Көн – мал мен аңның кептірілген және шала өңделген (иленбеген) терісінің атауы. Әдетте, сойылған мал мен аң терілері кепкеннен кейін ылғалға, ыстық-суыққа, қажалуға, созылуға, шіруге және т.б. құбылыстар мен әсерлерге өте төзімді берік күйге түсіп қатады. Мұны қазақта көн тері деп те атайды. Көшпелі ортада терінің осындай қасиетін бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланған. Дәстүрлі ортада бұйымдар жасауға немесе бұйымдардың сыртын қаптауға пайдалану үшін көнді арнайы дайындайтын болған. Ол үшін теріні тазалау, қызылдау (кермекке салу), құрымдау (қара түске келтіру) және ыстау сияқты өңдеулерден өткізеді. Пайдаланғанда төзімді болатындықтан негізінен көнге ірі малдың терісі жаратылады. Әдетте көн даярлауға терілер түгімен және түгі алынып та пайдаланылады.
Көнді түгімен пайдалану
Көнді түгімен пайдалану үшін алдымен жас теріні тұздап дегдітеді. Тобырсығаннан кейін оның ішкі бетіндегі жабысқан шел, ет пен майларынан қырып тазартады. Егер өте майлы болса ащы сор топырақты немесе құстың саңғырығын жағып, содан кейін тазалап шығады. Тазаланған теріні көлеңке жерге жайып немесе керіп кептіреді. Түкті көн көбінсе тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, шанаш, бұлқыншақ, мес, дорба, талыс, шарқай, қауға, биялай даярлауға және келі сыртын қаптауға пайдаланылған.
Көнді түгін алып пайдалану
Көнді шел-майынан тазартқаннан кейін, түгін қырқу, қыру немесе жидіту жолдарымен алып тастайды. Осылайша түгі алынған теріні кермекке (өсімдіктердің тамыры, қабығы, бүрінен жасалған қоспаға) салып қызғылт, қоңырқай-қызыл түске ендіреді. Ысты суға салып, тұз қосып теріні қайнатса, қою қара түске боялып шығады. Мұны қазақта құрымдау деп атайды. Сонымен қатар, көнді шөптерді өртеп, оның ысына әбден қақтайды. Жақсы иіс сіңуі үшін мүмкіндігінше жусан, арша түтінін пайдаланған. Осындай өңдеулерден өткізілген көн біршама ширығып-шымырланғандықтан дымданбайтын, жібімейтін, көгермейтін болады және әдемі түске енеді. Ылғалға, ыстық-суыққа, қажалуға, созылуға, шіруге және т.б. құбылыстар мен әсерлерге өте төзімді берік күйге түскен көн теріні көпшілік дәстүрлі бұйымдар жасауға пайдаланған.
- Ыдыс-аяқтар. Түгі алынған көн қазақта көбінесе ыдыс-аяқтар жасауға пайдаланылған. Мәселен, торсықтың алуан түрлері, саба, көнек, бұлқыншақ, кеукерін, дүңгіршек ертеде күнделікті қолданыстағы ыдыстар болған. Мұндай ыдыстар әсіресе көшпелі өмірге өте қолайлы, көш барысында мүлде сынбайтын, бүлінбейтін және оңайлықпен тозбайтын болып келеді. Ыдыс жасауға көбінесе жылқы терісін қолданатын болған.
- Аяқкиімдер. Былғарыдан аяқкиім тігуге шамасы келмейтіндер қатты, әрі қалың көннен шәркей, кебіс, шоқай, шабата, шарық сияқты қарапайым аяқкиімдерді тіктіріп киюге мәжбүр болған. Күнделікті шаруашылыққа киілетін көн етік жас теріден жасалатындықтан уақыт өте келе көн болып қоқиып қатып қалады. Сондықтан да, бұндай етікті ертеде шаруашылықта, аңшылықта тау-тас, бұталы жерлерді аралығында киетін болған. Бұндай етіктiң шақай деген түрлері бар. Көннен тігілген кебіс, шабата жеңіл аяқ-киім түрі болып табылады.
- Қорғаныс жарақтары. Ертеде көнді қорғаныс жарақтары: қалқан, жеңсе, тізелік, дулыға, қорамсақ және сауыттың кейбір түрлерін жасағанда да пайдаланылған. Өйткені көн темірге қарағанда қолжетімді, жеңіл, жасалуы және жөнделуі оңай, суық пен ыстықта денені қарымайтын сияқты артықшылықтары бар.
- Музыкалық аспаптар және т.б. Арнайы түрде дайындалған көннен дабыл, дауылпаз сынды музыкалық аспаптар жасалып, оларды аңшылық-саятшылықта, жаугершілікте жиі қолданылғандығы белгілі. Мұнымен қатар, көнді нарқобызды, ерді, келіні, сандықтарды және т.б. бұйымдарды мықты болуы үшін қаптауға да пайдаланған.
- Қазақы ортада бұлармен қатар кесеқап, қауға, оймақ, шанақ, тебінгі, көзілдірік, көнте белбеу сияқты бұйымдар көннен даярланып, шаруашылықта қолданылған.
Көннен бұйым жасау
«Көн құрысса қалыбына тартады» демекші көннен бұйымдар жасау үшін қалыптау тәсілі қолданылады. Кептірілмеген жұмсақ кезінде белгілі бір қалыпқа келтірілген көн тобырсығанда сол қалпын сақтап қалады. Көн бұйымды жасау үшін арнайы қалыптар немесе топырақ, құм пайдаланылған. Алдымен дайындалған көннің оң жағын (түк жағын) ішіне қаратып заттың пошымын пішіп алады. Бұйымды құрастыру үшін иірілген шуда жіп немесе жуан тарамыспен жөрмеп, қайып тігеді. Содан кейін ішіне құм немесе топырақ нығыздай толтырылып, жел қағатын көлеңкелі жерде кептіріледі. Қажет болса, арнайы мүйіз бастырғымен тобарсыған қалпында ою-өрнек түсіріледі. Кепкен соң ішіндегі топырақ-құмы төгіп, жақсылап ыстайды. Бұдан басқа кесеқап, аяқкиім түрлерін және т.б. бұйымдарды жасау үшін арнайы ағаш қалыптар пайдаланылған.
Көннен істелінген бұйымдардың атауына көбінесе көн сөзі қосылып айтылады: көнек, көн шелек, көн талыс, көн шәркей, көн етік, көн садақ және т.б.
Қазақтың дәстүрлі тіршілікқамы жүйесінде көн ыдысты пайдалану бірден бір прогрессивтік іс шараладың бірі болып келеді, себебі ежелгі дүние тарихында, сол кездегі көшпелілер көбінесе қыш ыдыстарды қолданғаны белгілі. Ал қыш ыдысты көші қон кезінде оңайлықпен сына қоймайтын, әрі жеңіл көн ыдыстың ығыстырып шығуы дәстүрлі көшпелі ортада орныққан қоғамдық тәжірибенің селективтік механизм ретінде функция атқарғандығының нәтижесі ретінде қарастыруға болады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Қасиманов С. Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы: Қайнар, 1977;
- Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
- Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
- Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
- Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап, 2005;
- Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kon mal men annyn keptirilgen zhәne shala ondelgen ilenbegen terisinin atauy Әdette sojylgan mal men an terileri kepkennen kejin ylgalga ystyk suykka kazhaluga sozyluga shiruge zhәne t b kubylystar men әserlerge ote tozimdi berik kүjge tүsip katady Muny kazakta kon teri dep te atajdy Koshpeli ortada terinin osyndaj kasietin bujymdar zhasauga keninen pajdalangan Dәstүrli ortada bujymdar zhasauga nemese bujymdardyn syrtyn kaptauga pajdalanu үshin kondi arnajy dajyndajtyn bolgan Ol үshin terini tazalau kyzyldau kermekke salu kurymdau kara tүske keltiru zhәne ystau siyakty ondeulerden otkizedi Pajdalanganda tozimdi bolatyndyktan negizinen konge iri maldyn terisi zharatylady Әdette kon dayarlauga teriler tүgimen zhәne tүgi alynyp ta pajdalanylady Konnen zhasalgan mes pen konek Kondi tүgimen pajdalanuKondi tүgimen pajdalanu үshin aldymen zhas terini tuzdap degditedi Tobyrsygannan kejin onyn ishki betindegi zhabyskan shel et pen majlarynan kyryp tazartady Eger ote majly bolsa ashy sor topyrakty nemese kustyn sangyrygyn zhagyp sodan kejin tazalap shygady Tazalangan terini kolenke zherge zhajyp nemese kerip keptiredi Tүkti kon kobinse tulak tajteri bostek tulyp shanash bulkynshak mes dorba talys sharkaj kauga biyalaj dayarlauga zhәne keli syrtyn kaptauga pajdalanylgan Kondi tүgin alyp pajdalanuKondi shel majynan tazartkannan kejin tүgin kyrku kyru nemese zhiditu zholdarymen alyp tastajdy Osylajsha tүgi alyngan terini kermekke osimdikterdin tamyry kabygy bүrinen zhasalgan kospaga salyp kyzgylt konyrkaj kyzyl tүske endiredi Ysty suga salyp tuz kosyp terini kajnatsa koyu kara tүske boyalyp shygady Muny kazakta kurymdau dep atajdy Sonymen katar kondi shopterdi ortep onyn ysyna әbden kaktajdy Zhaksy iis sinui үshin mүmkindiginshe zhusan arsha tүtinin pajdalangan Osyndaj ondeulerden otkizilgen kon birshama shirygyp shymyrlangandyktan