Махамбет Өтемісұлы (1804, Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Нарын құмындағы Жасқұс — 20 қазан 1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті (1836–1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп тануға болады.
Махамбет Өтемісұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Бөкей Ордасы, Жасқұс |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Қараой |
Әскер түрі | атты әскер |
Шайқасы | Тастөбе шайқасы |
Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің , Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
1836—1838 жылы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 жылы қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.
Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруға күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей Ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Қысқаша өмірбаяны
Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20.10.1846, қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы Қараой жерінде)- ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836–1838) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.
- 1824–1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір-Керей ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды.
- 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды.
- 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.
- 1834 жылы Исатай батырмен бірігеді. Сол жылы 9 маусымда Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды. Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ, Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері бүліншіліктің туылуына себепші болды. Қарауылқожа мен Исатай-Махамбет арасындағы тартыс өршіл, наразылық үлкен қозғалысына айналды. Исатай атынан жазылған «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты Махамбет толғауы,ондағы «Хан баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай» деген жолдар хан ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің (1837) шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады. Бұл оқиғалар Махамбеттің «Соғыс» жырында бейнеленіп, «Жабығу», «Ереуіл атқа ер салмай» туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі.
- 1836 жылы 17-наурызда Жәңгір хан Махамбет пен Исатайды жолдастарымен ұстап әкелуді бұйырады. Бұл істі Қарауыл қожа Бабажановқа тапсырады.
- 1836 жылы 4-сәуірде Киелімола деген жерде 522 адамнан тұратын отряд алып шыққан Қарауыл қожамен Исатай-Махамбеттің 200-ге жуық әскері кездеседі. Қарауыл қожа ұрыс ашуға бата алмай, кері қайтады.
- 1836 жылы мамыр айында Махамбетті «Күшік Жапарұлын өлтірді» деп айыптап, Орынбор шекара комиссиясына Қарауыл қожа арыз түсіреді.
- 1836 жылы маусым айында Исатай мен Махамбет хан ордасына талаптарын жолдайды.
- 1836 жылы Жәңгір хан Орынбор шекаралық комиссиясына хат жолдап, Исатай мен Махамбетті қамауға алуды өтінеді.
- 1837 жылы 17-ақпанда Исатай мен Махамбет Қарауыл қожаның ауылын шабады.
- 1837 жылы наурыз айында Жәңгір атаман Покатиловке арыз жазып, Исатай мен Махамбетті «ұры» деп жазғырып, тез арада қамауға алуды талап етеді.
- 1837 жылы күзде Исатай мен Махамбет 2000-нан астам әскермен келіп, хан ордасын қоршауға алады.
- 1837 жылы қараша айында Бекетай құмында Геке әскерімен соғысып, жеңіліс табады.
- 1837–1838 жылдары Жайықтың бергі жағына өтіп, Кіші жүздің арасында болады. Қол жинап, елді көтеріліске үгіттеумен айналысады.
- 1838 жылы 12-шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен әрекет шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өмірінде ауыр да сүргінді жылдар жалғасты.
- 1841 жылы 4-наурызда белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде Махамбет қолға түсті. Орал әскерінің 40 мың адамнан құралған жасағы үй иесі мен Махамбетті тұтқындап, Калмыков ауылында (қазіргі Тайрақ ауданы) екі апта түрмеде ұстайды, кейін Орынборға айдатады (17.3.1841). Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды.
- 1841 жылы 7-шілдеде сот «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.
- 1841–1845 жылдар аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер аз.
- 1846 жылы ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жаңаберген Боздақұлы, Табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.
Махамбет шығармалары
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол Жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатира, элегия, монолог, , т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма», «Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»). Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 жылы Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді. Ақын халық бұқарасының зор күшіне сенеді. Егер ел болып бірігіп, әділетсіз хандарға қарсы шықса, ханды тақтан тайдыратынына күмән келтірмейді. Махамбет халықтың ханнан көрген жәбір жапасын жырға қосып айтады.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010, ISBN 9965-26-322-1
Сыртқы сілтемелер
- Махамбет Өтемісұлының шығармалары(қолжетпейтін сілтеме)
- Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы Мұрағатталған 1 наурыздың 2007 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mahambet Өtemisuly 1804 Ishki Bokej Ordasy kazirgi Batys Қazakstan oblysynyn Bokej ordasy audanynyn Naryn kumyndagy Zhaskus 20 kazan 1846 Қaraoj oniri kazirgi Atyrau oblysynyn Inder audany kazaktyn әjgili zhyrauy kүjshi kompozitory otarshyldykka karsy Isataj Tajmanuly bastagan koterilisti 1836 1837 ujymdastyrushylardyn biri osy koterilistin zhalyndy zhyrshysy Ol Қazak handygynyn songy zhyrauy dep tanuga bolady Mahambet ӨtemisulyTugan kүni1804 1804 Tugan zheriBokej Ordasy ZhaskusҚajtys bolgan kүni20 kazan 1846 1846 10 20 Қajtys bolgan zheriҚaraojӘsker tүriatty әskerShajkasyTastobe shajkasy Akbulak shajkasy Baska magynalar үshin Mahambet degen betti karanyz Bajuly ishindegi Berish ruynyn Zhajyk butagynan Nәdir degen kisiden Mәli kejbir derekte Қulmәli Қulmaniyaz dep ajtylady tuady Mәlinin kazak әjelinen Өtemis pen Shybyntaj kalmak әjelinen Қobylaj tugan Өtemisten on ul Shybyntajdan tort ul Қobylajdan үsh ul tuyp Mәli uldyn ozinen on zheti nemere sүjgen adam Bul әulet Tajsojgan kumyndagy irgeli auyldardyn biri Atasy Қulmәli әkesi Өtemis te oz zamanynda ajtuly tulgalar bolgan Қulmәlinin tukymynan bi de sheshen de shykkan Қazakstan poshta markasy 2002 zhyl Mahambet ozinin barsha bolmys kasietterimen koshpeliler arasyndagy kosem tulgalardyn biri Ol ozi tuyp osken onirdin Er Targyn Sypyra zhyrau Asankajgy Қaztugan Shalkiiz Zhiembet Dospambet siyakty birtuar tulgalarynyn olmes muralaryn kokiregine tokyp osti Өzi omir sүrgen zamannyn agymyna zhүjrik kyr syryn zhetik mengergen kozi ashyk kokiregi oyau bilimdar adam bolgan Orys tatar arab tilderin tәuir mengergen Muny ol zhazgan hattardan ajkyn angaruga bolady 1836 1838 zhyly Isataj Tajmanuly bastagan sharualar keterilisinin zhalyndy zhyrshysy kozgalysty ujymdastyrushylardyn biri Mahambet ozi Zhәngir hannyn kudalauymen eki zhyl tүrmede otyryp 1831 zhyly kashyp shykkan Sanaly omirin patsha okimetinin otarlyk sayasatyn zhүzege asyrushy han sultandarga karsy kekti zhyrlar tolgajdy halykty kүreske shakyrady Koterilis zhenilispen ayaktapgannan kejin Zhem Zhajyk Mangystau Hiua elderin sagalajdy zhasak zhinap koterilisti zhanadan zhandandyruga kүsh salady Bul nieti nәtizhesiz boldy Bokej Ordasynda kolga tүsip Orynbor tүrmesine kamalady Tutkynnan bosagannan kejingi omirin Kishi zhүzdin batys boligindegi el ishinde otkizedi Birak Zhәngir han olgen son aga sultan bolgan Bajmagambet Ajshuakulynyn zhaldamalylarynyn kolynan kaza tapty Mahambet halykty patshalyk handyk okimetke karsy karuly keteriliske shakyrgan algashky kazak akyny Onyn bejneli de zhalyndy negizinen Shalkiiz Sypyra Dospambet Қaztugan siyakty batyr zhyraulardyn үlgisinde shygarylgan koterilis turaly tolgaular Zhәngirge Bajmagambet sultanga degen olenderinde үstem tap okilderin bet perdesin zhyrta shenese Munar kүn oleninde el basyndagy auyrtpalykty kүjzele ashyna ajtty Isataj akynnyn kep olenderinin basty kaһarmany Tajmannyn uly Isataj Isataj degen agam bar Isataj sozi Tarlanym t b olenderinde Isatajdyn adamgershiligi azamattygy batyrlygy kajsarlygy sipattalady Қyskasha omirbayanyMahambet Өtemisuly 1803 kazirgi Batys Қazakstan oblysy Zhәnibek audany 20 10 1846 kazirgi Atyrau oblysy Inder audany Zharsuat auyly Қaraoj zherinde akyn kүjshi Isataj Tajmanuly bastagan koterilistin 1836 1838 kosemi әri zhalyndy zhyrshysy Bala kezinen musylmansha oryssha okygan Әkesi Өtemis elge ykpaldy bi bolgan 1824 1828 zhyldary Orynbor kalasynda Zhәngir Kerej hannyn uly Zulkarnajynnyn kasynda boldy 1829 zhyly Mahambet Ishki Ordaga Zhajyktan zhasyryn otti degen ajyppen ustalyp Kalmykov beketindegi abaktyga 2 zhyldaj kamaldy 1831 zhyly tүrmeden kashyp shykty birak artynsha aktaldy 1834 zhyly Isataj batyrmen birigedi Sol zhyly 9 mausymda Zhәngir han Mahambetti oz zhagyna tartu maksatynda starshyn lauazymyn usyndy Zher mәselesi zhajylymnyn tarlygy orys imperiyasynyn kazak handygyn zhoyu maksatyndagy is kimyldary sondaj ak Zhәngir hannyn zherdi tugan tuystaryna bolip berui men el biliginde kajyn atasy Қarauylkozhaga үstemdik bergen astamshylyk әreketteri bүlinshiliktin tuyluyna sebepshi boldy Қarauylkozha men Isataj Mahambet arasyndagy tartys orshil narazylyk үlken kozgalysyna ajnaldy Isataj atynan zhazylgan Әj Mahambet zholdasym atty Mahambet tolgauy ondagy Han balasy zhylady aj Zhanymdy ki dep surady aj degen zholdar han ordasyn korshauga algan sogys kүnderinin 1837 shyndygyn sipattajdy Osy zhyldyn karasha ajynda koterilisshiler Beketaj kumynda ozderinen kүshi әldekajda basym Gekke әskerimen sogysyp zhenilis tabady Bul okigalar Mahambettin Sogys zhyrynda bejnelenip Zhabygu Ereuil atka er salmaj tuyndylarynda zhenilistin kүjzelisti kүji shertiledi 1836 zhyly 17 nauryzda Zhәngir han Mahambet pen Isatajdy zholdastarymen ustap әkeludi bujyrady Bul isti Қarauyl kozha Babazhanovka tapsyrady 1836 zhyly 4 sәuirde Kielimola degen zherde 522 adamnan turatyn otryad alyp shykkan Қarauyl kozhamen Isataj Mahambettin 200 ge zhuyk әskeri kezdesedi Қarauyl kozha urys ashuga bata almaj keri kajtady 1836 zhyly mamyr ajynda Mahambetti Kүshik Zhaparulyn oltirdi dep ajyptap Orynbor shekara komissiyasyna Қarauyl kozha aryz tүsiredi 1836 zhyly mausym ajynda Isataj men Mahambet han ordasyna talaptaryn zholdajdy 1836 zhyly Zhәngir han Orynbor shekaralyk komissiyasyna hat zholdap Isataj men Mahambetti kamauga aludy otinedi 1837 zhyly 17 akpanda Isataj men Mahambet Қarauyl kozhanyn auylyn shabady 1837 zhyly nauryz ajynda Zhәngir ataman Pokatilovke aryz zhazyp Isataj men Mahambetti ury dep zhazgyryp tez arada kamauga aludy talap etedi 1837 zhyly kүzde Isataj men Mahambet 2000 nan astam әskermen kelip han ordasyn korshauga alady 1837 zhyly karasha ajynda Beketaj kumynda Geke әskerimen sogysyp zhenilis tabady 1837 1838 zhyldary Zhajyktyn bergi zhagyna otip Kishi zhүzdin arasynda bolady Қol zhinap eldi koteriliske үgitteumen ajnalysady 1838 zhyly 12 shildede Akbulak bojyndagy shajkasta Isataj kazaga ushyrap Mahambet Hiua zhakta 2 zhyldaj zhasak zhinauga әreket zhasady Bul nietinen әreket shykpagan son Bokej ordasyna zhasyryn otip el ishin panalady Akyn omirinde auyr da sүrgindi zhyldar zhalgasty 1841 zhyly 4 nauryzda belgisiz bireulerdin korsetuimen Tilekeev degen kazaktyn үjinde otyrgan zherinde Mahambet kolga tүsti Oral әskerinin 40 myn adamnan kuralgan zhasagy үj iesi men Mahambetti tutkyndap Kalmykov auylynda kazirgi Tajrak audany eki apta tүrmede ustajdy kejin Orynborga ajdatady 17 3 1841 Orynbor general gubernatory Mahambet isin әskeri sottyn karauyna tapsyrdy 1841 zhyly 7 shildede sot bүlinshilikke tagy aralassa katan zhazalansyn degen үkimmen tutkynnan bosatyp shekaradan otpeudi katan eskertti 1841 1845 zhyldar aralygyndagy Mahambet omiri turaly derekter az 1846 zhyly akpanda Mahambet balasy Nursultandy okuga ornalastyrmak nietpen Orynborga keldi Shekaradan otuine bajlanysty general gubernator isti kajta kozgady Kishi zhүzdin batys boliginin әkimi B Ajshuakov ta Mahambetti kudalauyn kojmady Ol akynnyn basyna 1000 som tigip ony ustau үshin arnajy adamdardan kuramynda horunzhij Ykylas Tolejuly berish ruynyn bii Zhanabergen Bozdakuly Tabyn Torezhan Turymuly berish ruynyn kazaktary Musa Nuralyuly Zhүsip Өteuliuly bar kuralgan karuly zhasak zhiberdi Mahambet horunzhij Turymulynyn kolynan kaza tapty Mahambet shygarmalaryMahambet shygarmalary bukara omirinin ruhani poetikalyk shezhiresi sharualar kozgalysynyn shynajy bejnesi Ol Zhyraulyk poeziyanyn korkemdik әlemin bajytyp shygarmalarynda ult azattyk ideyalaryn koterdi eldikti saktap kaluga takyrly Munar kүn zhyrynda ol el basyna tүsken auyrtpalykty ashyna ajtty Ereuil atka er salmaj Ұly arman Zhajyktyn bojy kok shalgyn Atadan tugan ardakty er zhyrlarynda akyn aldagy kүnderine үmitpen zor senimmen karady Birtindep sadak asynbaj Argymak seni saktadym Argymaktyn balasy Azamat erdin balasy Қara nar kerek bizdin bul iske Emennin tүbi sary bal Zhalgan dүnie Eriskedej er bolsa t b shygarmalarynda ult azattyk kozgalys ruhy el tagdyry men arman mүddesi teren әri shynajy surettelgen Halyk kozgalsa han turmajdy tagynda dejdi ol otty zhyrlarynda Akyn olenderinin basty kaһarmany Isataj batyr Isataj degen agam bar Isataj sozi Argymakka ok tidi Tarlanym Sogys t b olenderinde Isataj batyrdyn korkem tulgasy adamgershilik kajsarlyk tapkyrlyk kasietteri zhan zhakty sipattaldy Onyn Zhәngirge Bajmagambet sultanga arnagan 106 olenderi patshanyn zhergilikti bileushi okilderi han sultandarga karsy zhazylgan olardyn bet perdesin ashatyn zhyrlar boldy Akyn olenderin dәstүrli үlgige negizdej otyryp tүr mazmun zhagynan bajyta zhetildire tүsti Mahambettin lirikalyk olenderi kobine tolgau zhyr terme үlgisinde zhazyldy Isatajga arnagan olenderinde zhoktau saryny basym Mahambet shygarmashylygy kazak poeziyasy zhanrlarynyn kalyptasuyna satira elegiya monolog t b stilinin daralanyp poetikalyk til kuraldarynyn artuyna filosofiyalyk terendiktin ornyguyna үles kosty Halyk nakylyna kurylgan filosofiyalyk tolgaulary men zhigerge toly erlik zhyrlary zhauynger ruhty biik olenderi akyn shygarmashylygyn zhogary dengejge koterdi Mahambet zhyrlary dәuir shyndygyn bejnelep koterilis ajnasy bolyp kana kojgan zhok askak ruh pen bolashakka degen senimnin erekshe үlgisin korsetti Munajma Zhelp zhelp etken ala tu Zhajyktyn bojy kok shalgyn Ұl tusa Tolarsaktan saz keship Akyn zhyrlarynda orys arab parsy sozderi kop kezdesip shagataj tilinde zhazyluymen erekshelenedi Mahambet zhyraulyk poeziya dәstүrin sheber damyta otyryp kazak oleninin tabigatyn zhanartty Mahambet sheber kүjshi de bolgan onyn 11 kүji Shashakty najza shalkar kүj degen atpen zharyk kordi 1982 Akyn olenderinin halyk arasyna tarauyna Sh Zharylgapuly Қuan akyn kishkene Kobylandy Қubala Lukpan Murat Ygylmandar әser etken Algash Murat akynnyn Tumar kazhy oglyna ajtkany degen zhinakta Қazan 1908 Mahambettin 100 zholdan astam eki tolgauy basyldy Ғ Mүshtak kurastyrgan Shajyr yaki kazak akyndarynyn basty shygarmalary zhinagynda Orynbor 1911 Mahambet tolgauynan үzindiler berildi 1939 zhyly Қ Zhumaliev Mahambet olenderinin zhinagyn shygardy Akynnyn 200 zhyldyk merejtojy atalyp otip 2003 4 tomdyk zhinagy zharyk kordi Akyn halyk bukarasynyn zor kүshine senedi Eger el bolyp birigip әdiletsiz handarga karsy shyksa handy taktan tajdyratynyna kүmәn keltirmejdi Mahambet halyktyn hannan korgen zhәbir zhapasyn zhyrga kosyp ajtady DerekkozderBatys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 zhyl ISBN 9965 607 02 8 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Islam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1Syrtky siltemelerMahambet Өtemisulynyn shygarmalary kolzhetpejtin silteme Mahambet Өtemisulynyn 200 zhyldyk merejtojy Muragattalgan 1 nauryzdyn 2007 zhyly