Саусаққанаттылар (лат. Crossopterygii) — өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбон дәуірінде кеңінен таралып, мезозойда олардың түрлері азайып, тараған ауданы да қысқарған.
Саусаққанаттылар | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Кездескен жерлері
- Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м тереңдіктен Үнді мұхитынан Африканың оңтүстік жағалауынан, Халумна өзенінің сағасына жақын жерден ұстады. Бұл ұзындығы 150 см, салмағы 57 кг болатын ірі түрі болатын. Оны латимерия (Lаtimегіа Сһаlиmпае) деп атады.
- Екінші данасында 1952 ж. сол Үнді мұхитының аралына жақын маңнан жағадан 200 метрдей қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған. Кейін де осы ауданнан бірнеше рет саусақ қанатты балықтар ауланған.
Отрядтары
- Coelacanthiformes
- Osteolepidiformes - †
- Struniiformes - †
Биологиялық сипаттамасы
Саусаққанаттылардың сияқты желбезектерімен қатар өкпелері де болған, бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жоқ. Олардың мезозойда тіршілік еткен саусақ қанаттылардан айырмашылығы ауадағы оттегімен тыныс ала алмайды. Қос қанаттарының құрылысында өздеріне сәйкес өзгешеліктері бар. Олардың табан жағында етті жалпак қалақшасы болады, соның ішінде қанат қаңқасының негізгі бөлімдері жатады. Аяқтарының бұлшық еттері жер бетінде тіршілік ететін омыртқалылардікі сияқты, аяқтарының қозғалып тұратын бөлімдеріне бекіген. Кейбіреулерінің қанат қаңқалары бес саусақты алақан сияқты болып келеді. Қанат негізінің тіреуі бозлия болады және ол иық сүйегіне ұқсайды. Иық сүйегінен кейін базалияның екі элементтері тарайды, бұлар кәрі жілік пен шынтақ сүйектеріне ұқсайды, одан әрі қарай бірнеше саусақ сияқты қауырсындар тарайды. Сондықтан оларды саусаққанатты балықтар деп атайды. Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкаларымен — космоидты қабыршақтармен қапталған. Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген дентинмен, яғни косминмен және жұқа эмаль қабатымен жабылған. Терісінің мұндай сүйектенуі алғашқы кездегі еске түсіреді. Сонымен қатар, саусаққанатты балықтарда висцеральдық саңылаудың қалдығы бар, ол амфибилерде ортаңғы құлақ қуысына айналады. Саусақ қанаттылардьщ қос тынысты балықтарға жакын екенінде ешқандай күмән жоқ және олар бір түбірден тараған болуға тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі жеткіліксіз болған болу керек. Соның салдарынан қос тыныс жолы пайда болып, оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар да қос тыныстылар сияқты әлсін-әлі су бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алған. Су өсімдіктерінің және олардың қалдықтарымен ластануы қанаттарының жүзу қызметін атқарумен қатар денеге тірек болуына бейімделуіне себепші болған. Сондықтан бұл жүзу қанаттарының бессаусақты аяққа айналуына себепші болған факты болып саналады. Мезозойда саусаққанатты балықтар теңізде тіршілік етуге көшкен. Осындай саусаққанатты балықтар тобының қалдықтары осы кездегі латимериялар болып саналады.
Дереккөздер
- «Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sausakkanattylar lat Crossopterygii ote eski әri tolygynan derlik kuryp bitken balyktardyn erekshe toby Devon men karbon dәuirinde keninen taralyp mezozojda olardyn tүrleri azajyp taragan audany da kyskargan SausakkanattylarDүniesi ZhanuarlarZhamagaty SarcopterygiiTaby BalyktarSaby CrossopterygiiKezdesken zherleriBul tangazhajyp balykty en birinshi ret 1938 zhyly 70 m terendikten Үndi muhitynan Afrikanyn ontүstik zhagalauynan Halumna ozeninin sagasyna zhakyn zherden ustady Bul uzyndygy 150 sm salmagy 57 kg bolatyn iri tүri bolatyn Ony latimeriya Latimegia Sһalimpae dep atady Ekinshi danasynda 1952 zh sol Үndi muhitynyn aralyna zhakyn mannan zhagadan 200 metrdej kashyktyktan 15 m terendikten ustagan Kejin de osy audannan birneshe ret sausak kanatty balyktar aulangan OtryadtaryCoelacanthiformes Osteolepidiformes Struniiformes Biologiyalyk sipattamasySausakkanattylardyn siyakty zhelbezekterimen katar okpeleri de bolgan birak olar ozgeriske ushyragan ishki tanau tesikteri zhok Olardyn mezozojda tirshilik etken sausak kanattylardan ajyrmashylygy auadagy ottegimen tynys ala almajdy Қos kanattarynyn kurylysynda ozderine sәjkes ozgeshelikteri bar Olardyn taban zhagynda etti zhalpak kalakshasy bolady sonyn ishinde kanat kankasynyn negizgi bolimderi zhatady Ayaktarynyn bulshyk etteri zher betinde tirshilik etetin omyrtkalylardiki siyakty ayaktarynyn kozgalyp turatyn bolimderine bekigen Kejbireulerinin kanat kankalary bes sausakty alakan siyakty bolyp keledi Қanat negizinin tireui bozliya bolady zhәne ol iyk sүjegine uksajdy Iyk sүjeginen kejin bazaliyanyn eki elementteri tarajdy bular kәri zhilik pen shyntak sүjekterine uksajdy odan әri karaj birneshe sausak siyakty kauyrsyndar tarajdy Sondyktan olardy sausakkanatty balyktar dep atajdy Dene pishini romb nemese dongelek kelgen kalyn sүjek plastinkalarymen kosmoidty kabyrshaktarmen kaptalgan Plastinkalardyn үstingi beti tүri ozgergen dentinmen yagni kosminmen zhәne zhuka emal kabatymen zhabylgan Terisinin mundaj sүjektenui algashky kezdegi eske tүsiredi Sonymen katar sausakkanatty balyktarda visceraldyk sanylaudyn kaldygy bar ol amfibilerde ortangy kulak kuysyna ajnalady Sausak kanattylardsh kos tynysty balyktarga zhakyn ekeninde eshkandaj kүmәn zhok zhәne olar bir tүbirden taragan boluga tiis Olar algashky kezde tushy sularda tirshilik etken zhәne onda әrdajym ottegi zhetkiliksiz bolgan bolu kerek Sonyn saldarynan kos tynys zholy pajda bolyp ottegi zhetispegen kezde bul balyktar da kos tynystylar siyakty әlsin әli su betine koterilip atmosferalyk auamen okpesi arkyly tynys algan Su osimdikterinin zhәne olardyn kaldyktarymen lastanuy kanattarynyn zhүzu kyzmetin atkarumen katar denege tirek boluyna bejimdeluine sebepshi bolgan Sondyktan bul zhүzu kanattarynyn bessausakty ayakka ajnaluyna sebepshi bolgan fakty bolyp sanalady Mezozojda sausakkanatty balyktar tenizde tirshilik etuge koshken Osyndaj sausakkanatty balyktar tobynyn kaldyktary osy kezdegi latimeriyalar bolyp sanalady Derekkozder Omyrtkalylar zoologiyasy S P Naumov Almaty Mektep baspasy