Қансонар – аңшылар мен саятшылар үшін аң аулауға өте қолайлы алғашқы қалың қар түскен кезеңнің атауы.
Қансонар ерекшелігі
Ұшқан құс, жүгірген аңның із түспеген, мал баспаған соны қарды сонар деп атайды (соны жер, соны шөпті де сонар дейді). Жұқа түсетін қардың ерекшелігіне қарай оны келтесонар, қырбақ сонар деген түрге бөледі. Қар жаумаса да, саятшылық пен аңшылыққа қолайлы уақытты қара сонар деп атайды.
Қансонардың сонардан айырмашылығы қардың қалың болып түсетіндігінде. Бір-екі күн қатарынан жауған немесе кешке қарай басталған қар таңға дейін жерді түгелімен басып тастайды. Саятшылар ауа райы бұзыла салысымен қансонарға дайындалады. Яғни, аңға шығуға дайындық қамдап, құсын қайырып, тазы иттерін баптап, саят атын дайындайды. Қансонарды аңкөстер мүлт жібермей бірден аттанып отырған. Бұл, көбіне бүркітшілерге тән қасиет.
Қансонарға шығу
Бұл аң олжасына бату ғана емес, көшпелі ортадағы сейіл-серуеннің ең тамаша түрі болып табылады. Әрі ер жігіттің сәніне баланған құс, тазы ит, мінген атының ғана емес, өзінің де сыналатын тұсы да осы қансонар. Мұндайда құсбегі, тазы асыраған аңшы және аңкөс жігіттер мен қызық думан тамашалаған топты ертіп қансонарға аттанады. Олар кешке қарай қамданып ертеңінде таң ата елең-алаңда ауылдан аттанып, жер ағарғанша межелі тұсқа жетеді. Жолай кездескен олжа болса бас тартпайды. Күн райы бұзылып бұрқасын тұрса немесе аяз күшейсе, саятшылар құсы айнып, тазысы тоңып қалмаудың амалын қарастырады. Ондайда құсты орап, құндақтап, тазыны орап, атқа алып, алдына өңгеріп жүреді.
Із қуу
Алғашқы қардың бетіне түскен соны ізді қуа отырып, аң мен құсты жүрген жерін, тіпті, жаңа ғана қашып өткеніне дейін ізі арқылы қуып оп-оңай табады. Мұндайда аң-құстар да әбігерге түсіп, қар бетінде арлы-берлі жортады, Яғни, іздердің қай аңдікі екенін, қай бағытқа барып қорып қалғаны ізінен-ақ анық айғақталады.
Ондайда жақсы қамданған топ қостарын артып, шалғайға ұзап кетсе салбурын дейді, ал бір-екі күнге жалғасатын түрі – саят. Қансонар орташалар мен жарлылар үшін аң олжаларынан қысқа ет қамдау үшін маңызы болды. Кейінгі кезде отты қару пайда болса да, аңшылар үшін аң қағуға ең қолайлы кез осы алғашқы қалың қар жауған шақ – қансонар болып табылады.
Топтар және олардың міндеттері
Саятта адамдар төрт топқа бөлінеді: қағушылар тау-тастағы аңды ашық жаққа үркітеді; ізшілер оның ізіне түсіп, беталысын тұғыршыларға ишаратпен хабарлап отырады; тосқауылшылар қашқан аңды алдынан тосып, қорыс-қорымға, інге кіріп кетуіне бөгет жасайды. Қолына қыран құстарын қондырған, тазысын ерткен аңшы топ "тұғыршылар" деп аталады. Тұғыршылар биік жерде тұрып, аң көріне салысымен томағасын сыпырып, құсын осылай «кеу» деп көзейді, итін «айтақ» деп қосады. Қансонарда қар қалыңырақ болса, оған түскен із сопақша шұңқыр пішінді, ал қар өте қалың болса, аңның ізінің шұңқырының арасы қосылып кетеді және оны «қар кешу» деп атайды.
Қағушы – аңға шыққан кезде аңдарды үркітіп, аңшыға қарай айдаушы адам немесе топ. Қағушы біреу немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Саяттағы төрт топтың бірі ізшілер аңның ізін кеседі, ал қағушылар аңның айдалаға қашып, інге, қорыс-қорымға кіріп кетуіне мүмкіндік бермей, тоспашыларға қарай айдауы тиіс. Таңертең елең-алаңда аттанған саятшылар, аңшылар «көздеген» жерге жақындаған кезде қағушылар басқа топтан бөлініп кетеді. Олар жота, қырқаларға, ағаштардың арасына қарай беттейді. Келісілген орындарына жеткен соң тұғыршылар (тоспашылар) деп аталатын топтың ишара беруін күтеді (әлбетте қол бұлғау, айқайлау және т.б. жолмен). Белгі берілген соң қағушылар тау-тасты, сай-сала, қолатты тінте жүріп, бұғып жатқан аңды «айдап», ашық алаңқайға, яғни, тұғыршы топтың алдына қарай беттетіп қуады. Ол үшін қолдарына алған сақпан, қамшы, бишік тәрізді құралдармен бұта-бүргенді сабалап, айқайлай жүріп отырады.
Қағушылардан үркіп, қашықтау жерге қашып шыққан аңдарға ұрымтал тұстан қыран құстар жіберіліп, тазылар қосылады (өйткені бүркіт пен тазы үшін ойлы-қырлы, тас-жартасты жерлердегі аңқа барып түсу мертіктіретін қаупі бар) немесе атып алады. Кейде қағушыларға адамның ырқына көнетін үйретілген қарапайым иттер (дүрегейлер, кейде тазыларда) жәрдем жасайды.
Тобымен шығудың реті болмай, жеке-дара аңға шыққанда қағушының орнын ит атқарады. Кейде үйренген құсын томағасын алып, биік тұғырға қондырып, өзі қағушы болады. Қансонарда ауыл маңын мал таптап, шиырлап тастамай тұрған кезде қайталап шығуға болады. Ол үшін қолайлы шақ таңертең ерте немесе кешке қарай аң қонағына тартқан кез деп саналады.
Қансонардың адамға әсері
Қансонарда ұшырасатын әр түрлі жайттар адам шаршауды басып, бойға қуат беретін жағы бар. Дәстүрлі ортада азамат болып ат жалып тартып мінген бозбалалар үшін табиғатпен етене танысудың, ер азамат болып тәлім алудың өзіндік бір жолы ретінде қарастыруға болады.
Ертеректе аң қызығы ең үлкен, ең тамаша қазақтың, серуен-салтанаттың бір түрі болғаны да рас. Осыған қатысты қазақ саятшылығы туралы арнайы еңбек жазған Ж. Бабалықұлы өмірде болған қызықты оқиғаның нақты кімге қатысты екендігін былайша әңгімелейді. "XIX ғасырдың аяқ шенінде, Тарбағатай төңірегін мекен еткен Былғақ деген адам қансонар күні аңға шығайын деп жатқанда атасы (әкесі) қайтыс болады. Оған қарамастан аңға аттанғалы жатқан Былғаққа ел-ағайын: "Ойбай-ау, мынауың не?" - десе, '"Атан болса сойылар, атам өлсе қойылар, мұндай бізге қансонар күнде қайдан табылар" деп шаба жөнеліпті". Дегенмен мұндай әккі құсбегілерге телінетін бұл әңгіменің әр өңірде өзіндік "кейіпкері" бар.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
- Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Әдебиеттер
- Полферов Я.Я. Охота в Тургайской области. Оренбург, 1896;
- Аlm аsyGyоrgy. Vаndorutom А zsiaszivebe (Азия жүрегіне саяхат). Budapest, 1903;
- Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи-этнографиялық шолу. Таңдамалы. шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
- Əуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1-4 кітап. Алматы: Жеті жарғы 1997;
- Муканов М.С. Охота с ловчими птицами у казахов. Известия АН КазССР. Серия общ. наук.1983, №3.;
- Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. Саят. Алматы: Қайнар, 1989.
- Кәмәлашұлы Б. Қазақтың құсбегілігі және атбегілігі. Алматы: Өнер, 2006;
- Қазыханқызы Н. Аңшылық хиқаялары. Этнографиялық эссе. Алматы: Атажұрт, 2010.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қansonar anshylar men sayatshylar үshin an aulauga ote kolajly algashky kalyn kar tүsken kezennin atauy Қansonar Suretshi Esengali Sadyrbaev Қansonar ereksheligiҰshkan kus zhүgirgen annyn iz tүspegen mal baspagan sony kardy sonar dep atajdy sony zher sony shopti de sonar dejdi Zhuka tүsetin kardyn ereksheligine karaj ony keltesonar kyrbak sonar degen tүrge boledi Қar zhaumasa da sayatshylyk pen anshylykka kolajly uakytty kara sonar dep atajdy Қansonardyn sonardan ajyrmashylygy kardyn kalyn bolyp tүsetindiginde Bir eki kүn katarynan zhaugan nemese keshke karaj bastalgan kar tanga dejin zherdi tүgelimen basyp tastajdy Sayatshylar aua rajy buzyla salysymen kansonarga dajyndalady Yagni anga shyguga dajyndyk kamdap kusyn kajyryp tazy itterin baptap sayat atyn dajyndajdy Қansonardy ankoster mүlt zhibermej birden attanyp otyrgan Bul kobine bүrkitshilerge tәn kasiet Қansonarga shyguҚagushy Suretshi Esengali Sadyrbaev Bul an olzhasyna batu gana emes koshpeli ortadagy sejil seruennin en tamasha tүri bolyp tabylady Әri er zhigittin sәnine balangan kus tazy it mingen atynyn gana emes ozinin de synalatyn tusy da osy kansonar Mundajda kusbegi tazy asyragan anshy zhәne ankos zhigitter men kyzyk duman tamashalagan topty ertip kansonarga attanady Olar keshke karaj kamdanyp erteninde tan ata elen alanda auyldan attanyp zher agargansha mezheli tuska zhetedi Zholaj kezdesken olzha bolsa bas tartpajdy Kүn rajy buzylyp burkasyn tursa nemese ayaz kүshejse sayatshylar kusy ajnyp tazysy tonyp kalmaudyn amalyn karastyrady Ondajda kusty orap kundaktap tazyny orap atka alyp aldyna ongerip zhүredi Iz kuu Algashky kardyn betine tүsken sony izdi kua otyryp an men kusty zhүrgen zherin tipti zhana gana kashyp otkenine dejin izi arkyly kuyp op onaj tabady Mundajda an kustar da әbigerge tүsip kar betinde arly berli zhortady Yagni izderdin kaj andiki ekenin kaj bagytka baryp koryp kalgany izinen ak anyk ajgaktalady Ondajda zhaksy kamdangan top kostaryn artyp shalgajga uzap ketse salburyn dejdi al bir eki kүnge zhalgasatyn tүri sayat Қansonar ortashalar men zharlylar үshin an olzhalarynan kyska et kamdau үshin manyzy boldy Kejingi kezde otty karu pajda bolsa da anshylar үshin an kaguga en kolajly kez osy algashky kalyn kar zhaugan shak kansonar bolyp tabylady Toptar zhәne olardyn mindetteri Қagushy Suretin salgan B Dosymov Қagushy 2 Suretin salgan B Dosymov Sayatta adamdar tort topka bolinedi kagushylar tau tastagy andy ashyk zhakka үrkitedi izshiler onyn izine tүsip betalysyn tugyrshylarga isharatpen habarlap otyrady toskauylshylar kashkan andy aldynan tosyp korys korymga inge kirip ketuine boget zhasajdy Қolyna kyran kustaryn kondyrgan tazysyn ertken anshy top tugyrshylar dep atalady Tugyrshylar biik zherde turyp an korine salysymen tomagasyn sypyryp kusyn osylaj keu dep kozejdi itin ajtak dep kosady Қansonarda kar kalynyrak bolsa ogan tүsken iz sopaksha shunkyr pishindi al kar ote kalyn bolsa annyn izinin shunkyrynyn arasy kosylyp ketedi zhәne ony kar keshu dep atajdy Қagushy anga shykkan kezde andardy үrkitip anshyga karaj ajdaushy adam nemese top Қagushy bireu nemese birneshe adam boluy mүmkin Sayattagy tort toptyn biri izshiler annyn izin kesedi al kagushylar annyn ajdalaga kashyp inge korys korymga kirip ketuine mүmkindik bermej tospashylarga karaj ajdauy tiis Tanerten elen alanda attangan sayatshylar anshylar kozdegen zherge zhakyndagan kezde kagushylar baska toptan bolinip ketedi Olar zhota kyrkalarga agashtardyn arasyna karaj bettejdi Kelisilgen oryndaryna zhetken son tugyrshylar tospashylar dep atalatyn toptyn ishara beruin kүtedi әlbette kol bulgau ajkajlau zhәne t b zholmen Belgi berilgen son kagushylar tau tasty saj sala kolatty tinte zhүrip bugyp zhatkan andy ajdap ashyk alankajga yagni tugyrshy toptyn aldyna karaj bettetip kuady Ol үshin koldaryna algan sakpan kamshy bishik tәrizdi kuraldarmen buta bүrgendi sabalap ajkajlaj zhүrip otyrady Қagushylardan үrkip kashyktau zherge kashyp shykkan andarga urymtal tustan kyran kustar zhiberilip tazylar kosylady ojtkeni bүrkit pen tazy үshin ojly kyrly tas zhartasty zherlerdegi anka baryp tүsu mertiktiretin kaupi bar nemese atyp alady Kejde kagushylarga adamnyn yrkyna konetin үjretilgen karapajym itter dүregejler kejde tazylarda zhәrdem zhasajdy Tobymen shygudyn reti bolmaj zheke dara anga shykkanda kagushynyn ornyn it atkarady Kejde үjrengen kusyn tomagasyn alyp biik tugyrga kondyryp ozi kagushy bolady Қansonarda auyl manyn mal taptap shiyrlap tastamaj turgan kezde kajtalap shyguga bolady Ol үshin kolajly shak tanerten erte nemese keshke karaj an konagyna tartkan kez dep sanalady Қansonardyn adamga әseriҚansonarda ushyrasatyn әr tүrli zhajttar adam sharshaudy basyp bojga kuat beretin zhagy bar Dәstүrli ortada azamat bolyp at zhalyp tartyp mingen bozbalalar үshin tabigatpen etene tanysudyn er azamat bolyp tәlim aludyn ozindik bir zholy retinde karastyruga bolady Erterekte an kyzygy en үlken en tamasha kazaktyn seruen saltanattyn bir tүri bolgany da ras Osygan katysty kazak sayatshylygy turaly arnajy enbek zhazgan Zh Babalykuly omirde bolgan kyzykty okiganyn nakty kimge katysty ekendigin bylajsha әngimelejdi XIX gasyrdyn ayak sheninde Tarbagataj toniregin meken etken Bylgak degen adam kansonar kүni anga shygajyn dep zhatkanda atasy әkesi kajtys bolady Ogan karamastan anga attangaly zhatkan Bylgakka el agajyn Ojbaj au mynauyn ne dese Atan bolsa sojylar atam olse kojylar mundaj bizge kansonar kүnde kajdan tabylar dep shaba zhonelipti Degenmen mundaj әkki kusbegilerge telinetin bul әngimenin әr onirde ozindik kejipkeri bar DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9 Sayatshylyk kazaktyn dәstүrli anshylygy Almaty Almatykitap 2007 208 bet suretti B Hinayat Қ M Isabekov ISBN 9965 24 813 3 Қazakstan sportshylar eli Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Sozdik Slovar ISBN 9965 822 57 3ӘdebietterPolferov Ya Ya Ohota v Turgajskoj oblasti Orenburg 1896 Alm asyGyorgy Vandorutom A zsiaszivebe Aziya zhүregine sayahat Budapest 1903 Mukanov S Halyk murasy Tarihi etnografiyalyk sholu Tandamaly shygarmalar HV tom Almaty Zhazushy 1979 Euezov M Abaj zholy Roman epopeya 1 4 kitap Almaty Zheti zhargy 1997 Mukanov M S Ohota s lovchimi pticami u kazahov Izvestiya AN KazSSR Seriya obsh nauk 1983 3 Babalykuly Zh Turdybaev A Sayat Almaty Қajnar 1989 Kәmәlashuly B Қazaktyn kusbegiligi zhәne atbegiligi Almaty Өner 2006 Қazyhankyzy N Anshylyk hikayalary Etnografiyalyk esse Almaty Atazhurt 2010