Тоғжан, Тұржан Сүйіндікқызы (Қаламқас)Тұржан Танақызы - жас Абайдың алғашқы сүйген қызы. Бөкенші руынан шыққан Тобықтының қызы. Қарауыл өңірінің бойындағы Бөкенші аулына келіп, өзінің сүйіктісі Тоғжанмен дидарласып қайтарында Тоғжанның ағалары Асылбек, Әлібектер сезіп қалып, Абай жүйрік атпен зорға құтылған. Сол жолы бір төбенің басына барып отырып, өзіне-өзі тоқтау салып, «Сап, сап, көңлім, сап көңлім...» өлеңін шығарған. Тоғжан мен Абай махаббаты М.О.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында көркем суреттеледі. Тұржанның жанама есімі Жарма өңіріне жақсы таныс.
Найман ішіндегі Қаракерейден тарайтын Тілемісұлы Тана мырзаның есімі бүкіл сол кездегі Семей, Өскемен уәлаяттарына айпарадай анық болған, өз кіндігінен перзент сүймеген Тана мырза немере інісі Жәнібектің Тұржан есімді қызын бауырына алыпты. Тұржан тал шыбықтай бұралып өскен сондай көркем қыз, Тұла бойының нәзік, қасының қиыла біткен жіңішкелігіне қарап алғашында жеңгелері, одан соң бүкіл ауыл-аймақ оны «Қаламқас» атандырады. Оның мұндай жанама аты Жарма ауданын мекендейтін Бура-Матай елдеріне мәлім болған екен.
Қалихан Алтынбаевтың келтірген зерттеу деректеріне ден қойсақ, Тұржан мен Абайдың алғаш кездесуі 1861-62 жылдар шамасында көрінеді. Бұл Абайдың он бес-он алты жастағы кезі. Құда түскенімен Ділдаға әлі үйленбеген еді. Осы тұста әкесі Құнанбаймен бірге алыстағы Найман еліне, Тана мырзаның ауылына сапар шегеді, Тана мырзаның ауылы бұрынғы Самар (қазіргі Көкпекті) ауданының «Тана мешіті» деген ауылдың маңайындағы Қалба тауларын жайлап жүрсе керек.
Бұлардың барған шаруалары, біріншіден, соның алдында ғана Көкпекті округінің аға сұлтандығына өткізілген сайлауда жеңіліс тапқандығына ағайындық демеу сөз айтып, ізгі ниет білдіру, екіншіден, үш өзеннің Ертіске кұятын сағасындағы түбекке мешіт салдырып жатқан Танаға қошемет білдіріп, жаңа құрылысты көріп қайту еді. Осы сапарда екі балғын жас – Тұржан мен Абай бір-бірін қатты ұнатысқан. Мұны байқаған Құнанбай да екеуінің жақынырақ танысуына, тіпті, құда түсіп қайтуға карсы емес-тін. Алайда, құрметті қонақтар отырған орданың сыртында соқыр түйесін «көзіңді, қу соқыр» деген біреудің балағат сөзі байласқалы келе жатқан құдалықтың шырқын бұзады. Тананың жік-жапар болып, әлгі жігітке кешірім сұратып, ат-шапан айып бергізгеніне карамастан, алған бетінен қайтпайтын, мінезі қатал Құнанбай Танаға «әдейі істетіп отырсың» деп аттанып кетеді. Қазақтың «Түйені соқыр десең, Құнанбайға тиеді» деген тәмсілі осыдан қалса керек.
Алыстан ат арытып келген меймандар көп кідірмей кері кайтуы енді ғана лаулай бастаған қос ғашықтың махаббатына кесірін тигізеді. Бұдан соң екеуінің бірер мәрте хат алмасқаны болмаса, жүздесуге жер арасы шалғай. Сөйтіп, байланыс үзіледі.
Абайдың мұнан кейінгі жәйі белгілі. Ділдаға үйленіп, перзент сүйеді. Тұржан оң жақта біраз отырыңқырап барып Сыбан ішіндегі Быжы-Тоқтар дейтін сарт ауылына тұрмысқа шығады. Ескі құлақтардың сөзіне сенсек, соңында ұрпақ қалмапты.
