Ботағай кесенесі (Ботоғай, Татағай) — ХІ-ХІІ ғасырларға жататын сәулет өнерінің туындысы. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші, Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесіне енген.
Ботағай кесенесі | |
![]() | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы | Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
Түрі | киелі нысан |
Сәулет стилі | қала қүрылысы және сәулет |
Орналасуы | Ақмола облысы Қорғалжын ауданы |
Биіктігі | 10,6 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Диаметрі | 30 м |
Басқа да өлшемдері | 11,4х8,9 м |
Орналасқан жері
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы, Нұра өзенінің сол жақ жағалауында, Қорғалжын ауылынан 2,5 км жерде орналасқан.
Орнатылған кезеңі
Орнантылған кезеңі – ХІ-ХІІ ғасырлар. Кесене ортағасырлық дала сәулет өнеріне тән порталды-кұмбезді құрылыс болып табылады. Кесененің бас қасбеті оңтүстік-батысқа бағытталған. Бұл кесене - ірі орта ғасырлық қорымның құрамына кіретін маңызды мемориалдық ғимараттарының бірі болып табылады. 1862 жылы кесененің суретін Ш. Уәлиханов салған болатын.
Ботағай кесенесі ерте замандардан келе жатқан бай тарихымыздың куәгері. Сонымен қатар бұл Қазақстандағы ортағасырлық жалғыз кесене. Ботағай кесенесі көптеген елдің айтуына қарағанда, Қазақстандағы сәулет-құрылыс өнерінің қайталанбас үлгісі болып табылады. XIX ғасыр ортасы кезінде кесене қалыпты жағдайда болған, кейіннен ескірген.
Зерттелу деректері
Алғаш рет ХVІІІ ғасырдың ортасында П. Рычниковтың еңбектерінде аталады. ХІХ ғасырдан бастап Қазақстанның далалық аудандарын зерттеген түрлі зерттеушілермен, соның ішінде Г. Генс экспедициясымен 1815 жылы қаралған. Кесененің (сол кездегі орыс ақпарат көздерінде ғибадатхана деп аталған) бас қасбеті, жоспары және кескіні суреттелген алғашқы қысқаша сипаттамасы 1816 жылы И. Шангин экспедициясымен жасалған. Барлық зерттеушілер секілді, И. Шангин Ботағай кесенесін ерте замандағы Татығай (Бытығай) қаласының қалдықтары деп есептеген.
Бұл ескерткіш туралы мәліметтер Г. Спасскийдің (1818-1824), А. Шахматовтың (1831), А. Левшиннің (1832), И. Кастеньенің (1910), Л. Семеновтың (1930) жұмыстарында және Ш. Уәлихановтың (1855) еңбектерінде кездеседі.
1949 жылы Ботағай кесенесінің қалдықтары ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым академиясы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Ә. Марғұлан Татығай (Тотығай, Ботағай) қаласын Нұра өзенінің сол жағалауындағы ірі төбелердің біреуінің орнында деп көрсетіп, Каталондық картада (1375) Нұра өзенінің сағасында белгіленген Ахсикент қаласына балаған. 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Ботағай кесенесі 2006 жылы «ҚазЖоба қалпына келтіру» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының Жиынтық бөлімімен (жетекшісі Гүлнар Қамалова) зерттелген.
Сипаты
Қазба жұмыстары жүргізілгенге дейін ескерткіш диаметрі шамамен 30 м, биіктігі 1,5-2 м сопақ қалыпты төбе болып табылған. Оның төбесінде металлдан жасалған триангуляциялық бекет орналасқан. Қазба жұмыстарының нәтижесінде мөлшері 21х17,4 кірпіштен төселген алаңша және де саны аз болғанымен, осы аймақ үшін бірегей болып табылатын күйдірілген саздан қашап жасалған, геометриялық және өсімдік ою-өрнектері бар ілменақыштар табылған. И. Шангиннің берген сипаттамалары бойынша, Ботағай кесенесінің 1816 жылы-ақ бұзылыстары болған, ол «тәп-тәуір сәулет нұсқасындағы ежелгі ғибадатхананың қалдығы» болып табылатын, «оның ішінде қабырғалары мен бағаналары сылақталған болатын», оның қасында «соған ұқсас тағы біреуі болды, ат алыстау жердегі кейбір қирағандарының ұзындығы 300 сажынды құраған» деп жазған.
Осы куәліктерден көріп отырғанымыздай, Ботағай Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан, XVIII-XIX ғасырлардағы саяхатшылармен және зерттеушілермен орта ғасырдағы қате қабылданған ірі орта ғасырлық қорымның құрамына кіретін маңызды мемориалдық-табыншылық ғимараттарының бірі болып табылады. Сақталған суреттер, әдебиет көздері және зерттеу материалдары бойынша, кесене алебастр ертіндісінен жасалған мөлшері 26х26х4,5 см күйдірілген қызыл кірпіштен көтерілген, жоспарында тік бұрышты (11,4х8,9 м), биіктігі 10,6 м үш бөлмелі порталды-күмбезді құрылыс болып табылады. Кесененің бас қасбеті оңтүстік-батысқа бағытталған.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының іс шараларының жоспарларында Ботағай археологиялық ескерткіштің зерттеу, сонымен қатар кесененің толығымен қайтадан қалпына келтіру бар. Бұл кейін туризм нысаны ретінде сәулет және археологиялық ескерткіштерімен қатар мазарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Аңыздар
Бұл ескерткішпен көптеген аңыздар байланысты. Олардың бірінде осы аймақты мекендеген шебер құрылысшы алып Ботағай туралы айтылады. Палуанға екі қолтығына екі бөренені қысып алып Нұра өзенінен аттап өту оп-оңай болған екен. Күндердің бір күнінде хан тірі кезінде өзіне арналған кесене тұрғызуды ойлап, ол үшін Ботағайды шақырыпты. Шебер тез арада жұмысқа кірісіп, аз уақыт ішінде өзен жағалауында керемет үлкен кесене тұрғызыпты. Ханға шебердің ептілігі мен іскерлігі қатты ұнапты. Бұл уақыт аралығында Ботағай қазіргі күнге дейін сақталған, Бытығай өткелі деп аталатын көпір салып үлгеріпті. Бірақ құрылыс кезінде үлкен бөренелердің бірі құлап, алыпты өлтіріпті. Қайғыға батқан хан халқын жинап, келесі сөздерді айтыпты: «Ботағай керемет адам және шебер болатын. Ол туралы естелік мәңгілікке сақталуы үшін мен оны маған арнап салған кесенеде жерлеуді шештім.» Сондықтан бұл кесене атақты дала шебері туралы өзіндік естелік болып сақталыпты.
Дереккөздер
- БОТАҒАЙ КЕСЕНЕСІ.
- Ботоғай кесенесі (XI-XIIғғ.).
- Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Botagaj kesenesi Botogaj Tatagaj HI HII gasyrlarga zhatatyn sәulet onerinin tuyndysy Respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishi Қazakstannyn zhalpyulttyk kasietti nysandar tizbesine engen Botagaj kesenesiZhalpy mәlimetStatusyRespublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishiTүrikieli nysanSәulet stilikala kүrylysy zhәne sәuletOrnalasuyAkmola oblysy Қorgalzhyn audanyBiiktigi10 6 mTehnikalyk sipattamasyDiametri30 mBaska da olshemderi11 4h8 9 mOrnalaskan zheriAkmola oblysy Қorgalzhyn audany Nura ozeninin sol zhak zhagalauynda Қorgalzhyn auylynan 2 5 km zherde ornalaskan Ornatylgan kezeniOrnantylgan kezeni HI HII gasyrlar Kesene ortagasyrlyk dala sәulet onerine tәn portaldy kumbezdi kurylys bolyp tabylady Kesenenin bas kasbeti ontүstik batyska bagyttalgan Bul kesene iri orta gasyrlyk korymnyn kuramyna kiretin manyzdy memorialdyk gimarattarynyn biri bolyp tabylady 1862 zhyly kesenenin suretin Sh Uәlihanov salgan bolatyn Botagaj kesenesi erte zamandardan kele zhatkan baj tarihymyzdyn kuәgeri Sonymen katar bul Қazakstandagy ortagasyrlyk zhalgyz kesene Botagaj kesenesi koptegen eldin ajtuyna karaganda Қazakstandagy sәulet kurylys onerinin kajtalanbas үlgisi bolyp tabylady XIX gasyr ortasy kezinde kesene kalypty zhagdajda bolgan kejinnen eskirgen Zerttelu derekteriAlgash ret HVIII gasyrdyn ortasynda P Rychnikovtyn enbekterinde atalady HIH gasyrdan bastap Қazakstannyn dalalyk audandaryn zerttegen tүrli zertteushilermen sonyn ishinde G Gens ekspediciyasymen 1815 zhyly karalgan Kesenenin sol kezdegi orys akparat kozderinde gibadathana dep atalgan bas kasbeti zhospary zhәne keskini surettelgen algashky kyskasha sipattamasy 1816 zhyly I Shangin ekspediciyasymen zhasalgan Barlyk zertteushiler sekildi I Shangin Botagaj kesenesin erte zamandagy Tatygaj Bytygaj kalasynyn kaldyktary dep eseptegen Bul eskertkish turaly mәlimetter G Spasskijdin 1818 1824 A Shahmatovtyn 1831 A Levshinnin 1832 I Kastenenin 1910 L Semenovtyn 1930 zhumystarynda zhәne Sh Uәlihanovtyn 1855 enbekterinde kezdesedi 1949 zhyly Botagaj kesenesinin kaldyktary gulama galym Әlkej Margulannyn zhetekshiligimen Қazak KSR Ғylym akademiyasy Ontүstik Қazakstan arheologiyalyk ekspediciyasy zerttegen Ә Margulan Tatygaj Totygaj Botagaj kalasyn Nura ozeninin sol zhagalauyndagy iri tobelerdin bireuinin ornynda dep korsetip Katalondyk kartada 1375 Nura ozeninin sagasynda belgilengen Ahsikent kalasyna balagan 1974 zhyly Ontүstik Қazakstan arheologiyalyk ekspediciyasymen arheologiyalyk kazba zhumystary zhүrgizildi Botagaj kesenesi 2006 zhyly ҚazZhoba kalpyna keltiru Respublikalyk memlekettik kәsiporyny gylymi zertteu zhәne zhobalau filialynyn Zhiyntyk bolimimen zhetekshisi Gүlnar Қamalova zerttelgen SipatyҚazba zhumystary zhүrgizilgenge dejin eskertkish diametri shamamen 30 m biiktigi 1 5 2 m sopak kalypty tobe bolyp tabylgan Onyn tobesinde metalldan zhasalgan triangulyaciyalyk beket ornalaskan Қazba zhumystarynyn nәtizhesinde molsheri 21h17 4 kirpishten toselgen alansha zhәne de sany az bolganymen osy ajmak үshin biregej bolyp tabylatyn kүjdirilgen sazdan kashap zhasalgan geometriyalyk zhәne osimdik oyu ornekteri bar ilmenakyshtar tabylgan I Shanginnin bergen sipattamalary bojynsha Botagaj kesenesinin 1816 zhyly ak buzylystary bolgan ol tәp tәuir sәulet nuskasyndagy ezhelgi gibadathananyn kaldygy bolyp tabylatyn onyn ishinde kabyrgalary men baganalary sylaktalgan bolatyn onyn kasynda sogan uksas tagy bireui boldy at alystau zherdegi kejbir kiragandarynyn uzyndygy 300 sazhyndy kuragan dep zhazgan Osy kuәlikterden korip otyrganymyzdaj Botagaj Nura ozeninin sol zhagalauynda ornalaskan XVIII XIX gasyrlardagy sayahatshylarmen zhәne zertteushilermen orta gasyrdagy kate kabyldangan iri orta gasyrlyk korymnyn kuramyna kiretin manyzdy memorialdyk tabynshylyk gimarattarynyn biri bolyp tabylady Saktalgan suretter әdebiet kozderi zhәne zertteu materialdary bojynsha kesene alebastr ertindisinen zhasalgan molsheri 26h26h4 5 sm kүjdirilgen kyzyl kirpishten koterilgen zhosparynda tik buryshty 11 4h8 9 m biiktigi 10 6 m үsh bolmeli portaldy kүmbezdi kurylys bolyp tabylady Kesenenin bas kasbeti ontүstik batyska bagyttalgan Mәdeni mura Memlekettik bagdarlamasynyn is sharalarynyn zhosparlarynda Botagaj arheologiyalyk eskertkishtin zertteu sonymen katar kesenenin tolygymen kajtadan kalpyna keltiru bar Bul kejin turizm nysany retinde sәulet zhәne arheologiyalyk eskertkishterimen katar mazardy pajdalanuga mүmkindik beredi AnyzdarBul eskertkishpen koptegen anyzdar bajlanysty Olardyn birinde osy ajmakty mekendegen sheber kurylysshy alyp Botagaj turaly ajtylady Paluanga eki koltygyna eki boreneni kysyp alyp Nura ozeninen attap otu op onaj bolgan eken Kүnderdin bir kүninde han tiri kezinde ozine arnalgan kesene turgyzudy ojlap ol үshin Botagajdy shakyrypty Sheber tez arada zhumyska kirisip az uakyt ishinde ozen zhagalauynda keremet үlken kesene turgyzypty Hanga sheberdin eptiligi men iskerligi katty unapty Bul uakyt aralygynda Botagaj kazirgi kүnge dejin saktalgan Bytygaj otkeli dep atalatyn kopir salyp үlgeripti Birak kurylys kezinde үlken borenelerdin biri kulap alypty oltiripti Қajgyga batkan han halkyn zhinap kelesi sozderdi ajtypty Botagaj keremet adam zhәne sheber bolatyn Ol turaly estelik mәngilikke saktaluy үshin men ony magan arnap salgan kesenede zherleudi sheshtim Sondyktan bul kesene atakty dala sheberi turaly ozindik estelik bolyp saktalypty DerekkozderBOTAҒAJ KESENESI Botogaj kesenesi XI XIIgg Қazakstannyn tarihi mәdeni nysandarynyn zhәne zhappaj ziyarat etu oryndarynyn albomy ҚR Mәdeniet zhәne sport ministrligi Қazak gylymi zertteu mәdeniet instituty zhoba avtory T Bekbergenov bas red A R Hazbulatov Astana b zh 2018 495 b suretti Bibliogr 490 b 100 dana ISBN 978 9961 23 485 9