Қожаберген жырау — Орта жүз Ашамайлы Керейден тарайтын Көшебе руынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген Толыбайұлының есімі ежелден еліне белгілі болғанымен, соңғы уақыттарға дейін түрлі себептермен әдебиет тарихына енбей, қағаберіс қалып келді.
Қожаберген Жырау | |
---|---|
Қожаберген Жырау | |
Дүниеге келгені: | қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген |
Қайтыс болғаны: | Жамбыл, Қазақстан |
Ұлты: | қазақ |
Мансабы: | ақын,жырау |
Өмірбаян
Қожаберген 1663 жылы, қоян жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген.
Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Сондай-ақ, шежіреші, білімдар адам болған. Қазақ шаңырағында туған. Анасы Ақбілек Орта жүз, Арғын Айдабол бидің қызы.
Қожаберген қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата-тек» деген дастанын шығарды. Өз аулында мешіт-медресе ашып, бала оқытып, ислам дінін насихаттайды, шеберхана салдырып, елді қол өнеріне баулып, егін салуды қолға алады.
1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожабергенді Ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы, әрі бас ақын етіп сайлайды. Ол сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси хал-ахуалын жете біліп, әрдайым өз жырларына арқау етіп отырған. Қожаберген батырдың жан-жақты қабілеті бар дарабоз тұлға екендігіне қоса, оның елші әрі сынықшы болғаны жайлы да деректер бар. Оған ақынның «Елшілік» деген өлеңі дәлел.
Қожабергеннің әдеби мұрасын жинап, сақтаған — Сегіз Сері. Ол жыраудың «Елім-ай», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр» т.б. төлтума шығармаларын жинап, бізге жеткізген. Осы дастандарының бәрінде де ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырып, қазақ халқының бірігіп, іргелі ел болуын армандап, соны жырға қосады. Бұл жағынан алғанда, Қожабергеннің жыр еткен тақырыбының саяси жағынан өте маңызды екенін көреміз.
«Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлерін шығаруы Қожабергенді күйшілік қырынан танытады. Атынан белгілі болып отырғанындай, күйлерінің тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезең. Жырау сол кездегі халық зарын күй тіліне айналдырады.
Қожабергеннің ақындық талантын танытқан, тарихқа атын қалдырған «Елім-ай» жыр-дастаны. Ел басына түскен ауыр апатты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңін жыр тіліне көшірген. Шығарма 7 бөлімнен тұратын 3683 шумақ, яғни 14732 жол өлең. Қазақ әдебиетінде 11 буынды, 4 тармақты, қара өлең ұйқасымен шығарма жазудың негізін салушы осы Қожаберген жырау десек, қателеспейміз. Оның көлемді дастандарының бәрі бұған дәлел бола алады. Жыраудың бұл дәстүрін кейін оның інісі Дәстем салдың немересі Жанкісі ақын, шәкірттері Көтеш, Жанақ ақындар одан әрі дамытып әкеткені белгілі.
Әдебиет
- Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы.—«Қазақ тарихы»,1995,6; Керей хан.— «Егемен
- Қазақстан»,1997, 22 наурыз; Жәнібек хан.- «Егемен Қазақстан», 1997, 14 маусым.
- Кекілбаев Ә. Елдік пен ерлік киесі.- «Егемен Қазақстан»,1997, 14 наурыз.
- Қаратаев Т. Әбілхайыртанудың кейбір «ақтаңдақ» беттері.- «Қазақ әдебиеті»,1998, 11 желтоқсан.
- Салғараұлы Қ. Ақ орда ма, көк орда ма.- «Ана тілі», мешін жылы, 2 сәуір.
- Сарай Ә. «Қазақ» атауының ізімен.- Кітапта: «Қазақ тарихынан», А., 1997, 353- 398 беттер.
- Сейдімбек А. Елі үшін туған ер.- «Жас алаш», 1998, 8 қыркүйек.
- Сағынбекұлы Р. Рухани нәр. «Алматы ақшамы», 1996, 7- 9 қазан.
Дереккөздер
- Нұржекеұлы Б. Қазыбек бек және қазақ тарихы.—Кітапта: «Қазақ тарихынан». А., 1997, 427- 455 беттер.
- Нұрпейісов Т. Үш ғасырлық отарлау.— «Ана тілі»,1996, 7 қараша.
- Исабай Қ. Әбілқайыр хан қазақ тізгінін кімге ұстатқан.— «ЗаманҚазақстан»,1998, 6 ақпан.
- Бүркітбаев Ә. Сақнаме.— «Егемен Қазақстан», 1998, 1, 24 қаңтар; 13 ақпан.
- Байбатша Қ. т. б. Қозыбасы — қазақ хандығының туы тігілген жер. – «Егемен Қазақстан», 1997, 18 маусым.
- Елеуұлы М. Шу өңірі: аңыз бен тарих.—ҚазМУ хабаршысы (тарих сериясы). А., 1996,3, 6-12 бет.
- Ақатай С., т.б. Қазақ Ордасы: шығуы мен тегі.- «Заман Қазақстан», 1996, 27 желтоқсан.
- Әбілдаев Б. Аңырақай шайқасы.— «Қазақ батырлары», 1991,10.
- Хасенов Қ. Қазақ тарихының 5000 жылдық баяны. А., 1996.
- Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973.
- Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. А., 1957.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қozhabergen zhyrau Orta zhүz Ashamajly Kerejden tarajtyn Koshebe ruynan shykkan atakty batyr әjgili suyryp salma akyn Қozhabergen Tolybajulynyn esimi ezhelden eline belgili bolganymen songy uakyttarga dejin tүrli sebeptermen әdebiet tarihyna enbej kagaberis kalyp keldi Қozhabergen ZhyrauҚozhabergen ZhyrauDүniege kelgeni kazirgi Soltүstik Қazakstan oblysyna karasty Zhambyl audanynyn Kүltobe degen zherinde Tolybaj synshynyn otbasynda dүniege kelgenҚajtys bolgany Zhambyl ҚazakstanҰlty kazakMansaby akyn zhyrauӨmirbayanҚozhabergen 1663 zhyly koyan zhyly kazirgi Soltүstik Қazakstan oblysyna karasty Zhambyl audanynyn Kүltobe degen zherinde Tolybaj synshynyn otbasynda dүniege kelgen Қozhabergennin arab parsy tilderin zhetik bilgendigine bajlanysty ol Әz Tәukenin senimdi elshilerinin biri bolgan Sondaj ak shezhireshi bilimdar adam bolgan Қazak shanyragynda tugan Anasy Akbilek Orta zhүz Argyn Ajdabol bidin kyzy Қozhabergen kazak halkynyn shygu tarihyn zhyrga kosyp Ata tek degen dastanyn shygardy Өz aulynda meshit medrese ashyp bala okytyp islam dinin nasihattajdy sheberhana saldyryp eldi kol onerine baulyp egin saludy kolga alady 1688 zhyldyn mausym ajynda Tүrkistan shaһary manynda Әz Tәuke bastagan barsha kazak zhaksylary 25 zhastagy Қozhabergendi Ordabasy yagni han ordasynyn bas kolbasshysy әri bas akyn etip sajlajdy Ol sol kezdegi kogamdyk әleumettik zhagdajdy kazak handygynyn ishki syrtky sayasi hal ahualyn zhete bilip әrdajym oz zhyrlaryna arkau etip otyrgan Қozhabergen batyrdyn zhan zhakty kabileti bar daraboz tulga ekendigine kosa onyn elshi әri synykshy bolgany zhajly da derekter bar Ogan akynnyn Elshilik degen oleni dәlel Қozhabergennin әdebi murasyn zhinap saktagan Segiz Seri Ol zhyraudyn Elim aj Baba til Zheti Zhargy Қabanbaj batyr Er Kokshe Asan ata Er Қosaj Er Zhәnibek Қorkyt baba Er Edige Orak batyr t b toltuma shygarmalaryn zhinap bizge zhetkizgen Osy dastandarynyn bәrinde de akyn eldi syrtky zhauga karsy azattyk zholyndagy kүreske shakyryp kazak halkynyn birigip irgeli el boluyn armandap sony zhyrga kosady Bul zhagynan alganda Қozhabergennin zhyr etken takyrybynyn sayasi zhagynan ote manyzdy ekenin koremiz Dabyl Anyrakaj Bozajgyr Kүldirmamaj Shubyryndy Sulama kүjlerin shygaruy Қozhabergendi kүjshilik kyrynan tanytady Atynan belgili bolyp otyrganyndaj kүjlerinin takyryby da kүres majdan el basyna tugan kiyn kezen Zhyrau sol kezdegi halyk zaryn kүj tiline ajnaldyrady Қozhabergennin akyndyk talantyn tanytkan tarihka atyn kaldyrgan Elim aj zhyr dastany El basyna tүsken auyr apatty Aktaban shubyryndy alkakol sulama kezenin zhyr tiline koshirgen Shygarma 7 bolimnen turatyn 3683 shumak yagni 14732 zhol olen Қazak әdebietinde 11 buyndy 4 tarmakty kara olen ujkasymen shygarma zhazudyn negizin salushy osy Қozhabergen zhyrau desek katelespejmiz Onyn kolemdi dastandarynyn bәri bugan dәlel bola alady Zhyraudyn bul dәstүrin kejin onyn inisi Dәstem saldyn nemeresi Zhankisi akyn shәkirtteri Kotesh Zhanak akyndar odan әri damytyp әketkeni belgili ӘdebietKәribaev B Қazak handygynyn kuryluy Қazak tarihy 1995 6 Kerej han Egemen Қazakstan 1997 22 nauryz Zhәnibek han Egemen Қazakstan 1997 14 mausym Kekilbaev Ә Eldik pen erlik kiesi Egemen Қazakstan 1997 14 nauryz Қarataev T Әbilhajyrtanudyn kejbir aktandak betteri Қazak әdebieti 1998 11 zheltoksan Salgarauly Қ Ak orda ma kok orda ma Ana tili meshin zhyly 2 sәuir Saraj Ә Қazak atauynyn izimen Kitapta Қazak tarihynan A 1997 353 398 better Sejdimbek A Eli үshin tugan er Zhas alash 1998 8 kyrkүjek Sagynbekuly R Ruhani nәr Almaty akshamy 1996 7 9 kazan DerekkozderNurzhekeuly B Қazybek bek zhәne kazak tarihy Kitapta Қazak tarihynan A 1997 427 455 better Nurpejisov T Үsh gasyrlyk otarlau Ana tili 1996 7 karasha Isabaj Қ Әbilkajyr han kazak tizginin kimge ustatkan ZamanҚazakstan 1998 6 akpan Bүrkitbaev Ә Sakname Egemen Қazakstan 1998 1 24 kantar 13 akpan Bajbatsha Қ t b Қozybasy kazak handygynyn tuy tigilgen zher Egemen Қazakstan 1997 18 mausym Eleuuly M Shu oniri anyz ben tarih ҚazMU habarshysy tarih seriyasy A 1996 3 6 12 bet Akataj S t b Қazak Ordasy shyguy men tegi Zaman Қazakstan 1996 27 zheltoksan Әbildaev B Anyrakaj shajkasy Қazak batyrlary 1991 10 Hasenov Қ Қazak tarihynyn 5000 zhyldyk bayany A 1996 Kenzhebaev B Қazak әdebieti tarihynyn mәseleleri A 1973 Akynzhanov M Қazaktyn tegi turaly A 1957