Қарапайымдылар - бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, , , тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.
Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады. Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде жасушаның негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс жасушаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған жасушадан - зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс жасушаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс жасушаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макрогамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда жасуша циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қа¬рапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене ала-ды, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена - миксотроф.
Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлар 5 типке бөлінеді.
Дереккөздер
Дәуітбаева К. Ә.Омыртқасыздар зоологиясы. Оқулық. - Алматы: 2004. ISBN 9965-749-11-6
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarapajymdylar bir zhasushaly ote usak mikroskop arkyly korinetin zhәndikter Morfologiyalyk zhagynan karaganda karapajymdylar bir zhasushaly formalar al tirshilik kasietteri zhagynan alganda derbes omir sүretin zheke organizm tiri organizmge tәn zat almasu kozgalu titirkenu ortaga bejimdelu tynys alu damu t b kyzmetterin atkarady Қarapajymdylardyn kletkasynyn pishini zhәne molsheri aluan tүrli bolady Olardyn molsheri 3 4 mikronnan birneshe millimetr shamasynda bolady Mysaly infuzoriya stentordyn uzyndygy 1 5 mm Қarapajymdylardyn kurylysy kop zhasushalylardyn zhasushasynyn kurylysymen birdej citoplazmadan yadrodan zhәne bolshekterinen kuralgan Citoplazma eki kabat tүzejdi ashyk tүsti syrtky ektoplazma zhәne konyrkaj tүjirshikti ishki endoplazma Қojmalzhyn sujyk citoplazmada koptegen organoidtar ornalaskan mitohondriyalar endoplazmalyk tor ribosomalar Goldzhi apparaty t b Citoplazmada as korytu vakuoli tүzilip turady olar as korytu fermentterin shygaryp korek zattardy korytady Organikalyk zattar men sujyktyk tamshylar zhasushaga fagocitoz zhәne pinocitoz zholymen otedi Tushy sularda tirshilik etetin karapajymdylarda zhiyrylgysh vakuoli zәr shygaru osmos kysymyn retteu zhәne tynys alu kyzmetin atkaryp otyrady Kletkadagy zat almasu zholynda pajda bolgan nesep zattar syrtka zhiyrylgysh vakuoli arkyly shygarylady Tushy suda tirshilik etetin karapajymdylardyn citoplazmasyndagy tuzdyn zhәne baska eritindinin koncentraciyasy ozin korshagan sudyn koncentraciyasynan әldekajda zhogary bolgandyktan osmos kysymyna bajlanysty syrtky ortadagy su zhasushanyn ishine enedi al zhiyrylgysh vakuol artyk sudy үnemi syrtka shygaryp turady sonyn nәtizhesinde zhasusha zharylmaj birkalypty tүrde saktalynady Sudyn kuramyndagy eritilgen ottegi citoplazmada kalyp syrtka su arkyly komirkyshkyl gazy shygarylyp otyrady osylajsha tynys alu procesi zhүredi AmebaSүjektin kyzyl kemiginin kletkasyndagy Citoplazmanyn ortalyk boliminde yadro ornalasady Қarapajymdylardyn kopshiliginde yadrosy bireu monoenergidty sondaj ak eki kop yadroly karapajymdylarda zhii kezdesedi polienergidty Yadroda kabyksha yadroshyryny yadroshyk zhәne hromosomalar bolady Қarapajymdylarda kozgalys organojdtary zhaksy zhetilgen Olar zhalgan ayaktary yagni psevdopodiyalary pseudopodia latynsha pseudo zhalgan poda ayak zhәne zhiptәrizdi talshyktar men kirpiksheler Қarapajymdylardyn kopshiligi zhynyssyz zhәne zhynysty zholymen kobejedi Zhynyssyz kobeyuinde zhasushanyn negizgi bolinu tәsili mitoz Zhynysty kobeyui atalyk zhәne analyk zhynys zhasushalarynyn gametalarynyn bir birimen kosyluy arkyly otedi osyndaj procesti kopulyaciya dep atajdy Kopulyaciya nәtizhesinde uryktangan zhasushadan zigota pajda bolady Zigota diploidty ojtkeni ol eki gaploidty zhynys zhasushalarynyn gametalardyn kosyluy nәtizhesinde tүziledi Zhynys zhasushalarynyn gametalarynyn molsheri men pishini әr kily bolady Atalyk zhәne analyk gametalardyn molsheri zhәne kurylysy birdej bolsa bulardyn kosyluyn izogamiya kopulyaciyasy dep atajdy al үlkendeu kelgen analyk gameta makrogameta kishileu kelgen atalyk gameta mikrogametamen kosylsa anizogamiya kopulyaciyasy dep atajdy Қarapajymdylar konyugaciya yadronyn kosyluy urpak almasuy shizogoniya gametagoniya sporogoniya zholymen de kobejedi Қarapajymdylardyn bir ereksheligi kolajsyz zhagdajlarda su keuip kalsa muzga ajnalsa korek zhetpese t b zhasusha syrtyna kalyn kabyk shygaryp cistaga ajnalady Cista kүjinde karapajym uzak uakyt tirshilik etedi Қolajly zhagdaj bolganda zhasusha cista kabygyn tastap әreketti tirshilikke kirisedi Қorektenu tәsiline karaj karapajymdylar eki topka bolinedi avtotrofty zhәne geterotrofty Avtotrofty karapajymdylar zhasyl evglena volvoks t b organikalyk zattardy hlorofill dәnderinin zhәrdeminen sintezdeu arkyly alady nemese fotosintez arkyly korektenedi Geterotrofty karapajymdylar dajyn organikalyk zattarmen korektenedi bakteriyalarmen kok zhasyl baldyrlarmen usak karapajymdylarmen Kejbir geterotrofty ka rapajymdylar zhәne parazittik tirshilik etetin karapajymdylar dajyn organikalyk zattardy osmos zholymen bojyna siniru arkyly korektenedi Mundaj korektenu tәsilin saprofittik korektenu dep atajdy Bularga topyraktarda tirshilik etetin karapajymdylardyn kejbir tүrleri zhәne parazitter tripanosoma lejshmaniya trihomonas bezgek plazmodiyasy t b zhatady Kejbir karapajymdylar avtotrofty zhәne geterotrofty tәsilimen korektene ala dy bulardy miksotrofty zhәndikter dep atajdy Mysaly zhasyl evglena miksotrof Қarapajymdylardyn 70 000 nan astam tүrleri belgili tushy sularda tenizderde ylgaldy topyraktarda ken taragan zhәne zhanuarlar men adamnyn denesinde parazittik tirshilik etedi Bular 5 tipke bolinedi DerekkozderDәuitbaeva K Ә Omyrtkasyzdar zoologiyasy Okulyk Almaty 2004 ISBN 9965 749 11 6