Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) — негізгі міндеті мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің қызметін ғылыми-талдаушылық қамсыздандыру болып табылатын қазақстандық мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі. Институт Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты, әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мәселелері бойынша түбегейлі зерттеулер жүргізеді, мемлекет басшылығына болжамды-талдаушылық сипаттағы материалдар дайындайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты | |
Түрі | Мемлекеттік мекеме |
---|---|
Құрылды | |
Орналасуы | |
Басты адамдары | Еркін Тұқымов (директор) |
Сайты | Ресми сайты |
Тарихы
Қалыптасуы
Институт өз бастауын 1992 жылдан ҚМЭБИ-дің қазіргі ғимаратында орналасқан Стратегиялық зерттеулер орталығынан алады. Орталықтың пайда болып, оның толыққанды институт болып қалыптасуына институттың бірінші директоры Өмірсерік Қасенов үлкен үлес қосты. Институт құру қажеттілігіне Қазақстан басшылығы түсінушілікпен қарады, атап айтқанда, Қазақстанның вице-президенті Ерік Асанбаев бұл бастаманы бірінші күндерден-ақ мақұлдады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының стратегиялық тұстарын болжамды-талдаушылық қамсыздандыру мақсатында 1993 жылдың 16 маусымында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбавтың Жарлығымен ресми түрде құрылды.
Мемлекет басшылығының қолдауына қарамастан, ҚСЗИ бірінші жылдары елеулі ұйымдастырушылық қиыншылықтар, атап айтқанда, материалды базаның нашар болуы, елде білікті талдаушылар мен халықаралық қатынастар бойынша мамандар тапшылығы жағдайында жұмыс істеуіне тура келді. Қазақ мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік әлемдік тілдер университетінің арнайы (тіл) бөлімшелерінің түлектері, шығыстанушылар мен Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының қызметкерлері ҚСЗИ-да жұмыс істеуге шақырылды.
Бірінші кездері институтта стратегиялық бағыттар көп жағдайда қармалап дамыды. Сыртқы саясатта институт Қазақстанның ұлттық мүдделері мәселелері мен қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді, оның Орталық Азия мен әлемдік геосаясаттағы орнын, көршілес әлемдік державалардың стратегияларын зерттеумен айналысуға тиіс болды. Сыртқы саяси мәселелермен қатар ішкі саяси мәселелердің де маңызы арта бастады. Бұл 1990-жылдардың бірінші жартысы үшін өзекті болды, себебі сол кездегі саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық қатынастардағы қарқынды реформалар Қазақстанның әлеуметтік және саяси өмірін дүрліктіріп отырды. Осы және басқа да мәселелердің тиімді шешімдерін табу стратегиялық зерттеулер институтының негізгі міндеттерінің бірі болды.
1995 жылға дейін институттың сыртқы саяси зерттеулерінде Қазақстан аумағындағы ядролық қару және республиканың СШҚ-1 туралы шартқа қатысуы мәселесі басым болды. Институт геополитикалық мәселелерді тез меңгеріп, халықаралық қауіпсіздік саласындағы зерттеулердің қарқынын күшейтті. Сол уақытта Өмірсерік Қасенов пен институт қызметкерлеріне осы саладағы батыстық талдаушылық құрылымдармен тікелей байланыста болуға тура келді. Қасенов пен институт қызметкерлерінің сіңірген еңбегі – олардың өз мүмкіншіліктері мен ықпалының арқасында Қазақстан үшін ядролық мәселенің тиімді шешілуіне үлес қосуымен байланысты: 1994-1995 жылдары Қазақстан совет заманынан қалған ядролық қару-жарақ арсеналынан бас тартып, жетекші державалардан қауіпсіздік кепілдігін алды.
Институт ақырындап тәжірибе жинай берді, оның ішкі және халықаралық беделі артты. 1993 жылдың соңында институтта танымал америкалық саясаткер және талдаушы Збигнев Казимеж Бзежинский сөз сөйледі. 1996 жылдың сәуір айында институтқа тағы бір белсенді америкалық саясаткер, АҚШ-тың бұрынғы мемлекет хатшысы Джеймс Бейкер келді.
Өмірсерік Қасеновтың арқасында институтта ядролық физика, экономика, синология, исламтану, т.б. салалардағы жоғары білікті мамандар тобы шоғырланды. Оның басқару кезінде Е. Арынов, М. Спанов, Р. Жоламанов, Қ. Хафизов, Д. Елеукенов, К. Сыроежкин, А. Сұлтанғалиева т.б танымал сарапшылар жұмыс атқарды. Қ. Әбусеитовтың басшылығымен институт қызметкерлердің бір бөлігі ҚР Сыртқы істер министірігіне (СІМ) ауысып, екі құрылымның қарым-қатынастарын нығайтуға мүмкіндік тұғыздырды. Өз кезегінде СІМ-дің тәжірибелі қызметкерлері ҚСЗИ-ге жұмысқа ауысып отырды.
Өмірсерік Қасеновтың мінезі өзіндік және қатаң болды, осының арқасында институт алғашқы жылдары елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Дегенмен біраз уақыт өткен соң Қасеновтың осындай қасиеттері оның Президент әкімшілігіндегі жоғары инстанциялармен түсінушілік орнатуға кері әсерін тигізді. Осының салдарынан ол 1997 жылы директор қызметінен кетті.
1990-жылдардың соңы
Осы оқиғадан кейінгі кезең қиындықтарға толы болды: бір жылдан астам уақыт ішінде институттың үш директоры ауысты. Лев Тараков ҚСЗИ-дың құлдырауын тоқтатып, мамандардың жартысын қайтара алды. Тараков кезінде ҚСЗИ-дың қазіргі құрылымының негіздері қалыптасты, зерттеулердің жаңа методикасы еңгізілді, Президент әкімшілігінің талдаушылық құрылымдарымен байланыстар нығайтылды және «Казахстан-Спектр» журналының басылымы қолға алынды.
Тараковтан кейін ҚСЗИ-дың директоры қызметіне кәсіби шығыстанушы Алма Сұлтанғалиева келді. Оның арқасында саясаттанушылық зерттеулер академиялық сипат алды, ислам мәселесіне көбірек көңіл бөлінетін болды. Бұл әлемдік саясатта және Орталық Азия аймағында ислам факторының маңызы артып жатқанда өте маңызды болды.
1998 жылы институт басшысы ретінде саясаткер, тарихшы-маман Ермұхамет Ертісбаев тағайындалды. Ол мемлекеттің мүдделерін жақтап, оппозициямен белсенді диалог орнатты. Ертісбаевтің командасының арқасында ҚСЗИ-дың негізгі басылымы – «Казахстан-Спектр» ғылыми-талдаушылық журналы тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар өз саласында Орталық Азияның жетекші басылымына айналды. Ертісбаев қызметкерлерінің академиялық өсуін мадақтаған. Оның кезінде қорғалған диссертациялардың саны көбейді, ұжымдық және жеке монографиялар жиі шығатын болды. Дегенмен осы жылдары институттың өкілдік және академиялық функциялары оның президенттік талдаушылық құрылым ретіндегі қызметінен басым болды. Институттың басқа да мемлекеттік мекемелермен өзара байланысуы Қазақстанның астанасы Астанаға ауысқан кезде қиындай түсіп, мәселе одан әрі күрделенді.
Қазіргі тарихы
2000 жылы ҚСЗИ-дың директоры қызметіне бұған дейін Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі жанындағы талдаушылық орталықты басқарған жас ғалым Мәулен Әшімбаев келді. Тікелей қолма-қол басшылық Марат Тәжін және ол құрған президенттік талдаушылық орталықта қалды. Жаңа кезеңде ҚСЗИ Қауіпсіздік кеңесімен және т.б. әлеуетті және талдаушылық мекемелермен ынтымақтастықты күшейтті. Бұл үдеріс халықаралық жағдайдың ушығуымен, Орталық Азия қауіпсіздігіне Ауғанстаннан төнген қауіп-қатерлердің өсуімен, 2001 жылдың елеулі оқиғаларымен, АҚШ-тың антитеррорлық операцияларымен және геосаяси жағдайдың өзгеруімен тұспа-тұс келді. Осылардың барлығы институт қызметінде көрініс тапты. Әшiмбаев тұсында институт сыртқы және iшкi қауiпсiздiк, жаңа халықаралық жағдайдағы Қазақстанның стратегиясы, экономиканың iлгерілемелi дамуы, Каспий аймағының мәселесі секілді барлық негiзгi бағыттарға өз жұмысының қарқынын күшейтті. Мәулен Әшiмбаев институт пен Президент әкiмшiлiгi арасында тығыз байланыс орнатты, ҚСЗИ-дың талдаушылық жұмыстарын тиiстi мекемелердің тұтынуын қамтамасыз етті. Бұл кезде институт шығаратын баспа өнiмінің саны артып, журналдардың саны төртке жетті, соның ішінде біреуі қазақ, бiреуі ағылшын тiлінде басылды. Әшiмбаев тұсында институттың күнделiктi жұмысына мемлекеттiк тiл еңгiзіле бастады. Қазақ тіліндегі талдаушылық зерттеулер мен ғылыми мақалалар саны айтарлықтай өсті. Бұдан кейін де осы үрдіс сақталып қана коймай, заңды құбылысқа айналды.
