Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.
Алғашқы электр станциялары
Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген.
Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған.
Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген.
Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр темір жолы бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзенінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станцияларының құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауыты iске қосылды.
1925 — 26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергетика қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты.
Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері
Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:
- Бiрiншi кезең 1918 — 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.
- Екiншi кезеңде (1946 — 58 ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.
- Үшiншi кезеңде (1959 — 90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.
Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.
1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станцияларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87,4 кВт/сағаты меншiктi электр станцияларында өндiрiлдi.
1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды.
1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергет. көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды.
1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымдылығы 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп.
Қазақстан электр энергетикасы 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды.
2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңтүстік және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды.
ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания (« ААҚ), 110 — 35, 6 — 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акционерлік компаниялары (АЭК АҚ) құрылды.
Қазақстан энергетикасын дамытудың 1997—2000 жылдарға арналған бағдарламасы
Бұл саланы одан әрi дамытудың 1997 — 2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногiн ұйымдастырудың мынадай үлгiлерi көзделдi:
- ақырғы тұтынушыға жеткiзiлетiн электр қуатының бағасы бойынша бәсеке;
- бiрыңғай электр қуаты рыногiнiң екi деңгейде (көтерме сауда және бөлшек сауда) болуы;
- электр қуатымен сауда жасауды ұйымдастыру;
- рынок субъектiлерiнiң аймақаралық («КЕGOC» ААҚ), аймақтық және жергiлiктi (БЭК-тер) деңгейдегi тораптар бойынша электр қуатын тарату және бөлу қызметтерiн көрсету жөнiнде шарттар жасасу.
Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. Бiр орталықтан диспетчерлiк басқару жүйесi қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелi (электр қуатын өндiру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткiштерi, атап айтқанда, электр тогының жиiлiгi жақсартылды.
Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi құрылып, жұмыс iстей бастады.
Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуетi 2001 жылдың басында 500 — 1000 мВт деп бағаланды. Мыс., Екiбастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы қаласының маңына) 300 мВт электр қуатын экспортқа шығара бастады.
2030 ж-ға дейiн электр энергетикасын дамыту бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның электр энергетикасы жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары әзiрлендi.
Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі) тарапынан мемлекеттік бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөнiндегi тарифтердi ҚР-ның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия «КЕGOC» ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегi электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған тарифтi есептеудiң жаңа әдiстемесiн қолданысқа енгiздi.
Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Республиканың электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жолмен басқару мiндетi жүктелген.
Меншік иелері
ҚР-ның электр энергетикасы секторын қайта құру негiзiнде электр энергетикасы нысандары түрлi меншiк иелерiнiң қолына көштi:
- iрi электр станциялары шет елдiк компанияларға тиесiлi,
- кернеуi 220 және одан жоғары кВ электр тораптарын басқару, диспетчерлеу, т.б. мәселелердi шешу мiндеттерi электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания — KEGOC-қа жүктелдi;
- кернеуi 110 және одан төмен кВ электр тораптары бұрынғы энергетика жүйесi шеңберiнде таратушы электр компанияларының басқаруында;
- электр қуатын өндiрушiлерден сатып алу және оны тұтынушыларға сату мiндетi Электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторына жүктелген.
Шикiзат көзi
Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 2/3-сiне жуығы -терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады.
Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы республикалық және солтүстік, батыс аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңтүстік аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi.
Электр энергиясын тұтыну
Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады.
2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген.
Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солтүстік Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.
2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң (БЭЖ) Солтүстік бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орта Азияның энергетика жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұзындығы тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км және 0,4 кВ — 115500 км.
Республика экономиканың отын-энергетикалық қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеуметтік аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технология мен шаралар ескерiлдi.
Қазақстан өзендерiнiң су энергетика әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды.
Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң техникалық әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Қazakstan energetikasy elektr energiyasy men kuatyn ondiru zhәne elektrmen zhabdyktau zhүjesi ulttyk ekonomikanyn ondiristik zhәne әleumettik infrakurylymyndagy manyzdy sala әri onerkәsiptin baska salalaryn damytudyn basty bazasy Algashky elektr stanciyalaryKenestik bilik dәuirine dejingi kezende ondirgish kүshterdin damu dengeji tomen boluy sebepti onyn energetikalyk bazasy Қazakstanda tym kenzhe kaldy Derekter bojynsha kazak zherinde barlyk elektr stanciyalardyn kuaty 2 5 myn kVt sag tan aspagan olarda zhylyna 1 3 mln kVt sag elektr kuaty ondirilgen Ken kәsiporyndaryna kyzmet korsetu үshin usak lokomobildi nemese eki taktili munaj elektr stanciyalary koldanylgan Uspensk siyakty kenishtin barlyk elektr kuaty 32 kVt bolgan al Spassk zauytynda 455 kVt tan aspagan Tek 6 kalada gana kuaty shagyn kalalyk elektr stanciyalary bolgan Қaragandy alabyndagy taskomir kenishinen algash komir ondiru 1856 zh bastalganymen Қazakstanda otyn onerkәsibi de nashar damydy 1917 zhylga Қazan tonkerisine dejingi kezende munda 1182 myn t komir ondirildi Lengir konyr komir kenishin 1869 zhyldan Ekibastuz tas komir kenishin 1898 zhyldan zhәne baska kenishterdi koskanda Қazakstanda tonkeriske dejingi 67 zhylda 1 6 mln t komir ondirilgen 1900 18 zh Embi munaj kenishinen 1377 t munaj sonyn ishinde Dossor kenishinde 1911 zhyldan 1332 t munaj ondirilgen Kenestik dәuirdin bas kezinde kabyldangan GOELRO zhosparynyn 1920 eldi elektrlendirudegi ekonomikalyk zhәne sayasi mәni zor boldy Bul zhospardyn Қazakstanga da tikelej katysy bar Onda Sibir temir zholy bojyndagy iri sauda onerkәsip ortalyktarynyn katarynda Petropavldy Ertis ozeninin bojyndagy Pavlodar audanyn birinshi kezekte al Dala olkesin ekinshi kezekte elektrlendiru Pavlodarda kuaty 15 myn kVt elektr stanciyalaryn salu mezhelengen Osy zhosparga saj 1925 zh Қarsakbaj elektr stanciyalarynyn kurylysy bastalyp 1928 zh munda mys korytu zauyty iske kosyldy Osy zhyly Zhog Haruiz SES i pajdalanuga berilip sonyn negizinde Ridder korgasyn zauyty iske kosyldy 1925 26 zh Dossorda munajdyn 41 2 y Makatta 87 8 y elektr kuatyn koldana otyryp ondirildi Osy zhyldary munaj okpandaryn burgylau zhәne munajdy barlau үshin KSRO da tungysh ret elektr kuaty koldanyldy Қazakstandagy otyn energetika korlardy izdestiru zhumystarynyn nәtizhesinde komir men munajdyn iri kenishteri tabyldy Қazbaly otyn korlary bojynsha Қazakstan Kenes Odagynda ekinshi orynga shykty Қazakstan elektr energetikasynyn damuynyn negizgi kezenderiҚR birtutas elektr energetikalyk zhүjesi Zhalpy elektr stanciyalary kuatynyn artuyna elektr kuatynyn ondiriluine ekonomikany elektrlendiru dengejine zhasalgan taldau negizinde kenestik dәuirdegi Қazakstan elektr energetikasynyn damu zholyn negizgi үsh kezenge boluge bolady Birinshi kezen 1918 45 zhyldardy kamtidy bul kezende sol uakyttyn olshemi bojynsha iri elektr stanciyalary salynyp algashky energetikalyk toraptar pajda boldy Ekinshi kezende 1946 58 zh ajmaktyk elektr stanciyalarynda elektr kuatyn bir ortalyktan ondiru kүrt artty algashky energetikalyk zhүjeler kuryldy Үshinshi kezende 1959 90 