Қытай ғылым академиясы – ҚХР-дің барлық ғылым саласындағы зерттеу жұмыстарын координациялайтын және ғылыми-зерттеу институттарына басшылық ететін жоғары ғылыми мекемесі. Қытай ғылым академиясы Нанкиндегі Орталық ғылыми-зерттеу академиясы мен Пекиндегі ғылыми-зерттеу академиясын біріктіру негізінде 1949 жылы қарашада құрылды.
Академияның бөлімдеріне және құрамы сайланатынпрезидент, 6 вице-президент пен бас хатшылардан тұратын Тұрақты комитетке Академиялық кеңес басшылық етеді. 1949 жылдары Қытай ғылым академиясының қарауында 16 ғылыми-зерттеу институты, 6 зертхана, 224 ғылыми қызметкер болды.
Кеңестік тәжірибені ескере отырып, Қытай ғылым академиясы өз жұмысын үш бағытта құрды: елдегі ғылыми жұмыстарға басшылық ету; ғылыми ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту; шетелдік ғылым мен техникалық жетістіктерін зерттеп отыру. Зерттеу жұмыстарын өрістету және кадр даярлауда Қытай ғылым академиясына үлкен көмек көрсетті. 1954 жылы Қытай ғылым академиясы құрамында 4 бөлім болды: физика, химия және математика ғылымдары; биология ғылымдары және Жер туралы ғылым (1957 жылы ол биология және геология-география ғылымдары бойынша 2 бөлімге бөлінген); техника ғылымдары; қоғамдық ғылымдар. Алғашқы жылдары Қытай ғылым академиясының филиалдары Шанхай, Нанкин, Куньминде ғана болды.
1958 жылы ҚХР үкіметі провинция сайын, сондай-ақ автоном. аудандарда Академияның филиалдарын құру туралы шешім қабылдап, 1959 жылдың соныңда оның саны 26-ға жеткен-ді. Бірақ 1961-62 жылдары провинциялық филиалдары таратылып, 5 аудандық филиал ғана қалды. Ғылыми-зерттеу институттарының саны 1962 жылы 110-ға, ғылыми қызметкерлердің саны 8 мыңға жетті. Оның ішінде мың шақты адам ғылыми дәрежеге ие болған. Қытай ғылым академиясының 1967 жылы 10 мыңға жуық қызметкері болды, оның жартысына жуығы ғылыми қызметкерлер. Қытай ғылым академиясы құрамына Атом энергиясы жөніндегі комитет, ғылыми-техникалық университитет (ғылыми кадрлар даярлайды), Ғылыми және техникалық информация институты, арнаулы ғылыми-зерттеулік институттарына басшылық ететін түрлі ғылым саласындағы комитеттер кіреді.
Дереккөздер
- Қазақ совет энцеклопедиясы. 7 том.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Chinese Academy of Sciences |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қytaj gylym akademiyasy ҚHR din barlyk gylym salasyndagy zertteu zhumystaryn koordinaciyalajtyn zhәne gylymi zertteu instituttaryna basshylyk etetin zhogary gylymi mekemesi Қytaj gylym akademiyasy Nankindegi Ortalyk gylymi zertteu akademiyasy men Pekindegi gylymi zertteu akademiyasyn biriktiru negizinde 1949 zhyly karashada kuryldy Akademiyanyn bolimderine zhәne kuramy sajlanatynprezident 6 vice prezident pen bas hatshylardan turatyn Turakty komitetke Akademiyalyk kenes basshylyk etedi 1949 zhyldary Қytaj gylym akademiyasynyn karauynda 16 gylymi zertteu instituty 6 zerthana 224 gylymi kyzmetker boldy Kenestik tәzhiribeni eskere otyryp Қytaj gylym akademiyasy oz zhumysyn үsh bagytta kurdy eldegi gylymi zhumystarga basshylyk etu gylymi ujymdar arasyndagy karym katynasty nygajtu sheteldik gylym men tehnikalyk zhetistikterin zerttep otyru Zertteu zhumystaryn oristetu zhәne kadr dayarlauda Қytaj gylym akademiyasyna үlken komek korsetti 1954 zhyly Қytaj gylym akademiyasy kuramynda 4 bolim boldy fizika himiya zhәne matematika gylymdary biologiya gylymdary zhәne Zher turaly gylym 1957 zhyly ol biologiya zhәne geologiya geografiya gylymdary bojynsha 2 bolimge bolingen tehnika gylymdary kogamdyk gylymdar Algashky zhyldary Қytaj gylym akademiyasynyn filialdary Shanhaj Nankin Kunminde gana boldy 1958 zhyly ҚHR үkimeti provinciya sajyn sondaj ak avtonom audandarda Akademiyanyn filialdaryn kuru turaly sheshim kabyldap 1959 zhyldyn sonynda onyn sany 26 ga zhetken di Birak 1961 62 zhyldary provinciyalyk filialdary taratylyp 5 audandyk filial gana kaldy Ғylymi zertteu instituttarynyn sany 1962 zhyly 110 ga gylymi kyzmetkerlerdin sany 8 mynga zhetti Onyn ishinde myn shakty adam gylymi dәrezhege ie bolgan Қytaj gylym akademiyasynyn 1967 zhyly 10 mynga zhuyk kyzmetkeri boldy onyn zhartysyna zhuygy gylymi kyzmetkerler Қytaj gylym akademiyasy kuramyna Atom energiyasy zhonindegi komitet gylymi tehnikalyk universititet gylymi kadrlar dayarlajdy Ғylymi zhәne tehnikalyk informaciya instituty arnauly gylymi zertteulik instituttaryna basshylyk etetin tүrli gylym salasyndagy komitetter kiredi DerekkozderҚazak sovet enceklopediyasy 7 tom Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Chinese Academy of Sciences