Қарасан (лат. Gangrena emphysematosa, орыс. эмфизематозный карбункул) — жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жануарлардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы - лат. Clostridium chauvoei.
Тарихи деректер
Қарасан өте ерте заманнан белгілі, оны ұзақ уақыт топалаңмен шатастырып келді. 1870 жылы Ф.Шабер бұл екі жұқпалы аурудың клиникалық белгілерін талдап, бір-бірінен ажыратты. Қоздырушысының 1887 жылы С.Арлуэн мен Ж.Томас ашты. 1925 жылы Лекленш пен Валлэ вакцина ұсынды. Ауру бүкіл дүниежүзінде байқалды.
Қоздырушысы
Қоздырушысы - лат. Clostridium chauvoei - түзу, аздап иілген таяқша, ұзындығы 2-8 мкм. Ұлпалардан алынған жағындыда жеке дара немесе қосарланып орналасады, қозғалады, жаңа өсіндіде грамоң, ескірген кезде грамтеріс боялады. Өлеске мен сыртқы ортада микробтың ортасында, болмаса шеткерірек орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді, қауашақ түзбейді. Қоздырушысы табиғатта кең тараған, топырақта, көңде, түбі лай су қоймаларында кездеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы, т.б. жануарлардың ішектерінің ішіндегісінен бөліп алуға болады.
Індеттік ерекшеліктері
Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бұланмен бұғы ауырады. Жас төл колостральдік иммунитеттің, ал сақа мал иммундеуші субинфекцияның әсерінен төзімді келеді. Негізінен коңды, бұлшық еттерінде гликоген мол жас жануарлар ауырады. Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал.
Инфекция қоздыруысының бастауы - ауырған жануарлар, ал таралу факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жем-шөп, жайылым, батпақты, ағыны жоқ су көздері жатады. Ауру алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады. Қоздырушысының денеге бойлауына ауыздың кілегейі қабығының бүлінуі, ішек-қарынның қабынуы, кейбір аурулары жағдай жасайды. Қойларға негізінен тері арқылы, қырыққан кезде жұғады.
Дерттенуі
Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақтайды. оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның нәтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұсақ қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады. Бұның нәтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл ағзаны улайды. Бұдан барып дененің ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың ақыры өлімге соқтырады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
Егер қарасанға балау тірі кезінде қойылса, қоздырушыны тараптау үшін өлексені союға болмайды. Өлексе газдармен тарсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бұлшық еттерді тілгенде түсі қара қошқылданып, газ көпіршіктері көрінеді, күйген қоңырсық иіс сезіледі. Маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара-қошқыл түсті, қанталаған ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып ұйиды. Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түсті күңгірт сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды. Бауыры ұлғайып, өлі еттенген телімдер пайда болып, газ көпіршіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабықтары әдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады.
Емі
Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана уақытылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады. Пенициллинді 5-9 мың ӘБ/кг дозада етке 0,5% новокаин ерітіндісімен әрбір 6 сағ. сайын күйі жақсарғанға дейін жібереді. Биомицинді 3-5 күн сайын 3-5мг/кг мөлшеріне бұлшық етке, дибиомицинді де осы жолмен 40% глицеринмен жібереді. Соңғы антибиотиктің емдік концентрациясы ағзада 9 күндей сақталады. Қабынған етке бойлата 3% карбол қышқылы немесе лизол, 1-3% сутегінің асқын тотығы, 0,1% калий перманганатын жіберу дерттің бәсеңдеуіне көмектеседі.
Дауалау және күресу жолдары
Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерін суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топырақпен былғанған жемшөп беруге болмайды. Ферма мен жайылым территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жануарларды жарақаттанудан сақтау керек. Сау емес шаруашылықтарда сиыр малын 3 айдан 4 жасқа дейінгі аралықта, қойды 6 айдан жоғары жаста егу қажет. Әдетте жайылымға шығар алдында егеді. Егер жайылым маусымы ұзақ болса 6 айдан соң қайталап егеді. Қарасан жиі байқалатын жерде бұзауларды 2 рет 3 және 6 айлығында егеді.
Дереккөздер
- Т.Сайдулин. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarasan lat Gangrena emphysematosa orys emfizematoznyj karbunkul zhiti otetin zhugymtal emes bulshyk etterdin basyp korgende sykyrlajtyn kabynuy arkyly erekshelenetin zhanuarlardyn zhukpaly auruy Қozdyrushysy lat Clostridium chauvoei Tarihi derekterҚarasan ote erte zamannan belgili ony uzak uakyt topalanmen shatastyryp keldi 1870 zhyly F Shaber bul eki zhukpaly aurudyn klinikalyk belgilerin taldap bir birinen azhyratty Қozdyrushysynyn 1887 zhyly S Arluen men Zh Tomas ashty 1925 zhyly Leklensh pen Valle vakcina usyndy Auru bүkil dүniezhүzinde bajkaldy ҚozdyrushysyҚozdyrushysy lat Clostridium chauvoei tүzu azdap iilgen tayaksha uzyndygy 2 8 mkm Ұlpalardan alyngan zhagyndyda zheke dara nemese kosarlanyp ornalasady kozgalady zhana osindide gramon eskirgen kezde gramteris boyalady Өleske men syrtky ortada mikrobtyn ortasynda bolmasa shetkerirek ornalaskan onyn diametrinen үlken spora tүzedi kauashak tүzbejdi Қozdyrushysy tabigatta ken taragan topyrakta konde tүbi laj su kojmalarynda kezdesedi Deni sau siyr koj zhylky t b zhanuarlardyn ishekterinin ishindegisinen bolip aluga bolady Indettik erekshelikteriҚarasanmen negizinen 3 ajdan 4 zhas aralygyndagy siyr maly siregirek koj eshki bulanmen bugy auyrady Zhas tol kolostraldik immunitettin al saka mal immundeushi subinfekciyanyn әserinen tozimdi keledi Negizinen kondy bulshyk etterinde glikogen mol zhas zhanuarlar auyrady Tүje men shoshkaga koldan zhuktyruga bolady Zerthanalyk zhanuarlardyn ishinde teniz tyshkany asa sezimtal Infekciya kozdyruysynyn bastauy auyrgan zhanuarlar al taralu faktorlaryna auru kozdyrushysynyn sporalarymen lastangan topyrak zhem shop zhajylym batpakty agyny zhok su kozderi zhatady Auru alimentarlyk zholmen zhәne zakymdangan teri arkyly zhugady Қozdyrushysynyn denege bojlauyna auyzdyn kilegeji kabygynyn bүlinui ishek karynnyn kabynuy kejbir aurulary zhagdaj zhasajdy Қojlarga negizinen teri arkyly kyrykkan kezde zhugady DerttenuiIshek karyn nemese zakymdangan teri arkyly mikrob kanga otip bүkil denege zhajylady da glikogeni mol bulshyk etti mүshelerge turaktajdy ottegi az zakymdangan zherlerde tez osip onedi Onyn nәtizhesinde toksinder men agressinder bolinedi Fagocitoz tezhelip usak kan tamyrlary zakymdanady glikogennin ydyrauynan gaz bolinip shygady Bunyn nәtizhesinde zakymdangan telim dombygyp basyp korgende sykyrlajtyn dybys shygarady Toksinder men ydyragan ulpanyn onimderi kanga otip bүkil agzany ulajdy Budan baryp denenin ystygy zhogarylap zhүrektin ishki agzalardyn әsirese bauyrdyn kyzmeti buzylady da aurudyn akyry olimge soktyrady Patologiyalyk anatomiyalyk ozgeristerEger karasanga balau tiri kezinde kojylsa kozdyrushyny taraptau үshin olekseni soyuga bolmajdy Өlekse gazdarmen tarsiyp keuip zhatady Tabigi tesikterinen kandy sujyk agady Teri asty sheli men zakymdangan bulshyk etteri kantalajdy Ondaj bulshyk etterdi tilgende tүsi kara koshkyldanyp gaz kopirshikteri korinedi kүjgen konyrsyk iis seziledi Manyndagy sol tүjinderi ulgajyp tilgende kara koshkyl tүsti kantalagan oshaktary bolady Қan kara koshkyldanyp ujidy Kokirek zhәne kursak kuystarynda zhүrek kabynda kyzyl sargysh tүsti kүngirt sujyk irkiledi Өkpesi dombygyp kanga tolady Kok bauyr isinip bolbyrajdy Bauyry ulgajyp oli ettengen telimder pajda bolyp gaz kopirshikteri bajkalady Mundaj ozgerister bүjrekterinde de kezdesedi Siri kabyktary әdette kabynyp fibrin kapshyktary pajda bolady EmiAuru ote zhiti otetindikten em kobinese nәtizhe bermejdi Tek kana uakytyly algashky belgileri biline bastaganda zhүrgizilgen em nәtizheli bolady Emdeu үshin antibiotikter koldanylady Penicillindi 5 9 myn ӘB kg dozada etke 0 5 novokain eritindisimen әrbir 6 sag sajyn kүji zhaksarganga dejin zhiberedi Biomicindi 3 5 kүn sajyn 3 5mg kg molsherine bulshyk etke dibiomicindi de osy zholmen 40 glicerinmen zhiberedi Songy antibiotiktin emdik koncentraciyasy agzada 9 kүndej saktalady Қabyngan etke bojlata 3 karbol kyshkyly nemese lizol 1 3 suteginin askyn totygy 0 1 kalij permanganatyn zhiberu derttin bәsendeuine komektesedi Daualau zhәne kүresu zholdaryAurudy boldyrmau үshin maldy balshykty agynsyz su kozderin suaruga sazdy zhajylymdarga zhayuga topyrakpen bylgangan zhemshop beruge bolmajdy Ferma men zhajylym territoriyasynyn sanitariyalyk gigienalyk zhagdajyna үnemi bakylau zhasap zhanuarlardy zharakattanudan saktau kerek Sau emes sharuashylyktarda siyr malyn 3 ajdan 4 zhaska dejingi aralykta kojdy 6 ajdan zhogary zhasta egu kazhet Әdette zhajylymga shygar aldynda egedi Eger zhajylym mausymy uzak bolsa 6 ajdan son kajtalap egedi Қarasan zhii bajkalatyn zherde buzaulardy 2 ret 3 zhәne 6 ajlygynda egedi DerekkozderT Sajdulin Indettanu zhәne zhanuarlardyn zhukpaly aurulary