Хориоидит (chorіoіdіtіs; лат. chorіoіdea — көздің тамырлы қабығы және іtіs — қабыну) — көз алмасының меншікті тамырлы қабығының қабынуы. Хориоидиттің дамуына туберкулез, токсоплазмоз, мерез, сарып, т.б. жұқпалы аурулардың қоздырғыштары әсер етеді. Хориоидиттің патогенезіне негізінен иммунды реакциялардың маңызы зор. Хориоидиттің клиникалық көрінісін анықтаушы морфологиялық өзгерістер көзге антигендер мен иммунды кешенді заттардың енуінен болады. Аурудың өршіп, дамуына әр түрлі микробтардың әсерінен болатын аллергия да үлкен әсер етеді. Хориоидиттің эндогендік (туберкулездік, вирусты, токсоплазмоздық, стрептококтық, сарыптық, т.б.) және (нұрлы қабық пен кірпікті дененің қабынуы) түрлері ажыратылады. Алғашқы кезде адам ауру сезімін байқамайды, сондықтан оны көбіне офтальмоскоппен көз түбін қарап анықтайды. Аурудың клиник. белгілері дерт ошағының қай жерде орналасуына байланысты. Мысалы, көздің тамырлы және тор қабықтары бірдей қабынса (хориоретинит), адамның көруі нашарлайды, көрінген заттардың пішіні, көлемі өзгеріп көрінеді (метаморфопсия), ауру адамның көзінің алдында ұшқын-жарықтар жылт-жылт етеді (фотопсия); көз түбінің шеткі бөліктері зақымданса, ымыртта көруі нашарлайды (қара Ақшам соқыр), кейде адам затты жартылай ғана көреді (скотома). Дерт үдеп, асқынғанда көздің түбінде сұрғылттау немесе сарғыш ауру ошақтары көрінеді, осы кезде тамырлы тор қабықтарға және шыны тәріздес денеге қан құйылуы мүмкін, тор қабықтың қарауытуы байқалады. Аурудың себебі анықталғаннан кейін емдеу үшін кең спектрлі әсер ететін антибиотиктерді пайдаланады; қабыну созылмалы түріне ауысқан жағдайда кортикостероидтарды (дексаметазон, преднизолон, триамцинолон, гидрокортизон, т.б.) және В1, В6, В12, С1 витаминдерін қолданады. Сондай-ақ көзге құйылған қанды сорғызу үшін ферменттерді (трипсин, фибринолизин, лидаза, стрептодеказа, т.б.) бұлшық етке егеді.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Horioidit chorioiditis lat chorioidea kozdin tamyrly kabygy zhәne itis kabynu koz almasynyn menshikti tamyrly kabygynyn kabynuy Horioidittin damuyna tuberkulez toksoplazmoz merez saryp t b zhukpaly aurulardyn kozdyrgyshtary әser etedi Horioidittin patogenezine negizinen immundy reakciyalardyn manyzy zor Horioidittin klinikalyk korinisin anyktaushy morfologiyalyk ozgerister kozge antigender men immundy keshendi zattardyn enuinen bolady Aurudyn orship damuyna әr tүrli mikrobtardyn әserinen bolatyn allergiya da үlken әser etedi Horioidittin endogendik tuberkulezdik virusty toksoplazmozdyk streptokoktyk saryptyk t b zhәne nurly kabyk pen kirpikti denenin kabynuy tүrleri azhyratylady Algashky kezde adam auru sezimin bajkamajdy sondyktan ony kobine oftalmoskoppen koz tүbin karap anyktajdy Aurudyn klinik belgileri dert oshagynyn kaj zherde ornalasuyna bajlanysty Mysaly kozdin tamyrly zhәne tor kabyktary birdej kabynsa horioretinit adamnyn korui nasharlajdy koringen zattardyn pishini kolemi ozgerip korinedi metamorfopsiya auru adamnyn kozinin aldynda ushkyn zharyktar zhylt zhylt etedi fotopsiya koz tүbinin shetki bolikteri zakymdansa ymyrtta korui nasharlajdy kara Aksham sokyr kejde adam zatty zhartylaj gana koredi skotoma Dert үdep askynganda kozdin tүbinde surgylttau nemese sargysh auru oshaktary korinedi osy kezde tamyrly tor kabyktarga zhәne shyny tәrizdes denege kan kujyluy mүmkin tor kabyktyn karauytuy bajkalady Aurudyn sebebi anyktalgannan kejin emdeu үshin ken spektrli әser etetin antibiotikterdi pajdalanady kabynu sozylmaly tүrine auyskan zhagdajda kortikosteroidtardy deksametazon prednizolon triamcinolon gidrokortizon t b zhәne V1 V6 V12 S1 vitaminderin koldanady Sondaj ak kozge kujylgan kandy sorgyzu үshin fermentterdi tripsin fibrinolizin lidaza streptodekaza t b bulshyk etke egedi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet