Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай және қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарланып немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір долы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адам-зат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.(Абай) Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер - қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп тұр: жан - жануар - бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата - анадай ең жақынтуғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылады.
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.
Қайталама қос сөздер
Бір түбірден екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Оладың жасалу жолдары мынадай:
1) қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы, мысалы тау - тау астық, көре-көре еөсем болады, т.б.;
2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы, мысалы: көзбе-көз айтты, ауыл-ауылды аралады, т.б.;
3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы, мысалы: өзді-өзіне айтты, қолды-қолымен кетті, т.б.;
4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына м, п дыбыстары қосылып жасалуы, мысалы; ет-мет, шай-пай, түйе - мүйе, т.б.;
5)еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы, мысалы: тарс-тұрс дыбыс, жалт - жұлт етті, т.б.;
6) түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы, мысалы: үп-үлкен, қып-қызыл, т.б.
Қосарлама қос сөздер
Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді, мысалы: аяқ - табақ, құрт-құмырсқа және т.б.
Қос сөздердің емлесі
- Қос сөздің құрамына енген сөздер бір-бірімен салаласа байланысады. Қос сөздер екі сыңарлы болып, үнемі дефис арқылы жазылады.
- Егер қос сөздердің аралығында -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ды, -ді, -да, -де тәрізді дәнекерлер болса, олар қос сөздің алдыңғы сыңарларымен бірігіп жазылады да, соңғы сыңарларынан дефис арқылы ажыратылады. Мысалы,қолма-қол;
- Қос сөздердің екі компонентіне де бірдей жалғанатын жұрнақтар көбінесе біркелкі, бір ғана түрлі болып жалғанады. Мысалы,азды-көпті, алым-берім.
Дереккөздер
- "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қos soz kosarlanu nemese kajtalanu arkyly bir ugym retinde zhasalgan sozder Қos sozder magynalyk tulgalyk zhagynan әr tүrli Zhasalu tәsiline karaj zhәne kos soz bolyp bolinedi Қosarlama kos soz ozara mәndes nemese kajshy mәndes sozderdin kosarlanuynan zhasalady Mysaly ata ana salt sana kurt kumyrska er tokym mәndes kos soz kүni tүni azdy kopti үlkendi kishili erteli kesh kajshy mәndes kos soz Қajtalama kos soz bir sozdin kajtalanyp ajtyluynan zhasalady Mysaly sojlej sojlej tobe tobe kolma kol zhekpe zhek Birkatar kos sozderdin ekinshi synary zheke koldanylmajtyn magynasyz sozder bolyp keledi Mysaly okta tekte anda sanda yryn zhyryn kos soz defis arkyly zhazylady Sozderdin kosarlanuy kajtalanuy nәtizhesinde zhalpylau zhinaktau topshylau bolzhaldau molsherleu sekildi grammatikalyk magynalar үsteledi zhana magynaly sozder tuady Sozderdin kosarlanyp nemese kajtalanyp ajtyluynan zhasalgan sozderdi kos soz dep atajdy Sozderdi kosarlanyp nemese kajtalap koldanu zhana soz zhasaudyn bir doly bolyp tabylady Mysaly Zhan zhanuar adam zat antalasa Ata anadaj elzhirer kүnnin kozi Abaj Bul sojlemde zhan zhanuar ata anadaj degender kos sozder olar zhana magyna bildirip tur zhan zhanuar bүkil ajnaladagy tabigattagy zhandy zattar ata anadaj en zhakyntugandar ata men anadaj degen magynada yagni shynajy mejirimdilik degen mәnde koldanylady Қos sozder eki tүrli bolady kajtalama kos sozder zhәne kosarlama kos sozder Қajtalama kos sozderBir tүbirden eki ret kajtalanuynan zhasalgan kos sozder kajtalama kos sozder dep atalady Oladyn zhasalu zholdary mynadaj 1 kosymshasyz zhәne kosymshaly tүbirdin tүgeldej kajtalanuy mysaly tau tau astyk kore kore eosem bolady t b 2 bir synary kosymshaly bir synary kosymshasyz bir tүbirdin kajtalanuy mysaly kozbe koz ajtty auyl auyldy aralady t b 3 bir tүbirdin әr tүrli kosymsha zhalganyp kajtalanuy mysaly ozdi ozine ajtty koldy kolymen ketti t b 4 ekinshi synary birinshi synaryna elikteu mәninde kelip dauyssyz dybystan bastalatyn sozdin birinshi dauyssyz dybysynyn ornyna zhәne dauysty dybystan bastalatyn sozdin aldyna m p dybystary kosylyp zhasaluy mysaly et met shaj paj tүje mүje t b 5 elikteuish sozdin ekinshi synary kejbir dybystyk ozgeristerge ushyrap kajtalanuy mysaly tars turs dybys zhalt zhult etti t b 6 tүbir sozdin aldynan kүshejtkish buyn kosylyp ajtyluy mysaly үp үlken kyp kyzyl t b Қosarlama kos sozderEki tүbirden kosarlanyp zhasalgan kos sozdi kosarlama kos soz dejdi mysaly ayak tabak kurt kumyrska zhәne t b Қos sozderdin emlesiҚos sozdin kuramyna engen sozder bir birimen salalasa bajlanysady Қos sozder eki synarly bolyp үnemi defis arkyly zhazylady Eger kos sozderdin aralygynda ma me ba be pa pe dy di da de tәrizdi dәnekerler bolsa olar kos sozdin aldyngy synarlarymen birigip zhazylady da songy synarlarynan defis arkyly azhyratylady Mysaly kolma kol Қos sozderdin eki komponentine de birdej zhalganatyn zhurnaktar kobinese birkelki bir gana tүrli bolyp zhalganady Mysaly azdy kopti alym berim Derekkozder Қazak enciklopediyasy VI tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz