Әзірет Әлі (Хазірет Әли) - Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, мұсылмандардың аты аңызға айналған батыры, ислам дініндегі әділ халифалардың төртіншісі. Алайда тарихи тұлга болған Әлі 661 жылы қаза болғаннан кейін, исламда оның бейнесі аңыз-әпсанаға айнала бастады. Шығыс бейнелеу өнерінде Әзірет Әлі қасиетін көрсететін белгілері - басының сыртын коршаған жалынмен, қолындағы Мұхаммед пайғамбардан мұраға қалған ұшы айыр қылыш - Зұлпықармен, жауынгерлік аты - Дүлдүлімен бейнеленеді. Аңызға айналған ерліктеріне байланысты мұсылман мифологиясының мифтік кейіпкеріне айналған Әзірет Әлі қазақтардың ислам дінін қабылдауымен қазақ ортасында батырлардың қолдаушы киелі піріне айналған. Қазақ батырлары жорықта, соғыста, шайқас алдындағы жекпе- жекке шыққанда басқа пірлерімен бірге Әзірет Әлінің де есімін атап, сыйынып қолдау сұрайтын болған. Әзірет Әлінің қылышы- Зұлпықар қазақтарда асыл қылыштың бейнесіне, эпитетіне айналды. Оның жауынгерлік аты - Дүлдүл батырдың тұлпарының эпитеті ретінде қолданылады. Әзірет Әлі қазақтың халық ауыз әдебиетінде Алланың Шері, Арыстан, Шер Әлі, Әлі Шер деген бірнеше лақап аттарымен де аталады.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әziret Әli Haziret Әli Muhammed pajgambardyn kүjeu balasy musylmandardyn aty anyzga ajnalgan batyry islam dinindegi әdil halifalardyn tortinshisi Alajda tarihi tulga bolgan Әli 661 zhyly kaza bolgannan kejin islamda onyn bejnesi anyz әpsanaga ajnala bastady Shygys bejneleu onerinde Әziret Әli kasietin korsetetin belgileri basynyn syrtyn korshagan zhalynmen kolyndagy Muhammed pajgambardan muraga kalgan ushy ajyr kylysh Zulpykarmen zhauyngerlik aty Dүldүlimen bejnelenedi Anyzga ajnalgan erlikterine bajlanysty musylman mifologiyasynyn miftik kejipkerine ajnalgan Әziret Әli kazaktardyn islam dinin kabyldauymen kazak ortasynda batyrlardyn koldaushy kieli pirine ajnalgan Қazak batyrlary zhorykta sogysta shajkas aldyndagy zhekpe zhekke shykkanda baska pirlerimen birge Әziret Әlinin de esimin atap syjynyp koldau surajtyn bolgan Әziret Әlinin kylyshy Zulpykar kazaktarda asyl kylyshtyn bejnesine epitetine ajnaldy Onyn zhauyngerlik aty Dүldүl batyrdyn tulparynyn epiteti retinde koldanylady Әziret Әli kazaktyn halyk auyz әdebietinde Allanyn Sheri Arystan Sher Әli Әli Sher degen birneshe lakap attarymen de atalady DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet