Сергей Иванович Шабельский (25 наурыз 1885, Украина, Харьков қаласы — 12 маусым 1956, Алматы) — қазақстандық композитор, дирижер, пианист, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1954).
Сергей Иванович Шабельский | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | КСРО |
Ұлты | украин |
Қызметі |
Өмірбаяны
1903 — 06 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде, 1904 — 09 жылы Санкт-Петербург консерваториясында музыкалық теориясы мен композициядан (профессор Н.А. Соколовтың жетекшілігімен) оқыды. 1930 ж. Алматы қаласына қоныс аударып, қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының оркестріне дирижерлік етті. 1936 — 42 ж. эстрада оркестрінің (кейіннен Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрада-симфониялық оркестрі) пианисі, 1944 — 49 ж. “Қазақфильм” киностудиясының музыкалық бөлімін басқарды. 1948 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагог қызметпен шұғылданды.
Еңбектері
Шабельский негізінен камералық-аспаптық жанрда еңбек етті. Оның “Қазақ сюитасы”, “Қазақстан” симфониялық поэмасы (Л.Хамидимен бірге), Қазақтың мемлекеттік академиясының халық аспаптары оркестріне арналған (“Алатау”, “Той бастар”), қазақ фольклоры негізінде жазған екі аспаптық квартеті (“Амангелдіні еске түсіру”, “Абай Құнанбаевты еске түсіру”), тағы басқа музыкалық шығармалары бар. Шабельский бұл туындыларында қазақтың ұлттық музыкалық фольклорын орыстың классикалық-симфониялық жетістіктерімен шебер ұштастырған. Сондай-ақ “Түнгі сарын”, “Қара қыпшақ Қобыланды” (1936, 1946), “Ақан сері — Ақтоқты”, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” (1942, 1943) спектакльдеріне музыка жазды.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sergej Ivanovich Shabelskij 25 nauryz 1885 Ukraina Harkov kalasy 12 mausym 1956 Almaty kazakstandyk kompozitor dirizher pianist Қazak KSR inin enbek sinirgen oner kajratkeri 1954 Sergej Ivanovich ShabelskijTugan kүni25 nauryz 1885 1885 03 25 Tugan zheriHarkov Resej ImperiyasyҚajtys bolgan kүni12 mausym 1956 1956 06 12 71 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty Қazak KSR KSROAzamattygy KSRO Resej Imperiyasy 1885 1922 ҰltyukrainҚyzmetikompozitor dirizher Өmirbayany1903 06 zhyly Sankt Peterburg universitetinin zan fakultetinde 1904 09 zhyly Sankt Peterburg konservatoriyasynda muzykalyk teoriyasy men kompoziciyadan professor N A Sokolovtyn zhetekshiligimen okydy 1930 zh Almaty kalasyna konys audaryp kazirgi Қazaktyn memlekettik akademiya drama teatrynyn orkestrine dirizherlik etti 1936 42 zh estrada orkestrinin kejinnen Қazak televiziyasy men radiosynyn estrada simfoniyalyk orkestri pianisi 1944 49 zh Қazakfilm kinostudiyasynyn muzykalyk bolimin baskardy 1948 zhyldan Almaty memlekettik konservatoriyasynda pedagog kyzmetpen shugyldandy EnbekteriShabelskij negizinen kameralyk aspaptyk zhanrda enbek etti Onyn Қazak syuitasy Қazakstan simfoniyalyk poemasy L Hamidimen birge Қazaktyn memlekettik akademiyasynyn halyk aspaptary orkestrine arnalgan Alatau Toj bastar kazak folklory negizinde zhazgan eki aspaptyk kvarteti Amangeldini eske tүsiru Abaj Қunanbaevty eske tүsiru tagy baska muzykalyk shygarmalary bar Shabelskij bul tuyndylarynda kazaktyn ulttyk muzykalyk folkloryn orystyn klassikalyk simfoniyalyk zhetistikterimen sheber ushtastyrgan Sondaj ak Tүngi saryn Қara kypshak Қobylandy 1936 1946 Akan seri Aktokty Қozy Korpesh Bayan Sulu 1942 1943 spektaklderine muzyka zhazdy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tom 18 bolimBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet