Кепіл, кепілзат – 1) азаматтық құқықта: міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру тәсілі; несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табу құқығы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілген мүліктің есебінен өтеледі. кепілді иеленуші тұлға кепіл ұстаушы, кепіл нысанын ұсынушы тұлға – кепілберуші деп аталады. Борышкердің өзі де, үшінші бір тұлға да кепілберуші болуы мүмкін. Мүліктің меншіктенушісі не осы мүлікпен шаруашылық жүргізу құқығына ие болған тұлға оны кепілге беруші бола алады. Бейматериалдық құндылықтарды кепілге тек олардың меншіктенушілері ғана береді. Кез келген мүлік, соның ішінде айналыстан алынған мүліктен, кепіл берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптардан (мысалы, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптардан) басқа заттар мен бейматериалдық құндылықтар кепілге берілетін зат бола алады. Жылжымайтын мүлік кепілі (жер телімдері, кәсіпорындар, , пәтерлер, т.б.) ипотека деп аталады. Егер айналыстағы тауарлар (тауардың қорлары, шикізат, , дайын өнім, т.б.) кепілзаты болса, олардың жалпы құны кепіл шартында көрсетілген құнынан азаймайтын болған жағдайда кепіл беруші олардың құрамын, заттай нысанын өзгертуге құқылы; 2) қылмыстық іс жүргізуде: шарасы, яки алдын ала анықтау ісін жүргізушінің, тергеушінің, прокурордың, соттың шақыруы бойынша айыпталушының, сезіктінің келуін қамтамасыз ету үшін айыпталушының, сезіктінің не басқа тұлғаның немесе ұйымның сот депозитіне салатын ақшасы немесе құндылығы. Оны тек прокурордың санкциясымен немесе соттың ұйғарымымен ғана қолдануға болады. кепілдің қабылданғаны туралы хаттама жазылып, оның көшірмесі кепіл берушіге тапсырылады. Кепілдің сомасын осы бұлтартпау шарасын таңдаған орган істің мән-жайына (қылмыстың ауырлығына, айыпталушының мүліктік жағдайына, т.б.) қарай айқындайды. Кепіл салынған кезде кепіл беруші (айыпталушының өзі кепіл беруші болмаса) осы шара таңдалған істің мән-жайымен хабардар етілуге тиіс. Айыпталушы, сезікті алдына ала анықтау ісін жүргізушінің, тергеушінің, прокурордың, соттың шақыруына келмей жалтарған жағдайда салынған кепіл соттың ұйғарымымен мемлекеттің кірісіне айналысқа түседі; 3) мұсылмандық құқықта – өзінің алған қарызын уақытылы төлеп тұратынын растау үшін берешек адамның қарыз берушіге өз қора-қопсысын немесе мал-мүлкінің бір бөлігін белгілі бір мерзімге дейін, яғни алған қарызынан құтылғанша беруі. Кепілге қатысты мынадай талаптар қойылады: екі жақтың өзара келісуі; кепіл жөніндегі келісім жасаушылардың кәмелетке толған және ақыл-есі бүтін болуы; басы азат және өз мүлкіне өзі иелік етуге құқығы бар болуы; кепілге берілетін заттың не мүліктің заңды иесі болуы. Кепілге берілген зат не мүлік қарыз алушыны қарыздан құтқармайды. Өз кезегінде, қарыз алушының келісімінсіз кепілді ұстаушының кепілге берілген затты не мүлікті сатуына рұқсат етілмейді. Тек қарыз алушы қарызын уақытында өтемеген жағдайда ғана кепілге салынған затты не мүлікті сатуға болады. Мұсылмандық құқықта кепіл түрлеріне бөлінеді. Кепіл міндеттемесі куәлардың көзінше ауызекі (кафалада) не куәлардың қатысуынсыз жазбаша (замана мен хауалада) жасалады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kepil