zh respublikanyn energetikalyk bazasy zhedel karkynmen damyp ajmaktyk energetikalyk zhүje kalyptasty Sojtip Қazakstan ozinin elektr kuaty zhonindegi muktazhdaryn tolyk kamtamasyz etetin әri ony ozge elderge shygaratyn ahualga zhetti Bul kezende Almatyda Қaragandyda Petropavlda Zhambylda Shymkentte Pavlodarda iri ajmaktyk su elektr stanciyalary ASES salyndy Ertis ozeninde Өskemen zhәne Buktarma su elektr stanciyalary SES Ilede Қapshagaj SES i zhumys istedi Asa iri Aksu ASES y Ekibastuz kenishinin arzan komirin pajdalandy 1990 zh KSRO ekonomikasynyn kuldyrauy karsanynda respublika elektr stanciyalarynyn kuaty 18 mln kVt tan asty al Қazakstannyn zhalpy elektr energiyasyn tutynuy 104 8 mlrd kVt sagatty kurady onyn 87 4 kVt sagaty menshikti elektr stanciyalarynda ondirildi 1990 zh respublikada 131 5 mln t komir 25 5 mln t munaj men gaz kondensaty zhәne 6 8 mlrd m3 gaz ondirildi Өndirilgen komir men munajdyn edәuir boligi respublikadan tyskary shygaryldy 1990 zh baska elderge 10 mln t koksteletin zhәne 46 6 mln t energet komir 42 9 21 mln t munaj men gaz kondensaty 82 4 shygaryldy Respublikanyn otyn balansyndagy gazdyn үlesi 15 boldy 1990 zh respublikanyn ulttyk tabysyndagy үlesti energiya syjymdylygy 1 somga shakkanda 4 01 kg boldy munyn ozi ozge odaktas respublikalarmen salystyrganda 28 ga kop Қazakstan elektr energetikasy 1991 zhyldan dagdarysty zhagdajdy bastan keshirdi Respublikanyn koldanystagy energetikalyk kuaty 1990 zhyldyn basynda 17000 mVt ka zhuyk bolsa 1998 zh ortasyna karaj bul kuat 10000 mVt ka dejin kyskardy 2000 zhyldyn korytyndysy bojynsha elektr kuatyn tutynu korsetkishi 8560 mVt ka dejin tomendedi Қazakstan energiya ondirushi kuattardyn tapshylygy zhәne artyk elektr kuaty bar ajmaktardan ony zhetkize alatyn elektr zhelisinin zhoktygy sebepti ontүstik zhәne batys ajmaktar үshin elektr kuatyn syrttan aldy ҚR Үkimeti 1996 zh elektr energetikasynyn kuat ondirushi zhәne elektr toraptary aktivterine memlekettik monopoliyany reformalau sojtip elektr kuatynyn bәsekeli rynogin zhasau kazhettigi turaly sheshim kabyldady Osy maksatta elektr energetikasyn kurylymdyk zhagynan kajta kurudyn үkimettik bagdarlamasy әzirlendi Bul bagdarlamany iske asyru elektr energetikasynyn bәsekeli boligin elektr kuatyn ondiru zhәne ony tutynu tabigi monopolisterden azhyratyp alu elektr energiyasyn beru zhәne bolu kamtamasyz etildi Iri elektr st lary MAES investorlarga satyldy al ajmaktyk zhylu elektr stanciyalary ZhEO zhergilikti baskaru organdarynyn menshigine berildi 1120 500 zhәne 220 kV kerneuli negizgi toraptardyn aktivteri negizinde Elektr toraptaryn baskaru zhonindegi kazakstandyk kompaniya AAҚ 110 35 6 10 zhәne 0 4 kV kerneuli ajmaktyk elektr toraptary negizinde bolu elektr toraptyk akcionerlik kompaniyalary AEK AҚ kuryldy Қazakstan energetikasyn damytudyn 1997 2000 zhyldarga arnalgan bagdarlamasyBul salany odan әri damytudyn 1997 2000 zhyldarga arnalgan bagdarlamasynda elektr kuaty rynogin ujymdastyrudyn mynadaj үlgileri kozdeldi akyrgy tutynushyga zhetkiziletin elektr kuatynyn bagasy bojynsha bәseke biryngaj elektr kuaty rynoginin eki dengejde koterme sauda zhәne bolshek sauda boluy elektr kuatymen sauda zhasaudy ujymdastyru rynok subektilerinin ajmakaralyk KEGOC AAҚ ajmaktyk zhәne zhergilikti BEK ter dengejdegi toraptar bojynsha elektr kuatyn taratu zhәne bolu kyzmetterin korsetu zhoninde sharttar zhasasu Osy үlginin engizilui eki zhakty merzimdi kelisimsharttar rynogin kuruga mүmkindik berdi Bir ortalyktan dispetcherlik baskaru zhүjesi kajta kuryldy ol elektr kuatyn bәsekeli elektr kuatyn ondiru men tutynu zhәne monopoliyaly elektr kuatyn taratu zhәne bolu bolikterinin bolinisi zhagdajynda zhumys isteuge bejimdeldi sondaj ak elektr kuatynyn sapalyk korsetkishteri atap ajtkanda elektr togynyn zhiiligi zhaksartyldy Elektr energetikasy sektoryn reformalau bagdarlamasyn dәjektilikpen iske asyru nәtizhesinde 2000 zhyldan bastap on ozgeristerge kol zhetkizildi eki zhakty merzimdik forvardtyk kelisimsharttar rynogi kurylyp zhumys istej bastady Қazakstannyn elektr energetikasy sektorynyn bastapky eksporttyk әleueti 2001 zhyldyn basynda 500 1000 mVt dep bagalandy Mys Ekibastuz AES kompaniyasy 2001 zhyldan Resejge Omby kalasynyn manyna 300 mVt elektr kuatyn eksportka shygara bastady 2030 zh ga dejin elektr energetikasyn damytu bagdarlamasy shenberinde Қazakstannyn elektr energetikasy zhoninen tәuelsizdigin kamtamasyz etudin 2005 zhylga dejingi zhospary әzirlendi Naryktyk ekonomika zhagdajynda elektr energetikasy sektoryndagy tabigi monopoliyanyn barlyk kurylymdary uәkiletti organ Energetika zhәne tabigi resurstar ministrligi tarapynan memlekettik bakylauga alyngan Elektr kuatyn taratu zhәne bolu zhonindegi tarifterdi ҚR nyn Tabigi monopoliyalardy retteu zhәne bәsekelestikti korgau zhonindegi agenttigi rettep otyrady 2000 zh 1 sәuirde Tarifter zhonindegi bolimshearalyk komissiya KEGOC AAҚ nyn ajmakaralyk dengejdegi elektr toraptary bojynsha elektr kuatyn taratu zhonindegi kyzmet korsetuine arnalgan tarifti esepteudin zhana әdistemesin koldanyska engizdi Elektr energetikasy sektoryndagy reformalardy terendetudin 2000 zhyldan bastalgan kezekti kezeni Respublikanyn elektr kuatynyn koterme sauda rynogin zhetildiru tuzhyrymdamasyna negizdeldi Bul tuzhyrymdamaga sәjkes elektr kuaty rynoginin kazakstandyk operatory kuryldy ogan elektr kuatyn ondiru men tutynu procesterin naryktyk zholmen baskaru mindeti zhүktelgen Menshik ieleriҚR nyn elektr energetikasy sektoryn kajta kuru negizinde elektr energetikasy nysandary tүrli menshik ielerinin kolyna koshti iri elektr stanciyalary shet eldik kompaniyalarga tiesili kerneui 220 zhәne odan zhogary kV elektr toraptaryn baskaru dispetcherleu t b mәselelerdi sheshu mindetteri elektr toraptaryn baskaru zhonindegi kazakstandyk kompaniya KEGOC ka zhүkteldi kerneui 110 zhәne odan tomen kV elektr toraptary buryngy energetika zhүjesi shenberinde taratushy elektr kompaniyalarynyn baskaruynda elektr kuatyn ondirushilerden satyp alu zhәne ony tutynushylarga satu mindeti Elektr kuaty rynoginin kazakstandyk operatoryna zhүktelgen Shikizat koziҚazakstanda kazir energetika onimnin 2 3 sine zhuygy terde kalgan boligi energiyasyn SES terde ondiriledi Қazakstannyn batys ajmagynda energetikalyk shikizat kozi munaj men tabigi gaz bolgandyktan sujyk gaz tәrizdi zhәne aralas tipti otynmen zhumys istejtin stanciyalar damytylgan Shygys zhәne ontүstik ajmaktarda әzirge su kuatynan baska menshikti energetika kozderi zhok Osygan bajlanysty olarda yadrolyk otyn tasymal munaj gaz komir pajdalanylady Elektr kuatyn tutynudyn eseptik dengejlerine zhasalgan taldau 1990 zhyldan bastap on zhyldyk kezende elektr tutynu kolemi zhalpy respublikalyk zhәne soltүstik batys ajmaktar bojynsha 2 ese derlik al ontүstik ajmak bojynsha 3 ese derlik kemigenin korsetedi Elektr energiyasyn tutynuSongy 2 3 zhylda elektr energiyasyn tutynudyn azayu karkynynyn bayaulagany bajkaldy al batys ajmakta ol ose bastady 2000 zhyldyn algashky zhartysynda respublikada 27 4 mlrd kVt sag elektr kuaty tutynylgan munyn ozi 1999 zhyldyn osy kezenimen salystyrganda 7 2 ga kop Elektr kuatyn ondiru men tutynu koleminin osui negizinen Batys zhәne Soltүstik ajmaktarda Pavlodar Ekibastuz onirinde bajkaldy Қazakstannyn Ontүstik ajmagynda Almaty Ontүstik Қazakstan Zhambyl Қyzylorda oblystary zhetkilikti bastapky energetikalyk kor zhok bolgandyktan onyn elektr energetikasy tasyp әkelinetin komirge syrttan әkelinetin gaz ben mazutke negizdelgen Bul ajmaktagy elektr kuatynyn negizgi kozderi Zhambyl MAES i Shymkent ZhEO 1 Almaty ZhEO Қapshagaj SES i Mundagy tapshylyk Soltүstik Қazakstannyn OES y 220 500 kV elektr toraptary bojynsha Orta Aziya respublikalarynan әkelinetin elektr kuaty esebinen oteledi 2000 zh 15 mausymnan bastap Қazakstannyn Biryngaj energetikalyk zhүjesinin BEZh Soltүstik boliginde Resejdin BEZh imen katarlaskan zhumys kalpyna keltirildi al 2000 zh kyrkүjekten Қazakstannyn BEZh i Resej men Orta Aziyanyn energetika zhүjesimen katarlas zhumyska koshirildi Қazir Қazakstannyn barlyk oblystarynda ajmaktyk elektr toraptary kompaniyalarymen katar koptegen deldaldar trejderler tutynushylardy elektr kuatymen zhabdyktajdy Қazakstannyn elektr toraptarynyn kazirgi kurylymynda 1150 500 zhәne 220 kV tyk kerneuli zhogary klasty zhүje kuraushy negizgi toraptardyn uzyndygy tiisinshe 1423 km 5470 km zhәne 17900 km Ajmaktyk zhәne zhergilikti toraptardyn korsetkishteri mynadaj 110 kV 42000 km 35 kV 61500 km 6 10 kV 199400 km zhәne 0 4 kV 115500 km Respublika ekonomikanyn otyn energetikalyk korynyn kazhettigin anyktau kezinde onerkәsiptin tүrli salalary men әleumettik ayada kuat үnemdejtin 100 ge zhuyk tehnologiya men sharalar eskerildi Қazakstan ozenderinin su energetika әleueti 200 mlrd kVt sag al pajdalanuga ekonomikalyk tiimdi su energiya kory 23 27 mlrd kVt sag dep bagalandy Қazirgi kezde gidravlikalyk energiyanyn ekonomikalyk әleuetin pajdaga asyru dengeji nebәri 20 dy kurajdy Zhel kuatyn pajdalanu үshin Zhongar kakpasy audanynda 100 110 mlrd kVt sag Mangystau taularynda 100 140 mlrd kVt sag t b audandarda kolajly zhagdajlar bar Ontүstik Қazakstan Almaty oblystarynyn aumagynda negizinen zhylytuga zhәne ystyk sumen kamtamasyz etuge zharamdy geotermiyaly su korlary anyktaldy Zher asty suyn pajdalanu zhylyna 1 mln t shartty otyn үnemdeuge mүmkindik beredi Respublikada kүn energiyasy men biomassanyn da belgili bir әleueti bar Energiyanyn mundaj әdetten tys kozderinin tehnikalyk әleueti 13 mlrd kVt sagatka bagalanyp otyr sonyn ishinde zhylyna 5000 6000 sagatty kamtamasyz etetin kepildi kuat 380 mVt Energiya ondirimi 1 9 2 3 mlrd kVt sag