Қан споралылар отряды (Haemosporidia) - кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш насекомдардың яғни Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.
Адамда Plasmodium туысының төрт түрі паразиттік тіршілік етеді: PI. vivax, PI. malariae, PI. falciparum, PI. ovale. Бұлардың дамуы бір-біріне өте ұқсас. PI. vivax-тың даму сатысын қарастырайық. Безгек масасы (Anopheles туысынан) адамды шаққанда сілекеймен бірге адам қанына спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте майда 5-8 мкм, құрт тәрізді немесе орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зоит құрылысына өте ұқсас, тек коноиды болмайды. Қанға түскен спорозоиттар қан тамырлары арқылы бауырға жиналады. Осы жерде шизогония көбеюі кезеңі басталады. Әрбір споразоит бауыр клеткасына еніп, жұмырланып шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан мерозоиттар пайда болады. Осыдан кейін шизогония екі жерде жүреді: мерозоиттардың бір тобы қайтадан бауыр клеткаларына еніп, жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал мерозоиттардың екінші тобы бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді, сол жерде жұмырланып шизонтқа айналады. 2-3 сағаттан кейін шизонтта вакуоль пайда болады, сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина тәрізді болып тұрады. Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба тәрізді болады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20 мерозоиттар пайда болады. Бұлар эритроцитті зақымдап қанға шығады да, жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі қайтадан басталады және бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп шизогония бауыр клеткасында және эритроциттерде өтеді. Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал эритроциттердің саны азаяды. Сау адамның Імм3 қанында 5 млн эритроциттер болса, ал безгек аурумен ауырған кезде эритроциттердің саны азайып Імм3 қанында 1 млн-ға жақын эритроциттер қалады.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады: макрогамонттар немесе макрогаметоциталар пісіп-жетілмеген аналық жыныс клеткалары және микрогамонттар немесе микрогаметоциттер пісіп-жетілмеген аталық жыныс клеткалары. Осыдан кейін әрі қарай даму адам қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді.
Анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек маса ауру адамның қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен бірге макро және микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегінде макрогамонттар (макрогаметоциттер) пісіп-жетіліп макрогаметаға айналады, ал микрогамонттардың (микрогаметоциттердің) ядросы көпке бөлініп, пісіп-жетіліп қозғалғыш майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар және макрогаметалар қосылып зигота құрады. Зигота қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп қозғалуын тоқтатады да, сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған (10000-ға дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған спорозоит¬тар пайда болғаннан кейін ооциста жарылады. Қозғалғыш спорозоиттар безгек масаның аралас қуысына түсіп, гемолимфа ағынымен сілекей бездеріне жи¬налады. Маса адамды шаққанда оның қанына сілекеймен бірге спорозоиттар да түседі. Даму циклы ары қарай жалғасады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік циклы өте күрделі және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбеюі адам қанында, ал жынысты көбеюі безгек масасының ішегінде өтеді. Плазмодияның негізгі иесі - безгек масасы, ал аралық иесі - адам.
Безгек плазмодиясы адамның безгек ауруын қоздырушы. Безгекпен ауырғанда безгек ұстауынан басқа анемия (эритроциттердің азаюы) байқалады және плазмодиялар қан плазмасына улы өнімдерін бөледі. Ауру адамның безгегі әр 72 сағат, немесе 48, немесе 24 сағат сайын қайталанып отырады. Осы қайталануы плазмодияның өкіліне және шизогония мерзіміне байланысты.
PI. vivax-та шизогония 48 сағатқа созылады, сондықтан безгек үш тәулікте бір рет ұстайды, ол безгекті үш күндік безгек деп атайды. Р1. malariae-да шизогониясы 72 сағатқа созылады, сондықтан безгек төрт күннен кейін қайталап ұстайды, ол төрт күндік безгек. PI. falciparum-да шизогония 24 сағатқа созылады, безгек 24 сағатган кейін қайталап ұстайды. Неғұрлым безгек жиі қайталанса, соғұрлым қауіпті.
Безгек ауруын адамнан адамға анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек масаларының түрлері ғана таратады. Солардың ішінде Қазақстанда көп тараған An. maculipennis, An. hyrcanus т.б.
Безгек ауруына қарсы шаралардың бірі - масалардың сан мөлшерін азайтуға қолайлы тәсілдерін қолдану, ауырған адамды дәрілермен емдеу.
Дереккөздер
Дәуітбаева К. Ә.Омыртқасыздар зоологиясы. Оқулық. - Алматы: 2004. ISBN 9965-749-11-6
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қan sporalylar otryady Haemosporidia ken taragan parazittik tirshilik etetin karapajymdylar Adamnyn omyrtkaly zhanuarlardyn kan kletkalarynda tirshilik etedi Bulardyn kokcidiyadan ajyrmashylygy sporogoniya kezeni syrtky ortada emes kan sorgysh nasekomdardyn yagni Anopheles tuystas masalardyn isheginde otedi zhәne masalar osy parazitterdi tasymaldaushylar bolyp tabylady Қan sporalylardyn kan zhasushalaryn zakymdauy Adamda Plasmodium tuysynyn tort tүri parazittik tirshilik etedi PI vivax PI malariae PI falciparum PI ovale Bulardyn damuy bir birine ote uksas PI vivax tyn damu satysyn karastyrajyk Bezgek masasy Anopheles tuysynan adamdy shakkanda silekejmen birge adam kanyna sporozoittar tүsedi Sporozoittar ote majda 5 8 mkm kurt tәrizdi nemese orak tәrizdi Olardyn kurylysy kokcidiyalardyn zoit kurylysyna ote uksas tek konoidy bolmajdy Қanga tүsken sporozoittar kan tamyrlary arkyly bauyrga zhinalady Osy zherde shizogoniya kobeyui kezeni bastalady Әrbir sporazoit bauyr kletkasyna enip zhumyrlanyp shizontka ajnalady Shizonttyn yadrosy birneshe kajtara bolinip bulardan merozoittar pajda bolady Osydan kejin shizogoniya eki zherde zhүredi merozoittardyn bir toby kajtadan bauyr kletkalaryna enip zhumyrlanyp shizontka ajnalyp olardyn yadrosy birneshe kajtara bolinip koptegen merozoittar pajda bolady al merozoittardyn ekinshi toby bauyrdan kanga shygyp eritrocitterge enedi sol zherde zhumyrlanyp shizontka ajnalady 2 3 sagattan kejin shizontta vakuol pajda bolady sol vakuol әserinen shizonttyn denesi sakina tәrizdi bolyp turady Kejin vakuol zhojylyp shizont osip ameba tәrizdi bolady Shizonttyn yadrosy birneshe kajtara bolinip 10 20 merozoittar pajda bolady Bular eritrocitti zakymdap kanga shygady da zhana eritrocitterge enedi sodan shizogoniya kezeni kajtadan bastalady zhәne bul process birneshe ret kajtalanady Sojtip shizogoniya bauyr kletkasynda zhәne eritrocitterde otedi Shizogoniya kezinde adam kanyndagy parazittin sany artady al eritrocitterdin sany azayady Sau adamnyn Imm3 kanynda 5 mln eritrocitter bolsa al bezgek aurumen auyrgan kezde eritrocitterdin sany azajyp Imm3 kanynda 1 mln ga zhakyn eritrocitter kalady Shizogoniyadan kejin gametogoniya kezeni bastalady Bul kezende merozoittar gamonttarga ajnalady Gamonttar eki tүrli bolady makrogamonttar nemese makrogametocitalar pisip zhetilmegen analyk zhynys kletkalary zhәne mikrogamonttar nemese mikrogametocitter pisip zhetilmegen atalyk zhynys kletkalary Osydan kejin әri karaj damu adam kanynda zhүrmejdi Endigi damuy masa denesinde otedi Anofeles Anopheles tuysyna zhatatyn bezgek masa auru adamnyn kanyn sorgan kezde onyn ishegine kanmen birge makro zhәne mikrogametocitter tүsedi Masanyn isheginde makrogamonttar makrogametocitter pisip zhetilip makrogametaga ajnalady al mikrogamonttardyn mikrogametocitterdin yadrosy kopke bolinip pisip zhetilip kozgalgysh majda mikrogametalarga ajnalady Mikrogametalar zhәne makrogametalar kosylyp zigota kurady Zigota kozgalgysh keledi sondyktan ony ookineta dep atajdy Ookineta masanyn ishek kabyrgasyna enip kozgaluyn toktatady da syrtyna tygyz kabyksha shygaryp oocistaga ajnalady Oocistanyn ishindegi yadro bolinedi munyn sany birneshe mynga zhetui mүmkin Әrbir yadro zhuka citoplazmamen kaptalynyp myndagan 10000 ga dejin sporozoittar tүziledi Oocistanyn kolemi osip myndagan sporozoit tar pajda bolgannan kejin oocista zharylady Қozgalgysh sporozoittar bezgek masanyn aralas kuysyna tүsip gemolimfa agynymen silekej bezderine zhi nalady Masa adamdy shakkanda onyn kanyna silekejmen birge sporozoittar da tүsedi Damu cikly ary karaj zhalgasady Sonymen bezgek plazmodiyasynyn tirshilik cikly ote kүrdeli zhәne olar iesin almastyryp otyrady zhynyssyz kobeyui adam kanynda al zhynysty kobeyui bezgek masasynyn isheginde otedi Plazmodiyanyn negizgi iesi bezgek masasy al aralyk iesi adam Bezgek plazmodiyasy adamnyn bezgek auruyn kozdyrushy Bezgekpen auyrganda bezgek ustauynan baska anemiya eritrocitterdin azayuy bajkalady zhәne plazmodiyalar kan plazmasyna uly onimderin boledi Auru adamnyn bezgegi әr 72 sagat nemese 48 nemese 24 sagat sajyn kajtalanyp otyrady Osy kajtalanuy plazmodiyanyn okiline zhәne shizogoniya merzimine bajlanysty PI vivax ta shizogoniya 48 sagatka sozylady sondyktan bezgek үsh tәulikte bir ret ustajdy ol bezgekti үsh kүndik bezgek dep atajdy R1 malariae da shizogoniyasy 72 sagatka sozylady sondyktan bezgek tort kүnnen kejin kajtalap ustajdy ol tort kүndik bezgek PI falciparum da shizogoniya 24 sagatka sozylady bezgek 24 sagatgan kejin kajtalap ustajdy Negurlym bezgek zhii kajtalansa sogurlym kauipti Bezgek auruyn adamnan adamga anofeles Anopheles tuysyna zhatatyn bezgek masalarynyn tүrleri gana taratady Solardyn ishinde Қazakstanda kop taragan An maculipennis An hyrcanus t b Bezgek auruyna karsy sharalardyn biri masalardyn san molsherin azajtuga kolajly tәsilderin koldanu auyrgan adamdy dәrilermen emdeu DerekkozderDәuitbaeva K Ә Omyrtkasyzdar zoologiyasy Okulyk Almaty 2004 ISBN 9965 749 11 6