dymdanbajtyn zhibimejtin kogermejtin bolady zhәne әdemi tүske enedi Ylgalga ystyk suykka kazhaluga sozyluga shiruge zhәne t b kubylystar men әserlerge ote tozimdi berik kүjge tүsken kon terini kopshilik dәstүrli bujymdar zhasauga pajdalangan Ydys ayaktar Tүgi alyngan kon kazakta kobinese ydys ayaktar zhasauga pajdalanylgan Mәselen torsyktyn aluan tүrleri saba konek bulkynshak keukerin dүngirshek ertede kүndelikti koldanystagy ydystar bolgan Mundaj ydystar әsirese koshpeli omirge ote kolajly kosh barysynda mүlde synbajtyn bүlinbejtin zhәne onajlykpen tozbajtyn bolyp keledi Ydys zhasauga kobinese zhylky terisin koldanatyn bolgan Ayakkiimder Bylgarydan ayakkiim tiguge shamasy kelmejtinder katty әri kalyn konnen shәrkej kebis shokaj shabata sharyk siyakty karapajym ayakkiimderdi tiktirip kiyuge mәzhbүr bolgan Kүndelikti sharuashylykka kiiletin kon etik zhas teriden zhasalatyndyktan uakyt ote kele kon bolyp kokiyp katyp kalady Sondyktan da bundaj etikti ertede sharuashylykta anshylykta tau tas butaly zherlerdi aralygynda kietin bolgan Bundaj etiktin shakaj degen tүrleri bar Konnen tigilgen kebis shabata zhenil ayak kiim tүri bolyp tabylady Қorganys zharaktary Ertede kondi korganys zharaktary kalkan zhense tizelik dulyga koramsak zhәne sauyttyn kejbir tүrlerin zhasaganda da pajdalanylgan Өjtkeni kon temirge karaganda kolzhetimdi zhenil zhasaluy zhәne zhondelui onaj suyk pen ystykta deneni karymajtyn siyakty artykshylyktary bar Muzykalyk aspaptar zhәne t b Arnajy tүrde dajyndalgan konnen dabyl dauylpaz syndy muzykalyk aspaptar zhasalyp olardy anshylyk sayatshylykta zhaugershilikte zhii koldanylgandygy belgili Munymen katar kondi narkobyzdy erdi kelini sandyktardy zhәne t b bujymdardy mykty boluy үshin kaptauga da pajdalangan Қazaky ortada bularmen katar kesekap kauga ojmak shanak tebingi kozildirik konte belbeu siyakty bujymdar konnen dayarlanyp sharuashylykta koldanylgan Konnen bujym zhasau Kon kuryssa kalybyna tartady demekshi konnen bujymdar zhasau үshin kalyptau tәsili koldanylady Keptirilmegen zhumsak kezinde belgili bir kalypka keltirilgen kon tobyrsyganda sol kalpyn saktap kalady Kon bujymdy zhasau үshin arnajy kalyptar nemese topyrak kum pajdalanylgan Aldymen dajyndalgan konnin on zhagyn tүk zhagyn ishine karatyp zattyn poshymyn piship alady Bujymdy kurastyru үshin iirilgen shuda zhip nemese zhuan taramyspen zhormep kajyp tigedi Sodan kejin ishine kum nemese topyrak nygyzdaj toltyrylyp zhel kagatyn kolenkeli zherde keptiriledi Қazhet bolsa arnajy mүjiz bastyrgymen tobarsygan kalpynda oyu ornek tүsiriledi Kepken son ishindegi topyrak kumy togip zhaksylap ystajdy Budan baska kesekap ayakkiim tүrlerin zhәne t b bujymdardy zhasau үshin arnajy agash kalyptar pajdalanylgan Konnen istelingen bujymdardyn atauyna kobinese kon sozi kosylyp ajtylady konek kon shelek kon talys kon shәrkej kon etik kon sadak zhәne t b Қazaktyn dәstүrli tirshilikkamy zhүjesinde kon ydysty pajdalanu birden bir progressivtik is sharaladyn biri bolyp keledi sebebi ezhelgi dүnie tarihynda sol kezdegi koshpeliler kobinese kysh ydystardy koldangany belgili Al kysh ydysty koshi kon kezinde onajlykpen syna kojmajtyn әri zhenil kon ydystyn ygystyryp shyguy dәstүrli koshpeli ortada ornykkan kogamdyk tәzhiribenin selektivtik mehanizm retinde funkciya atkargandygynyn nәtizhesi retinde karastyruga bolady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterҚasimanov S Қazaktyn ulttyk tagamdary Almaty Қajnar 1977 Tәzhimuratov Ә Sheberdin koly ortak Almaty Қazakstan 1977 Mukanov S Halyk murasy tarihi etnografiyalyk sholu Tandamaly shygarmalar HV tom Almaty Zhazushy 1979 Argynbaev H Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987 Shokparuly D Teriden zhasalatyn bujymdardy kurastyru tehnologiyasy Almaty Kitap 2005 Shokparuly D Dәrkembajuly D Қazaktyn koldanbaly oneri Almaty Almatykitap 2007