Ағылшын буржуазиялық революциясы (17 ғасыр) - Англияда болған буржуазиялық революция; тұңғыш буржуазиялық револициялардың бірі. Оның жеңуі елде капитализмнің нығайып, буржуазиялық құрылыстың орнауына жәрдемдесті. Ағылшын буржуазиялық революция капитализмнің дамуымен байланысты болды да, ескі феодалды-экономикалық қатынастарды және Стюарттар мен Яков I(1603-1625), Карл I(1625-1649) тұсында буржуазиялық қатынастардың онан әрі дамуына кедергі жасаған абсолютизмді жоюға бағытталды. Абсолютизм мен оны қолдаушы англикан шіркеуіне қарсы шыққанбуржуазия және жаңашыл дворяндар тобы идеологиялық жағынан пуританизм негізінде ұйымдық жағынан парламентте қалыптасты (16 ғасырдың аяқ шенінен бастап). Корольдық өкімет пен буржуазиялық оппозиция арасындағы жанжал 1640 жылы қатты шиеленісті; бұл кезде 11 жылдық үзілістен кейін парламент шақырылған болатын - алдымен оның қысқа мәжілістері, кейіннен ұзақ мәжілістері өтті. 1642-1646 жылдары парламентті жақтаушылар мен роялистер - корольды жақтаушылар арасындағы 1-азамат соғысы болды. О. Кромвель құрған парламенттік армия Нейзби түбінде болған шайқастарда король әскерлеріне шешуші соққы берді. Ағылшын буржуазиялық революцияның барысында бірнеше саяси ағымдар мен топтар қимыл ждасады; негізінен Лондонның ірі буржуазияның мүддесін көздеген пресветирандар, орта дәрежелі буржуазия мен буржуазияланған дворяндардың сойылын соққан индепенденттер, демократияшыл ұсақ буржуазиялық партиясы - левеллерлер, негізінен жері аз шаруалардың жоғын жоқтаған диггерлер; феодалдық ақсүйектер мен абсолютизмді жақтаушыларға қарсы күресте біріңғай болғанымен, революцияның негізгі міндеттері мен мақсаттарын түрліше түсінді. 1648 жылы көктемде басталған екінші азамат соғысы Престон іргесінде революцияшыл армияның жеңіске жетуімен аяқталды. Революцияшыл бұқараның қысымымен 1649 жылғы кезеңде Ағылшын буржуазиялық революция буржуазиялық-демократикалық сипат алды: Карл I-нің басы алынды, монархия мен лордтар палатасы жойылып, республика жарияланды, индепенденттер үстемдік жағдайға жетті. Ағылшын буржуазиялық революцияның негізгі қозғаушы күші шаруалар, қала кедейлері мен ұсақ буржуазия болды, бірақ жеңістің нәтижесін ірі буржуазия мен буржуазияланған дворяндар пайдаланып кетті. Ағылшын буржуазиялық революция агр. мәселені еңбекшілердің пайдасына шешпеді: шаруалардың дворяндарға алым-салық төлеуі сақталды, корольдан, шіркеуден, роялистерден тартып алынған жерлер сатылып, негізінен жаңашыл дворяндар мен буржуазияның қолына көшті. Бұл шаруалар бұқарасының наразылығын туғазды. Бос жатқан жерлерді бөліп алу үшін болған левеллерлер көтерілісін, диггерлердің бас көтеруін индепенденттер республикасы басып жаныштады. 1653 жылы Кромвель протектораты - жаңашыл дворяндар мен буржуазияның әскери диктатурасы орнады. Кромвель Ирландия мен Шотландиянығы көтерілістерді талқандап, Голландиямен, Франциямен, Испаниямен болған соғыстарда шешуші жеңіске жетті де, Англияның теңіздегі үстемдігін нығайтты. Ол қайтыс болғаннан кейін шаруа-плебейлер қозғалысына қарсы күресуші реакция күшейе түсті, сөйтіп конституциялық монархия негізінде Сюарттар әулеті қайтадан өкімет басына келді. Оның реакциялық саясатына вигтер қарсы шықты. 1688-1689 жылдары мемлекеттік төңкеріс болып, оның нәтижесінде Вильлгелм III Оранский таққа отырды. Бұл төңкеріс Ағылшын буржуазиялық революциясында жеңіске жеткен буржуазия мен жаңашыл дворяндар және ірі жер иелері - ақсүйектердің бір бөлегі арасында өз ара келісім болғанын бейнелейді. 1689 жылы қабылданған құқық туралы Билль корольдық пұрсаттарына бірқатар конституциялық тежеулер тағайындады. Ағылшын буржуазиялық революция Англияда капитализмнің онан әрі дамуына жол ашты, жаңа заман тарихының бастамасы болды.
Дереккөздер
- ҚСЭ энциклопедиясы, 1977
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Agylshyn burzhuaziyalyk revolyuciyasy 17 gasyr Angliyada bolgan burzhuaziyalyk revolyuciya tungysh burzhuaziyalyk revoliciyalardyn biri Onyn zhenui elde kapitalizmnin nygajyp burzhuaziyalyk kurylystyn ornauyna zhәrdemdesti Agylshyn burzhuaziyalyk revolyuciya kapitalizmnin damuymen bajlanysty boldy da eski feodaldy ekonomikalyk katynastardy zhәne Styuarttar men Yakov I 1603 1625 Karl I 1625 1649 tusynda burzhuaziyalyk katynastardyn onan әri damuyna kedergi zhasagan absolyutizmdi zhoyuga bagyttaldy Absolyutizm men ony koldaushy anglikan shirkeuine karsy shykkanburzhuaziya zhәne zhanashyl dvoryandar toby ideologiyalyk zhagynan puritanizm negizinde ujymdyk zhagynan parlamentte kalyptasty 16 gasyrdyn ayak sheninen bastap Koroldyk okimet pen burzhuaziyalyk oppoziciya arasyndagy zhanzhal 1640 zhyly katty shielenisti bul kezde 11 zhyldyk үzilisten kejin parlament shakyrylgan bolatyn aldymen onyn kyska mәzhilisteri kejinnen uzak mәzhilisteri otti 1642 1646 zhyldary parlamentti zhaktaushylar men royalister koroldy zhaktaushylar arasyndagy 1 azamat sogysy boldy O Kromvel kurgan parlamenttik armiya Nejzbi tүbinde bolgan shajkastarda korol әskerlerine sheshushi sokky berdi Agylshyn burzhuaziyalyk revolyuciyanyn barysynda birneshe sayasi agymdar men toptar kimyl zhdasady negizinen Londonnyn iri burzhuaziyanyn mүddesin kozdegen presvetirandar orta dәrezheli burzhuaziya men burzhuaziyalangan dvoryandardyn sojylyn sokkan independentter demokratiyashyl usak burzhuaziyalyk partiyasy levellerler negizinen zheri az sharualardyn zhogyn zhoktagan diggerler feodaldyk aksүjekter men absolyutizmdi zhaktaushylarga karsy kүreste biringaj bolganymen revolyuciyanyn negizgi mindetteri men maksattaryn tүrlishe tүsindi 1648 zhyly koktemde bastalgan ekinshi azamat sogysy Preston irgesinde revolyuciyashyl armiyanyn zheniske zhetuimen ayaktaldy Revolyuciyashyl bukaranyn kysymymen 1649 zhylgy kezende Agylshyn burzhuaziyalyk revolyuciya burzhuaziyalyk demokratikalyk sipat aldy Karl I nin basy alyndy monarhiya men lordtar palatasy zhojylyp respublika zhariyalandy independentter үstemdik zhagdajga zhetti Agylshyn burzhuaziyalyk revolyuciyanyn negizgi kozgaushy kүshi sharualar kala kedejleri men usak burzhuaziya boldy birak zhenistin nәtizhesin iri burzhuaziya men burzhuaziyalangan dvoryandar pajdalanyp ketti Agylshyn burzhuaziyalyk revolyuciya agr mәseleni enbekshilerdin pajdasyna sheshpedi sharualardyn dvoryandarga alym salyk toleui saktaldy koroldan shirkeuden royalisterden tartyp alyngan zherler satylyp negizinen zhanashyl dvoryandar men burzhuaziyanyn kolyna koshti Bul sharualar bukarasynyn narazylygyn tugazdy Bos zhatkan zherlerdi bolip alu үshin bolgan levellerler koterilisin diggerlerdin bas koteruin independentter respublikasy basyp zhanyshtady 1653 zhyly Kromvel protektoraty zhanashyl dvoryandar men burzhuaziyanyn әskeri diktaturasy ornady Kromvel Irlandiya men Shotlandiyanygy koterilisterdi talkandap Gollandiyamen Franciyamen Ispaniyamen bolgan sogystarda sheshushi zheniske zhetti de Angliyanyn tenizdegi үstemdigin nygajtty Ol kajtys bolgannan kejin sharua plebejler kozgalysyna karsy kүresushi reakciya kүsheje tүsti sojtip konstituciyalyk monarhiya negizinde Syuarttar әuleti kajtadan okimet basyna keldi Onyn reakciyalyk sayasatyna vigter karsy shykty 1688 1689 zhyldary memlekettik tonkeris bolyp onyn nәtizhesinde Villgelm III Oranskij takka otyrdy Bul tonkeris Agylshyn burzhuaziyalyk revolyuciyasynda zheniske zhetken burzhuaziya men zhanashyl dvoryandar zhәne iri zher ieleri aksүjekterdin bir bolegi arasynda oz ara kelisim bolganyn bejnelejdi 1689 zhyly kabyldangan kukyk turaly Bill koroldyk pursattaryna birkatar konstituciyalyk tezheuler tagajyndady Agylshyn burzhuaziyalyk revolyuciya Angliyada kapitalizmnin onan әri damuyna zhol ashty zhana zaman tarihynyn bastamasy boldy DerekkozderҚSE enciklopediyasy 1977