kepilzat 1 azamattyk kukykta mindettemelerdin oryndaluyn kamsyzdandyru tәsili nesiegerdin kamsyzdandyrylgan kepilmen kanagat tabu kukygy Boryshker mindettemeni oryndamagan zhagdajda bul mindetteme kepilge berilgen mүliktin esebinen oteledi kepildi ielenushi tulga kepil ustaushy kepil nysanyn usynushy tulga kepilberushi dep atalady Boryshkerdin ozi de үshinshi bir tulga da kepilberushi boluy mүmkin Mүliktin menshiktenushisi ne osy mүlikpen sharuashylyk zhүrgizu kukygyna ie bolgan tulga ony kepilge berushi bola alady Bejmaterialdyk kundylyktardy kepilge tek olardyn menshiktenushileri gana beredi Kez kelgen mүlik sonyn ishinde ajnalystan alyngan mүlikten kepil berushinin zheke basymen tygyz bajlanysty talaptardan mysaly omiri men densaulygyna keltirilgen ziyandy oteu turaly talaptardan baska zattar men bejmaterialdyk kundylyktar kepilge beriletin zat bola alady Zhylzhymajtyn mүlik kepili zher telimderi kәsiporyndar pәterler t b ipoteka dep atalady Eger ajnalystagy tauarlar tauardyn korlary shikizat dajyn onim t b kepilzaty bolsa olardyn zhalpy kuny kepil shartynda korsetilgen kunynan azajmajtyn bolgan zhagdajda kepil berushi olardyn kuramyn zattaj nysanyn ozgertuge kukyly 2 kylmystyk is zhүrgizude sharasy yaki aldyn ala anyktau isin zhүrgizushinin tergeushinin prokurordyn sottyn shakyruy bojynsha ajyptalushynyn seziktinin keluin kamtamasyz etu үshin ajyptalushynyn seziktinin ne baska tulganyn nemese ujymnyn sot depozitine salatyn akshasy nemese kundylygy Ony tek prokurordyn sankciyasymen nemese sottyn ujgarymymen gana koldanuga bolady kepildin kabyldangany turaly hattama zhazylyp onyn koshirmesi kepil berushige tapsyrylady Kepildin somasyn osy bultartpau sharasyn tandagan organ istin mәn zhajyna kylmystyn auyrlygyna ajyptalushynyn mүliktik zhagdajyna t b karaj ajkyndajdy Kepil salyngan kezde kepil berushi ajyptalushynyn ozi kepil berushi bolmasa osy shara tandalgan istin mәn zhajymen habardar etiluge tiis Ajyptalushy sezikti aldyna ala anyktau isin zhүrgizushinin tergeushinin prokurordyn sottyn shakyruyna kelmej zhaltargan zhagdajda salyngan kepil sottyn ujgarymymen memlekettin kirisine ajnalyska tүsedi 3 musylmandyk kukykta ozinin algan karyzyn uakytyly tolep turatynyn rastau үshin bereshek adamnyn karyz berushige oz kora kopsysyn nemese mal mүlkinin bir boligin belgili bir merzimge dejin yagni algan karyzynan kutylgansha berui Kepilge katysty mynadaj talaptar kojylady eki zhaktyn ozara kelisui kepil zhonindegi kelisim zhasaushylardyn kәmeletke tolgan zhәne akyl esi bүtin boluy basy azat zhәne oz mүlkine ozi ielik etuge kukygy bar boluy kepilge beriletin zattyn ne mүliktin zandy iesi boluy Kepilge berilgen zat ne mүlik karyz alushyny karyzdan kutkarmajdy Өz kezeginde karyz alushynyn kelisiminsiz kepildi ustaushynyn kepilge berilgen zatty ne mүlikti satuyna ruksat etilmejdi Tek karyz alushy karyzyn uakytynda otemegen zhagdajda gana kepilge salyngan zatty ne mүlikti satuga bolady Musylmandyk kukykta kepil tүrlerine bolinedi Kepil mindettemesi kuәlardyn kozinshe auyzeki kafalada ne kuәlardyn katysuynsyz zhazbasha zamana men haualada zhasalady DerekkozderҚazak enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet