Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Еуразия мен Африкада, негізінен, Жерорта теңізі жағалауларында кездесетін 300-ге жуық түрі белгілі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15-50 см-дей, жапырағы таспа немесе қандауыр тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек. Көбелектермен тозаңданады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Қытай, түрік, бақша, гренадин, Шабо қалампырлары Қазақстанның гүл өсіретін шаруашылықтарында әсемдік үшін өсіріледі. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды.
Өсімдік туралы
Қалампырдың табиғатта 300-ден аса түрі белгілі шөптесін өсімдік. Көгалдандыруда оның 70-тей түрі қолданылады. Бұл өсімдікті жекелеп те, топтап та өсіруге болады және гүлшоғырын жасауға қолданады. Биіктігі түріне қарай 10-60 см аралығында және гүлдеу мерзімдері де әр түрлі болып келеді. Табиғатта өсетін қалампырлардан гөрі көгалдандыруда өсірілетін қалампырлар ерте және ұзақ гүлдейді. Қалампырдың біржылдық, екіжылдық және көпжылдық түрлері бар. Қазақстанның шалғындық жерлері мен ормандарында 32-ге жуық түрі болады. Қалампырдың кейбір түрлерінің гүлдері хош иісті. Осы хош иісті түрлері сабын, иіссулар жасауда қолданылады. Қалампырдың емдік қасиеті де жоғары. Сол себепті де халық медицинасында кеңінен қолданылады. Оның аласа бойлы түрлерін альпі шоқыларына ексе, биік бойлы түрлерін жаздық гүлзарларда өсіреді. Ал, біржылдық қалампырды әдемі түбектерге егіп аулаға, терезе алдына қоюға болады. Флористикада гүлшоғыр жасауға жиі пайдаланады.
Күтімі
Топырағының құнарлы болғаны дұрыс. Қышқыл топырақты ұнатпайды. Күн сәулесі мол түсетін жарық жерлерде жақсы өседі. Күнделікті молынан суғару керек.
Көбейтілуі
Біржылдық қалампырды ерте гүлдету мақсатында жылыжайларда тұқымы арқылы көбейтеді. Ал, сұрыпталған түрлерін түбін бөлу арқылы көбейткен жөн. Тұқымы арқылы көбейткенде, қалампырдың тұқымын бірден жеңіл топырақ салынған жәшікке егеді. Жас көшеттерін жиі суғарып тұру керек.
Қалампыр туралы тақпақ
Қалампырды гректер
«Құдіретті гүл» дейді.
Хош иісті қалампыр
Ерекше әсем гүлдейді.
Қалампырдың кейбір түрлері
Армерия қалампыры
(Dianthus armeria) — бір немесе екіжылдық шөп өсімдігі. Биіктігі 10—45 см-дей, бірнеше тал сабақтары тік өседі. Армерия қалампыры бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінің, Кавказдың ормандарының ашық жерлерінде, топтанып біткен ағаштардың араларында өседі. Бұл қалампырды қой да, ешкі де, сиыр да, жылқы да жей беретін бұрынғы КСРО-дағы жем-шөптік өсімдіктердің ішіндегі маңызды бір түрі болып табылады.
Арамжоңышқа, борбас қалампыр
(Dianthus Borbasii) — көпжылдық шөп өсімдігі. Сабағының ұзындығы 40 см-дей, тік өседі. Арамжоңышқа бұрынғы КСРО-ның еуропалық белігіндегі, Кавказдағы, Батыс Сібірдегі және Орта Азиядағы қарағай ормандарының, шабындық жерлердің, құмдауыт аңғарлардың өсімдіктерімен бірге өседі. Мұны мал жемейді. Тамырынын құрамында көп болады.
Сақалды қалампыр
(Dianthus barbatus) — Орта және Оңтүстік Еуропаның жерінде өсетін шөп өсімдігі. Сақалды қалампыр көбінесе кесінділеп өсіріледі.
Шоқпарбас қалампыр
(Dianthus capitalus) — көпжылдық шөп өсімдігі. Мұның сабағының ұзындығы 30—70 см. Шоқпарбас қалампыр Донның, Қырымның, Кавказдың орманды алқаптарынын тастақ беткейлері мен қырат аймақтарында өседі. Мұны мал аздап болмаса, көп жемейді. Шоқпарбас қалампырдың тамыры мен гүлінде аздаған сапонин болады. Бұл қалампырды ел арасында тіс ауруына, безгекке қарсы қолданады.
