birligi zhok tuystan Berik sojlegen zhat artyk Pajdany alystan kylgajsyn Ony oziniz de sezip otyrgan shygarsyz Magan keregi dejdi Қoshkaruly Zhәnibek Sol kezde bi kolyn zhajyp Ony da esine algajsyn dep batasyn beripti Belgili batyr әri sheshen Shakshak Zhәnibek Tole bige sәlem bere kelip Tүzu myltyk ushkyr kus zhүjrik at maktanshak zhigit urynshak at zhidym Bozbala bolyp erlik kylajyn ba үlgi alyp bilik kurajyn ba Elinde kәrin bolsa zhazuly hatyn zhajlagan kolinnin aldynda tobe bolsa ertteuli atyn deushi edi akyl suraj keldim depti Sonda Tole bi Өgizdi orge salma kanatyn talar nadanga kozin salma Dosyna otirik ajtpa senimin keter dushpanga syryndy ajpta tүbine zheter Қaru zhisan myltyk zhyj zhayau zhүrsen tayagyn karnyn ashsa tamagyn It zhүgirtip kus salsan әueji bolarsyn Әjeli kopke kyzykpa tektini al Maktanshak zhigit zhisan uyatka kaldyrar Ұrynshak at zhaz zharga zhygar kys karga zhygar Tumau tүbi kurt bolar tuman tүbi zhut bolar Elge baj kut emes bi kut Қabyrgadan kar zhausa atan menen narga kүsh el shetine zhau kelse batyr menen bige kүsh Өjstip otyrgansha bir nәrsege zharap otyr kәsip bolmaj nәsip bolmas Menen akyl surasan ajtarym osy degen eken Al Қaz dauysty Қazybek bi Zhәnibek batyrdyn tәkapparlygyna shagyngan Әbilmәmbet hanga kejbir sozde Barak sultan dep te ajtady bylaj degen eken Tүrkistanda tүmen bal balam Samarkandta savez bal balam Otyrarda otyz bal balam En үlkeni Aryepcya bepbalam El bastygy Edige beham Durysyna kelsen Zhәnibekke kara da tore de boribir Torege ilikpejtini torelerdin ajdap әkelgen eli arkalap әkelgen zheri zhok Қarata ilikpejtini kansha baj kansha kop bolsa da mal men zhandy ustauga akyl bilik zhәne kүsh katar kerek Men korgen kazakta osy үsheui Zhәnibekte gana bar Sondyktan da torenin de karanyn da kүni Zhәnibekke erkisiz tүsedi Ol 17 18 zhasynda Abylaj han bastagan zhasakta bolyp zhongar kalmak shapkynshylygyna karsy zhoryk sogystarga katysyp erlik korsetken Sojtip Abylaj hannyn zhenimpaz senimdi batyrlarynyn biri bolgan Kejin Zhәnibek Orta zhүz ben Kishi zhүz kazaktarynyn sayasi omirine belsene aralaskan Қazaktarmen arasyndagy kelissozderge katysyp sheshushi rol atkargan 1742 zhyly kazak shonzharlary arasynan birinshi bolyp Resej patshalygynan tarhan atagyn algan Patsha okimshiligi Zhәnibek tarhanga Orynbor men Orta Aziya arasynda katynap turgan sauda keruennin kauipsiz boluyn zhүktegen Ol bul senimdi mүltiksiz aktap otyrgan Zhәnibek bi Kishi zhүzdin Nuraly hanymen tygyz karym katynasta bol gan orys patshalygy zhene kalmakpen kelisim kezinde ol Nuralymen tize kosyp kelissoz zhүrgizgen Orta zhүz ben Kishi zhүzdin el basshylary kobine Zhәnibek bi men Nuraly han ykpalynda bolyp kelgen Zhәnibek Қoshkaruly әsirese Zhongar shapkynshylygy tүsynda atagy shygyp abyrojy artkdn batyrlardyn biri boldy Onyn erlik onegesi akpatokpe sheshendigi biligi men bilgirligi zhajly el auzynda kalgan anyz da az emes ҚorytyndySonymen Shakshak Zhәnibek 1752 zhyly Torgaj dalasynyn ozi tuyp osken Tosyn kumyndagy auylda dүnie salgan Bul auyl bүginde Zhәnibek atalady Үrim butaktary basyna eskertkish ornatyp el korgaudagy eren erligi men enbegin eske alyp tagyzym etip turady Tarhan Zhәnibek bi turaly kezinde Shokan Uәlihanov zhәne orystyn birkatar zertteushileri pikir ajtkan Tәtikara Bukar zhyraular Shәkәrim Қudajberdiev Magzhan Zhumabaev Nurhan Ahmetbekov Syrbaj Mәulenov Ғafu Қajyrbekov tagy da baskalary olen dastan arnap makalalar zhazgan DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Torgaj tany 1992 zhyl 14 mamyr Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet