Экрандау – кино тәсілдері арқылы әдеби (проза, драматургия, лирика) немесе театр (спектакль, опера, балет) туындылары негізінде фильм жасау өнері.
Кино өнері өмірге алғаш келген күннен бастап көркем әдебиет туындыларын пайдаланып келеді. Мыс., 1902 ж. Францияда реж. Ж.Мельес түсірген кинофеериялардан “Робинзон Крузо” мен “Гулливер” фильмін атауға болады. 1908 ж. Ресейдегі алғашқы “Стенька Разин” фильмі кең таралған белгілі халық әні негізінде жасалды. Жеке өнер саласына айналмай тұрған кезден-ақ кино дүние жүзі әдебиетіндегі классик. шығармаларды пайдалана бастады. Сонымен әдеби шығармалар кино өнерінің сарқылмас қайнар көзіне айналды. Мыс., У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясы Францияда (1907), Италияда (1908), Данияда (1910) және Ұлыбританияда (1913) экрандалды. Ресейде 1909 ж. А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, А.П. Чехов, т.б. жазушылардың шығармалары бойынша 50-ге тарта фильм жасалды. Э. өнері әдеби туындыларды шығарм. тұрғыдан қорытуды, әсіресе көркем туындының идеялық ой-мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мақсат-мұратын тереңірек ашып көрсетуді талап етеді. Э. кезінде әдеби шығарманың композиц. шешімі, оған қоса оқиға орны мен кейіпкерлер санының өзгеруі, сондай-ақ қосалқы эпизодтардың мүлдем қысқарып қалуы әбден ықтимал. 1920 – 90 ж. көркем туындыларды Э. ісі жан-жақты дамып, кең өріс алды. Әсіресе 1926 ж. А.М. Горькийдің романы бойынша реж. В.И. Пудовкин қойған “Ана” фильмі дүниежүз. кино өнерінде елеулі оқиғаға айналды. Бұдан кейінгі жылдары ТМД елдері және шетел жазушыларының (Б.А. Лавренев, А.Н. Толстой, А.А. Фадеев, М.А. Шолохов, Ш.Т. Айтматов, А.Н. Островский, Н.В. Гоголь, Л.Н. Толстой, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Лем, Г.Мопассан, У.Шекспир, т.б.) шығармалары бойынша көптеген көркем фильмдер қойылды. Бұлардың қатарында көрермендер көңілінен шыққан “Томпақ қыз” (реж. М.И. Ромм), “Найзағай” (екеуі де 1934, реж. В.М. Петров) мен “Бірінші Петр” (1937 – 39, 2 сериялы; екеуінің де реж. В.М. Петров), “Қырық бірінші” (1956, реж. Г.Н. Чухрай), “Жас гвардия” (1948), “Тынық Дон” (1957 – 58, 2 сериялы; екеуінің де реж. С.А. Герасимов) мен “Адам тағдыры” (1959), “Соғыс пен бейбітшілік” (1966 – 67, екеуінің де реж. С.Ф. Бондарчук), “Гамлет” (1964) пен “Король Лир” (1970, екеуінің де реж. Г.М. Козинцев), “Алғашқы мұғалім” (1965, реж. А.С. Михалков-Кончаловский) мен “Ақ кеме” (1976, реж. Б.Шәмшиев), “Солярис” (1972, реж. С.И. Параджанов), “Өлі жандар” (1984) мен “Крейцер сонатасы” (1987, екеуінің де реж. М.А. Швейцер), “Екі қылмыс” (1994, Р.Шнайдер) сияқты көркем фильмдер бар. Көркем әдебиет туындыларын Э. шетелдерде де өріс алды. Мыс., Ұлыбританияда Шекспирдің “Гамлет” (реж. Л.Оливье, 1948) пен “Король Лир” (реж. П.Брук, 1971), Францияда Стендальдің “Қызыл мен қара” (реж. К.Отан-Лара, 1954) және Г.Мопассанның “Сүйікті дос” (реж. Л.Дакен, 1954), АҚШ-та А.Лорентстің “Вестсайд хикаясы” (реж. Р.Уайз) мен Г.Фасстың “Спартак” (реж. С.Кубрик, екеуі де 1961), Чехословакияда Я.Гашектің “Сайыпқыран солдат Швейктің бастан кешкендері” (реж. Й.Трнка, 1955), Польшада З.Посмыштың “Пассажир әйел” (реж. А.Мунк, 1963) мен Б.Прустың “Қуыршақ” (реж. В.Хас, 1968), Венгрияда Ф.Шанттың “Жиырма сағат” (реж. З.Фабри, 1964) секілді әр алуан шығармалар экрандалды. Қазақстанда көркем әдеби шығармаларды Э. ісі кино өнерінің даму жолымен тығыз байланысты. Д.А. Фурмановтың “Бүліншілік” (1928, реж. С.А. Тимошенко), Әуезовтің “Абай әні” (1945, Л.С. Соболевпен бірлесіп жазған “Абай” трагедиясы бойынша, реж. Г.Л. Рошаль мен Е.Е. Арон), “Қараш-Қараш” оқиғасы” (1968, реж. Б.Шәмшиев), “Көксерек” (1973, реж. Т.Өкеев) пен “Қаралы сұлу” (1982, реж. Е.Шынарбаев), Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1954, реж. Ш.Айманов пен Г.А. Гаккель; 1992, реж. А.Әшімов) мен “Қыз Жібек” (1970, реж. С.Қожықов), С.Мұқановтың “Ботакөз” (1957, реж. Е.Е. Арон), Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” (1963, реж. А.Қарсақбаев), С.Мұратбековтің “Күсен-Күсеке” (1976, реж. Е.Болысбаев), Д.Исабековтің “Гауїар тас” (1976, реж. Ш.Бейсембаев) пен “Жусан” (1986, реж. А.Әшімов), Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен тер” (1978, реж. Ә.Мәмбетов, Ю.Мастюгин), Ә.Әлімжановтың “Жаушы” (1980, реж. Мәмбетов), С.Жүнісовтің “Заман-ай” (1997, реж. Б.Шәріп) атты шығармалары бойынша, т.б. көркем фильмдер түсірілді.
Дереккөздер
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ekrandau kino tәsilderi arkyly әdebi proza dramaturgiya lirika nemese teatr spektakl opera balet tuyndylary negizinde film zhasau oneri Kino oneri omirge algash kelgen kүnnen bastap korkem әdebiet tuyndylaryn pajdalanyp keledi Mys 1902 zh Franciyada rezh Zh Meles tүsirgen kinofeeriyalardan Robinzon Kruzo men Gulliver filmin atauga bolady 1908 zh Resejdegi algashky Stenka Razin filmi ken taralgan belgili halyk әni negizinde zhasaldy Zheke oner salasyna ajnalmaj turgan kezden ak kino dүnie zhүzi әdebietindegi klassik shygarmalardy pajdalana bastady Sonymen әdebi shygarmalar kino onerinin sarkylmas kajnar kozine ajnaldy Mys U Shekspirdin Gamlet tragediyasy Franciyada 1907 Italiyada 1908 Daniyada 1910 zhәne Ұlybritaniyada 1913 ekrandaldy Resejde 1909 zh A S Pushkin L N Tolstoj F M Dostoevskij A P Chehov t b zhazushylardyn shygarmalary bojynsha 50 ge tarta film zhasaldy E oneri әdebi tuyndylardy shygarm turgydan korytudy әsirese korkem tuyndynyn ideyalyk oj mazmunyn kejipkerlerdin is әreketi men maksat muratyn terenirek ashyp korsetudi talap etedi E kezinde әdebi shygarmanyn kompozic sheshimi ogan kosa okiga orny men kejipkerler sanynyn ozgerui sondaj ak kosalky epizodtardyn mүldem kyskaryp kaluy әbden yktimal 1920 90 zh korkem tuyndylardy E isi zhan zhakty damyp ken oris aldy Әsirese 1926 zh A M Gorkijdin romany bojynsha rezh V I Pudovkin kojgan Ana filmi dүniezhүz kino onerinde eleuli okigaga ajnaldy Budan kejingi zhyldary TMD elderi zhәne shetel zhazushylarynyn B A Lavrenev A N Tolstoj A A Fadeev M A Sholohov Sh T Ajtmatov A N Ostrovskij N V Gogol L N Tolstoj M Әuezov Ғ Mүsirepov S Lem G Mopassan U Shekspir t b shygarmalary bojynsha koptegen korkem filmder kojyldy Bulardyn katarynda korermender konilinen shykkan Tompak kyz rezh M I Romm Najzagaj ekeui de 1934 rezh V M Petrov men Birinshi Petr 1937 39 2 seriyaly ekeuinin de rezh V M Petrov Қyryk birinshi 1956 rezh G N Chuhraj Zhas gvardiya 1948 Tynyk Don 1957 58 2 seriyaly ekeuinin de rezh S A Gerasimov men Adam tagdyry 1959 Sogys pen bejbitshilik 1966 67 ekeuinin de rezh S F Bondarchuk Gamlet 1964 pen Korol Lir 1970 ekeuinin de rezh G M Kozincev Algashky mugalim 1965 rezh A S Mihalkov Konchalovskij men Ak keme 1976 rezh B Shәmshiev Solyaris 1972 rezh S I Paradzhanov Өli zhandar 1984 men Krejcer sonatasy 1987 ekeuinin de rezh M A Shvejcer Eki kylmys 1994 R Shnajder siyakty korkem filmder bar Korkem әdebiet tuyndylaryn E shetelderde de oris aldy Mys Ұlybritaniyada Shekspirdin Gamlet rezh L Olive 1948 pen Korol Lir rezh P Bruk 1971 Franciyada Stendaldin Қyzyl men kara rezh K Otan Lara 1954 zhәne G Mopassannyn Sүjikti dos rezh L Daken 1954 AҚSh ta A Lorentstin Vestsajd hikayasy rezh R Uajz men G Fasstyn Spartak rezh S Kubrik ekeui de 1961 Chehoslovakiyada Ya Gashektin Sajypkyran soldat Shvejktin bastan keshkenderi rezh J Trnka 1955 Polshada Z Posmyshtyn Passazhir әjel rezh A Munk 1963 men B Prustyn Қuyrshak rezh V Has 1968 Vengriyada F Shanttyn Zhiyrma sagat rezh Z Fabri 1964 sekildi әr aluan shygarmalar ekrandaldy Қazakstanda korkem әdebi shygarmalardy E isi kino onerinin damu zholymen tygyz bajlanysty D A Furmanovtyn Bүlinshilik 1928 rezh S A Timoshenko Әuezovtin Abaj әni 1945 L S Sobolevpen birlesip zhazgan Abaj tragediyasy bojynsha rezh G L Roshal men E E Aron Қarash Қarash okigasy 1968 rezh B Shәmshiev Kokserek 1973 rezh T Өkeev pen Қaraly sulu 1982 rezh E Shynarbaev Mүsirepovtin Қozy Korpesh Bayan sulu 1954 rezh Sh Ajmanov pen G A Gakkel 1992 rezh A Әshimov men Қyz Zhibek 1970 rezh S Қozhykov S Mukanovtyn Botakoz 1957 rezh E E Aron B Sokpakbaevtyn Menin atym Қozha 1963 rezh A Қarsakbaev S Muratbekovtin Kүsen Kүseke 1976 rezh E Bolysbaev D Isabekovtin Gauyiar tas 1976 rezh Sh Bejsembaev pen Zhusan 1986 rezh A Әshimov Ә Nurpejisovtin Қan men ter 1978 rezh Ә Mәmbetov Yu Mastyugin Ә Әlimzhanovtyn Zhaushy 1980 rezh Mәmbetov S Zhүnisovtin Zaman aj 1997 rezh B Shәrip atty shygarmalary bojynsha t b korkem filmder tүsirildi DerekkozderBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz