Қазақстан тарихында Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын кезеңге XV ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығы жатады. XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен Қазақ хандығы құрылады. Ол мемлекет қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті болып саналады. XIX ғасырдың бірінші ширегінде Ресей билігі алдыменен Орта жүзде (1822), содан кейін Кіші жүзде (1824) хандық билікті жояды.
Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи кезеңге бөлінеді. Біріншісі - бір орталықтан басқарылған кезең, екіншісі - бытыраңқылық кезең деп аталады.
Бірінші кезеңге хандық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі аралық жатса, ал екінші кезең 1715 - 1824 жылдар аралығын қамтиды. Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар – хандықтың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қайта өрлеуі, өзара талас немесе «текетірес», жоңғарлармен алғашқы күрес, «алтын ғасыр» кезеңдері. Осы кезеңде Қазақ хандығында мынадай хандар билік жүргізді: Керей хан, Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым хан, Мамаш хан, Тайыр хан, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым хандар бір мезгілде, Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тұрсын хан, қайта Есім хан, Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін екінші кезең – бытыраңқылық кезең басталып Қазақ елінде - Ұлы жүзде, Орта жүзде және Кіші жүзде жеке хандар пайда болады.
Қазақ хандығының құрылуы
1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі.
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы
XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этнос|этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда , Моғолстан мемлекеті , Әбілхайыр Ордасы Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
XIX ғасырдың басында Ресейдің орта жүздегі саясаты белсенді болып, шаруашылық саласында жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Жайық, Каспий теңізі, Ертіс, Зайсан көлі маңындағы қазақтар бұрын мал өсірумен айналысса, енді олар балық аулаумен шұғылдана бастады. Сонымен қоса шығыс және орталық аймақтарда тас көмір, түсті металл, өндіретін алғаш кен орындарын игеру жүзеге асырылып, ХІХ ғ. ортасына қарай су және жел дирмені, ұсталық, май, кен, былғары өңдеу зауыттары іске қосыла бастады.Тау кен өндірісіне Орал әскери шебі бойында тартылған жатақтардың саны жыл санап өсе түсті. Мысалы: 1820 жылы 6 мың адам болса, 1824 жылы ол сан 2 мыңға өскен. Уәли билігінің әлсіздігі Ресейдің бұл аймаққа ықпалын күшейте түсті. Империя құрамына Қазақстанның қосылуы, оның орналасқан геосаяси жағдайы Ресей үшін тиімді болды. Сонымен қатар Қазақстанның Қытаймен, Орта Азия халықтарымен Сібірмен тиімді сауда қатынасы Ресей үшін тиімсіз еді. Осындай жүріп жатқан ілгерлеушіліктерге патша үкіметі талабын қанағаттандырып, Ресейдйң басшылық, және саяси жағынан жүргізіліп отырған шаралары жандана түсті. Сондықтан да халық арасында ықпалы төмендей түскен қазақ хандықтары патша үкіметінің билеу саясатына қарсылық ұйымдастыра алмады. Қытай жағына “ауып түсіп”, “Богдыханның бодандығын қабылдауы” мүмкін деген қауіптері де хандық институттың жойылуын тездетті. 1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті.
Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр)
Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр), Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдарының ортасы мен 70 жылдарының басында (Мұхаммед Хайдар Дулатидің есебі бойынша 1465-66 ж.) Батыс Жетісуда құрылды. Оның негізін қалаушылар Керей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.
Қазақ хандығының Ресей құрамына кіруі
Қазақ хандығының Ресей құрамына кіруі - XVIII ғасырдың орта шенінде басталып, IXX ғасыр ортасында аяқталған тарихи процесс.
Тағы қараңыз
- Қазақ хандығының жылнамасы
- Қазақ хандығының дәстүрлі аймақтық-әкімшілік құрылымы
- Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы
- Қазақ хандары
Дереккөздер
- “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІХ том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstan tarihynda Қazak handygy dәuiri dep atalatyn kezenge XV gasyrdyn ortasy men XIX gasyrdyn birinshi shiregi aralygy zhatady XV gasyrdyn ortasynda Kerej men Zhәnibek handardyn basshylygymen Қazak handygy kurylady Ol memleket kazak zherinde sak dәuirinen beri zhalgasyp kele zhatkan memlekettiliktin zhalgasy zhәne kazak halkynyn ulttyk sipattagy memleketi bolyp sanalady XIX gasyrdyn birinshi shireginde Resej biligi aldymenen Orta zhүzde 1822 sodan kejin Kishi zhүzde 1824 handyk bilikti zhoyady Үsh zharym gasyrdan astam omir sүrgen Қazak handygy dәuiri oz ishinde eki үlken tarihi kezenge bolinedi Birinshisi bir ortalyktan baskarylgan kezen ekinshisi bytyrankylyk kezen dep atalady Birinshi kezenge handyk kurylgannan 1715 zhyly Tәuke han kajtys bolganga dejingi aralyk zhatsa al ekinshi kezen 1715 1824 zhyldar aralygyn kamtidy Birinshi kezen tagy da oz ishinde shartty tүrde birneshe kishigirim kezenderge bolinedi Olar handyktyn kuryluy kүsheyui әlsireui kajta orleui ozara talas nemese teketires zhongarlarmen algashky kүres altyn gasyr kezenderi Osy kezende Қazak handygynda mynadaj handar bilik zhүrgizdi Kerej han Zhәnibek han Buryndyk han Қasym han Mamash han Tajyr han Bujdash Ahmet Togym handar bir mezgilde Haknazar han Shygaj han Tәuekel han Esim han Tursyn han kajta Esim han Zhәnibek han Zhәngir han Tәuke han Tәuke han kajtys bolgannan kejin ekinshi kezen bytyrankylyk kezen bastalyp Қazak elinde Ұly zhүzde Orta zhүzde zhәne Kishi zhүzde zheke handar pajda bolady Қazak handygynyn kuryluyTolyk makalasy Қazak handygynyn kuryluy 1457 zhyldyn kүzinde Әbilkajyr han Syganak tүbinde kalmaktardan zhenilgennen kejin Kerej men Zhәnibek sultandar kol astyndagy ru tajpalarmen Shu onirine kelip konystanyp Қazak handygynyn negizin salady Muhammed Hajdar Dulatidin kitabynda Қazak handygynyn kurylgan zheri Shu bojy men Қozybasy dep ajtylady 1458 zhyldyn kokteminde Kerejdi ak kiizge koterip han sajlajdy Әbilkajyr hanga narazy sultandar әmirler ru tajpa basylary Kerej men Zhәnibekke kelip kosylady Az uakyttyn ishinde halyktyn sany 200 mynnan asyp tүsedi Қazak handygynyn kalyptasuy men nygayuyTolyk makalasy Қazak handygynyn kalyptasuy men nygayuy XV gasyrdyn 60 zhyldary omirge kelgen Қazak handygy bul mezgilge dejin ayaktalyp kalgan kazak halkynyn kalyptasuynyn tabigi zhalgasy әri zhiyntygy bolatyn Өz ishinde alash atangan kazak ultynyn negizgi omirlik suranysyn yagni etnos etnostyk aumagynyn bүtindigin sharuashylygy men kүndelikti turmys tirshiliginin kauipsizdigin Ak Orda Mogolstan memleketi Әbilhajyr Ordasy Әbilhajyr handygy zhәne Nogaj Ordasy siyakty memlekettik kurylymdar kamtamasyz ete algan zhoktyn Өjtkeni bul handyktardyn oz ishinde de sayasi zhәne ekonomikalyk turaktylyk bolgan emes Sondyktan da kalyptasu zholynda turgan kazak ultynyn aumagy men zheke tajpalyk bolikterinin tүrli turaksyz handyk bilikterdin kuramyna enip tynymsyz kajta bolinip otyruy ulttyk uyuga zhagymsyz ykpal zhasaumen boldy Bul mezgil Ortalyk Aziya kenistiginde Shyngys han dәuiri tipten odan da buryngy ru zhәne tajpalyk aralasudyn kүni otken uakyt bolatyn Ұlttyk uyuga birzhola bet burgan endigi kezende halyktardyn turakty omiri men tirshiligin atamekennin tutastygyn үdemeli damuga degen tabigi umtylysyn kamtamasyz ete alatyn zhalky faktor memleket tutastygynyn boluy edi Әrkajsysy zheke handykty iemdenuden үmitteip tynymsyz sogys zhүrgizuge әdettengen Shyngys han әuletinin arasynda mundaj kogamdyk suranystardy dәl tүsinip ony kanagattandyruga bar kүshin sarp etkenderi de az bolgan zhok Қazakstandagy handyk biliktin zhojyluyTolyk makalasy Қazakstandagy handyk biliktin zhojyluy XIX gasyrdyn basynda Resejdin orta zhүzdegi sayasaty belsendi bolyp sharuashylyk salasynda zhana bagyttar kalyptasa bastady Zhajyk Kaspij tenizi Ertis Zajsan koli manyndagy kazaktar buryn mal osirumen ajnalyssa endi olar balyk aulaumen shugyldana bastady Sonymen kosa shygys zhәne ortalyk ajmaktarda tas komir tүsti metall ondiretin algash ken oryndaryn igeru zhүzege asyrylyp HIH g ortasyna karaj su zhәne zhel dirmeni ustalyk maj ken bylgary ondeu zauyttary iske kosyla bastady Tau ken ondirisine Oral әskeri shebi bojynda tartylgan zhataktardyn sany zhyl sanap ose tүsti Mysaly 1820 zhyly 6 myn adam bolsa 1824 zhyly ol san 2 mynga osken Uәli biliginin әlsizdigi Resejdin bul ajmakka ykpalyn kүshejte tүsti Imperiya kuramyna Қazakstannyn kosyluy onyn ornalaskan geosayasi zhagdajy Resej үshin tiimdi boldy Sonymen katar Қazakstannyn Қytajmen Orta Aziya halyktarymen Sibirmen tiimdi sauda katynasy Resej үshin tiimsiz edi Osyndaj zhүrip zhatkan ilgerleushilikterge patsha үkimeti talabyn kanagattandyryp Resejdjn basshylyk zhәne sayasi zhagynan zhүrgizilip otyrgan sharalary zhandana tүsti Sondyktan da halyk arasynda ykpaly tomendej tүsken kazak handyktary patsha үkimetinin bileu sayasatyna karsylyk ujymdastyra almady Қytaj zhagyna auyp tүsip Bogdyhannyn bodandygyn kabyldauy mүmkin degen kauipteri de handyk instituttyn zhojyluyn tezdetti 1781 zhyly Abylajdyn kajtys boluy onyn tolyp zhatkan urpaktary arasyndagy kikilzhinder han biligin әlsiretti Қazak handyktarynyn syrtky sayasaty men diplomatiyasy 15 17 gasyr Tolyk makalasy Қazak handyktarynyn syrtky sayasaty men diplomatiyasy 15 17 gasyr Қazak handyktarynyn syrtky sayasaty men diplomatiyasy 15 17 gasyr Қazak handygy 15 gasyrdyn 60 zhyldarynyn ortasy men 70 zhyldarynyn basynda Muhammed Hajdar Dulatidin esebi bojynsha 1465 66 zh Batys Zhetisuda kuryldy Onyn negizin kalaushylar Kerej han men Zhәnibek han boldy Қazak handyktarynyn syrtky sayasat zhonindegi bagyt bagdary zhәne diplomatiyalyk katynasy belgili bir dәuirdegi ishki әsirese syrtky zhagdajga sәjkes ozgerip otyrdy Қazak handygynyn Resej kuramyna kiruiTolyk makalasy Қazak handygynyn Resej kuramyna kirui Қazak handygynyn Resej kuramyna kirui XVIII gasyrdyn orta sheninde bastalyp IXX gasyr ortasynda ayaktalgan tarihi process Tagy karanyzҚazak handygynyn zhylnamasy Қazak handygynyn dәstүrli ajmaktyk әkimshilik kurylymy Қazak handygy tarihy kuryluy orleui kuldyrauy Қazak handaryDerekkozder Қazak Sovet Enciklopediyasy IH tom