Гранаталық қалампыр
— ашық жерге еккенде ауа райының әсерлеріне тезімді, аязға шыдамды келетін қалампырдың бір сорты. Бұған гренадин және сақалды қалампыр жатады.
Өзгергіш қалампыр
(Dianthus polimorphus) — көпжылдық шөп өсімдігі. Сабағының ұзындығы 35—50 см. бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігі мен Кавказда кездеседі, сонымен қатар Ақтөбе облысының жерінде де өседі; 1934 жылы Родионованың зерттеуі бойынша мұны қой жемейтін болып шыққан. Тамырында аздаған сапонин бар.
Қытай қалампыры
(Dianthus chinensis) — Шығыс Қытайдан таралған қалампыр. Бұл жылыны онша сүймейді. Гүл шаруашылығында Қытай қалампыры біржылдық өсімдік ретінде әсемдік үшін өсіріледі.
Тарғақ қалампыр
(Dianthus squarrosus) — көпжылдық өсімдік. Мұның сабағының ұзындығы 15—25 см. Бұрынғы КСРО-ның қыратты құмдарында өседі.
Қауырсынды қалампыр
(Dianthus plumarius) — Батыс Альпіден таралған қалампырдың бір турі. Қауырсынды қалампырды кесінділеп көбейтіп, декорация үшін өсіреді.
Шұбар қалампыр
(Dianthus discolor) — сабағының ұзындығы 20— 40 см көпжылдық қалампырдың бір түрі. Кавказдың альпілік және субальпілік шабындықтарында, жайылымдарында, орманды тауларында өседі. Мұны мал жемейді. Шұбар қалампырдың дәрілік мәні бар: қуық тұтылуға қарсы, іштен құрт түсіру үшін қолданады.
Әбзел қалампыр
(Dianthus superbus) — шөп өсімдігі. Бұл гүлі мен иісі әдемі өсімдік. Әбзел қалампырдың гүлі мен тамырын кептіріп, бұрынғы кезде ел арасында иісіне және дәміне бола кейбіреулер насыбайға қосып, қалампыр жөнінде:
Қалампырлы насыбай, Насыбайды атпасам, — Ауырар менің басым-ай.
— деп өлең де шығарған.
Құм қалампыр
(Dianthus arenarius) — қалампырлардың ішіндегі көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір түрі. Мұның негізгі белгісі: сабақтары жер бетіне шығысымен қою жапырақтары жайылып, бұтақтанып кетеді. Құм қалампыр бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінің, Кавказдың қарағайлы ормандары мен құмайттарында кездеседі. Мұны малдың қай түрі болса да жей береді. Тамыры мен гүлінде сапонин бар.
Құлпырған қалампыр
(Dianthus supbus) — көпжылдық шөп өсімдігі. Мұның жіп тәрізденген тамырсабағы жерде төселіп жатады. Құлпырған қалампыр бұрынғы КСРО-нің Еуропалық белігінің, Сібірдің, Орта Азияның және Қиыр Шығыстың орманды аймақтарында, шабындық жерлерінде, сирек өскен қайыңның арасында, топтанып өскен ағаштардың айналасындағы ашықтарда кездеседі. Таулы жерлердің альпі аймақтарында өсе береді. Хакас автономиялы облысы мен Шығыс Сібірдің жерінде мұны қой өте сүйсініп жейді де, жылкы жөнді жемейді.
Жазық қалампыры
(Dianthus campestris) — көпжылдық өсімдік. Сабағының ұзындығы 10—40 см. Көбінесе орманды тоғайлар мен орманды далаларда өседі. Мұны мал тік тұрғанда онша сүйсініп жемейді, шабылған шөбін жақсы жейді. Жазық қалампырының тамыры мен гүлінде аздап сапонин, ал бүкіл денесінде алкалоид табылған.
Әртүсті қалампыр
(Dianthus versicolor) — сабағының ұзындығы 20—50 см, тамыры жуан көпжылдық шөп өсімдігі, Әртүстіқалампыр бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігіндегі, Сібірдегі, Қиыр Шығыстағы және Орта Азиядағы қарағайлы орманда, қырат жайылымында, тастақ беткейлерде өседі. Мұны әсіресе қой сүйсініп жейді. Бүкіл денесінде сапонин бар. Қалампырдың бұл түрінен жасалған препараттарды медицинада қолданады: олар адам денесіндегі жұмсақ ет талшықтарының қабілеттілігін арттырады.
Шөп қалампыр
(Dianthus deltoides) — сабағының ұзындығы 10—40 см. жіңішке тамыр сабағы бар көпжылдық өсімдік. Шөп қалампыр бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігіндегі, Батыс Сібірдегі ормандарда өседі. Сабағы қатайғанша шошқадан басқа малдың барлығы жей береді. Сабақ, жапырақ, гүл сияқты жер бетіндегі мүшелерінде гүлденер кезінде витамин С болады. Көбінесе гүлінің құрамында сапонин болады.
Таспа қалампыр
(Dianthus leptopetalus) сабағының үзындығы 30—50 см, көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір түрі. Таспа қалампыр бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінде, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қой, сиыр, ешкі мұның шөбін де, пішенін де жақсы жейді. Мұның тамырында сапонин бар.
Тағы қараңыз
Қалампыр- Dianthus-Гвоздика [1]
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
- "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Сыртқы сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қalampyr Dianthus kalampyrlyktar tukymdastaryna zhatatyn birzhyldyk zhәne kopzhyldyk osimdikterinin bir tuysy Қalampyrdyn Aziyada Afrikada Europada shop zhәne buta bolyp esetin 300 dej tүri bar Solardan buryngy KSRO zherinde osetinderi 80 Қalampyr toptanyp osedi Gүlinen efir majy alynady Қalampyrdyn birneshe tүri dekoraciya retinde teplicalarda kumyralarda osiriledi Kejde shala buta tүrinde de kezdesedi Қazakstannyn dalalyk ajmaktarynda su alabyndagy shalgyndarda tasty tobe baurajynda shalgyndy tau bokterinde osetin 29 tүri bar Euraziya men Afrikada negizinen Zherorta tenizi zhagalaularynda kezdesetin 300 ge zhuyk tүri belgili Kejde shala buta tүrinde de kezdesedi Қazakstannyn dalalyk ajmaktarynda su alabyndagy shalgyndarda tasty tobe baurajynda shalgyndy tau bokterinde osetin 29 tүri bar Bulardyn biiktigi 15 50 sm dej zhapyragy taspa nemese kandauyr tәrizdi bolady Қalampyr tuysynyn ozine tәn ereksheligi birigip ketken tostagansha zhapyrakshalarynyn tүbi kabyrshaktanyp kelip gүl zhapyrakka zhabysyp turady Kobinese kyzyl kyzgylt ak ala tүsti hosh iisti dara gүlderi sabagy men butagynyn basynda zhetiledi Gүl zhapyrakshalarynyn sheti tilimdengen ne ara tisti irek Kobelektermen tozandanady Mausym tamyz ajlarynda gүldep zhemis salady Zhemisi kop tukymdy kauashak Қytaj tүrik baksha grenadin Shabo kalampyrlary Қazakstannyn gүl osiretin sharuashylyktarynda әsemdik үshin osiriledi Ala kalampyr men kytaj kalampyry halyktyk medicinada zhәne parfyumeriyada pajdalanylady Emdik maksatta osimdiktin zher үstindegi boligin gүldep turgan kezinde zhinajdy ҚalampyrӨsimdik turalyҚalampyrdyn tabigatta 300 den asa tүri belgili shoptesin osimdik Kogaldandyruda onyn 70 tej tүri koldanylady Bul osimdikti zhekelep te toptap ta osiruge bolady zhәne gүlshogyryn zhasauga koldanady Biiktigi tүrine karaj 10 60 sm aralygynda zhәne gүldeu merzimderi de әr tүrli bolyp keledi Tabigatta osetin kalampyrlardan gori kogaldandyruda osiriletin kalampyrlar erte zhәne uzak gүldejdi Қalampyrdyn birzhyldyk ekizhyldyk zhәne kopzhyldyk tүrleri bar Қazakstannyn shalgyndyk zherleri men ormandarynda 32 ge zhuyk tүri bolady Қalampyrdyn kejbir tүrlerinin gүlderi hosh iisti Osy hosh iisti tүrleri sabyn iissular zhasauda koldanylady Қalampyrdyn emdik kasieti de zhogary Sol sebepti de halyk medicinasynda keninen koldanylady Onyn alasa bojly tүrlerin alpi shokylaryna ekse biik bojly tүrlerin zhazdyk gүlzarlarda osiredi Al birzhyldyk kalampyrdy әdemi tүbekterge egip aulaga tereze aldyna koyuga bolady Floristikada gүlshogyr zhasauga zhii pajdalanady KүtimiTopyragynyn kunarly bolgany durys Қyshkyl topyrakty unatpajdy Kүn sәulesi mol tүsetin zharyk zherlerde zhaksy osedi Kүndelikti molynan sugaru kerek KobejtiluiBirzhyldyk kalampyrdy erte gүldetu maksatynda zhylyzhajlarda tukymy arkyly kobejtedi Al suryptalgan tүrlerin tүbin bolu arkyly kobejtken zhon Tukymy arkyly kobejtkende kalampyrdyn tukymyn birden zhenil topyrak salyngan zhәshikke egedi Zhas koshetterin zhii sugaryp turu kerek Қalampyr turaly takpakҚalampyrdy grekter Қudiretti gүl dejdi Hosh iisti kalampyr Erekshe әsem gүldejdi Қalampyrdyn kejbir tүrleriArmeriya kalampyry Dianthus armeria bir nemese ekizhyldyk shop osimdigi Biiktigi 10 45 sm dej birneshe tal sabaktary tik osedi Armeriya kalampyry buryngy KSRO nyn europalyk boliginin Kavkazdyn ormandarynyn ashyk zherlerinde toptanyp bitken agashtardyn aralarynda osedi Bul kalampyrdy koj da eshki de siyr da zhylky da zhej beretin buryngy KSRO dagy zhem shoptik osimdikterdin ishindegi manyzdy bir tүri bolyp tabylady Aramzhonyshka borbas kalampyr Dianthus Borbasii kopzhyldyk shop osimdigi Sabagynyn uzyndygy 40 sm dej tik osedi Aramzhonyshka buryngy KSRO nyn europalyk beligindegi Kavkazdagy Batys Sibirdegi zhәne Orta Aziyadagy karagaj ormandarynyn shabyndyk zherlerdin kumdauyt angarlardyn osimdikterimen birge osedi Muny mal zhemejdi Tamyrynyn kuramynda kop bolady Sakaldy kalampyr Dianthus barbatus Orta zhәne Ontүstik Europanyn zherinde osetin shop osimdigi Sakaldy kalampyr kobinese kesindilep osiriledi Shokparbas kalampyr Dianthus capitalus kopzhyldyk shop osimdigi Munyn sabagynyn uzyndygy 30 70 sm Shokparbas kalampyr Donnyn Қyrymnyn Kavkazdyn ormandy alkaptarynyn tastak betkejleri men kyrat ajmaktarynda osedi Muny mal azdap bolmasa kop zhemejdi Shokparbas kalampyrdyn tamyry men gүlinde azdagan saponin bolady Bul kalampyrdy el arasynda tis auruyna bezgekke karsy koldanady Granatalyk kalampyr ashyk zherge ekkende aua rajynyn әserlerine tezimdi ayazga shydamdy keletin kalampyrdyn bir sorty Bugan grenadin zhәne sakaldy kalampyr zhatady Өzgergish kalampyr Dianthus polimorphus kopzhyldyk shop osimdigi Sabagynyn uzyndygy 35 50 sm buryngy KSRO nyn europalyk boligi men Kavkazda kezdesedi sonymen katar Aktobe oblysynyn zherinde de osedi 1934 zhyly Rodionovanyn zertteui bojynsha muny koj zhemejtin bolyp shykkan Tamyrynda azdagan saponin bar Қytaj kalampyry Dianthus chinensis Shygys Қytajdan taralgan kalampyr Bul zhylyny onsha sүjmejdi Gүl sharuashylygynda Қytaj kalampyry birzhyldyk osimdik retinde әsemdik үshin osiriledi Targak kalampyr Dianthus squarrosus kopzhyldyk osimdik Munyn sabagynyn uzyndygy 15 25 sm Buryngy KSRO nyn kyratty kumdarynda osedi Қauyrsyndy kalampyr Dianthus plumarius Batys Alpiden taralgan kalampyrdyn bir turi Қauyrsyndy kalampyrdy kesindilep kobejtip dekoraciya үshin osiredi Shubar kalampyr Dianthus discolor sabagynyn uzyndygy 20 40 sm kopzhyldyk kalampyrdyn bir tүri Kavkazdyn alpilik zhәne subalpilik shabyndyktarynda zhajylymdarynda ormandy taularynda osedi Muny mal zhemejdi Shubar kalampyrdyn dәrilik mәni bar kuyk tutyluga karsy ishten kurt tүsiru үshin koldanady Әbzel kalampyr Dianthus superbus shop osimdigi Bul gүli men iisi әdemi osimdik Әbzel kalampyrdyn gүli men tamyryn keptirip buryngy kezde el arasynda iisine zhәne dәmine bola kejbireuler nasybajga kosyp kalampyr zhoninde Қalampyrly nasybaj Nasybajdy atpasam Auyrar menin basym aj dep olen de shygargan Қum kalampyr Dianthus arenarius kalampyrlardyn ishindegi kopzhyldyk shop osimdikterinin bir tүri Munyn negizgi belgisi sabaktary zher betine shygysymen koyu zhapyraktary zhajylyp butaktanyp ketedi Қum kalampyr buryngy KSRO nyn europalyk boliginin Kavkazdyn karagajly ormandary men kumajttarynda kezdesedi Muny maldyn kaj tүri bolsa da zhej beredi Tamyry men gүlinde saponin bar Қulpyrgan kalampyr Dianthus supbus kopzhyldyk shop osimdigi Munyn zhip tәrizdengen tamyrsabagy zherde toselip zhatady Қulpyrgan kalampyr buryngy KSRO nin Europalyk beliginin Sibirdin Orta Aziyanyn zhәne Қiyr Shygystyn ormandy ajmaktarynda shabyndyk zherlerinde sirek osken kajynnyn arasynda toptanyp osken agashtardyn ajnalasyndagy ashyktarda kezdesedi Tauly zherlerdin alpi ajmaktarynda ose beredi Hakas avtonomiyaly oblysy men Shygys Sibirdin zherinde muny koj ote sүjsinip zhejdi de zhylky zhondi zhemejdi Zhazyk kalampyry Dianthus campestris kopzhyldyk osimdik Sabagynyn uzyndygy 10 40 sm Kobinese ormandy togajlar men ormandy dalalarda osedi Muny mal tik turganda onsha sүjsinip zhemejdi shabylgan shobin zhaksy zhejdi Zhazyk kalampyrynyn tamyry men gүlinde azdap saponin al bүkil denesinde alkaloid tabylgan Әrtүsti kalampyr Dianthus versicolor sabagynyn uzyndygy 20 50 sm tamyry zhuan kopzhyldyk shop osimdigi Әrtүstikalampyr buryngy KSRO nyn europalyk boligindegi Sibirdegi Қiyr Shygystagy zhәne Orta Aziyadagy karagajly ormanda kyrat zhajylymynda tastak betkejlerde osedi Muny әsirese koj sүjsinip zhejdi Bүkil denesinde saponin bar Қalampyrdyn bul tүrinen zhasalgan preparattardy medicinada koldanady olar adam denesindegi zhumsak et talshyktarynyn kabilettiligin arttyrady Shop kalampyr Dianthus deltoides sabagynyn uzyndygy 10 40 sm zhinishke tamyr sabagy bar kopzhyldyk osimdik Shop kalampyr buryngy KSRO nyn europalyk boligindegi Batys Sibirdegi ormandarda osedi Sabagy katajgansha shoshkadan baska maldyn barlygy zhej beredi Sabak zhapyrak gүl siyakty zher betindegi mүshelerinde gүldener kezinde vitamin S bolady Kobinese gүlinin kuramynda saponin bolady Taspa kalampyr Dianthus leptopetalus sabagynyn үzyndygy 30 50 sm kopzhyldyk shop osimdikterinin bir tүri Taspa kalampyr buryngy KSRO nyn europalyk boliginde Batys Sibirde Orta Aziyada osedi Қoj siyr eshki munyn shobin de pishenin de zhaksy zhejdi Munyn tamyrynda saponin bar Tagy karanyzҚalampyrlyktar Қalampyr Dianthus Gvozdika 1 DerekkozderҚazakstan Respublikasynyn tabigaty 3 tom 2 bolim Gүlstan respublikalyk gylymi tanmydyk kopshilik zhurnal 2010 zhyl ISSN 2078 6727 T Musakulov ORYSShA ҚAZAҚShA TҮSINDIRMELI BIOLOGIYaLYҚ SӨZDIK I tom ҚAZAҚMEMLEKETBASPASY Almaty 1959 Redakciyasyn baskargan Biologiya gylymynyn doktory professor T DarkanbaevSyrtky siltemelerGүlstan osimdikter turaly sajt Muragattalgan 20 akpannyn 2012 zhyly Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet