Кенен Әзірбаев (1884 жылғы 19 маусымда, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ елді мекенінде дүниеге келген - 1976 жылғы 12 сәуірде Жамбыл облысы, Қордай ауданында, сол кездегі Киров колхозында (қазіргі Кенен ауылы) қайтыс болды) — қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Балалары: Төрткен (Төрткемпірбіршал), Көркемжан, Бақытжан, Ақтамақ, Ақбілек.
Өмірбаяны
Дулат тайпасының Жаныс руынан. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «маусым жарлығы», сонымен сабақтас 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, одан соңғы Қазан төңкерісі, ұжымдастыру науқаны, халық дәулетінің жаппай тәркіленуі, халықты қынадай қырып кеткен ашаршылық, репрессия , соғыс, одан кейінгі тың игеру мен екпінді құрылыстар салу барысындағы желбуаз ұраншылдық сияқты халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында болды. Жай сырттай бақылаушы емес, сол тарихи оқиғаларға Кенен сергек араласып, өзінің азаматтық позициясын бойындағы буырқанған дарыны арқылы айғақтап отырды. Бұл ретте, Кененнің әнші, ақын, жырау, күйші ретіндегі алуан арналы шығармаларын өзі өмір сүрген заманының жанды шежіресі деуге болады. Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі туындатып, бұған қоса асқан шеберлікпен өзі орындаған біртуар дарын иесі. 10 жасында қолына домбыра алып ән сала бастаған. 11 жасында өзінің тұңғыш әні "Ри, қойым", 13 жасында атақты "Бозторғай" әндерін шығарды. Халықтың көңілін елең еткізген бұл ән тез арада бүкіл қазақ даласына тарады. Бала Кененнің аты қырғыз-қазаққа мәлім болып, "Боздаланың бозторғайы" атанды. Сондай-ақ, екі жүздей лирикалық, дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды таңды-таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға. Ол ән мен жырдың кеніші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы. Кененнің дарын тегеуріні қазақтың ән өнерін әуендік интонациялық жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктерге көтеріп, тақырып аясына тарихи-әлеуметтік тың мазмұн дарытып, соны өрістерге алып шықты. Оның «Бозторғай», « Көкшолақ», «Бұлбұлға», «Он алтыншы жыл» сияқты әндері әуендік толымды жаңалықтарына қоса, бітім-құрылысы мен тақырыбы тұрғысынан да өзіндік төл сипатымен дараланады. Бұл әндердің қай-қайсысының да астарында уақыт тынысына қоса, ең алдымен Кененнің өзінің тарихи түйсік-зердесі, жалтағы жоқ болмысы аңғарылады. Мәселен, 16-шы жылғы толқудан көп бұрын дүниеге келген «Бұлбұлға» өлеңінде бұлбұлмен мұңдаса отырып, «Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр» деген сөзді айту үшін ыза-кекке қоса, сол кездегі іріп-шіріген саяси ахуалды түсінетін көреген зерде керек қой. Немесе, күндей күркіреген Отан соғысының алғашқы күндерінде-ақ Алатаудың ақиық қыранындай саңқылдап, «Біздің Отан жеңеді!» деп жар салуы – ерге лайық жалтақсыз сенімнің, ақынға лайық оптимизмнің , ақылгөйге лайық көрегендіктің айғағы болса керек.
Ақынға құрмет
Кенен Әзірбаевтың есімі:
- Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылында орналасқан жалпы орта білім беретін №15 орта мектебіне;
- Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында орналасқан мектебіне;
- Жамбыл облысы, Қордай ауданы, "Отар" станциясындағы №41 орта мектебіне;
- Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қожамберді ауылында орналасқан орта мектебіне берілді.
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Шымкент және т.б. қалалар мен аудандарда көше берілді
- 2001 жылдан бері Тараз қаласында екі жылда бір рет Кенен Әзірбаев атындағы "Шырқа, даусым!" атты Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтіп тұрады
- 2009 жылы ақынның 125 жылдық мерейтойына Кенен Әзірбаевқа арналған Қазақстанның пошта маркасы шығарылды
- 2011 жылы ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы "Алатаудың ақиығы" атты деректі фильм түсірілді
- 2013 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды
- 2016 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында "Тұлғалар тұғыры" мемориалдық кешені ашылды
- 2018 жылы Кенен Әзірбаевтың құрметіне ресми сайт ашылды
- 2018 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық филармониясына Кенен Әзірбаевтың есімі берілді
- 2019 жылы Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының алдына ескерткіш қойылды
- Жамбыл облысы, Қордай ауданында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен деп аталады. Онда Кенен Әзірбаев атындағы әдеби-мемориалдық музейі жұмыс істейді. Музейдің алдында ескерткіш орнатылған.
- Ақынның 100, 110, 120, 125, 135 жылдық мерейтойлары Республикалық деңгейде үзбей тойланып келеді.
- Кенен Әзірбаевтың шығармашылығы мен өмірі туралы жазылған кітаптар: "Әке рухымен сырласу", "Кенен", "Екі Кенен тумайды", "Әке рухына тағзым", "Ұлы дала жыршысы"
Кенен Әзірбаев артына өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз. Ақиық ақынның өлмес өлең-жырлары мен әсем ән-күйлері халықпен бірге мәңгі жасай бермек.
Марапаттары
- "Ленин" ордені - 1974 ж.
- "Еңбек Қызыл Ту" ордені - 1967 ж.
- "Құрмет белгісі" ордені - 1959 ж.
- "Құрмет белгісі" ордені - 1945 ж.
- Жеті рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен және көптеген медальдармен марапатталған
- Қазақ ССР-ның Халық ақыны - 1961 ж.
- Қазақ ССР-ның Еңбек сіңірген өнер қайраткері - 1956 ж.
- ҚСРО Композиторлар Одағының мүшесі - 1939 ж.
- ҚСРО Жазушылар Одағының мүшесі - 1937 ж.
Шығармалары:
- Өлеңдер жинағы, а., 1947;
- "Әли батыр", а., 1951, 1986;
- Өлеңдері мен дастандары, а., 1953;
- Әндері, а., 1955;
- Өлеңдері мен дастандары және тексттері, а., 1961;
- Шығармалар жинағы, а., 1967;
- "Ақындар сыры", а., 1969, 2002;
- Таңдамалы шығармалары, а., 1974;
- Бозторғай, а., 1977;
- Тандамалы әндері, а., 1984.
- 5 томдық шығармалар жинағы, 2008 ж.
- 5 томдық шығармалар жинағы, 2017 ж.
Дереккөздер
- https://okg.kz/post?id=19153&slug=kenen-urpaqtary-%E2%80%93-qazygurtta
- Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Жаныс — Алматы: Өнер, 2004. — 992 б. — ISBN 9965-595-78-Х.
- Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев..
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kenen Әzirbaev 1884 zhylgy 19 mausymda kazirgi Almaty oblysy Zhambyl audany Mәtibulak eldi mekeninde dүniege kelgen 1976 zhylgy 12 sәuirde Zhambyl oblysy Қordaj audanynda sol kezdegi Kirov kolhozynda kazirgi Kenen auyly kajtys boldy kazaktyn әjgili halyk akyny zhyrau sal serilik dәstүrdin sony әnshi zhәne kompozitor Қazakstannyn enbek sinirgen oner kajratkeri K Әzirbaev Balalary Tortken Tortkempirbirshal Korkemzhan Bakytzhan Aktamak Akbilek ӨmirbayanyDulat tajpasynyn Zhanys ruynan Ғasyrga zhuyk gumyr keshken Kenen ozi omir sүrgen zamandagy әjgili mausym zharlygy sonymen sabaktas 1916 zhylgy ult azattyk kozgalys odan songy Қazan tonkerisi uzhymdastyru naukany halyk dәuletinin zhappaj tәrkilenui halykty kynadaj kyryp ketken asharshylyk repressiya sogys odan kejingi tyn igeru men ekpindi kurylystar salu barysyndagy zhelbuaz uranshyldyk siyakty halyk tagdyryna tүbegejli ozgeris engizgen tarihi okigalardyn bel ortasynda boldy Zhaj syrttaj bakylaushy emes sol tarihi okigalarga Kenen sergek aralasyp ozinin azamattyk poziciyasyn bojyndagy buyrkangan daryny arkyly ajgaktap otyrdy Bul rette Kenennin әnshi akyn zhyrau kүjshi retindegi aluan arnaly shygarmalaryn ozi omir sүrgen zamanynyn zhandy shezhiresi deuge bolady Ol oz gumyrynda zhүzden asa әn shygaryp onyn olenin de ozi tuyndatyp bugan kosa askan sheberlikpen ozi oryndagan birtuar daryn iesi 10 zhasynda kolyna dombyra alyp әn sala bastagan 11 zhasynda ozinin tungysh әni Ri kojym 13 zhasynda atakty Boztorgaj әnderin shygardy Halyktyn konilin elen etkizgen bul әn tez arada bүkil kazak dalasyna tarady Bala Kenennin aty kyrgyz kazakka mәlim bolyp Bozdalanyn boztorgajy atandy Sondaj ak eki zhүzdej lirikalyk didaktikalyk arnaular men tolgaulardyn avtory Onyn repertuarynda ondagan epikalyk zhyr dastan bolgan Sol zhyr dastandardy tandy tanga uryp zhyrlap tyndaushysynyn kulak kuryshyn kandyryp halyktyn ruhani ujtkysy bolgan tulga Ol әn men zhyrdyn kenishi atangan Zhetisudyn gana emes isi kazaktyn әnshilik kүjshilik akyndyk zhyrshylyk sal serilik dәstүrin teren igergen oner tarlany Kenennin daryn tegeurini kazaktyn әn onerin әuendik intonaciyalyk zhagynan bajytyp әnnin tүr tulgasyn zhana biikterge koterip takyryp ayasyna tarihi әleumettik tyn mazmun darytyp sony oristerge alyp shykty Onyn Boztorgaj Koksholak Bulbulga On altynshy zhyl siyakty әnderi әuendik tolymdy zhanalyktaryna kosa bitim kurylysy men takyryby turgysynan da ozindik tol sipatymen daralanady Bul әnderdin kaj kajsysynyn da astarynda uakyt tynysyna kosa en aldymen Kenennin ozinin tarihi tүjsik zerdesi zhaltagy zhok bolmysy angarylady Mәselen 16 shy zhylgy tolkudan kop buryn dүniege kelgen Bulbulga oleninde bulbulmen mundasa otyryp Қangyrtkan ekeumizdi patsha kurgyr degen sozdi ajtu үshin yza kekke kosa sol kezdegi irip shirigen sayasi ahualdy tүsinetin koregen zerde kerek koj Nemese kүndej kүrkiregen Otan sogysynyn algashky kүnderinde ak Alataudyn akiyk kyranyndaj sankyldap Bizdin Otan zhenedi dep zhar saluy erge lajyk zhaltaksyz