Өсімдік тектес ою-өрнектер — ою-өрнектің негізгі композияциялық түрі.
Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырықтар, жапырақшалар, үш жапырақты өсімдіктер, бүршіктер және гүлдер. Мысалы, «гүл» өрнегі — гүлдердің барлық түрінің символы. Шебер әйелдер киім - кешектерді әшекейлеуде өсімдікті өрнектерді жиі қолданады.
Келесі өрнектің бірі — «табақ». Ол күрделі композициядан тұрады, яғни ортасында гүлдер, жапырақтар, шырмауықтар орналасады да, жиегі «су» өрнегімен әшекейленеді. «Табақ» көбінесе ас ұй жиһаздарында мен тұскиіздерді, аяққаптар (ыдыс -аяққа арналып киізден жасалған дорба үлгісіндегі қап, ол уық пен керегеге ілінеді) мен дастарқандарды әшекейлеуде пайдаланылады.
Кілемдердің барлығы өсімдік тектес ою - өрнекке өте бай. Кейде аралас өрнектермен әшекейленген бұйымдар да кездеседі. Оның жарқын үлгісі — киіз үй. Киіз үй іші ерекше талғаммен жасалған. Ою - өрнекпен әшекейленген жиһаз, ыдыс - аяқ, шиден жасалған өрнекті тоқыма, кесте бұйымдар, қабырға кілемдерді, тұскиіздер мен перделер киіз үйдің ішін жайнатып жібереді
Дереккөздер
- „Сен білесің бе?“ энцеклопедиясы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өsimdik tektes oyu ornekter oyu ornektin negizgi kompoziyaciyalyk tүri Sheberler oz bujymdaryn sәndeude osimdikter men gүlderdin suretterin kop koldangan Mundaj ornekter is zhүzinde әlemdegi barlyk halyktyn mәdenietinde kezdesedi Өsimdik tektes oyular kazaktyn koldanbaly shygarmashylygynda lajykty oryn alady Olar zhapyryktar zhapyrakshalar үsh zhapyrakty osimdikter bүrshikter zhәne gүlder Mysaly gүl ornegi gүlderdin barlyk tүrinin simvoly Sheber әjelder kiim keshekterdi әshekejleude osimdikti ornekterdi zhii koldanady Kelesi ornektin biri tabak Ol kүrdeli kompoziciyadan turady yagni ortasynda gүlder zhapyraktar shyrmauyktar ornalasady da zhiegi su ornegimen әshekejlenedi Tabak kobinese as uj zhiһazdarynda men tuskiizderdi ayakkaptar ydys ayakka arnalyp kiizden zhasalgan dorba үlgisindegi kap ol uyk pen keregege ilinedi men dastarkandardy әshekejleude pajdalanylady Kilemderdin barlygy osimdik tektes oyu ornekke ote baj Kejde aralas ornektermen әshekejlengen bujymdar da kezdesedi Onyn zharkyn үlgisi kiiz үj Kiiz үj ishi erekshe talgammen zhasalgan Oyu ornekpen әshekejlengen zhiһaz ydys ayak shiden zhasalgan ornekti tokyma keste bujymdar kabyrga kilemderdi tuskiizder men perdeler kiiz үjdin ishin zhajnatyp zhiberediDerekkozder Sen bilesin be enceklopediyasy