Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.
Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18 м. Кейбір обалардың биіктігі 20 м-ге, аумағы 100 м2-ге дейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.
Археология (ол гректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 – 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 – 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх, Василий Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам, т. б. басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді.
1946 ж. Қазақстан ғылым академиясының құрамында Тарих, археологиялық және этнографиялық институты, ал 1991 ж. археология бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды. Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен «туыстас» екендігі дәлелденді. Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның Андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстанның қола дәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының көне және орта ғасыр кезіндегі тарихы, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
Сілтемелер
- АРХЕОЛОГИЯ | Онлайн Энциклопедия Кругосвет
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Arheologiya tarih gylymynyn ezhelgi dәuir men orta gasyrdagy adamzat kogamy damuynyn zandylyktary men negizgi kezenderin zerttejtin salasy Қazak arheologtary Basty zertteu nysany algashky kauymnan erte zaman men orta gasyrlardan kalgan materialdyk eskertkishter enbek kuraldary karu zharak tүrleri meken zhaj konystardyn keruen sarajlar men әskeri bekinisterdin zhurty үj ishi zattary zirattar obalar t b Bul zattar gylymda arheologiyalyk eskertkishter dep atalady Olar topyrakka komilip zher astynda kalyp kalalar men bekinisterdin kiragan oryndarynda birneshe kabattardan turatyn tobeler pajda bolady Mundaj katparlar arheologiyada mәdeni kabattar dep atalady Қazakstan zherindegi en үlken kala bolyp esepteletin Otyrardyn mәdeni kabatynyn biiktigi 18 m Kejbir obalardyn biiktigi 20 m ge aumagy 100 m2 ge dejin zhetedi Қazba zhumystary kezinde tabylgan materialdyk derekterge gylymi tүsinikteme beru үshin arheologiyada antropologiya etnologiya geologiya botanika zoologiya paleontologiya fizika himiya topyraktanu gylymdarynyn zertteu әdisteri keninen pajdalanylady Arheologiya ol grektin archaios eski logos gylym degen sozderinin kosyluynan shykkan termini bizdin zamanymyzdan buryngy 4 gasyrda kone zamandy zerttejtin gylym retinde Platon koldanyla bastaganymen gylymi arheologiyalyk zertteuler Europada kajta orkendeu dәuirinde gana zhүrgizildi 15 16 gasyrlarda Italiyada ezhelgi sәulet onerinin muralaryn izdeuge 18 19 gasyrlarda Қosozen bojynda kone mәdeni muralardy zertteuge bagyttalgan kazba zhumystary zhүzege asyryldy 19 gasyrdyn 1 zhartysynda Resejde Қara teniz zhagalauyndagy kone grek kalalarynyn kaldyktary men skif obalaryn zhүjeli tүrde zertteu bastaldy Қazakstan men Orta Aziyada arheologiyalyk zertteuler 19 gasyrdyn 70 zhyldarynda bastau aldy zhәne olar Vasilij Radlov Nikolaj Veselovskij Petr Lerh Vasilij Bartold esimderimen bajlanysty 1920 30 zh Әlkej Margulan Sergej Rudenko Aleksandr Bernshtam t b baskargan ekspediciyalar Қazakstan zherinde kүrdeli arheologiyalyk barlau kazba zhumystaryn zhүrgizdi 1946 zh Қazakstan gylym akademiyasynyn kuramynda Tarih arheologiyalyk zhәne etnografiyalyk instituty al 1991 zh arheologiya bolimi negizinde zheke Arheologiya instituty 1973 zhyldan arheologiya murazhajy zhumys istedi kuryldy Ol respublikadagy arheologiyalyk zertteulerdin ortalygyna ajnaldy Ortalyk Қazakstanda kola dәuirine zhatatyn Begazy Ұlytau Belasar zirattary Atasu Bugyly t b konystar zertteldi Zhetisuda Besshatyr Kegen manynda tabylgan obalar sak skif mәdenieti zhoninde koptegen maglumattar berdi zhәne olardyn Altaj men Dnepr bojynda kezdesken skif obalarymen tuystas ekendigi dәleldendi Ontүstik Қazakstanda paleolit konystary tyngylykty zerttelip onyn Andronov mәdenietinin negizgi ajmaktarynyn biri bolgandygyna gylymi tuzhyrym zhasaldy Soltүstik Қazakstannyn kola dәuirinin hronologiyalyk klassifikaciyasy zhasaldy 1970 zhyldan Қazakstan men Orta Aziyanyn mәdeni ortalyktarynyn biri bolgan Otyrar alkabynyn eskertkishterin zertteu kolga alyndy Shygys Қazakstandagy Shelekti sak obalaryndagy Zhetisudagy Esik korganynda kala mәdenieti zhoninde mol maglumat bergen Otyrar men Қujryktobede zhүrgizilgen kazba zhumystary kazak halkynyn kone zhәne orta gasyr kezindegi tarihy tajpalar men ulystardyn materialdyk mәdenietinin sabaktastygy zhoninde dәjekti gylymi tuzhyrymdar zhasauga negiz kalady DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Ғylymtanu Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar ҒӨF EKO 2006 zhyl 430 b ISBN 9965 808 78 3SiltemelerARHEOLOGIYa Onlajn Enciklopediya Krugosvet