«Тұржанның Қаламқас атанғанына екінші дәлел мынау» дейді «Қаламқас Сыбан ішіне ұзатылып келгенде бұл жақтағы Матай руының игі жақсылары тегіс сәлемдесуге барған. Өйткені, ескі шежіре бойынша Қаракерей (Тананың руы) мен Матай бірге туады. Оның үстіне Тананың абыройы бүкіл Найманға әйгілі. Сол барған игі жақсылардың ішінде Матайдағы әйгілі тентек, әрі жуан тұқым бар екен. Басқаларының бәрі кісілік әдетпен Қаламқасқа төс түйістіріп амандасқанда, Бәкен міз бақпастан отырып алады. Ондағысы ойда орыс, қырда қазақ құрығандай сартқа тұрмысқа шықтың деген өкпесі. Міне, осы оқиға Жарма өңіріндегі қариялардың аузында әлі күнге айтылып келеді. Ең бастысы, Тұржан есімімен емес, Қаламқас деген атпен айтылуда.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Togzhan Turzhan Sүjindikkyzy Қalamkas Turzhan Tanakyzy zhas Abajdyn algashky sүjgen kyzy Bokenshi ruynan shykkan Tobyktynyn kyzy Қarauyl onirinin bojyndagy Bokenshi aulyna kelip ozinin sүjiktisi Togzhanmen didarlasyp kajtarynda Togzhannyn agalary Asylbek Әlibekter sezip kalyp Abaj zhүjrik atpen zorga kutylgan Sol zholy bir tobenin basyna baryp otyryp ozine ozi toktau salyp Sap sap konlim sap konlim olenin shygargan Togzhan men Abaj mahabbaty M O Әuezovtyn Abaj zholy epopeyasynda korkem suretteledi Turzhannyn zhanama esimi Zharma onirine zhaksy tanys Najman ishindegi Қarakerejden tarajtyn Tilemisuly Tana myrzanyn esimi bүkil sol kezdegi Semej Өskemen uәlayattaryna ajparadaj anyk bolgan oz kindiginen perzent sүjmegen Tana myrza nemere inisi Zhәnibektin Turzhan esimdi kyzyn bauyryna alypty Turzhan tal shybyktaj buralyp osken sondaj korkem kyz Tula bojynyn nәzik kasynyn kiyla bitken zhinishkeligine karap algashynda zhengeleri odan son bүkil auyl ajmak ony Қalamkas atandyrady Onyn mundaj zhanama aty Zharma audanyn mekendejtin Bura Mataj elderine mәlim bolgan eken Қalihan Altynbaevtyn keltirgen zertteu derekterine den kojsak Turzhan men Abajdyn algash kezdesui 1861 62 zhyldar shamasynda korinedi Bul Abajdyn on bes on alty zhastagy kezi Қuda tүskenimen Dildaga әli үjlenbegen edi Osy tusta әkesi Қunanbajmen birge alystagy Najman eline Tana myrzanyn auylyna sapar shegedi Tana myrzanyn auyly buryngy Samar kazirgi Kokpekti audanynyn Tana meshiti degen auyldyn manajyndagy Қalba taularyn zhajlap zhүrse kerek Bulardyn bargan sharualary birinshiden sonyn aldynda gana Kokpekti okruginin aga sultandygyna otkizilgen sajlauda zhenilis tapkandygyna agajyndyk demeu soz ajtyp izgi niet bildiru ekinshiden үsh ozennin Ertiske kuyatyn sagasyndagy tүbekke meshit saldyryp zhatkan Tanaga koshemet bildirip zhana kurylysty korip kajtu edi Osy saparda eki balgyn zhas Turzhan men Abaj bir birin katty unatyskan Muny bajkagan Қunanbaj da ekeuinin zhakynyrak tanysuyna tipti kuda tүsip kajtuga karsy emes tin Alajda kurmetti konaktar otyrgan ordanyn syrtynda sokyr tүjesin kozindi ku sokyr degen bireudin balagat sozi bajlaskaly kele zhatkan kudalyktyn shyrkyn buzady Tananyn zhik zhapar bolyp әlgi zhigitke keshirim suratyp at shapan ajyp bergizgenine karamastan algan betinen kajtpajtyn minezi katal Қunanbaj Tanaga әdeji istetip otyrsyn dep attanyp ketedi Қazaktyn Tүjeni sokyr desen Қunanbajga tiedi degen tәmsili osydan kalsa kerek Alystan at arytyp kelgen mejmandar kop kidirmej keri kajtuy endi gana laulaj bastagan kos gashyktyn mahabbatyna kesirin tigizedi Budan son ekeuinin birer mәrte hat almaskany bolmasa zhүzdesuge zher arasy shalgaj Sojtip bajlanys үziledi Abajdyn munan kejingi zhәji belgili Dildaga үjlenip perzent sүjedi Turzhan on zhakta biraz otyrynkyrap baryp Syban ishindegi Byzhy Toktar dejtin sart auylyna turmyska shygady Eski kulaktardyn sozine sensek sonynda urpak kalmapty Turzhannyn Қalamkas atanganyna ekinshi dәlel mynau dejdi Қalamkas Syban ishine uzatylyp kelgende bul zhaktagy Mataj ruynyn igi zhaksylary tegis sәlemdesuge bargan Өjtkeni eski shezhire bojynsha Қarakerej Tananyn ruy men Mataj birge tuady Onyn үstine Tananyn abyrojy bүkil Najmanga әjgili Sol bargan igi zhaksylardyn ishinde Matajdagy әjgili tentek әri zhuan tukym bar eken Baskalarynyn bәri kisilik әdetpen Қalamkaska tos tүjistirip amandaskanda Bәken miz bakpastan otyryp alady Ondagysy ojda orys kyrda kazak kurygandaj sartka turmyska shyktyn degen okpesi Mine osy okiga Zharma onirindegi kariyalardyn auzynda әli kүnge ajtylyp keledi En bastysy Turzhan esimimen emes Қalamkas degen atpen ajtyluda DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet