Қазақ халқының күш біріктіре бастауы
Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге мәжбүр етті. Осылай ету қажеттігін үш жүздің түгел түсінді.
Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгері бар жасақты бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылайша қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген көп күшінің тегеурінді қысымымен Түркістанды және сол аймақтағы басқа да қалаларды тастап шықты.
1725 жылы құрамында 50 мың жауынгері бар бірлескен қазақ-карақалпақ әскерінің қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға қарсы бірнеше сәтті жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті, жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын танылды. Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете соққы беруді ұйымдастыру қажеттігі бүкіл қазақтың күш-жігерін біріктіруді талап етті. Осы мақсатпен 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық Құрылтай болып өтті. Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете соққы беруді, орталықтандырылған күшті басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу керек болды.
Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды. Бүкілхалықтық әскери жасақтың бас сардарбегі болып батырлар арасынан Қанжығалы Бөгенбай бекітілді. Ордабасыдағы осы Құрылтай жиналысының шешімдері қазақ халқының жоңғар басқыншылығына карсы азаттық күресінде өте маңызды рөл аткарды. Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты іс жүзінде біріктіру қолға алынды. Әрбір ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып, бүкілқазақтық үлкен жасаққа алып келіп қосуды қасиетті міндетіміз деп білді.
Ұлт-азаттық қозғалысыньң жетекшілері және оған қатысушылар
Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды.
Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.
Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.
Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Төленді,Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту».
Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.
Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, өздерін ар-намыс жолында етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол кезеңнің «Қазақ батырлығының алтын ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес.
Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе — қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең-байтақ Қазақстан аумағының барлық жерінде бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және ру-руға бөліну дегенді ұмытты, жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты. Қазақтың халық жырауы Тәті-қара үш жүздің өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ерлік көрсеткенін былай деп суреттейді: «Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы, Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт, жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде ер Жабайды айт».
Қазақ батырларының ерен ерлігін біздің заманымызға дейін өз шығармалары арқылы жеткізген жырау-ақындар Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Олардың көпшілігі сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен жалынды жау жүрек жауынгерлер де болды.
Бұланты шайқасы
Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді.
Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды.
Аңырақай шайқасы
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.
Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.
Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыздықты қойып, күш біріктірудің арқасында қаһарлы жауға жұмыла күресіп, тамаша жеңіске жетті. Бұл жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі заңды нәтижесі болды. Жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысында түбірлі өзгеріс жасалды, енді біржола түбегейлі жеңіске жететін күн де жақын қалды. Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай қашты. Олар бұдан былай қазақ жеріне шапқыншылық жасамауға ант ішті.
Қазақ жасақтарының кезекті тамаша жеңіске жеткеніне қарамай, жау жағы әлі де күшті, әлі де қауіпті еді. Сондықтан да бүкіл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен күрес жүргізе беруіне тура келді.
Билік үшін бақталас күрес және біртұтас халық майданының ыдырай бастауы
Аңырақай шайқасынан кейін жауды түбегейлі біржола жеңудің ауылы алыс қалған жоқ еді. Бірақ тап осы кезде Жоғары мәртебелі Ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол орыннан үміткерлер арасында тақ таласы басталды. Бүкіл қазақтың Ұлы ханы болудан Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі болатын. Бірақ қазақ ақсүйектерінің тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға іс жүзінде ешқандай айтулы қызметімен көзге түспеген Әбілмәмбетті сайлауды лайық деп тапты. Өйткені аймақтық билеушілерге билік басында күшті тұлғаның отыруы керек емес болатын. Сондықтан қазақтың біріккен әскери күштерінің бас қолбасшысы, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Орта жүздің ықпалды ханы Сәмеке әлгі шешімге риза болмай, өздерін қорлағандық санады да, әлі соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақтан өз әскерлерін алып кетті. Сөйтіп Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына — бірі солтүстікке, бірі — солтүстік-батыс жаққа қарай көшті.
Өкінішке қарай, зор құрылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап шыға келді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың ендігі жолын әр жүз өздерінше жеке-жеке іздестіруге көшті. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлі де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат беріп, жыл сайын алым-салық төлеп тұрды. Жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрінен де көп тартқан Орта жүздің жауға қарсы күресті одан әрі жалғастыра беруіне тура келді. Ал Кіші жүз үшін мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жан-жағындағы халықтардың қатерлі тығыз қоршауында қалып қойды. Олар , түрікмендер, Еділ қалмақтары, Жайық Қазақтары және башқұрттар еді. Өйткені бұл кезде олардың қай-қайсысымен де қарым-қатынас нашарлап, шиеленісіп тұрған болатын.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы
Сонымен XVIII ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Жалпы-қазақтық біріккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдасқан түрде үсті-үстіне соққы бере бастады. Мұның өзі көбінесе қазақтың үш жүзінің, бүкіл қазақ халқының күш-жігер біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жіберу қаупі ел билеушілерін бұрын болған алтыбақан алауыз ырың-жырынды ұмытуға, бас қоса бірігіа, жоңғар әскерлеріне үсті-үстіне соққы беруге мәжбүрлікпен жұмылдырды.
Қазақтың билеушілері, билері мен батырлары қазақ мемлекеттілігін қалай да сақтап қалуға күш-жігерін барынша аямай жұмсады. Бұланты және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының рухын күшейтіп, аспандата биікке көтерді. Ол шайқастардағы жеңіс халық болып топтасқанда кез келген күшті жауды жеңіп шығуға болатынын көрсетіп берді. Оның үстіне, қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні жөніндеп жалған аңыздың күлін көкке ұшырды.
Бұл соғыста қазақ халқының туыскан қарақалпақ және кырғыз халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Соны-мен қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде, билік жолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдыратуға тағы да алып барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып тынды.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — Қазақстан тарихы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak halkynyn kүsh biriktire bastauyZhongar shabuylynyn saldarynan kazaktardyn basyna tүsken asa auyr zhagdaj olardy kalajda kүsh biriktiruge mәzhbүr etti Osylaj etu kazhettigin үsh zhүzdin tүgel tүsindi Zhauga sokky berudi ujymdastyru zhoninde bastama kotergen Kishi zhүzdin hany Әbilkajyr boldy Ol 1723 zhyly 20 myn zhauyngeri bar zhasakty bastap zhongarlardyn kandas odaktasy Edil bojyndagy kalmaktarga karsy birneshe zhenisti zhoryk zhasady Өz tylyn osylajsha kauipsiz etken ol kalyn kolyn bastap Syrdariya bojyna karaj bet aldy 1724 zhyldyn kokteminde Қazak handygynyn astanasy Tүrkistan kalasyna zhetip ony tikelej shabuylmen azat etti Қalany bir zhyl bojy oz kolynda ustap turdy Birak zhaudyn eselengen kop kүshinin tegeurindi kysymymen Tүrkistandy zhәne sol ajmaktagy baska da kalalardy tastap shykty 1725 zhyly kuramynda 50 myn zhauyngeri bar birlesken kazak karakalpak әskerinin kolbasshysy boldy Sojtip zhongarlarga karsy birneshe sәtti zhoryk zhasady Osy kezde onyn ujymdastyrushylyk talanty iri әskeri kolbasshy retindegi kabileti zheke oz basynyn kaһarman erligi ajkyn tanyldy Zhauga negurlym zhyldam әri kүjrete sokky berudi ujymdastyru kazhettigi bүkil kazaktyn kүsh zhigerin biriktirudi talap etti Osy maksatpen 1726 zhyldyn kүzinde Ordabasy tauynda kazirgi Shymkent kalasynyn batys zhagynda Bүkilkazaktyk Қuryltaj bolyp otti Ogan kazaktyn handary үsh zhүzdin sultandary bileri batyrlary keldi Қazak halkynyn en tandauly okilderinin bas koskan bul zhiynynda zhauga kүjrete sokky berudi ortalyktandyrylgan kүshti basshylykty kalaj ujymdastyrudy sheshu kerek boldy Қazaktar bir birine barynsha berilgen adal boluga osy Ordabasyda ant beristi Қuryltajga katysushylardyn birauyzdan ujgaruymen Әbilkajyr han bүkilkazaktyk әskeri zhasaktyn bas kolbasshysy bolyp sajlandy Bүkilhalyktyk әskeri zhasaktyn bas sardarbegi bolyp batyrlar arasynan Қanzhygaly Bogenbaj bekitildi Ordabasydagy osy Қuryltaj zhinalysynyn sheshimderi kazak halkynyn zhongar baskynshylygyna karsy azattyk kүresinde ote manyzdy rol atkardy Қazak kogamynyn bүkil kүsh zhigerin nakty is zhүzinde biriktiru kolga alyndy Әrbir ru ozinin zhauyngerlik zhasaktaryn kuryp bүkilkazaktyk үlken zhasakka alyp kelip kosudy kasietti mindetimiz dep bildi Ұlt azattyk kozgalysynn zhetekshileri zhәne ogan katysushylarBaskynshy zhauga karsy kүreske bүkil kazak halky koterildi Iri iri әskeri zhasaktardy Әbilmәmbet Barak Sәmeke Әbilkajyr Sultanbet siyakty handar men sultandar Shyngyshannyn baska da koptegen urpaktary baskardy Olzhabaj batyr Zhas sultan Abylajdyn bedeli tap osy kezende koterildi Ol kejin kazaktyn asa kurmetti bedeldi de ajbyndy hanyna ajnaldy Azattyk kүresine ideyalyk basshylyk zhasaudy kazaktyn үsh zhүzinin asa kornekti үsh bii oz mindetterine aldy Baskynshylarga karsy karuly karsylykty ujymdastyruda kazaktyn әr tүrli rulary men tajpalarynan zhәne zhүzderinen shykkan Қarakerej Қabanbaj Қanzhygaly Bogenbaj Shapyrashty Nauryzbaj Rajymbek Zhasybaj Eset Malajsary Bayan Olzhabaj Қozhabergen Tүgel Bolek Shakantaj Tolendi Қoshkarbaj Bajbolat siyakty baska da koptegen batyrlary manyzdy rol atkardy Batyrlar zheke derbes zhasaktardy baskardy zhәne olardy kandy shajkaska eren erlik korsete otyryp ozderi bastap kirdi Olardyn bәri de Әbilkajyr han men Bogenbaj batyrdyn zhalpy basshylygymen katan zhauyngerlik tәrtipti saktaj otyryp үjlesimdi urys zhүrgizdi Zhongar baskynshylaryna karsy shajkaska әjelder de belsene katysty Atap ajtkanda Olzhabaj batyr Abylaj sultannyn kyzy Ajtolkyn Bulanbaj batyrdyn kyzy Ajbike zhәne baskalary zhaumen kaһarmandykpen shajkasty Al Қabanbaj batyrdyn әjeli Gauһar batyr barlaushylar zhasagyn baskardy Ol barlyk iri shajkastarga da katysty Kejinirek balaly bolyp bosangannan kejin sogyska ozinin үlken kyzy Nazymdy zhiberedi Қazak auyz әdebietinde Gauһar batyr ajtypty degen mynadaj soz saktalgan Atannyn uly bolyp tuma elinnin eri bolyp tu Қazak halkynyn zhongar baskynshylaryna karsy Otan sogysy Zhongar shapkynshylygyna karsy azattyk kүresinin sipaty boldy Onda ortak zhauga karsy kazaktarga tili dini dili zhagynan da dәstүrli mәdenieti zhagynan da tuys karakalpaktar men kyrgyzdar ayanbaj sogysty Surapyl shajkastyn algashky kezenindep kyrgyndardagy zhenilis kazak halkynyn unzhyrgasyn tүsirgen zhok Olar zheniske zhetemiz degen ruhy men erik zhigerin saktaj bildi Halyktyn zhappaj erlik korsetip kaһarmandyk tanytuy ozderin ar namys zholynda etuge dejin baruy arkasynda katygez zhaudyn ojrandy әreketterine toze bilip totep berip kana kojgan zhok zhongar baskynshylaryn tas talkan etip zhenip shykty Ol kezennin Қazak batyrlygynyn altyn gasyry dep ataluy tipti de tegin emes Ajryksha atap ajtuga turarlyk nәrse kazak batyrlary baskynshylarga karsy ken bajtak Қazakstan aumagynyn barlyk zherinde birdej shajkasty Bul sogystyn barysynda kazak halky zhүzge tajpaga zhәne ru ruga bolinu degendi umytty zhauga karsy zhumylgan zhudyryktaj auyzbirshilik tanytty Қazaktyn halyk zhyrauy Tәti kara үsh zhүzdin okilderi bir kisidej ujymshyldykpen erlik korsetkenin bylaj dep surettejdi Қamystyn basy majda tүbi sajda Zhәnibek Shakshakuly bolat najza Aldynnan su artynnan zhau kyskanda Er zhigittin erligi osyndajda Bokejdi ajt Sagyr menen Dulattagy Deripsәli Mandajdy ajt Қypshaktagy Өzge batyr kajtsa da bir kajtpajtyn Sary menen Bayandy ajt Uaktagy Agashta biikti ajtsan karagajdy ajt zhigittik erlikti ajtsan Bogenbajdy ajt Najzasynyn ushyna zhau mingizgen Emenәli Kerejde er Zhabajdy ajt Қazak batyrlarynyn eren erligin bizdin zamanymyzga dejin oz shygarmalary arkyly zhetkizgen zhyrau akyndar Үmbetej Aktamberdi Tәtikara Қozhabergen Bukar Kotesh zhәne baskalary boldy Olardyn kopshiligi surapyl sogysty oz kozderimen korgen kuәlar gana emes sonymen katar erlikpen shajkaska tүsken zhalyndy zhau zhүrek zhauyngerler de boldy Bulanty shajkasyZhongar handygyna karsy uzakka sozylgan kүreste 1728 zhyly Ұlytaudagy bojynda Қarasiyr degen zherde kazak zhasaktary tungysh ret iri zheniske zhetti Bul shajkaska kazaktar men kyrgyzdar da belsene katysty Birikken kүshterdin kuramyndagy zhauyngerlerdin zhalpy sany 60 myn adamga zhetken edi Қandy shajkas bolgan zherdin aty Қalmakkyrylgan degen ataumen de kazak halkynyn esinde tarihi atau retinde mәngi saktalyp kaldy Sol shajkasta zhongarlardyn on mynga zhuyk zhauyngeri kaza tapty Bulanty ozeninin bojyndagy zhenistin baga zhetpes zor manyzy boldy Ol Қazak zhauyngerlerinin moraldyk ruhyn әldekajda kүshejtti Zhongarlardyn zher kajyskan kalyn koly zhenilistin ne ekenin bilmejdi degen zhalgan anyzdyn kүlin kokke үshyrdy Onyn esesine kazak zhauyngerlerin zhigerlendire tүsti Bulanty shajkasyndagy zhenis zhalpy halyktyn zhүrekzhardy kuanyshyna ulasty kaһarly zhauga karsy kүreste bүkil halyktyn kүsh zhigerin oli de biriktire tүsip nygajta beruge degen umtylysyna tyn serpin berdi Қazak zhauyngerlerinin Bulanty ozeni bojyndagy zhenisinin strategiyalyk manyzy da zor boldy Ol aldagy Anyrakaj shajkasynda zhauga esinen tandyra ojsyrata sokky berudin senimdi kepiline ajnaldy Anyrakaj shajkasyҚazak halkynyn zhongarlarga karsy azattyk kүresi barysyndagy ote eleuli okiga Anyrakaj shajkasy Bul shajkas 1730 zhylgy koktemde Balkash kolinin ontүstik batys zhagyndagy Itishpes Alakol degen zherde boldy Shajkaska Kishi zhүzdin hany Әbilkajyr tikelej basshylyk etti Ogan kazaktyn үsh zhүzinin zhasaktary katysty Anyrakaj shajkasy dәstүrli zhekpe zhek uryska shygudan bastaldy Ogan zhongar zhagynan әskerbasy Sharysh kazak zhagynan zhas batyr Sabalak bolashak Abylaj han atangan Әbilmansurdyn zhasyryn aty shykty Sabalak karsylasyna Abylaj Abylaj degen zhauyngerlik uranmen atoj sala umtyldy Zhekpe zhekte kazak batyry zhenip shykty Munyn ozi kazak zhauyngerlerin arkalandyryp olardyn zhigerine zhiger kosty Zhau zhagynyn berekesi kashyp katty abyrzhydy Zhongarlardyn ruhy tomen tүsip ketti Osy zhekpe zhek shajkastan kejin Sabalak Abylaj atanyp ketti Anyrakaj shajkasynda kazaktar zhongarlarga esterinen tandyra kүshti sokky berdi Shajkas dalasynda zhongarlardyn esengiregen zheniliske ushyrap anyrap kalgan zheri Anyrakaj dep atalyp ketken kәrinedi Үsh zhүzdin handary men sultandary buryngy altybakan alauyzdykty kojyp kүsh biriktirudin arkasynda kaһarly zhauga zhumyla kүresip tamasha zheniske zhetti Bul zhenis үsh zhүzdin kүsh zhiger biriktiruinin әbden kisyndy әri zandy nәtizhesi boldy Zhүz zhyldan astam uakytka sozylgan kazak zhongar sogysynda tүbirli ozgeris zhasaldy endi birzhola tүbegejli zheniske zhetetin kүn de zhakyn kaldy Zhongarlar kazaktardan tartyp algan zherlerin aldy artyna karaj almaj tastaj kashty Olar budan bylaj kazak zherine shapkynshylyk zhasamauga ant ishti Қazak zhasaktarynyn kezekti tamasha zheniske zhetkenine karamaj zhau zhagy әli de kүshti әli de kauipti edi Sondyktan da bүkil kazak halkynyn uzak uakyt bojy zhongarlarga karsy zhankiyarlykpen kүres zhүrgize beruine tura keldi Bilik үshin baktalas kүres zhәne birtutas halyk majdanynyn ydyraj bastauyAnyrakaj shajkasynan kejin zhaudy tүbegejli birzhola zhenudin auyly alys kalgan zhok edi Birak tap osy kezde Zhogary mәrtebeli Ұly han Bolat kenetten kajtys boldy Ol orynnan үmitkerler arasynda tak talasy bastaldy Bүkil kazaktyn Ұly hany boludan Әbilkajyr men Sәmeke dәmeli bolatyn Birak kazak aksүjekterinin toby bul en zhogary lauazymdy orynga is zhүzinde eshkandaj ajtuly kyzmetimen kozge tүspegen Әbilmәmbetti sajlaudy lajyk dep tapty Өjtkeni ajmaktyk bileushilerge bilik basynda kүshti tulganyn otyruy kerek emes bolatyn Sondyktan kazaktyn birikken әskeri kүshterinin bas kolbasshysy Kishi zhүzdin hany Әbilkajyr men Orta zhүzdin ykpaldy hany Sәmeke әlgi sheshimge riza bolmaj ozderin korlagandyk sanady da әli sogys kimyldary zhүrip zhatkan aumaktan oz әskerlerin alyp ketti Sojtip Қazakstannyn Resejmen shekaralas zhaktaryna biri soltүstikke biri soltүstik batys zhakka karaj koshti Өkinishke karaj zor kurylgan zhalpykazaktyk әskeri zhasak ayak astynan ydyrap shyga keldi Қalyptaskan kiyn zhagdajdan shygudyn endigi zholyn әr zhүz ozderinshe zheke zheke izdestiruge koshti Mәselen Ұly zhүz zhongarlarga әli de uakytsha bagyna turuga mәzhbүr boldy Olarga amanat berip zhyl sajyn alym salyk tolep turdy Zhongar shapkynshylygynyn zardabyn bәrinen de kop tartkan Orta zhүzdin zhauga karsy kүresti odan әri zhalgastyra beruine tura keldi Al Kishi zhүz үshin mүlde baskasha zhagdaj kalyptasty Ol zhan zhagyndagy halyktardyn katerli tygyz korshauynda kalyp kojdy Olar tүrikmender Edil kalmaktary Zhajyk Қazaktary zhәne bashkurttar edi Өjtkeni bul kezde olardyn kaj kajsysymen de karym katynas nasharlap shielenisip turgan bolatyn Қazak halkynyn zhongar shapkynshylygyna karsy kүresinin tarihi manyzySonymen XVIII gasyrdyn ekinshi shireginin bas kezinde kazak halky oz azattygy zholyndagy Otan sogysyn zhүrgizdi Zhalpy kazaktyk birikken әskeri zhasak zhongar baskynshylaryna ujymdaskan tүrde үsti үstine sokky bere bastady Munyn ozi kobinese kazaktyn үsh zhүzinin bүkil kazak halkynyn kүsh zhiger biriktiruinin arkasynda mүmkin boldy Қazak halkyn tүgeldej kyryp zhiberu kaupi el bileushilerin buryn bolgan altybakan alauyz yryn zhyryndy umytuga bas kosa birigia zhongar әskerlerine үsti үstine sokky beruge mәzhbүrlikpen zhumyldyrdy Қazaktyn bileushileri bileri men batyrlary kazak memlekettiligin kalaj da saktap kaluga kүsh zhigerin barynsha ayamaj zhumsady Bulanty zhәne Anyrakaj shajkastary kazak sarbazdarynyn ruhyn kүshejtip aspandata biikke koterdi Ol shajkastardagy zhenis halyk bolyp toptaskanda kez kelgen kүshti zhaudy zhenip shyguga bolatynyn korsetip berdi Onyn үstine kazak sarbazdary zhongar әskerlerinin zhenilis ataulyny bilmejtini zhonindep zhalgan anyzdyn kүlin kokke ushyrdy Bul sogysta kazak halkynyn tuyskan karakalpak zhәne kyrgyz halyktarymen zhauyngerlik odagyn kurudyn negizi kalandy Sony men katar bul kezde XVIII gasyrdyn 30 zhyldarynyn bas kezinde bilik zholyndagy tak talasy kazaktardyn kүshin ydyratuga tagy da alyp baryp sokty olar akyr ayagynda eldin tәuelsizdiginen ajyrylyp tyndy DerekkozderҚazakstan tarihy XVIII gasyr 1914 zhyl Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Қabyldinov Z E Қajypbaeva A T Almaty Atamura 2008 352 bet suretti kartaly ISBN 9965 34 816 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul Қazakstan tarihy bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz