Ерігіштік — заттың белгілі бір еріткіште еру қабілеті. Белгілі бір жағдайдағы заттың ерігіштігінің сипаттамасы ретінде оның қаныққан ерітіндідегі концентрациясы алынады. Сондықтан ерітіндінің құрамын қалай сипаттаса, ерігіштікті де сан жағынан солай сипаттайды. Мысалы, заттың белгілі бір температурада белгілі бір еріткіштегі ерігіштігін оның қаныққан ерітіндісіндегі еріген заттың массалық үлесімен не оның концентрациясымен (моль/л) сипаттауға болады. Ерігішті көбінесе, еріткіштің 100 массалық бірлігінде қаныққан ерітінді түзілгенше еритін еріген заттың масса бірлігімен көрсетеді. Оны кейде ерігіштік коэффициенті деп те атайды. Заттардың судағы ерігіштегі әр түрлі. Егер 100 г суда еритін заттың массасы 10 г-нан асса — жақсы еритін, 1 г-нан кем болса — нашар еритін, 0,01 г-нан аз болса — іс жүзінде ерімейтін зат деп есептеледі. Заттардың Ерігіштігін алдын ала болжауға мүмкіндік беретін теориялар әзірге жасалған жоқ. Дегенмен химиктер кейбір заңдылықтарды байқады. Мысалы, молекулалары немесе иондық байланыспен байланысқан заттар (су, спирт, ) полюсті еріткіштерде жақсы еритіндігі, ал молекулалары полюссіз заттар (бензол, ) полюссіз еріткіштерде еритіндігі анықталды. “Ұқсас заттар бір-бірінде жақсы ериді” деген ескі қағида осы заңдылықты тұжырымдайды. Сонымен қатар заттар ерігенде мынадай құбылыстар байқалады: жылу бөлінеді не сіңіріледі, ерітіндінің көлемі азаяды (көлемнің контракциясы) және түсі өзгереді. Осы құбылыстардың барлығы еріген зат пен еріткіш молекулалары арасында химиялық әрекеттесулер бар екендігіне дәлел.
- Мұнайдың суда ерігіштігі. Судың мұнаймен жапсарласуы барысында оның сол суда азды-көпті еру процесі. Бұл процестің қарқындылығы , температураға және судың минералдану дәрежесіне тәуелді.
- Газдың суда ерігіштігі. Газдың сумен жапсарласуы барысында оның сол суда еру қабілеті. Мұның нәтижесінде су мен газ тепе-тең жағдайға шейін жетуі мүмкін. Газдың суда ерігіштігі қысым өскен сайын, ал судың минералдану дәрежесі азайған сайын арта түседі.
- Газдың (табиғи көмірсутектік) мұнайда ерігіштігі. Табиғи көмірсутектік газдың нақтылы термобаралық жағдайларда мұнайлы қойнауқатта біртекті сұйық жүйе қалыптастыру қабілеті. Кәсіптік геологияны көбінесе кенорынды игеру барысындағы мұнайдың газдан арылу процестері қызықтырады. Алайда (табиғи көмірсутектік) мұнайда ерігіштігі мөлшерін білу де қажет-ақ, себебі ол қойнауқаттық мұнайдың көлемдік коэффициентін анықтау, қойнауқатты газбен тоғыту мәселелерін шешу, қойнауқатқа әсер ету процесін игерудің кешеуілдеуі салдарынан бөлініп шығатын газды еріту шараларын күн тәртібіне қою барысында керек болады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Erigishtik zattyn belgili bir eritkishte eru kabileti Belgili bir zhagdajdagy zattyn erigishtiginin sipattamasy retinde onyn kanykkan eritindidegi koncentraciyasy alynady Sondyktan eritindinin kuramyn kalaj sipattasa erigishtikti de san zhagynan solaj sipattajdy Mysaly zattyn belgili bir temperaturada belgili bir eritkishtegi erigishtigin onyn kanykkan eritindisindegi erigen zattyn massalyk үlesimen ne onyn koncentraciyasymen mol l sipattauga bolady Erigishti kobinese eritkishtin 100 massalyk birliginde kanykkan eritindi tүzilgenshe eritin erigen zattyn massa birligimen korsetedi Ony kejde erigishtik koefficienti dep te atajdy Zattardyn sudagy erigishtegi әr tүrli Eger 100 g suda eritin zattyn massasy 10 g nan assa zhaksy eritin 1 g nan kem bolsa nashar eritin 0 01 g nan az bolsa is zhүzinde erimejtin zat dep esepteledi Zattardyn Erigishtigin aldyn ala bolzhauga mүmkindik beretin teoriyalar әzirge zhasalgan zhok Degenmen himikter kejbir zandylyktardy bajkady Mysaly molekulalary nemese iondyk bajlanyspen bajlanyskan zattar su spirt polyusti eritkishterde zhaksy eritindigi al molekulalary polyussiz zattar benzol polyussiz eritkishterde eritindigi anyktaldy Ұksas zattar bir birinde zhaksy eridi degen eski kagida osy zandylykty tuzhyrymdajdy Sonymen katar zattar erigende mynadaj kubylystar bajkalady zhylu bolinedi ne siniriledi eritindinin kolemi azayady kolemnin kontrakciyasy zhәne tүsi ozgeredi Osy kubylystardyn barlygy erigen zat pen eritkish molekulalary arasynda himiyalyk әrekettesuler bar ekendigine dәlel Munajdyn suda erigishtigi Sudyn munajmen zhapsarlasuy barysynda onyn sol suda azdy kopti eru procesi Bul procestin karkyndylygy temperaturaga zhәne sudyn mineraldanu dәrezhesine tәueldi Gazdyn suda erigishtigi Gazdyn sumen zhapsarlasuy barysynda onyn sol suda eru kabileti Munyn nәtizhesinde su men gaz tepe ten zhagdajga shejin zhetui mүmkin Gazdyn suda erigishtigi kysym osken sajyn al sudyn mineraldanu dәrezhesi azajgan sajyn arta tүsedi Gazdyn tabigi komirsutektik munajda erigishtigi Tabigi komirsutektik gazdyn naktyly termobaralyk zhagdajlarda munajly kojnaukatta birtekti sujyk zhүje kalyptastyru kabileti Kәsiptik geologiyany kobinese kenoryndy igeru barysyndagy munajdyn gazdan arylu procesteri kyzyktyrady Alajda tabigi komirsutektik munajda erigishtigi molsherin bilu de kazhet ak sebebi ol kojnaukattyk munajdyn kolemdik koefficientin anyktau kojnaukatty gazben togytu mәselelerin sheshu kojnaukatka әser etu procesin igerudin kesheuildeui saldarynan bolinip shygatyn gazdy eritu sharalaryn kүn tәrtibine koyu barysynda kerek bolady DerekkozderҚazak enciklopediyasy III tom 12 tarau Munaj zhәne gaz geologiyasy tanymdyk zhәne kәsiptik tehnologiyalyk terminderinin tүsindirme sozdigi Anyktamalyk basylym Almaty 2003 ISBN 9965 472 27 0Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet