Қайыпов Арықтай Қайыпұлы - (10.10.1914, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қарақұдық ауылы – 25.12.1993, Алматы қаласы) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1964), профессор (1968), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1972). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1971), Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті. Қазақстанның және Орта Азияның металлогениялық картасын құрастырушылардың бірі. Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1939, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) және аспирантурасын (1943) бітірген. 1939 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне қарасты Шұбартау геология партиясын басқарды. 1943–93 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, сектор жетекшісі, институт директорының орынбасары (1964–66), бөлім меңгерушісі болды. Арықтай Қайыпұлының негізгі ғылыми жұмыстары металлогения саласына арналған. Орталық Қазақстанда Ақмая сирек металл кен орнын ашқан. Арықтай Қайыпұлының Ащысай және Зырянов кендерінде жүргізген зерттеулері жаңа кентас қабаттарын табуға, кендердің жалпы қорын анықтауға мүмкіндік беріп, Алтай қаласында қорғасын комбинатының салынуына негіз болды. Комбинаттың жаңа шикізат қорын тауып, үздіксіз жұмыс істеуіне үлкен үлес қосты. Оның Жетісу Алатауында, Шығыстағы Миөзек – Құсмұрын металлогениялық белдемінде, Солтүстік Қазақстан мен Сарыарқа аудандарында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде алтынның, мыстың, полиметалдың өндірістік кендерінің төм. палеозойдағы жанартаулық жыныстармен байланыстылығы Қазақстан аумағында алғаш рет анықталды. Бұрынғы еңбектері бойынша докторлық диссертация қорғады. Арықтай Қайыпұлының басшылығымен 11 томдық «Металлогения Казахстана» монографиясы жарық көрді (1977–83). КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1985). Халықтар достығы орденімен, медальдармен марапатталған. 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қajypov Aryktaj Қajypuly 10 10 1914 Pavlodar oblysy Bayanauyl audany Қarakudyk auyly 25 12 1993 Almaty kalasy geologiya mineraldyk gylymdarynyn doktory 1964 professor 1968 Қazakstan gylym akademiyasynyn akademigi 1972 Қazak KSR inin enbek sinirgen gylymi kajratkeri 1971 Қ I Sәtbaevtyn shәkirti Қazakstannyn zhәne Orta Aziyanyn metallogeniyalyk kartasyn kurastyrushylardyn biri Қazak tau ken zhәne metallurgiya institutyn 1939 kazirgi Қazak ulttyk tehnikalyk universiteti zhәne aspiranturasyn 1943 bitirgen 1939 zhyly KSRO gylym akademiyasynyn Қazak bolimshesine karasty Shubartau geologiya partiyasyn baskardy 1943 93 zhyldary Қazakstan gylym akademiyasynyn Geologiya gylymdar institutynda kishi aga gylymi kyzmetker sektor zhetekshisi institut direktorynyn orynbasary 1964 66 bolim mengerushisi boldy Aryktaj Қajypulynyn negizgi gylymi zhumystary metallogeniya salasyna arnalgan Ortalyk Қazakstanda Akmaya sirek metall ken ornyn ashkan Aryktaj Қajypulynyn Ashysaj zhәne Zyryanov kenderinde zhүrgizgen zertteuleri zhana kentas kabattaryn tabuga kenderdin zhalpy koryn anyktauga mүmkindik berip Altaj kalasynda korgasyn kombinatynyn salynuyna negiz boldy Kombinattyn zhana shikizat koryn tauyp үzdiksiz zhumys isteuine үlken үles kosty Onyn Zhetisu Alatauynda Shygystagy Miozek Қusmuryn metallogeniyalyk beldeminde Soltүstik Қazakstan men Saryarka audandarynda zhүrgizgen zertteulerinin nәtizhesinde altynnyn mystyn polimetaldyn ondiristik kenderinin tom paleozojdagy zhanartaulyk zhynystarmen bajlanystylygy Қazakstan aumagynda algash ret anyktaldy Buryngy enbekteri bojynsha doktorlyk dissertaciya korgady Aryktaj Қajypulynyn basshylygymen 11 tomdyk Metallogeniya Kazahstana monografiyasy zharyk kordi 1977 83 KSRO Memlekettik syjlyk laureaty 1985 Halyktar dostygy ordenimen medaldarmen marapattalgan 200 den astam gylymi zhariyalanymnyn avtory DerekkozderҚazak enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet