Дәнекер ұлпасы (textus соп- nectivus; лат. textus — ұлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың ара-қатынасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады.
Жалпылама
Өзінің атына сәйкес барлық ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады. Дәнекер ұлпасына - сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфалар жатады. Дәнекер ұлпасы: тығыз талшықты дәнекер ұлпасы, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықтар, қан ұлпасы деп бөлінеді.
1.Тығызталшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бірімен-бірі тығыз тор тәрізді жанасқан. Жасушааралық заттар аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірдеі артериялық қантамырлардың қабырғасында орналасқан. Жасушалары бірімен-бірі тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі беріктігін қамтамассыз етеді.
2. Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бірімен - бірі байланысқан жері, көмей қақпағы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзілген. Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты болғанымен серпінділік қасиеті бар.
3. Сүйекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бірімен-бірі байланысқан сүйек тақташаларынан түзілген. Сүйекті дәнекер ұлпасының жасушалары тірі, қантамырлар мен жүйкелер торлап жатады. Қаңқа сүйектері түгелдей осы ұлпадан тұрады. Құрамындағы кальций тұзы сүйекке мықтылық қасиет беретіндіктен ағзада сүйектер тірек қызметін атқарады.
4. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп, жасушалары тығыз орналасқан. Қантамырларын, жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.
5. Қан - дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан, қанды дәнекер ұлпасына жатқызады. Қызметі:
а) ұлпаларға мықтылық қасиет береді (тығыз талшықты ұлпа);
ә) сіңірлер мен терінің негізін түзеді (тығыз талшықты ұлпа);
б) тірек қызметін атқарады (шеміршекті және сүйекті ұлпа);
в) оттек, қоректік заттармен қамтамасыз етеді (қан ұлпасы).
Дереккөздер
- Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dәneker ulpasy textus sop nectivus lat textus ulpa connectivus dәneker adam men zhanuarlar organizmderinin barlyk mүsheleri kuramyna kiretin denedegi en kop taragan ulpa Dәneker ulpasy mezenhimadan damyp organizmnin ishki ortasyn kurajdy Қurylysy zhagynan dәneker ulpasy zhasushalardan zhәne zhasushaaralyk zattan turady Onyn kejbir tүrlerinde zhasushalar basym bolady al baska okilderinde kerisinshe zhasushaaralyk zattar kobirek bolady Dәneker ulpasynyn atkaratyn kyzmeti zhasushalar men zhasushaaralyk zattyn ara katynasyna tikelej bajlanysty Sujyk dәneker ulpasy kan men limfada korektik trofikalyk zhәne korganys kyzmetteri basymyrak al zhasushaaralyk zattary tygyz katty ulpalarda shemirshek sүjek ulpalary tirektik zhәne mehanikalyk kyzmetter zhaksy zhetilgen Dәneker ulpasy zhasushalary kurylysynda polyarlyk ajyrmashylyktar endoteliocitterden baskalarynda bolmajdy Zhasushaaralyk zattar ulpa zhasushalarynyn tuyndy onimderi bolganymen massasy men molsheri zhagynan zhasushalarga karaganda әldekajda mol bolady Sondyktan zhasushaaralyk zattar dәneker ulpalarynyn manyzdy atap ajtkanda korektendiru trofikalyk korganys tirektik mehanikalyk t b kyzmetterdi atkaruga katysady Adam men zhanuarlar organizmderinde kuramynda dәneker ulpalarynyn elementteri kezdespejtin mүsheler bolmajdy Dәneker ulpalary tүtikshe zhәne kabatty mүshelerdin kabyktary men kabattaryn komakty mүshelerdin parenhima bolikterin dәnekerlep biriktirip birtutas etip tүratyn olardyn stromasyn kurajdy әrtүrli mүshelerdegi perdelikterdi kapshyktardy dene shandyrlaryn kanka sүjekteri bajlamdaryn bulshyk etter sinirlerin kankany organizmnin sujyk ishki ortasyn tүzedi Dәneker ulpalarynyn zharakattangannan kejingi tez kalpyna kelu zhәne ozgergen ortaga bejimdelu kabiletteri zhaksy zhetilgen Dәneker ulpasyna kan limfa maj ulpasy retikulaly ulpa borpyldak dәneker ulpasy tygyz dәneker ulpasy shemirshek ulpasy sүjek ulpasy zhatady ZhalpylamaӨzinin atyna sәjkes barlyk ulpalar tobyn biriktirip dәnekerlep turady Dәneker ulpasyna sүjek shemirshek sinir majlar kan limfalar zhatady Dәneker ulpasy tygyz talshykty dәneker ulpasy shemirshekti sүjekti borpyldak talshyktar kan ulpasy dep bolinedi 1 Tygyztalshykty dәneker ulpasynyn zhasushalary birimen biri tygyz tor tәrizdi zhanaskan Zhasushaaralyk zattar az talshyktary kop bolady Teride sinirdei arteriyalyk kantamyrlardyn kabyrgasynda ornalaskan Zhasushalary birimen biri tygyz ornalasyp ulpanyn birkelki beriktigin kamtamassyz etedi 2 Shemirshekti dәneker ulpa zhasushalary domalak pishindi әr zherde toptanyp turady Zhasushaaralyk zattary moldir bolady Omyrtkalardyn birimen biri bajlanyskan zheri komej kakpagy kenirdek pen kulak kalkany shemirshekti dәneker ulpasynan tүzilgen Murynnyn zhilikterdin kabyrgalardyn ushtary da shemirshekti ulpa Shemirshekter katty bolganymen serpindilik kasieti bar 3 Sүjekti dәneker ulpa kuramynda kalcij tuzy bar birimen biri bajlanyskan sүjek taktashalarynan tүzilgen Sүjekti dәneker ulpasynyn zhasushalary tiri kantamyrlar men zhүjkeler torlap zhatady Қanka sүjekteri tүgeldej osy ulpadan turady Қuramyndagy kalcij tuzy sүjekke myktylyk kasiet beretindikten agzada sүjekter tirek kyzmetin atkarady 4 Borpyldak talshykty dәneker ulpasynyn talshyktary birimen biri orilip zhasushalary tygyz ornalaskan Қantamyrlaryn zhүjkelerdi korshap mүshelerdin arasyndagy kenistikti toltyryp turady Terini bulshykettermen bajlanystyryp terinin astynda borpyldak kabat tүzedi 5 Қan dәneker ulpa Қan men dәneker ulpalarynyn zhasushalary uksas bolgandyktan kandy dәneker ulpasyna zhatkyzady Қyzmeti a ulpalarga myktylyk kasiet beredi tygyz talshykty ulpa ә sinirler men terinin negizin tүzedi tygyz talshykty ulpa b tirek kyzmetin atkarady shemirshekti zhәne sүjekti ulpa v ottek korektik zattarmen kamtamasyz etedi kan ulpasy DerekkozderCitologiya zhәne gistologiya Oku kuraly Saparov Қ Ә Almaty Қazak universiteti 2009 128 bet ISBN 978 601 247 057 4 Biomorfologiya terminderinin tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2009 ISBN 9965 822 54 9 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet