Қыр суреттері — Мұхтар Әуезовтың шығармасы. Кешкі дөң басында, Түнгі ауыл, Қысқы түн, Қысты күнгі дала — деген ұсақ әңгімелерінен тұрады. Кітап-жинақтың көбіне Түнгі ауыл әңгімесі енбей, қалған үш әңгіме ғана жарияланып жүреді.
Алғаш рет Кешкі дөң басында 1922 жылы «Шолпан» журналының екінші-үшінші сандарында «Қоңыр» деген басылды, Қысқы түн мен Қысты күнгі дала 1923 жылы журналдың төртінші-бесінші сандарында авторы «Жаяусал» деп беріліп, жарияланды. Кейін жазушының 12 томдық (1967) және 20 томдық (1979) шығармалар жинақтарының бірінші томдарында басылды, «Қилы заман» (1975) жинағына да кірді. Алғашқы нұсқаларынан кейінгі басылымдарда сәл өзгешеліктер мен түзетулер бар.
Бұл шығармада Әуезов қазақтың қырдағы өмірін, қазақ даласының көркем көріністерін, жазғы мен қысқы пейзаждарын асқан шеберлікпен суреттейді:
«Ауылдардың аралары жақын. Бәрінің де айналасы неше түлік мал. Кешкі жайылыстары бір-бірімен қосылып жатыр. Әрбір үйдің жер ошағынан будақтап, бықсып шығып жатқан түтіндері кейде аспанға шығып, кейде өлкеге жайылып тарайды... Ауылдардың арасымен жасыл сайды жарып аққан жіңішке өзен. Кейде тура ағып, кейде иіріліп, бұраң-шимай жасайды. Жаңа жамыраған қозылар енелерімен бірге, у-шуынан басылып, ауылдардың екі жағындағы адырларға тырағайлап өріп барады.»
«Биік тауға екпіндеп ойнап шығып, шың басындағы өнеріне сүйсінгендей ойнақ салып, етекке қарай ысқырып құлап жөнелгенде, долы дауыл сай бойында жын-перінің күйіне билегендей болады. Ағындап құтырып келіп, жартасқа соғып шаңын аспанға шығарып, ақ көбігін атқытып, шабынады. Біресе жабысып келіп құшақтап, жарығына кіріп ысқырып, тербетіп, оятпақшы болады. Кейде одан өтіп, өзектегі қалтырап жаурап тұрған жас тоғайға келіп, жерге шейін басын игізіп, тәжім еткізіп, арасынан суылдап, бұраң қағып, ойнап өтеді. Кей-кейде бұның бәрін тастап, ұрысайға тығылып отырған кішкене қораның үстіне келіп, ақ түтек болып ұйтқып, ойнағын салып, жер жүзінен жоғалтпақшы болады. Суық болып үскіріп, боран болып аласұрып, әлсіз адамға қыр көрсеткендей қаһарланады.»
Шығармада Әуезов табиғаттың объективті суреттемесін ұсынады, бірақ реализм құбылысының ішінде романтизм элементтерін үйлесе қолданып жүреді, және бұны жазушының стильдік өзгешелігі деп тануға болады. Сонымен қатар, жазушы үстем тап озбырлығынан қан қақсаған қазақ қыздарының трагедиясын жанашырлықпен көрсетеді.
Дереккөздер
- Ә.Наурызбай. Мұхтар Әуезов шығармаларындағы сентименталистік эстетика — Adebiportal.kz, 18.09.2017
- Р.С.Каренов. Мұхтар Әуезовтің өткен ғасырдың 20-40-шы жылдардағы негізгі көркем туындылары, 2018.
Сілтемелер
- Аудиоқойылым
- 20 томдық шығармалар жинағы: 1-ші том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyr suretteri Muhtar Әuezovtyn shygarmasy Keshki don basynda Tүngi auyl Қysky tүn Қysty kүngi dala degen usak әngimelerinen turady Kitap zhinaktyn kobine Tүngi auyl әngimesi enbej kalgan үsh әngime gana zhariyalanyp zhүredi Algash ret Keshki don basynda 1922 zhyly Sholpan zhurnalynyn ekinshi үshinshi sandarynda Қonyr degen basyldy Қysky tүn men Қysty kүngi dala 1923 zhyly zhurnaldyn tortinshi besinshi sandarynda avtory Zhayausal dep berilip zhariyalandy Kejin zhazushynyn 12 tomdyk 1967 zhәne 20 tomdyk 1979 shygarmalar zhinaktarynyn birinshi tomdarynda basyldy Қily zaman 1975 zhinagyna da kirdi Algashky nuskalarynan kejingi basylymdarda sәl ozgeshelikter men tүzetuler bar Bul shygarmada Әuezov kazaktyn kyrdagy omirin kazak dalasynyn korkem korinisterin zhazgy men kysky pejzazhdaryn askan sheberlikpen surettejdi Auyldardyn aralary zhakyn Bәrinin de ajnalasy neshe tүlik mal Keshki zhajylystary bir birimen kosylyp zhatyr Әrbir үjdin zher oshagynan budaktap byksyp shygyp zhatkan tүtinderi kejde aspanga shygyp kejde olkege zhajylyp tarajdy Auyldardyn arasymen zhasyl sajdy zharyp akkan zhinishke ozen Kejde tura agyp kejde iirilip buran shimaj zhasajdy Zhana zhamyragan kozylar enelerimen birge u shuynan basylyp auyldardyn eki zhagyndagy adyrlarga tyragajlap orip barady Biik tauga ekpindep ojnap shygyp shyn basyndagy onerine sүjsingendej ojnak salyp etekke karaj yskyryp kulap zhonelgende doly dauyl saj bojynda zhyn perinin kүjine bilegendej bolady Agyndap kutyryp kelip zhartaska sogyp shanyn aspanga shygaryp ak kobigin atkytyp shabynady Birese zhabysyp kelip kushaktap zharygyna kirip yskyryp terbetip oyatpakshy bolady Kejde odan otip ozektegi kaltyrap zhaurap turgan zhas togajga kelip zherge shejin basyn igizip tәzhim etkizip arasynan suyldap buran kagyp ojnap otedi Kej kejde bunyn bәrin tastap urysajga tygylyp otyrgan kishkene koranyn үstine kelip ak tүtek bolyp ujtkyp ojnagyn salyp zher zhүzinen zhogaltpakshy bolady Suyk bolyp үskirip boran bolyp alasuryp әlsiz adamga kyr korsetkendej kaһarlanady Shygarmada Әuezov tabigattyn obektivti surettemesin usynady birak realizm kubylysynyn ishinde romantizm elementterin үjlese koldanyp zhүredi zhәne buny zhazushynyn stildik ozgesheligi dep tanuga bolady Sonymen katar zhazushy үstem tap ozbyrlygynan kan kaksagan kazak kyzdarynyn tragediyasyn zhanashyrlykpen korsetedi DerekkozderӘ Nauryzbaj Muhtar Әuezov shygarmalaryndagy sentimentalistik estetika Adebiportal kz 18 09 2017 R S Karenov Muhtar Әuezovtin otken gasyrdyn 20 40 shy zhyldardagy negizgi korkem tuyndylary 2018 SiltemelerAudiokojylym 20 tomdyk shygarmalar zhinagy 1 shi tom