Идеология (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз) – ілім, қоғамдық сана.
Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік. Қазақ совет Энциклопедиясының 4 – томында ол «таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген.
Тарихы
Алғаш рет «идеология» деген терминді француз философы және экономисі (1754-1836) қолданды. Ол «Идеологияның элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология идеялар туралы ғылым, ол барлық табиғат және қоғам туралы ғылымдардың, саясат, этика және тағы басқа әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға тиіс.
Бірақ «идеология» деген сөздің кең тарауына себепкер болған адам – Наполеон Бонапарт. Ол либерал журналистерді, саясатшыларды «идеологтар» деп атап, оларды жаратылыстанумен айналысатын ғалымдарға және шынайы әрекет иесі белсенді адамдарға қарсы қойды. Француз императоры саяси сайқалдыққа тұрақсыз және алдамшы қоғамдық пікірге көп көңіл аударатын мемлекеттік қайраткерлерге жиіркенішпен келемеждеп қарайтын. Осы кезде қоғамның күнделікті өмірінен, алдында тұрған көкейтесті мәселелерден және мемлекеттің шынайы саясатына алшақ идеяларды қоштап таратушы адамдарды «идеологтар» деп атады. К.Маркс пен Ф.Энгельстің 1845 жылға дейінгі жазылған еңбектерінде де «идеология» деген термин осы мағанада қолданылады. Бұл кезде Германияда Гегельдің философиялық мектебі ыдырап, тұрпай социалистік теориялар пайда болды. Маркс пен Энгельс осындай идея, түсініктердің жиынтығын менсінбей, «неміс идеологиясы» деп атады. 1845 жылдан бастап олар идеология туралы өз түсініктерін қалыптастырды. ХІХ және XX ғасырлардағы идеология туралы айтылған ой-пікірлер маркстік пікірмен ұштасып, сабақтасып жатыр. Маркстік идеологияның мәні туралы түсінігінің қалыптасуында екі кезеңді ажыратуға болады. Бірінші кезеңде идеология өзіндік негізі, тірегі жоқ жалған сана деп түсіндіріледі. Идеологиялық ғылымға, әсіресе, Маркс пен Энгельс қалыптастырған тарихқа материалистік көзқарасқа қарсы қойылады. Олар идеологияға де жатқызады.
Екінші кезең
Идеологияның мәнін пайдаланудың екінші кезеңі К.Маркстің «Капиталды» жазуымен (1857) байланысты. Бұл кезде идеология тілек, мақсат (топтық, таптық және тағы басқа) тұрғысынан шындықты бейнелейтін сана ретінде түсіндірілді. Осылайша идеология дегеніміз жеке тілек, мақсатты ғылым, көркемөнер, мораль, саясат, құқық тілінде көтермелеп өткізу, жұртшылықтың санасына арбап құю. Осы мақсатта ғылым тілінде, ғылыми терминологияға көп жүгінеді. Идеологияландыру саналы түрде және санасыз түрде де жүзеге асырылады. К.Маркс бұл кезде идеологияны тек ғылымға ғана емес, жалпы еркін рухани өндіріске, яғни барынша объективті, сондықтан да жалпы (жеке емес) тілек, мақсатты білдіруге бағытталған танымдық, көркемдік және басқа қызметке қарсы қояды. Экономикалық теория саласында К.Марск:
а) экономикалық шындықты объективті түрде танып білуге ұмтылған классикалық саяси экономияны және
ә) осы теория құралдарын пайдаланып, таптық мүддені анықтап, шындықты танып білуге ұмтылатын тұрпайы саяси экономияны ажыратып көрсетеді.
Сол сияқты К.Маркс ғылым мен идеологияны бір-біріне жалпы, абстракты түрде қарсы қоюға болмайтындығын, ғылымының өзінде идеологияландыру кезеңі, сәті кездесе беретіндігіне көңіл аударады. Осы жайды ол физиократтардың, А.Смит, Д.Рикардо еңбектерін талдау үстінде байқап көрсетеді.
Қорытынды
Идеологияның бұл түсінігі бірінші кезеңде қалыптасқан түсініктен ерекше, сонымен бірге оның негізгі сәттерін де ұмыт қалдырмай қабыл алған. Өз ілімдерін Маркс пен Энгельс жалған сана ретінде идеологияға қарсы қояды, әрі оны объективтік таным және білімнің синонимі ретінде теория не ғылым деп есептеді. Осы жәйді дұрыс түсінбеген В.И.Ленин кейін «ғылыми идеология» деген жаңсақ пікірді ұстанған СОКП «партиялық идеология», «партияның идеологиялық саясатын» тым жоғары көтерді.
Бірақ К.Маркстің кемеңгер ғалым, оның мұрасының уақыт таразысынан өтіп, болашақпен үндесіп жатқан жақтарын да мол екендігін де ұмытпаған жөн. Маркстің идеология туралы айтқандары – соның дәлелі. Сонымен, иделогия бүгін ғана қалыптасқан ұғым емес. Қоғамдық-экономикалық формациялармен, мемлекеттік құрылыспен қатар туып, байланысты дамып келе жатқан табиғи да толассыз қоғамдық құбылыс. Идея, идеология дегеніміз тек қалыптасып қалған қасаң түсінік емес, даму барысында күн тәртібіне қойылып отыратын мақсат-мүдде. Болмаса – идеология дегеніміз белгілі бір мақсатқа бағытталған идеялар жүйесі. Осы идеяларды жүзеге асыру арқылы ұлттық немесе әлеуметтік топтың түпкілікті мақсатқа жетуі көзделеді.Сонымен идеология жеке мүддені қолпаштайтын белгілі бір жүйеге келтіріліп, өңделген көзқарастардың жинтығы болып табылады. Мұндай жүйелерді арнайы идеологиялық қызметкерлер жасайды.
Қазіргі көзқарас
Көп партиялық қоғамда айқын анық бірнеше идеология өмір сүреді. Олардан мемлекеттік идеология жоғары тұрады. Мемлекеттік идеология – бүгінгі күнде үкіметті қолында ұстап отырған партияның идеологиясы. Унитарлық мемлекетте жалыз ресми идеология болады. Ал басқа идеологиялар болса олар қалтарыста өмір сүреді. Егер үкімет қатаң тәртіпті ұстанса, мемлекеттік идеология міндетті, оның идеялары, қағидалары, ұрандары жұрттың барлығы бұлжытпай орындайтын заңға айналады. Мұндай тәртіп орнаған елдерде мемлекеттік идеология екі дәрежеде кездесуі мүмкін. Мысалы, нацистік Германияда мемлекеттік идеология, біріншіден, халық бұқарасына бір талап қойса, екіншіден, элита, ел басшыларына басқа міндет жүктейді. Ал И.В.Сталиннің диктатурасы кезінде біздің елде мемлекеттік идеология қарапайым халық пен басшылардың барлығына бірдей ортақ міндет жүктеді. Сонымен идеология адамдарды саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт таразысынан өткен тәсілі, әлеуметтік мінез-құлыққа қалыптастыру механизмі. Осы тұста бір-екі жанама мәселерге назар аударған жөн. Оның бірі – түсініксіз қоғамдық пікір қалыптасып қалғандай: кешегі коммунистік идеология мен бүгінгі тәуелсіз еліміздің идеологиясы арасында бір бос кеңістік, қуыс (вакуум) пайда болды, қоғам бір кезең идеологиясыз қалды деген қағида. Осының өзі ақиқатқа жата ма деген сұрақ туады.
Өзге пікір
Қарсы пікіршілеріміз сол идеологиялық қуыстың дәлелі ретінде – империялық идеологияның «қазасын», оның өзімен бірге ала кеткен идеологиялық мекемелерін уәж етеді. Идеологияны тек оны ұйымдастырушы, жүргізуші аппараттың қызметінде бағыныштылық жағдайда қоюға бола ма? Жаңа құрылып жатқан идеологиялық бөлім қызметкерлері де әлсін-әлсін сездіріп қалады: міне, енді Президент те түсінді, әкімшіліктерде мойындай бастады, сондықтан ішкі саясат бөлімдері құрылды – идеологияның негізгі нұсқасы салынды, идеологиялық жұмысқа жағдай туа бастады. Осы дәлелдеме де қаншалықты өзін ақтар екен? Бір-ақ мысал келтіре кетелік, коммунистік партияның түкірігі жерге түспей, бір жақты «патшасы» болып, бір орталықтан өзі пішіп, өзі шешіп тұрғанда да жергілікті идеологияны басқарған төрайымдар мен төрағалар арнайы мәжілістер мен жиналыстар, насихатшылар, лекторламен кездесулер төрінің тұрақты «құрметті қонақтары» болғанымен, басым көпшілігі аузын бір ашпастан, идеологиялық иісін де ажыратпастан, қоғамнан өткені ақиқат емес пе? Бүгін де кейбір мәдени-рухани құбылыстар сол өткен кезеңдер ұқсастығын сездіреді. Осындайда «… кешегі идеялық басыбайлылық пен идеократиялық үстемділікті қайта тірілтіп аламаймыз ба деген қауіп басым түсіп жатады».
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ideologiya gr idsa oj pikir ideya logos soz ilim kogamdyk sana Ideolog taptyn nemese kogamdyk toptastyktyn ojyn bildirushi ideyalyk mүddesin korgaushy degen tүsinik Қazak sovet Enciklopediyasynyn 4 tomynda ol taptyn әleumettik toptardyn mүddesin bildiretin kogamdyk sana filosofiyalyk moraldyk estetikalyk zhәne dini kozkarastar men teoriyalardyn zhiyntygy degen anyktama berilgen TarihyAlgash ret ideologiya degen termindi francuz filosofy zhәne ekonomisi 1754 1836 koldandy Ol Ideologiyanyn elementteri degen tort tomdyk enbek zhazgan Onyn pikirinshe ideologiya ideyalar turaly gylym ol barlyk tabigat zhәne kogam turaly gylymdardyn sayasat etika zhәne tagy baska әleumettik kubylystardyn negizine zhatuga tiis Birak ideologiya degen sozdin ken tarauyna sebepker bolgan adam Napoleon Bonapart Ol liberal zhurnalisterdi sayasatshylardy ideologtar dep atap olardy zharatylystanumen ajnalysatyn galymdarga zhәne shynajy әreket iesi belsendi adamdarga karsy kojdy Francuz imperatory sayasi sajkaldykka turaksyz zhәne aldamshy kogamdyk pikirge kop konil audaratyn memlekettik kajratkerlerge zhiirkenishpen kelemezhdep karajtyn Osy kezde kogamnyn kүndelikti omirinen aldynda turgan kokejtesti mәselelerden zhәne memlekettin shynajy sayasatyna alshak ideyalardy koshtap taratushy adamdardy ideologtar dep atady K Marks pen F Engelstin 1845 zhylga dejingi zhazylgan enbekterinde de ideologiya degen termin osy maganada koldanylady Bul kezde Germaniyada Gegeldin filosofiyalyk mektebi ydyrap turpaj socialistik teoriyalar pajda boldy Marks pen Engels osyndaj ideya tүsinikterdin zhiyntygyn mensinbej nemis ideologiyasy dep atady 1845 zhyldan bastap olar ideologiya turaly oz tүsinikterin kalyptastyrdy HIH zhәne XX gasyrlardagy ideologiya turaly ajtylgan oj pikirler markstik pikirmen ushtasyp sabaktasyp zhatyr Markstik ideologiyanyn mәni turaly tүsiniginin kalyptasuynda eki kezendi azhyratuga bolady Birinshi kezende ideologiya ozindik negizi tiregi zhok zhalgan sana dep tүsindiriledi Ideologiyalyk gylymga әsirese Marks pen Engels kalyptastyrgan tarihka materialistik kozkaraska karsy kojylady Olar ideologiyaga de zhatkyzady Ekinshi kezenIdeologiyanyn mәnin pajdalanudyn ekinshi kezeni K Markstin Kapitaldy zhazuymen 1857 bajlanysty Bul kezde ideologiya tilek maksat toptyk taptyk zhәne tagy baska turgysynan shyndykty bejnelejtin sana retinde tүsindirildi Osylajsha ideologiya degenimiz zheke tilek maksatty gylym korkemoner moral sayasat kukyk tilinde kotermelep otkizu zhurtshylyktyn sanasyna arbap kuyu Osy maksatta gylym tilinde gylymi terminologiyaga kop zhүginedi Ideologiyalandyru sanaly tүrde zhәne sanasyz tүrde de zhүzege asyrylady K Marks bul kezde ideologiyany tek gylymga gana emes zhalpy erkin ruhani ondiriske yagni barynsha obektivti sondyktan da zhalpy zheke emes tilek maksatty bildiruge bagyttalgan tanymdyk korkemdik zhәne baska kyzmetke karsy koyady Ekonomikalyk teoriya salasynda K Marsk a ekonomikalyk shyndykty obektivti tүrde tanyp biluge umtylgan klassikalyk sayasi ekonomiyany zhәne ә osy teoriya kuraldaryn pajdalanyp taptyk mүddeni anyktap shyndykty tanyp biluge umtylatyn turpajy sayasi ekonomiyany azhyratyp korsetedi Sol siyakty K Marks gylym men ideologiyany bir birine zhalpy abstrakty tүrde karsy koyuga bolmajtyndygyn gylymynyn ozinde ideologiyalandyru kezeni sәti kezdese beretindigine konil audarady Osy zhajdy ol fiziokrattardyn A Smit D Rikardo enbekterin taldau үstinde bajkap korsetedi ҚorytyndyIdeologiyanyn bul tүsinigi birinshi kezende kalyptaskan tүsinikten erekshe sonymen birge onyn negizgi sәtterin de umyt kaldyrmaj kabyl algan Өz ilimderin Marks pen Engels zhalgan sana retinde ideologiyaga karsy koyady әri ony obektivtik tanym zhәne bilimnin sinonimi retinde teoriya ne gylym dep eseptedi Osy zhәjdi durys tүsinbegen V I Lenin kejin gylymi ideologiya degen zhansak pikirdi ustangan SOKP partiyalyk ideologiya partiyanyn ideologiyalyk sayasatyn tym zhogary koterdi Birak K Markstin kemenger galym onyn murasynyn uakyt tarazysynan otip bolashakpen үndesip zhatkan zhaktaryn da mol ekendigin de umytpagan zhon Markstin ideologiya turaly ajtkandary sonyn dәleli Sonymen idelogiya bүgin gana kalyptaskan ugym emes Қogamdyk ekonomikalyk formaciyalarmen memlekettik kurylyspen katar tuyp bajlanysty damyp kele zhatkan tabigi da tolassyz kogamdyk kubylys Ideya ideologiya degenimiz tek kalyptasyp kalgan kasan tүsinik emes damu barysynda kүn tәrtibine kojylyp otyratyn maksat mүdde Bolmasa ideologiya degenimiz belgili bir maksatka bagyttalgan ideyalar zhүjesi Osy ideyalardy zhүzege asyru arkyly ulttyk nemese әleumettik toptyn tүpkilikti maksatka zhetui kozdeledi Sonymen ideologiya zheke mүddeni kolpashtajtyn belgili bir zhүjege keltirilip ondelgen kozkarastardyn zhintygy bolyp tabylady Mundaj zhүjelerdi arnajy ideologiyalyk kyzmetkerler zhasajdy Қazirgi kozkarasKop partiyalyk kogamda ajkyn anyk birneshe ideologiya omir sүredi Olardan memlekettik ideologiya zhogary turady Memlekettik ideologiya bүgingi kүnde үkimetti kolynda ustap otyrgan partiyanyn ideologiyasy Unitarlyk memlekette zhalyz resmi ideologiya bolady Al baska ideologiyalar bolsa olar kaltarysta omir sүredi Eger үkimet katan tәrtipti ustansa memlekettik ideologiya mindetti onyn ideyalary kagidalary urandary zhurttyn barlygy bulzhytpaj oryndajtyn zanga ajnalady Mundaj tәrtip ornagan elderde memlekettik ideologiya eki dәrezhede kezdesui mүmkin Mysaly nacistik Germaniyada memlekettik ideologiya birinshiden halyk bukarasyna bir talap kojsa ekinshiden elita el basshylaryna baska mindet zhүktejdi Al I V Stalinnin diktaturasy kezinde bizdin elde memlekettik ideologiya karapajym halyk pen basshylardyn barlygyna birdej ortak mindet zhүktedi Sonymen ideologiya adamdardy sayasi zhәne ekonomikalyk mindetterdi sheshuge toptastyru men zhumyldyrudyn uakyt tarazysynan otken tәsili әleumettik minez kulykka kalyptastyru mehanizmi Osy tusta bir eki zhanama mәselerge nazar audargan zhon Onyn biri tүsiniksiz kogamdyk pikir kalyptasyp kalgandaj keshegi kommunistik ideologiya men bүgingi tәuelsiz elimizdin ideologiyasy arasynda bir bos kenistik kuys vakuum pajda boldy kogam bir kezen ideologiyasyz kaldy degen kagida Osynyn ozi akikatka zhata ma degen surak tuady Өzge pikirҚarsy pikirshilerimiz sol ideologiyalyk kuystyn dәleli retinde imperiyalyk ideologiyanyn kazasyn onyn ozimen birge ala ketken ideologiyalyk mekemelerin uәzh etedi Ideologiyany tek ony ujymdastyrushy zhүrgizushi apparattyn kyzmetinde bagynyshtylyk zhagdajda koyuga bola ma Zhana kurylyp zhatkan ideologiyalyk bolim kyzmetkerleri de әlsin әlsin sezdirip kalady mine endi Prezident te tүsindi әkimshilikterde mojyndaj bastady sondyktan ishki sayasat bolimderi kuryldy ideologiyanyn negizgi nuskasy salyndy ideologiyalyk zhumyska zhagdaj tua bastady Osy dәleldeme de kanshalykty ozin aktar eken Bir ak mysal keltire ketelik kommunistik partiyanyn tүkirigi zherge tүspej bir zhakty patshasy bolyp bir ortalyktan ozi piship ozi sheship turganda da zhergilikti ideologiyany baskargan torajymdar men toragalar arnajy mәzhilister men zhinalystar nasihatshylar lektorlamen kezdesuler torinin turakty kurmetti konaktary bolganymen basym kopshiligi auzyn bir ashpastan ideologiyalyk iisin de azhyratpastan kogamnan otkeni akikat emes pe Bүgin de kejbir mәdeni ruhani kubylystar sol otken kezender uksastygyn sezdiredi Osyndajda keshegi ideyalyk basybajlylyk pen ideokratiyalyk үstemdilikti kajta tiriltip alamajmyz ba degen kauip basym tүsip zhatady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9