Жезқазған мыс кен орны - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан.
Тарихы
Кен орнында энеолит заманында (б.з.б. 5000 — 6000 жылы) сақтар кен өндіріп, мыс пен қола балқытқан. Қазіргі заманғы алғашқы мыс кәсіпшілігін 1847 жылы Ушаков ашқан. 1904 жылы кен орны ағылшындардың “Атбасар мыс кентасы” қоғамына концессияға беріледі. Жете барлау жұмыстары 1925 жылдан жүргізіліп, бірінші отандық мыс 1928 жылы Қарсақбай комбинатында балқытылады. Академик Қ.И. Сәтбаевтың 1929 жылы қолға алуымен басталған геологиляқы барлау жұмыстарын 1931 жылдан Жезқазған экспедициясы үздіксіз жүргізіп келеді.
Геологиялық құрылымы
Жезқазған мыс кен орнының геологиялық құрылысы таскөмір, пермь және кайнозой шөгінділерінен құралған. Таскөмір жүйесінің орта және жоғарғы бөлімдерін қамтитын кен қабаттары Тасқұдық, Жезқазған свиталарына жіктеледі. Қалыңдығы 250-300 м Тасқұдық свитасы 3 кенді горизонт құрайтын қызыл және сұр түсті 16 қабаттан тұрады. Қалыңдығы 350-400 м Жезқазған свитасы 7 кенді горизонт түзетін қызыл және сұр түсті 36 қабаттан тұрады. Бұл қабаттар литологиялық құрамы бойынша қызыл және сұр түсі аргиллит, алевролит, құмтастан және аз мөлшерде жұмыртас, жентектас, әктас қабаттарынан тұрады. Кен сұр түсті құмтас қабаттарында шоғырланған. Тектоникалық құрылымына шығыс жағын шектейтін меридиан бағыттағы Шыңғыс-Ұлытау, оңтүстігінен Теректі терең жарылымдары кіреді. Жезқазған синклиналі аумағында орналасқан кенді алаң Спасск мульдасы, Ақши күмбезі, Златоуст мульдасы, Кресто күмбезі, Анненск мульдасы және Анненск күмбезі атты бірінен бірі флексуралармен бөлінген құрылымдардан тұрады. Жезқазған мыс кені алты геологиялық-өндірістік учаскеге бөлінген: Ақши-Спасск, Оңтүстік-Батыс Покро, Солтүстік Покро, Златоуст, Кресто және Анненск.
Минералдық құрамы
Кеннің минералдық құрамы: борнит, халькозин, халькопирит, галенит, бетехтинит, сфалерит, пирит, домейкит, арсенопирит, альгондит. Тереңдігі 10-60 м, тотығу белдемінде азурит, малахит, хризоколла, куприт, элит және таза мыс түзіледі. Негізгі кен құрамдас бөліктері: мыс, мырыш, қорғасын, қосымша Au, Ag, Re, Os, Mo, Nі, Co, Cd, Ge, Se, Te, Ga, S, т.б. Кен денелері таспа, линза, кейде күрделі пішінді. Инженерлік-геологиялық жағдайлары бойынша кен алаңдары оңтайлы, орташа, күрделі және өте күрделі түрлерге бөлінеді. Кен өндіру ашық және жер асты әдістерімен жүргізіледі.
Дереккөздер
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhezkazgan mys ken orny Қaragandy oblysy Ұlytau audanynda Zhezkazgan kalasynan soltүstik batyska karaj 25 km kashyktykta ornalaskan TarihyKen ornynda eneolit zamanynda b z b 5000 6000 zhyly saktar ken ondirip mys pen kola balkytkan Қazirgi zamangy algashky mys kәsipshiligin 1847 zhyly Ushakov ashkan 1904 zhyly ken orny agylshyndardyn Atbasar mys kentasy kogamyna koncessiyaga beriledi Zhete barlau zhumystary 1925 zhyldan zhүrgizilip birinshi otandyk mys 1928 zhyly Қarsakbaj kombinatynda balkytylady Akademik Қ I Sәtbaevtyn 1929 zhyly kolga aluymen bastalgan geologilyaky barlau zhumystaryn 1931 zhyldan Zhezkazgan ekspediciyasy үzdiksiz zhүrgizip keledi Geologiyalyk kurylymyZhezkazgan mys ken ornynyn geologiyalyk kurylysy taskomir perm zhәne kajnozoj shogindilerinen kuralgan Taskomir zhүjesinin orta zhәne zhogargy bolimderin kamtityn ken kabattary Taskudyk Zhezkazgan svitalaryna zhikteledi Қalyndygy 250 300 m Taskudyk svitasy 3 kendi gorizont kurajtyn kyzyl zhәne sur tүsti 16 kabattan turady Қalyndygy 350 400 m Zhezkazgan svitasy 7 kendi gorizont tүzetin kyzyl zhәne sur tүsti 36 kabattan turady Bul kabattar litologiyalyk kuramy bojynsha kyzyl zhәne sur tүsi argillit alevrolit kumtastan zhәne az molsherde zhumyrtas zhentektas әktas kabattarynan turady Ken sur tүsti kumtas kabattarynda shogyrlangan Tektonikalyk kurylymyna shygys zhagyn shektejtin meridian bagyttagy Shyngys Ұlytau ontүstiginen Terekti teren zharylymdary kiredi Zhezkazgan sinklinali aumagynda ornalaskan kendi alan Spassk muldasy Akshi kүmbezi Zlatoust muldasy Kresto kүmbezi Annensk muldasy zhәne Annensk kүmbezi atty birinen biri fleksuralarmen bolingen kurylymdardan turady Zhezkazgan mys keni alty geologiyalyk ondiristik uchaskege bolingen Akshi Spassk Ontүstik Batys Pokro Soltүstik Pokro Zlatoust Kresto zhәne Annensk Mineraldyk kuramyKennin mineraldyk kuramy bornit halkozin halkopirit galenit betehtinit sfalerit pirit domejkit arsenopirit algondit Terendigi 10 60 m totygu beldeminde azurit malahit hrizokolla kuprit elit zhәne taza mys tүziledi Negizgi ken kuramdas bolikteri mys myrysh korgasyn kosymsha Au Ag Re Os Mo Ni Co Cd Ge Se Te Ga S t b Ken deneleri taspa linza kejde kүrdeli pishindi Inzhenerlik geologiyalyk zhagdajlary bojynsha ken alandary ontajly ortasha kүrdeli zhәne ote kүrdeli tүrlerge bolinedi Ken ondiru ashyk zhәne zher asty әdisterimen zhүrgiziledi DerekkozderҚazak enciklopediyasy Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet