Кинодраматургия, кино драматургиясы – әдеби шығармашылықтың бір саласы.
Сценарий – фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылады. Кинодраматургия кино өнерінің ұтымды тәсілдерін қамти отырып, әдеби бейнелеудің тәсілдерін де қолданады. Кинодраматургияның әдеби және кинематографиялық тегіне қарай сценарий екі түрге бөлінеді. Бірі – фильмнің арқауын құрайтын, әрі жеке дара көркемдігі бар әдеби шығарма, екіншісі – болашақ фильмнің құрылымын, желісін тартып, мазмұнын, ойын баяндап беретін әдеби материал.
Кинодраматургия киноның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әдеби шығармаларды да экранға шығарды. 20 ғ-дың 10-жылдарында “мылқау” кинода әдеби шығармалардың сюжеті, кейіпкерлері, желісі көп жағдайда түпнұсқадан жасалса, 20-жылдары проза мен драммалық шығармалардың тәсілдері араласа бастады. Киноға дыбыстың енуі түбегейлі бетбұрыс жасап, Кинодраматургияның қалыптасуына жол ашты. Қазақстанда Кинодраматургияның алғашқы үлгілері 20 ғ-дың басында дүниеге келді (“Бүліншілік”, 1928; “Жұт”, 1931; “Түрксіб”, 1931, т.б.). Ұлттық көркемсуретті кино өнерінің алғашқысы – “Амангелді” фильмі.
Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері М.Әуезов (“Райхан”, “Абай әні”), Ғ.Мүсірепов (“Амангелді”, “Махаббат дастаны”, “Жауынгер ұлы”, “Қыз Жібек”), Ә.Тәжібаев (“Жамбыл”, “Шұғылада болған еді”), Ш.Хұсайынов (В.Абызовпен бірге, “Өжет қыз”, “Асау Ертіс жағасында”, “Біз осында тұрамыз”) қазақ Кинодраматургиясының негізін қалаушылар болды. 20 ғ-дың 60-жылдары қазақ Кинодраматургиясы үлкен табысқа жетеді. Кинодраматургияға жазушылар О.Сүлейменов (“Атамекен”), Ә.Тарази (қ. Әшімов Ә.) (“Тұлпардың ізі”, “Қараш-қараш оқиғасы”), Д.Тәшенов (А.Сацкиймен бірге, “Ата туралы аңыз”), Қ.Мұхамеджанов (“Айсұлу”), Л.Варшавский (“Алдар-Көсе”), Қ.Ысқақов (“Ұшы қиырсыз жол”), т.б. келді. 20 ғ-дың 70-жылдары Қазақ Кинодраматургиясында Ресей киносценарийстері үлкен рөл атқарды. Сол жылдары Мүсіреповтің “Қыз Жібегімен” қатар А.Михалков-Кончаловскийдің (Э.Тропининмен бірге “Атаманның ақыры”, “Көксерек”, В.Тюринмен бірге “Қан мен тер”), Р.Хуснитдинованың (“Алпамыс мектепке барады”), А.Адабашьян мен Н.Михалковтың (А.Михалков-Кончаловскиймен бірге “Транссібір экспрессі”) сценарийлері бойынша фильмдер түсірілді. 20 ғ-дың 80-жылдарындағы қазақ Кинодраматургиясы авторлық-режиссерлік стильге бой ұрды. Прозашы С.Нарымбетов, кәсіби кинодраматург, авторлық кинода кинорежиссер ретінде үлкен табыстарға жетті. Оның “Көзімнің қарасы” фильмі (1994) Еуропа, Азия елдерінің көптеген халықар. кинематографиялық сыйлықтарына ие болды.
Дереккөздер:
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kinodramaturgiya kino dramaturgiyasy әdebi shygarmashylyktyn bir salasy Scenarij filmnin әdebi korkemdik negizi bolyp tabylady Kinodramaturgiya kino onerinin utymdy tәsilderin kamti otyryp әdebi bejneleudin tәsilderin de koldanady Kinodramaturgiyanyn әdebi zhәne kinematografiyalyk tegine karaj scenarij eki tүrge bolinedi Biri filmnin arkauyn kurajtyn әri zheke dara korkemdigi bar әdebi shygarma ekinshisi bolashak filmnin kurylymyn zhelisin tartyp mazmunyn ojyn bayandap beretin әdebi material Kinodramaturgiya kinonyn barlyk mүmkindikterin pajdalana otyryp әdebi shygarmalardy da ekranga shygardy 20 g dyn 10 zhyldarynda mylkau kinoda әdebi shygarmalardyn syuzheti kejipkerleri zhelisi kop zhagdajda tүpnuskadan zhasalsa 20 zhyldary proza men drammalyk shygarmalardyn tәsilderi aralasa bastady Kinoga dybystyn enui tүbegejli betburys zhasap Kinodramaturgiyanyn kalyptasuyna zhol ashty Қazakstanda Kinodramaturgiyanyn algashky үlgileri 20 g dyn basynda dүniege keldi Bүlinshilik 1928 Zhut 1931 Tүrksib 1931 t b Ұlttyk korkemsuretti kino onerinin algashkysy Amangeldi filmi Қazak әdebietinin kornekti kajratkerleri M Әuezov Rajhan Abaj әni Ғ Mүsirepov Amangeldi Mahabbat dastany Zhauynger uly Қyz Zhibek Ә Tәzhibaev Zhambyl Shugylada bolgan edi Sh Husajynov V Abyzovpen birge Өzhet kyz Asau Ertis zhagasynda Biz osynda turamyz kazak Kinodramaturgiyasynyn negizin kalaushylar boldy 20 g dyn 60 zhyldary kazak Kinodramaturgiyasy үlken tabyska zhetedi Kinodramaturgiyaga zhazushylar O Sүlejmenov Atameken Ә Tarazi k Әshimov Ә Tulpardyn izi Қarash karash okigasy D Tәshenov A Sackijmen birge Ata turaly anyz Қ Muhamedzhanov Ajsulu L Varshavskij Aldar Kose Қ Yskakov Ұshy kiyrsyz zhol t b keldi 20 g dyn 70 zhyldary Қazak Kinodramaturgiyasynda Resej kinoscenarijsteri үlken rol atkardy Sol zhyldary Mүsirepovtin Қyz Zhibegimen katar A Mihalkov Konchalovskijdin E Tropininmen birge Atamannyn akyry Kokserek V Tyurinmen birge Қan men ter R Husnitdinovanyn Alpamys mektepke barady A Adabashyan men N Mihalkovtyn A Mihalkov Konchalovskijmen birge Transsibir ekspressi scenarijleri bojynsha filmder tүsirildi 20 g dyn 80 zhyldaryndagy kazak Kinodramaturgiyasy avtorlyk rezhisserlik stilge boj urdy Prozashy S Narymbetov kәsibi kinodramaturg avtorlyk kinoda kinorezhisser retinde үlken tabystarga zhetti Onyn Kozimnin karasy filmi 1994 Europa Aziya elderinin koptegen halykar kinematografiyalyk syjlyktaryna ie boldy Derekkozder Қazak enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet