Генри Уодсворт Лонгфелло (1807-1882) — америкалық ақын.
Henry Wadsworth Longfellow | |
---|---|
Longfellow in 1868 by | |
Дүниеге келгені: | 1807 ж. ақпанның 27 , U.S. |
Қайтыс болғаны: | 1882 ж. наурыздың 24 (75 жаста) , U.S. |
Мансабы: | |
Әдебиеттік қозғалысы: | |
| |
Қолтаңбасы: |
Лонгфелло ХУІІ ғасырда Америкаға келіп қоныстанған, қатаң пуритандық дәстүр рухымен өмір сүрген ескі йоркширлік бай, буржуазиялық отбасында 1882 жылдың 24 наурызында дүниеге келді. Лонгфеллоның әкесі белгілі заңгер әрі Конгресстің депутаты болды. Ақын өзінің туған қаласы Портлендте тәрбиеленді, көп оқыды, Вашингтон Ирвинг шығармаларын қызыға оқып, соның әсерімен өлеңдер жазды. Университеттік білімді Лонгфелло Боуден-колледжде алды және осы университетте оған жаңа тілдердің профессоры атағы берілді. Осы қызметке дайындық барысында еуропа тілдерін үйрену және Еуропа тарихы мен мәдениетіне тереңдей ену үшін Лонгфелло үш жарым жылдай уақыт Франция, Испания, Италия, Германия елдерін аралап, саяхаттады. 1829 жылдан 1835 жылға дейін Боуден-колледжде дәріс беріп, 1831 жылы мұхиттың арғы жағына жасалған жолсапар очерктерінің жинағын шығарды. Жалпы өзінің әдеби қызметін ақын жолсапар очерктерінен тұратын екі сентиментальды-романтикалық кітаптарын («Өмір туралы псалм» 1833, «Гиперион», 1839) жазумен бастады. Бұл кітаптар авторды «ирвингшіл» деген атқа ие етті. «Жол үстіндегі қонақ үй әңгімелері» атты поэмалар циклының жарық көруі Лонгфеллоның еңсесін көтеріп, шығармашылығының қайта жанданғанын көрсетеді. Аталған поэмалар циклына ақынның «Пол Ревирдің атжарысы», «Рабби бен Леви туралы аңыз», «Король Олаф туралы сага» атты поэмалары енген. Бұл «Әңгімелер» үш жинақ түрінде 1863, 1872 және 1874 жылдары жарияланды (бір томдық жинақ тек 1886 жылы жарық көрген). Өмірінің соңғы жылдарында Лонгфелло ревматизм ауруына шалдыққанымен, күшті рухы мен жұмысқа деген қабілетін жоғалтқан жоқ. Лонгфелло 1882 жылдың 24 наурызында Кембриджде (Массачусетс) дүниеден озды. Өз елінде ғана емес, алыс шетелдерде де танымал болған Лонгфелло өз дәуіріндегі ең білімді адамдардың бірі болды. Оның поэтикалық шығармашылығы еуропа мәдениетінің «қасиеттілігіне» ерекше тәнті болған және кәміл сеніммен сусындаған және соны басқа да ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы американдық романтик-ақындар (Дж.Р.Лоуэлл, О.У.Холмс, т.б.) туған мәдениетіне сіңіруге тырысты. 1830 жылдардың соңында Лонгфелло өміріндегі басты дүние – поэзияға толықтай бет бұрды. Алғашқы өлеңі «Өмір туралы псалм» авторға бірден танымалдылық әкелді; 1839 жылы «Түнгі дауыстар» атты өлеңдерінің бірінші жинағы; содан кейін «Гиперион» деп аталған үлкен автобиографиялық романы жарық көрді. Одан соң «Балладалар мен кейбір поэмалар» (1841) атты лирикалық жинағы жарияланып, оған «Эксельсиор», «Құлдық туралы поэмалар» атты белгілі өлеңдері енді. 1840 жылдардағы негрлердің азаттығы жолындағы қозғалыстарға Лонгфелло басқа американдық ақындар секілді (Витьер, Лоуэлл) белсене атсалысқан жоқ. Ол өзінің аболиционистерге деген көзқарасын бірнеше өлеңдері арқылы ғана білдірді. Лонгфеллоның лирикалық жинақтарында меланхолиялық мотивтер мен оптимистік мотивтер кезектесіп отырады. Мәселен, «Өмір туралы псалмда» ақын өмірдің белсенді, оптимизмге толы идеалын дәріптесе, «Періштенің аяғы» атты шығармасында тағдырдың ауыр соққыларына төзе білуге үндейді. Лонгфеллоның ең танымал өлеңі «Эксельсиор» қолжетпейтін идеалға деген шексіз талпынысты, яғни, адам баласының талпыныстары мен армандарын қол жеткізбес идеал ретінде суреттейді; ал мелодияға толы «Түнгі гимн» өлеңінде ақын уайым-қайғыны аз уақытқа болса да ұмытып, азап шеккендердің қорғанышы болған түнді жырға қосады. Аталған лирикалық шығармаларынан басқа Лонгфеллоның үздік өлеңдері қатарынан орын алатын құлдар тақырыбына арналған: «Құлдың арманы», «Жебе мен өлең», «Ауыл ұстасы» атты өлеңдері бар. Лонгфелло лирикалық поэзиядан американдық-ұлттық характердегі эпикалық поэмалар жазуға ойысты. Лонгфеллоның Америкадан шыққан алғашқы француздардың тарихы жөніндегі пасторальдық поэмасы «Евангелина» (1847) оны бірден ұлттық ақын дәрежесіне көтерді. Әрбір қазақ отбасы үшін М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы қандай құнды дүние болса, XX ғасыр басында әрбір американдық отбасы үшін Лонгфеллоның «Евангелинасы» сондай құнды дүние болды. Лонгфеллоның солтүстік америка үндістерінің тұрмыс-тіршілігі туралы жазылған «Гайавата» (1855) поэмалары да ұлттық характер мәселесін көтеруімен ерекшеленді.
Дереккөздер
- Зарубежная литература. С.В.Тураев, И.Б.Дюшен, Г.А.Могилевская, А.А.Тахо-Годи. Москва, Просвещение, 1975
- История зарубежной литературы ХІХ века. Под ред. Н.А.Соловьевой. Москва, Высшая школа, 2000
- История зарубежной литературы ХІХ века. Елизарова М.Е., Гиждеу С.П., Колесников Б.И., Михальская Н.П. Москва, Просвещение, 1972
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Genri Uodsvort Longfello 1807 1882 amerikalyk akyn Henry Wadsworth LongfellowLongfellow in 1868 byDүniege kelgeni 1807 zh akpannyn 27 1807 02 27 217 zhas U S Қajtys bolgany 1882 zh nauryzdyn 24 75 zhasta U S Mansaby Әdebiettik kozgalysy Қoltanbasy Longfello HUII gasyrda Amerikaga kelip konystangan katan puritandyk dәstүr ruhymen omir sүrgen eski jorkshirlik baj burzhuaziyalyk otbasynda 1882 zhyldyn 24 nauryzynda dүniege keldi Longfellonyn әkesi belgili zanger әri Kongresstin deputaty boldy Akyn ozinin tugan kalasy Portlendte tәrbielendi kop okydy Vashington Irving shygarmalaryn kyzyga okyp sonyn әserimen olender zhazdy Universitettik bilimdi Longfello Bouden kolledzhde aldy zhәne osy universitette ogan zhana tilderdin professory atagy berildi Osy kyzmetke dajyndyk barysynda europa tilderin үjrenu zhәne Europa tarihy men mәdenietine terendej enu үshin Longfello үsh zharym zhyldaj uakyt Franciya Ispaniya Italiya Germaniya elderin aralap sayahattady 1829 zhyldan 1835 zhylga dejin Bouden kolledzhde dәris berip 1831 zhyly muhittyn argy zhagyna zhasalgan zholsapar ocherkterinin zhinagyn shygardy Zhalpy ozinin әdebi kyzmetin akyn zholsapar ocherkterinen turatyn eki sentimentaldy romantikalyk kitaptaryn Өmir turaly psalm 1833 Giperion 1839 zhazumen bastady Bul kitaptar avtordy irvingshil degen atka ie etti Zhol үstindegi konak үj әngimeleri atty poemalar ciklynyn zharyk korui Longfellonyn ensesin koterip shygarmashylygynyn kajta zhandanganyn korsetedi Atalgan poemalar ciklyna akynnyn Pol Revirdin atzharysy Rabbi ben Levi turaly anyz Korol Olaf turaly saga atty poemalary engen Bul Әngimeler үsh zhinak tүrinde 1863 1872 zhәne 1874 zhyldary zhariyalandy bir tomdyk zhinak tek 1886 zhyly zharyk korgen Өmirinin songy zhyldarynda Longfello revmatizm auruyna shaldykkanymen kүshti ruhy men zhumyska degen kabiletin zhogaltkan zhok Longfello 1882 zhyldyn 24 nauryzynda Kembridzhde Massachusets dүnieden ozdy Өz elinde gana emes alys shetelderde de tanymal bolgan Longfello oz dәuirindegi en bilimdi adamdardyn biri boldy Onyn poetikalyk shygarmashylygy europa mәdenietinin kasiettiligine erekshe tәnti bolgan zhәne kәmil senimmen susyndagan zhәne sony baska da HIH gasyrdyn ekinshi zhartysyndagy amerikandyk romantik akyndar Dzh R Louell O U Holms t b tugan mәdenietine siniruge tyrysty 1830 zhyldardyn sonynda Longfello omirindegi basty dүnie poeziyaga tolyktaj bet burdy Algashky oleni Өmir turaly psalm avtorga birden tanymaldylyk әkeldi 1839 zhyly Tүngi dauystar atty olenderinin birinshi zhinagy sodan kejin Giperion dep atalgan үlken avtobiografiyalyk romany zharyk kordi Odan son Balladalar men kejbir poemalar 1841 atty lirikalyk zhinagy zhariyalanyp ogan Ekselsior Қuldyk turaly poemalar atty belgili olenderi endi 1840 zhyldardagy negrlerdin azattygy zholyndagy kozgalystarga Longfello baska amerikandyk akyndar sekildi Viter Louell belsene atsalyskan zhok Ol ozinin abolicionisterge degen kozkarasyn birneshe olenderi arkyly gana bildirdi Longfellonyn lirikalyk zhinaktarynda melanholiyalyk motivter men optimistik motivter kezektesip otyrady Mәselen Өmir turaly psalmda akyn omirdin belsendi optimizmge toly idealyn dәriptese Perishtenin ayagy atty shygarmasynda tagdyrdyn auyr sokkylaryna toze biluge үndejdi Longfellonyn en tanymal oleni Ekselsior kolzhetpejtin idealga degen sheksiz talpynysty yagni adam balasynyn talpynystary men armandaryn kol zhetkizbes ideal retinde surettejdi al melodiyaga toly Tүngi gimn oleninde akyn uajym kajgyny az uakytka bolsa da umytyp azap shekkenderdin korganyshy bolgan tүndi zhyrga kosady Atalgan lirikalyk shygarmalarynan baska Longfellonyn үzdik olenderi katarynan oryn alatyn kuldar takyrybyna arnalgan Қuldyn armany Zhebe men olen Auyl ustasy atty olenderi bar Longfello lirikalyk poeziyadan amerikandyk ulttyk harakterdegi epikalyk poemalar zhazuga ojysty Longfellonyn Amerikadan shykkan algashky francuzdardyn tarihy zhonindegi pastoraldyk poemasy Evangelina 1847 ony birden ulttyk akyn dәrezhesine koterdi Әrbir kazak otbasy үshin M Әuezovtin Abaj zholy epopeyasy kandaj kundy dүnie bolsa XX gasyr basynda әrbir amerikandyk otbasy үshin Longfellonyn Evangelinasy sondaj kundy dүnie boldy Longfellonyn soltүstik amerika үndisterinin turmys tirshiligi turaly zhazylgan Gajavata 1855 poemalary da ulttyk harakter mәselesin koteruimen erekshelendi DerekkozderZarubezhnaya literatura S V Turaev I B Dyushen G A Mogilevskaya A A Taho Godi Moskva Prosveshenie 1975 Istoriya zarubezhnoj literatury HIH veka Pod red N A Solovevoj Moskva Vysshaya shkola 2000 Istoriya zarubezhnoj literatury HIH veka Elizarova M E Gizhdeu S P Kolesnikov B I Mihalskaya N P Moskva Prosveshenie 1972