2005 жылы ҚСЗИ-дың директоры болып Болат Сұлтанов тағайындалды. Оның мол дипломатиялық тәжірибесі институттың еуропалық әріптестермен байланысты нығайтуда үлкен септігін тигізді. Осылардың қатарында, бірінші кезекте, Германия сыртқы саясат қоғамы, Ғылым және саясат қоры, Фридрих Эберт қоры, Дж. Маршалл орталығы сияқты германиялық және ҚХР мен Үндістандағы (Шанхай халықаралық қатынастар институты (ШХҚИ), Джавахарлал Неру атындағы университет), Ресейдегі (Ресей стратегиялық зерттеулер институты (РСЗИ), Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты (ӘЭХҚИ), Ресей дипломатиялық академиясы мен ММХҚИ) әріптестерді атап айтуға болады.
Болат Сұлтановтың арқасында монографиялық зерттеулер мен ұжымдық басылымдар тұрақты жарық көре бастап, институттың академиялық бағыты өсті. Институттың кадрлық құрамында доктор және кандидаттардың саны көбейді, оның өзіндік ғылыми мектебі қалыптасты деп айтуға негіз пайда болды.
2014 жылы 11 сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚСЗИ-ды Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды.
2014 жылы 16 қазанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Ерлан Қарин ҚСЗИ директоры қызметіне тағайындалды. Және сол күні президент институт Қазақстан Республикасының президенті, Қазақстан Республикасы Президенті әкiмшiлiгiнiң басшысы және оның тиісті орынбасары белгілеген ағымдағы және перспективалық мiндеттердi негiзге ала отырып, өз қызметiн жоспарлайтынын анықтайтын жарлыққа да қол қойды. Сонымен қатар институт Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен жұмыс істейтіні белгілі болды.
Сарапшылар Ерлан Қариннің басқаруымен институттың ақпараттық кеңістікте белсенді жұмыс істеп, өзіне ребрендинг жасап, діни экстремизм және терроризм мәселелері бойынша зерттеулерді күшейтетінін байланыстырып отыр.
Құрылымы
ҚСЗИ өзінің сыртқы саясат, әлеуметтік-саяси, экономикалық зерттеулерін, талдаушылық мәліметтерін және ақпараттандыру жұмысын келесі құрылымдық бөлімдер арқылы жүргізеді:
- сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімі;
- әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімі;
- экономикалық зерттеулер бөлімі;
- ақпараттық қамсыздандыру бөлімі.
Зерттеулердің бағыттары
Сыртқы саясаттың стратегиялық аспектілері:
- көршілес елдердің ішкісаяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
- Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Түркиямен, Еуропа одағы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен екі жақты қатынастарын талдау;
- посткеңестік кеңістіктегі интеграция мәселелерін зерттеу;
- қауіпсіздік мәселелерін сараптау.
Бүгінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік үрдістер:
- Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жүргізу;
- Қазақстанда саяси институттардың қалыптасуы мен демократиялану үрдістерін зерттеу;
- Қазақстандағы ағымдағы саяси жағдайды талдау.
Экономикалық қауіпсіздік:
- Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу;
- әлемдік экономиканың даму қарқынын зерттеу және оның Қазақстан экономикасына әсерін талдау;
- жаһандану мәселелерін және оның Қазақстанға ықпалын зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға мониторинг жүргізу.
ҚСЗИ-дың директорлары
- Маусым, 1993 жыл – мамыр, 1997 жыл – Өмірсерік Төлешұлы Қасенов
- Мамыр – желтоқсан, 1997 жыл – Лев Юрьевич Тараков
- Желтоқсан, 1997 жыл – сәуір 1998 жыл – Алма Қадырғалиқызы Сұлтанғалиева
- Сәуір, 1998 жыл – мамыр, 2000 жыл – Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев
- Мамыр, 2000 жыл – мамыр, 2005 жыл –
- Мамыр, 2005 жыл – қазан, 2014 жыл – Болат Қылышбайұлы Сұлтанов
- Қазан, 2014 жыл – ақпан, 2017– Ерлан Тынымбайұлы Қарин
- Ақпан, 2017 — қаңтар, 2022 — Зарема Каукенқызы Шаукенова
- 27 қаңтар, 2022 — Еркін Валитханұлы Тұқымов
Редакциялық-баспа қызметі
Институтта көптеген монографиялар, ұжымдық жинақтар мен үш ғылыми-талдаушылық журнал жарық көреді. «Казахстан-Спектр» (1994-1997 жылдар аралығында «Казахстан и мировое сообщество» атауымен жарық көрді, жылына 4 рет шығады) орыс тілінде шығады, ҚР БҒМ БҒСБК саясаттану, халықаралық қатынастар, тарих, экономика мамандықтары бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауға міндетті ретінде ұсынылған. 2003 жылдан бастап тоқсан сайын қазақ тілінде «Қоғам және дәуір» және ағылшын тілінде «Central Asia’s Affairs» журналы шығады. 2000-2012 жылдар аралығында жылына алты рет «Analytic» журналы орыс тіліде шығып отырды.
Бұдан басқа институт Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелері, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және экономика бойынша монографиялық және ұжымдық басылымдарды жариялайды.
Дереккөздер
- Мурат Лаумулин. 10 лет спустя (орыс.). Континент. Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қаңтар 2013. Тексерілді, 27 қаңтар 2013.
- «Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 16 маусым № 1235.
- Александра Алехова. В свой 15-й день рождения главный аналитический центр при президенте вынужден вспоминать не только об итогах проделанной работы (17 маусым 2008). Тексерілді, 6 ақпан 2013.
- Казахстан в современном мире: реалии и перспективы.(қолжетпейтін сілтеме) — Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008. — С. 335—347. — 348 с. — ISBN 9965-458-68-5
- Қайнар Олжай. Бзежинскийдің бидайы. Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қаңтар 2013.
- Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын Астана қаласына көшіру туралы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы. Тексерілді, 27/10/2014.
- Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметіне тағайындалды=27/10/2014.
- «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы №3614 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Тексерілді, 27/10/2014.
- Ерлан Карин в КИСИ. Оценки экспертов. Тексерілді, 24/10/2014.
- Еркін Тұқымов ҚР президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болды. forbes.kz
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstan Respublikasy Prezidentinin zhanyndagy Қazakstan strategiyalyk zertteuler instituty ҚSZI negizgi mindeti memleket basshysy men Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Әkimshiliginin kyzmetin gylymi taldaushylyk kamsyzdandyru bolyp tabylatyn kazakstandyk memlekettik gylymi zertteu mekemesi Institut Қazakstannyn syrtky zhәne ishki sayasaty әleumettik ekonomikalyk damuynyn strategiyalyk mәseleleri bojynsha tүbegejli zertteuler zhүrgizedi memleket basshylygyna bolzhamdy taldaushylyk sipattagy materialdar dajyndajdy Қazakstan Respublikasy Prezidentinin zhanyndagy Қazakstan strategiyalyk zertteuler institutyTүriMemlekettik mekemeҚuryldy16 mausym 1993OrnalasuyҚazakstan 010000 Astana Bejbitshilik kosh 4Basty adamdaryErkin Tukymov direktor SajtyResmi sajtyTarihyҚalyptasuy Institut oz bastauyn 1992 zhyldan ҚMEBI din kazirgi gimaratynda ornalaskan Strategiyalyk zertteuler ortalygynan alady Ortalyktyn pajda bolyp onyn tolykkandy institut bolyp kalyptasuyna instituttyn birinshi direktory Өmirserik Қasenov үlken үles kosty Institut kuru kazhettiligine Қazakstan basshylygy tүsinushilikpen karady atap ajtkanda Қazakstannyn vice prezidenti Erik Asanbaev bul bastamany birinshi kүnderden ak makuldady Қazakstan strategiyalyk zertteuler instituty Қazakstannyn syrtky zhәne ishki sayasatynyn strategiyalyk tustaryn bolzhamdy taldaushylyk kamsyzdandyru maksatynda 1993 zhyldyn 16 mausymynda Қazakstan prezidenti Nursultan Nazarbavtyn Zharlygymen resmi tүrde kuryldy Memleket basshylygynyn koldauyna karamastan ҚSZI birinshi zhyldary eleuli ujymdastyrushylyk kiynshylyktar atap ajtkanda materialdy bazanyn nashar boluy elde bilikti taldaushylar men halykaralyk katynastar bojynsha mamandar tapshylygy zhagdajynda zhumys isteuine tura keldi Қazak memlekettik universiteti men Қazak memlekettik әlemdik tilder universitetinin arnajy til bolimshelerinin tүlekteri shygystanushylar men Қazakstan Ұlttyk gylym akademiyasynyn kyzmetkerleri ҚSZI da zhumys isteuge shakyryldy Birinshi kezderi institutta strategiyalyk bagyttar kop zhagdajda karmalap damydy Syrtky sayasatta institut Қazakstannyn ulttyk mүddeleri mәseleleri men kauipsizdigine tonetin kauip katerlerdi onyn Ortalyk Aziya men әlemdik geosayasattagy ornyn korshiles әlemdik derzhavalardyn strategiyalaryn zertteumen ajnalysuga tiis boldy Syrtky sayasi mәselelermen katar ishki sayasi mәselelerdin de manyzy arta bastady Bul 1990 zhyldardyn birinshi zhartysy үshin ozekti boldy sebebi sol kezdegi sayasattagy ekonomikadagy zhәne kogamdyk katynastardagy karkyndy reformalar Қazakstannyn әleumettik zhәne sayasi omirin dүrliktirip otyrdy Osy zhәne baska da mәselelerdin tiimdi sheshimderin tabu strategiyalyk zertteuler institutynyn negizgi mindetterinin biri boldy 1995 zhylga dejin instituttyn syrtky sayasi zertteulerinde Қazakstan aumagyndagy yadrolyk karu zhәne respublikanyn SShҚ 1 turaly shartka katysuy mәselesi basym boldy Institut geopolitikalyk mәselelerdi tez mengerip halykaralyk kauipsizdik salasyndagy zertteulerdin karkynyn kүshejtti Sol uakytta Өmirserik Қasenov pen institut kyzmetkerlerine osy saladagy batystyk taldaushylyk kurylymdarmen tikelej bajlanysta boluga tura keldi Қasenov pen institut kyzmetkerlerinin sinirgen enbegi olardyn oz mүmkinshilikteri men ykpalynyn arkasynda Қazakstan үshin yadrolyk mәselenin tiimdi sheshiluine үles kosuymen bajlanysty 1994 1995 zhyldary Қazakstan sovet zamanynan kalgan yadrolyk karu zharak arsenalynan bas tartyp zhetekshi derzhavalardan kauipsizdik kepildigin aldy Institut akyryndap tәzhiribe zhinaj berdi onyn ishki zhәne halykaralyk bedeli artty 1993 zhyldyn sonynda institutta tanymal amerikalyk sayasatker zhәne taldaushy Zbignev Kazimezh Bzezhinskij soz sojledi 1996 zhyldyn sәuir ajynda institutka tagy bir belsendi amerikalyk sayasatker AҚSh tyn buryngy memleket hatshysy Dzhejms Bejker keldi Өmirserik Қasenovtyn arkasynda institutta yadrolyk fizika ekonomika sinologiya islamtanu t b salalardagy zhogary bilikti mamandar toby shogyrlandy Onyn baskaru kezinde E Arynov M Spanov R Zholamanov Қ Hafizov D Eleukenov K Syroezhkin A Sultangalieva t b tanymal sarapshylar zhumys atkardy Қ Әbuseitovtyn basshylygymen institut kyzmetkerlerdin bir boligi ҚR Syrtky ister ministirigine SIM auysyp eki kurylymnyn karym katynastaryn nygajtuga mүmkindik tugyzdyrdy Өz kezeginde SIM din tәzhiribeli kyzmetkerleri ҚSZI ge zhumyska auysyp otyrdy Өmirserik Қasenovtyn minezi ozindik zhәne katan boldy osynyn arkasynda institut algashky zhyldary eleuli zhetistikterge kol zhetkizdi Degenmen biraz uakyt otken son Қasenovtyn osyndaj kasietteri onyn Prezident әkimshiligindegi zhogary instanciyalarmen tүsinushilik ornatuga keri әserin tigizdi Osynyn saldarynan ol 1997 zhyly direktor kyzmetinen ketti 1990 zhyldardyn sony Osy okigadan kejingi kezen kiyndyktarga toly boldy bir zhyldan astam uakyt ishinde instituttyn үsh direktory auysty Lev Tarakov ҚSZI dyn kuldyrauyn toktatyp mamandardyn zhartysyn kajtara aldy Tarakov kezinde ҚSZI dyn kazirgi kurylymynyn negizderi kalyptasty zertteulerdin zhana metodikasy engizildi Prezident әkimshiliginin taldaushylyk kurylymdarymen bajlanystar nygajtyldy zhәne Kazahstan Spektr zhurnalynyn basylymy kolga alyndy Tarakovtan kejin ҚSZI dyn direktory kyzmetine kәsibi shygystanushy Alma Sultangalieva keldi Onyn arkasynda sayasattanushylyk zertteuler akademiyalyk sipat aldy islam mәselesine kobirek konil bolinetin boldy Bul әlemdik sayasatta zhәne Ortalyk Aziya ajmagynda islam faktorynyn manyzy artyp zhatkanda ote manyzdy boldy 1998 zhyly institut basshysy retinde sayasatker tarihshy maman Ermuhamet Ertisbaev tagajyndaldy Ol memlekettin mүddelerin zhaktap oppoziciyamen belsendi dialog ornatty Ertisbaevtin komandasynyn arkasynda ҚSZI dyn negizgi basylymy Kazahstan Spektr gylymi taldaushylyk zhurnaly tek Қazakstannyn gana emes sonymen katar oz salasynda Ortalyk Aziyanyn zhetekshi basylymyna ajnaldy Ertisbaev kyzmetkerlerinin akademiyalyk osuin madaktagan Onyn kezinde korgalgan dissertaciyalardyn sany kobejdi uzhymdyk zhәne zheke monografiyalar zhii shygatyn boldy Degenmen osy zhyldary instituttyn okildik zhәne akademiyalyk funkciyalary onyn prezidenttik taldaushylyk kurylym retindegi kyzmetinen basym boldy Instituttyn baska da memlekettik mekemelermen ozara bajlanysuy Қazakstannyn astanasy Astanaga auyskan kezde kiyndaj tүsip mәsele odan әri kүrdelendi Қazirgi tarihy Mәulen Әshimbaev zhәne Bolat Sultanov 11 kantar 2013 zhyl 2000 zhyly ҚSZI dyn direktory kyzmetine bugan dejin Қazakstan Respublikasynyn Prezident әkimshiligi zhanyndagy taldaushylyk ortalykty baskargan zhas galym Mәulen Әshimbaev keldi Tikelej kolma kol basshylyk Marat Tәzhin zhәne ol kurgan prezidenttik taldaushylyk ortalykta kaldy Zhana kezende ҚSZI Қauipsizdik kenesimen zhәne t b әleuetti zhәne taldaushylyk mekemelermen yntymaktastykty kүshejtti Bul үderis halykaralyk zhagdajdyn ushyguymen Ortalyk Aziya kauipsizdigine Auganstannan tongen kauip katerlerdin osuimen 2001 zhyldyn eleuli okigalarymen AҚSh tyn antiterrorlyk operaciyalarymen zhәne geosayasi zhagdajdyn ozgeruimen tuspa tus keldi Osylardyn barlygy institut kyzmetinde korinis tapty Әshimbaev tusynda institut syrtky zhәne ishki kauipsizdik zhana halykaralyk zhagdajdagy Қazakstannyn strategiyasy ekonomikanyn ilgerilemeli damuy Kaspij ajmagynyn mәselesi sekildi barlyk negizgi bagyttarga oz zhumysynyn karkynyn kүshejtti Mәulen Әshimbaev institut pen Prezident әkimshiligi arasynda tygyz bajlanys ornatty ҚSZI dyn taldaushylyk zhumystaryn tiisti mekemelerdin tutynuyn kamtamasyz etti Bul kezde institut shygaratyn baspa oniminin sany artyp zhurnaldardyn sany tortke zhetti sonyn ishinde bireui kazak bireui agylshyn tilinde basyldy Әshimbaev tusynda instituttyn kүndelikti zhumysyna memlekettik til engizile bastady Қazak tilindegi taldaushylyk zertteuler men gylymi makalalar sany ajtarlyktaj osti Budan kejin de osy үrdis saktalyp kana kojmaj zandy kubylyska ajnaldy 2005 zhyly ҚSZI dyn direktory bolyp Bolat Sultanov tagajyndaldy Onyn mol diplomatiyalyk tәzhiribesi instituttyn europalyk әriptestermen bajlanysty nygajtuda үlken septigin tigizdi Osylardyn katarynda birinshi kezekte Germaniya syrtky sayasat kogamy Ғylym zhәne sayasat kory Fridrih Ebert kory Dzh Marshall ortalygy siyakty germaniyalyk zhәne ҚHR men Үndistandagy Shanhaj halykaralyk katynastar instituty ShHҚI Dzhavaharlal Neru atyndagy universitet Resejdegi Resej strategiyalyk zertteuler instituty RSZI Әlemdik ekonomika zhәne halykaralyk katynastar instituty ӘEHҚI Resej diplomatiyalyk akademiyasy men MMHҚI әriptesterdi atap ajtuga bolady Bolat Sultanovtyn arkasynda monografiyalyk zertteuler men uzhymdyk basylymdar turakty zharyk kore bastap instituttyn akademiyalyk bagyty osti Instituttyn kadrlyk kuramynda doktor zhәne kandidattardyn sany kobejdi onyn ozindik gylymi mektebi kalyptasty dep ajtuga negiz pajda boldy 2014 zhyly 11 sәuirde Қazakstan prezidenti Nursultan Nazarbaevtyn zharlygymen ҚSZI dy Astanaga koshiru turaly sheshim kabyldandy 2014 zhyly 16 kazanda Қazakstan prezidenti Nursultan Nazarbaevtyn okimimen Erlan Қarin ҚSZI direktory kyzmetine tagajyndaldy Zhәne sol kүni prezident institut Қazakstan Respublikasynyn prezidenti Қazakstan Respublikasy Prezidenti әkimshiliginin basshysy zhәne onyn tiisti orynbasary belgilegen agymdagy zhәne perspektivalyk mindetterdi negizge ala otyryp oz kyzmetin zhosparlajtynyn anyktajtyn zharlykka da kol kojdy Sonymen katar institut Қazakstan Respublikasy Prezidenti әkimshiliginin zhalpy basshylygymen zhәne Қazakstan Respublikasy Prezidenti әkimshiligi basshysynyn tiisti orynbasarynyn zhedel basshylygymen zhumys istejtini belgili boldy Sarapshylar Erlan Қarinnin baskaruymen instituttyn akparattyk kenistikte belsendi zhumys istep ozine rebrending zhasap dini ekstremizm zhәne terrorizm mәseleleri bojynsha zertteulerdi kүshejtetinin bajlanystyryp otyr ҚurylymyҚSZI ozinin syrtky sayasat әleumettik sayasi ekonomikalyk zertteulerin taldaushylyk mәlimetterin zhәne akparattandyru zhumysyn kelesi kurylymdyk bolimder arkyly zhүrgizedi syrtky sayasat zhәne halykaralyk kauipsizdik bolimi әleumettik sayasi zertteuler bolimi ekonomikalyk zertteuler bolimi akparattyk kamsyzdandyru bolimi Zertteulerdin bagyttarySyrtky sayasattyn strategiyalyk aspektileri korshiles elderdin ishkisayasi zhәne әleumettik ekonomikalyk damuyna monitoring zhүrgizu Қazakstannyn Resejmen Қytajmen AҚSh pen Tүrkiyamen Europa odagy zhәne Tәuelsiz Memleketter Dostastygy elderimen eki zhakty katynastaryn taldau postkenestik kenistiktegi integraciya mәselelerin zertteu kauipsizdik mәselelerin saraptau Bүgingi Қazakstandagy kogamdyk sayasi zhәne әleumettik үrdister Қazakstan Respublikasyndagy kogamdyk sayasi zhagdajga monitoring zhүrgizu Қazakstanda sayasi instituttardyn kalyptasuy men demokratiyalanu үrdisterin zertteu Қazakstandagy agymdagy sayasi zhagdajdy taldau Ekonomikalyk kauipsizdik Қazakstan Respublikasy ekonomikalyk kauipsizdik mәselelerin zertteu әlemdik ekonomikanyn damu karkynyn zertteu zhәne onyn Қazakstan ekonomikasyna әserin taldau zhaһandanu mәselelerin zhәne onyn Қazakstanga ykpalyn zertteu Қazakstan Respublikasyndagy әleumettik ekonomikalyk zhagdajga monitoring zhүrgizu ҚSZI dyn direktorlaryMausym 1993 zhyl mamyr 1997 zhyl Өmirserik Toleshuly Қasenov Mamyr zheltoksan 1997 zhyl Lev Yurevich Tarakov Zheltoksan 1997 zhyl sәuir 1998 zhyl Alma Қadyrgalikyzy Sultangalieva Sәuir 1998 zhyl mamyr 2000 zhyl Ermuhamet Қabidenuly Ertisbaev Mamyr 2000 zhyl mamyr 2005 zhyl Mamyr 2005 zhyl kazan 2014 zhyl Bolat Қylyshbajuly Sultanov Қazan 2014 zhyl akpan 2017 Erlan Tynymbajuly Қarin Akpan 2017 kantar 2022 Zarema Kaukenkyzy Shaukenova 27 kantar 2022 Erkin Valithanuly TukymovRedakciyalyk baspa kyzmetiInstitutta koptegen monografiyalar uzhymdyk zhinaktar men үsh gylymi taldaushylyk zhurnal zharyk koredi Kazahstan Spektr 1994 1997 zhyldar aralygynda Kazahstan i mirovoe soobshestvo atauymen zharyk kordi zhylyna 4 ret shygady orys tilinde shygady ҚR BҒM BҒSBK sayasattanu halykaralyk katynastar tarih ekonomika mamandyktary bojynsha kandidattyk zhәne doktorlyk dissertaciyalardy korgauga mindetti retinde usynylgan 2003 zhyldan bastap toksan sajyn kazak tilinde Қogam zhәne dәuir zhәne agylshyn tilinde Central Asia s Affairs zhurnaly shygady 2000 2012 zhyldar aralygynda zhylyna alty ret Analytic zhurnaly orys tilide shygyp otyrdy Budan baska institut Қazakstannyn ishki zhәne syrtky sayasatynyn ozekti mәseleleri halykaralyk katynastar kauipsizdik zhәne ekonomika bojynsha monografiyalyk zhәne uzhymdyk basylymdardy zhariyalajdy DerekkozderMurat Laumulin 10 let spustya orys Kontinent Basty derekkozinen muragattalgan 28 kantar 2013 Tekserildi 27 kantar 2013 Қazakstannyn strategiyalyk zertteuler institutyn kuru turaly Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Zharlygy 1993 zhylgy 16 mausym 1235 Aleksandra Alehova V svoj 15 j den rozhdeniya glavnyj analiticheskij centr pri prezidente vynuzhden vspominat ne tolko ob itogah prodelannoj raboty 17 mausym 2008 Tekserildi 6 akpan 2013 Kazahstan v sovremennom mire realii i perspektivy kolzhetpejtin silteme Almaty KISI pri Prezidente RK 2008 S 335 347 348 s ISBN 9965 458 68 5 Қajnar Olzhaj Bzezhinskijdin bidajy Basty derekkozinen muragattalgan 28 kantar 2013 Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti zhanyndagy Қazakstannyn strategiyalyk zertteuler institutyn Astana kalasyna koshiru turaly Қazakstan Respublikasy prezidentinin zharlygy Tekserildi 27 10 2014 Memleket basshysynyn Өkimimen Erlan Tynymbajuly Қarin Қazakstan Respublikasy Prezidentinin zhanyndagy Қazakstannyn strategiyalyk zertteuler institutynyn direktory kyzmetine tagajyndaldy 27 10 2014 Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti zhanyndagy Қazakstannyn strategiyalyk zertteuler instituty turaly erezheni bekitu turaly Қazakstan Respublikasy Prezidentinin 1997 zhylgy 13 tamyzdagy 3614 Zharlygyna ozgerister engizu turaly Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Zharlygy Tekserildi 27 10 2014 Erlan Karin v KISI Ocenki ekspertov Tekserildi 24 10 2014 Erkin Tukymov ҚR prezidenti zhanyndagy Strategiyalyk zertteuler institutynyn direktory boldy forbes kz