senimnin akynga lajyk optimizmnin akylgojge lajyk koregendiktin ajgagy bolsa kerek Akynga kurmetKenen Әzirbaevtyn esimi Almaty oblysy Ile audany Boraldaj auylynda ornalaskan zhalpy orta bilim beretin 15 orta mektebine Almaty oblysy Қarasaj audany Rajymbek auylynda ornalaskan mektebine Zhambyl oblysy Қordaj audany Otar stanciyasyndagy 41 orta mektebine Tүrkistan oblysy Қazygurt audany Қozhamberdi auylynda ornalaskan orta mektebine berildi Nur Sultan Almaty Taraz Shymkent zhәne t b kalalar men audandarda koshe berildi 2001 zhyldan beri Taraz kalasynda eki zhylda bir ret Kenen Әzirbaev atyndagy Shyrka dausym atty Respublikalyk dәstүrli әnshiler konkursy otip turady 2009 zhyly akynnyn 125 zhyldyk merejtojyna Kenen Әzirbaevka arnalgan Қazakstannyn poshta markasy shygaryldy 2011 zhyly akynnyn shygarmashylygy men omiri turaly Alataudyn akiygy atty derekti film tүsirildi 2013 zhyly Almaty kalasynda eskertkish ornatyldy 2016 zhyly Zhambyl oblysy Қordaj audanynda Tulgalar tugyry memorialdyk kesheni ashyldy 2018 zhyly Kenen Әzirbaevtyn kurmetine resmi sajt ashyldy 2018 zhyly Taraz kalasyndagy Zhambyl oblystyk filarmoniyasyna Kenen Әzirbaevtyn esimi berildi 2019 zhyly Kenen Әzirbaev atyndagy Zhambyl oblystyk filarmoniyasynyn aldyna eskertkish kojyldy Zhambyl oblysy Қordaj audanynda akyn uzak zhyldar bojy turgan eldi meken dep atalady Onda Kenen Әzirbaev atyndagy әdebi memorialdyk muzeji zhumys istejdi Muzejdin aldynda eskertkish ornatylgan Akynnyn 100 110 120 125 135 zhyldyk merejtojlary Respublikalyk dengejde үzbej tojlanyp keledi Kenen Әzirbaevtyn shygarmashylygy men omiri turaly zhazylgan kitaptar Әke ruhymen syrlasu Kenen Eki Kenen tumajdy Әke ruhyna tagzym Ұly dala zhyrshysy Kenen Әzirbaev artyna olmes mol mura kaldyryp halyktyn gasyrlar bojy kalyptaskan ruhani asyl kazynalaryn bүgingi omirimen sabaktastyruga olsheusiz үles koskan onerpaz Akiyk akynnyn olmes olen zhyrlary men әsem әn kүjleri halykpen birge mәngi zhasaj bermek Marapattary Lenin ordeni 1974 zh Enbek Қyzyl Tu ordeni 1967 zh Қurmet belgisi ordeni 1959 zh Қurmet belgisi ordeni 1945 zh Zheti ret Қazak SSR Zhogargy Sovetinin Қurmet gramotasymen zhәne koptegen medaldarmen marapattalgan Қazak SSR nyn Halyk akyny 1961 zh Қazak SSR nyn Enbek sinirgen oner kajratkeri 1956 zh ҚSRO Kompozitorlar Odagynyn mүshesi 1939 zh ҚSRO Zhazushylar Odagynyn mүshesi 1937 zh Shygarmalary Өlender zhinagy a 1947 Әli batyr a 1951 1986 Өlenderi men dastandary a 1953 Әnderi a 1955 Өlenderi men dastandary zhәne tekstteri a 1961 Shygarmalar zhinagy a 1967 Akyndar syry a 1969 2002 Tandamaly shygarmalary a 1974 Boztorgaj a 1977 Tandamaly әnderi a 1984 5 tomdyk shygarmalar zhinagy 2008 zh 5 tomdyk shygarmalar zhinagy 2017 zh Derekkozderhttps okg kz post id 19153 amp slug kenen urpaqtary E2 80 93 qazygurtta Baspa bas direktory Әshirbek Kopish Bәjdibek baba Alyp bәjterek urpaktarynyn shezhiresi Zhanys Almaty Өner 2004 992 b ISBN 9965 595 78 H Қazak shezhiresi 2 tom Orta zhүz zhan arys Tenizbaj Үsenbaev Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz