Шәміл Мұхамеджанов (14 қазан 1931 жыл, Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы - 15 желтоқсан, 1980 жыл, Алматы қаласы) — қазақ ақыны, аудармашы, редактор, КСРО Жазушылар Одағының және Қазақ КСР-і Жазушылар Одағының мүшесі. 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Шәміл Мұхамеджанов | |
---|---|
Туған күні | 14 қазан 1931 |
Туған жері | Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы |
Өмірден өткен күні | 15 желтоқсан 1980 (49 жас) |
Қайтыс болған жері | Алматы қаласы |
Азаматтығы | КСРО |
Қызметі | ақын, аудармашы, редактор |
Шәміл ақынның «Ана құшағы», «Қошалақ», «Ақ жалын», «Туысқан» «Көңілашар», «Күн төбеде тұрғанда», «Назқоңыр», «Арқа сүйер – тірегім», «Ақ желең», «Дәуір даусы», «Жас қанат», «Шабытты шақ», «Жыр – ғұмыр», «Мен әлемге өз тілімде үн қатам» сияқты жыр жинақтары әр жылдарда жарық көрген.
Көптеген өлеңдеріне атақты композиторлар ән жазып, олар қазақ сахнасында шырқалып жүр. Сонымен қатар балаларға арнап жазылған өлеңдеріне ән шығарылған.
Мұқағали Мақатаевтың алты бөлімнен тұратын «Шәмілге жазған хаттардан» атты шығармасы ақын Шәміл Мұхамеджановқа арналған. Екі ақын бірінің жанын бірі түсінген құрдастар, жақын достар болған.
Сырымды білмес сырт адам,
Ұғар-ау, жан деп жұтаған.
Жақын кеп олар мендегі
Сезімді көрсе бұрқаған, –
деп өлеңдеткен, ақын жүрегін елеңдеткен, мұңайтқан, елегізткен ойлар Шәміл Мұхамеджанов болмысын өз көзінен өткеріп, өз жүрегімен жырласа, талант қыры ерекшелене түсері сөзсіз. Ал «Шәмілдің ерекшелігі не?» дегенде, оның, алдымен, не жайында болса да, жүрек сырын қозғап, шынын, расын айтатындығы десе артық емес, әбден орынды. Олай дейтінім: ақынның тақырып өрісі тым алыс, көңіл-күйі, шын зейін-зердесі жететін көз алдындағы құбылыстарды ғана қозғайды. Сондықтан бұлар оның жанына жақын, жүрегіне жылы, айқын да аян жайлар», – деп жазады академик М. Қаратаев. Осылайша ол Шәміл Мұхамеджановтың «Жазушы» баспасынан 1981 жылы жарық көрген «Шабытты шақ» атты жыр жинағына жазған алғысөзінде құнды пікірін білдірген.
Бар-жоғы 49 жасында көз жұмған ақын жайында Т. Молдағалиев: «Шәміл екеуміз тез табыстық. Шәмілдің де, менің де айтар әңгімеміз, шертер күйіміз өлең болды. Өлең екеумізді таныстырды, табыстырды, достастырды. Өлеңдегі ұзақ жылда бірімізге-біріміз аялай қарадық. Жаңа жазылған жырларымызды бірімізге-біріміз оқуға асығушы едік», – деп сағына еске алады.
Еңбек жолы
«Жұлдыз» журналында, көп жыл бойы «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Алғашқы топтама өлеңі жас ақындардың «Жас қанат» жинағында 1959 жылы басылды. Бұдан кейінгі жылдары ақын қаламынан оннан астам өлең-дастан жинақтары, балаларға арналған кітапшалары дүниеге келді. Аударма саласында М. Лермонтовтың, Я. Райнестің, Л. Украинканың, Т. Шевченконың, Р. Ғамзатовтың, Я. Смеляковтің, т.б. шығармаларын тәржімалауға қатысты.
Ш. Мұхамеджановтың тақырып өрісі кең: туған ана, туған жер, қатар- құрбы, сүйген жар тақырыбынан бастап барлық жырларында нағыз жүрек сөзін айтады, өмір көрінісі мен уақыт тынысы үндесіп жатады. Балғын балалық шағы соғыс кезіне тура келген ақын Ұлы Отан соғысындағы және тылдағы халықтың ерліктерін, әрі соған орай бүгінгі бейбіт өміріміздегі адамдардың ерен еңбегін жырлап өтті. Ақынның 70 жыл толуына орай «Жыр ғұмыр» шығармалар жинағы шықты. Сонымен қатар «Притяжение отчей земли» атты бір томдық өлеңдер жинағы орыс тілінде жарық көрді. Орыс тіліне аударғандар Амантай Ахетов пен Лев Халиф. Қысқа ғұмырында ақын Қапан Мусин, Мәкәлім Қойшыбаев, Діңгебай Ботпаев, Әсет Бейсеуов, Ілия Жақанов сынды талантты сазгерлермен тығыз шығармашылық байланыс орнатып «Жар сағынышы», «Кел достар», «Ана арманы», «Еске алу», «Қайыңдар», секілді сәнді әндерге сөз де жазған.
Отбасы
Жұбайы — Жүнісова Мәриям Сыздыққызы (1935 жылғы). Балалары — Алмат, Алуа, Ләйлә, Самырат, Дастан, Дариға және Қазыбек.
Шығармалары
- Жас қанат. Өлеңдер. А..ҚМКӘБ. 1959;
- Жоғалған көйлек. Өлеңдер. Казгосиздат. 1959;
- Ана құшағы. Өлеңдер. А..ҚМКӘБ. 1960;
- Қошалақ. Өлеңдер. А..ҚМКӘБ. 1962;
- Ақ жалын. Өлеңдер. А..Жазушы. 1964;
- Қазақ Совет поэзиясының антологиясы. 2 томдықтың редакторы. А..Жазушы. 1966;
- Туысқан. Өлеңдер. А..Жазушы. 1966;
- Көңілашар. Өлеңдер. А..Жазушы. 1968;
- Құлыншақтарым. Өлеңдер. А..Жазушы. 1970;
- Күн төбеде тұрғанда. Өлеңдер. А..Жазушы. 1972;
- Назқоңыр. Өлеңдер. А..Жазушы. 1973;
- Шағала көңілім, шарықта. Таңдамалы. А..Жазушы. 1974;
- Ақжелең. Өлеңдер. А..Жалын. 1977;
- Арқа сүйер тірегім. Өлеңдер. А..Жазушы. 1978;
- Жас қанат. Поэмалар, балладалар, өлеңдер. А..Жалын. 1979;
- Дәуір дауысы. Өлеңдер. А..Жазушы. 1979;
- Дала тынысы. Өлеңдер мен балладалар. А..Жазушы. 1980;
- Жас қанат. Поэмалар. А..Жазушы. 1980;
- Шабытты шақ. Өлеңдер мен поэмалар. А..Жазушы. 1981;
- Жыр-ғұмыр. Өлеңдер. А..Гауһар. 2001;
- Притяжение отчей земли. Өлеңдер. (Аудармашы А. Ахетов). А..Гауһар. 2001;
- Мен әлемге өз тілімде үн қатам... Өлеңдер. А..Мектеп. 2011.
Аудармалары
Орыс және өзбек тілдерінен
- Миртемир. Сахра гүлі. Өлеңдер. А..Жазушы. 1968;
- Украинка Л. Таңдамалы өлеңдер. А..Жазушы. 1971;
- Нонешвили И. Қазақ жерінде. Өлеңдер. А..Жазушы. 1975;
- Наровчатов С. Жалын. Өлеңдер. А..Жазушы. 1979;
- Абашидзе И. Грузия күмбезі. Өлеңдер. А..Жазушы. 1980.
Шәміл Мұхамеджанов туралы басылым беттерінде жарияланған мақалалар
- Шалқар, Жәлел. Мұқағали жырлаған Шәміл кім еді? [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджанов туралы] / Жәлел Шалқар // Үркер. – 2018. – № 11. – Б. 26–27.
- Мұхамеджанов, Шәміл. Қара бала [Мәтін] : [1маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай] / Шәміл Мұхамеджанов // Жыл он екі ай. – 2016. – № 3. – Б. 2.
- Ниязбекұлы, Байбатыр. Ақынның жыр ғұмыры [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджановтың 80 жасқа толу кеші туралы] / Байбатыр Ниязбекұлы // Біздің Торғай. – 2011. – 8–15 қараша. – Б. 2.
- Сүндетбаев, Ғабит. «Ардағым Торғай, асылым Торғай» деп жырлап өткен Шәміл аға [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 80 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткен еске алу кеші жайлы] / Ғабит Сүндетбаев // Біздің Торғай. – 2011. – 1 қараша. – Б. 2.
- Абдуллин, Әмірхан. Өтті алдымнан жастық елес [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 80 жыл толуына орай] / Әмірхан Абдуллин // Біздің Торғай. – 2011. – 25 қазан. – Б. 3.
- Ғали, Т. Торғайдан ұшқан тарланбоз [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 80 жыл толуына орай] / Т. Ғали // Айқын. – 2011. – 18 қазан. Б. 7.
- Мақатаев, Мұқағали. Шәмілге жазған хаттардан [Мәтін] : [өлеңмен жазылған хаттар] / Мұқағали Мақатаев // Қазақ. – 2011. – 7 қазан. – Б. 7.
- Мұхамеджанов, Шәміл. Жарияланбаған өлеңдер [Мәтін] : [өлеңдер] / Шәміл Мұхамеджанов // Қазақ. – 2011. – 7 қазан. – Б. 6.
- Шәмілқызы, Дариға. Әке [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджанов туралы естелік] / Дариға Шәмілқызы // Қазақ. – 2011. – 7 қазан. – Б. 7.
- Абдуллин, Әмірхан. Өтті алдымнан жастық елес... [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджанов шығармашылығы туралы] / Әмірхан Абдуллин // Қазақ. – 2011. – 16 қыркүйек. – Б. 10.
- Қайырбеков, Ғафу. Алпыс жылдыққа арналған сөз [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджановтың 80 жылдығына орай] / Ғафу Қайырбеков // Қазақ әдебиеті. – 2011. – 14 қазан. – Б. 10.
- Молдағалиев, Тұманбай. Ақын Шәміл туралы сөз [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджанов шығармашылығы туралы] / Тұманбай Молдағалиев // Қазақ. – 2011. – 7 қазан. – Б. 6–7.
- Мұхамеджанов, Шәміл. Көңілді қыс [Мәтін] : [қыс туралы өлең] / Шәміл Мұхамеджанов // Балапан әлемі. – 2010. – № 1. – Б. 25.
- Кенжеахметұлы, Сейіт. Ақиқатын айтып кеткен ақын [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджанов] / Сейіт Кенжеахметұлы // Торғай. – 2001. – 19 қазан. – Б. 4.
- Жүнісұлы, Мұрат. Шәміл шыққан шың [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджанов туралы] / Мұрат Жүнісұлы // Торғай. – 2001. – 19 қазан. – Б. 4.
- Абдуллин, Әмірхан. Құс жолының бір жұлдызы [Мәтін] : Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 70 жыл толуына орай / Әмірхан Абдуллин // Қостанай таңы. –2001. – 9 қазан. – Б. 2
- Мұхамеджанов, Шәміл. Інілерге [Мәтін] : [өлең] / Шәміл Мұхамеджанов // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 5 қазан. – Б. 9.
- Жүнісұлы, Мұрат. Шәміл шыққан шың [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджанов туралы] / Мұрат Жүнісұлы // Торғай. – 2001. – 19 қазан. – Б. 4.
- Оспанов, Сейфолла. Адалдықтың ақыны [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджанов туралы] / Сейфолла Оспанов // Егемен Қазақстан. – 2001. – 20 қазан. – Б. 4.
- Жүнісұлы, Жақсылық. Жақсы сөз жан семіртер [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 60 жасқа толуы туралы] / Жақсылық Жүнісұлы // Торғай таңы. – 1995. – 24 қаңтар. – Б. 4.
- Жүнісов, Жақсылық. Өлеңмен өрген өмірін [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджановтың 60 жылдығы] / Жақсылық Жүнісов // Торғай таңы. – 1991. – 18 қазан. – Б. 4–7.
- Мырзалиев, С. Ақын туған жерде өткен той [Мәтін] : [ақын Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 60 жыл мерей тойы туралы] / С. Мырзалиев // Торғай таңы. – 1991. – 24 желтоқсан. – Б. 4.
- Мұхамеджанов, Ш. [Мәтін] // Торғай елі : энцикл. / құраст. Т. Рсаев ; ред. А. Ахметов. – Алматы, 2013. – Б. 307.
- Мұхамеджанов, Ш. [Мәтін] // Торғай тарландары : өмірбаяндық энцикл. / құраст. Ә. Жақып. – Астана, 2009. – Б. 131.
- Мақатаев, Мұқағали. Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын! [Мәтін] : [өлең] / Мұқағали Мақатаев // Мұқағали. – 2019. – № 6. – Б. 3–11.
Шәміл Мұхамеджанов жайлы пікірлер
Мұхаметжан Қаратаев, академик: «Шәміл Мұхамеджанов – қазақ оқырманына көптен танымал лирик ақын. Өз қатарында өз еңбегімен, өзіндік талант жемісімен поэзия қазынасына едәуір үлес қосып келе жатқан қажырлы қаламгер. Шынында ой жүгіртіп қарасақ, ақын еңбегінің өнімі ауыз толтырып айтарлық екен...»
Ғафу Қайырбеков, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: «Шәміл өмірдің үлкен сағынышының жыршысы еді. Оның артында өзінше әсем, өзінше сүйкімді, сазды, әуені мол ақындық мұрасы қалды. Өмір поэзиясының үлкен бір томы қалды. Жәй «қалдыдан гөрі», көңіл жұбатудан да жоғары, шүкіршілігі мол, әрі табиғаттай шын, бар поэзиясы қалды. Ол – барлық қызығын поэзиясынан, талантынан көріп өтті...»
Тұманбай Молдағалиев, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы: «Шәміл Мұхамеджанов өз өмірінде он беске тарта жыр жинақтарын шығарды. Ақын боп туып, ақын боп өмір сүрді. Неге екенін кім білсін, сол баяғы жас кезімізде ол: «Мен елуге сендерден ертерек келемін. Елудің не екенін сендерге мен айтатын боламын. Тұмаш, сені Торғайға бір апарсам. Сен біздің даланы көрсең, бағың ашылып кетер еді-ау, шіркін!» – деп арман айтып отыратын. Шәміл шынында елуге бізден ертерек жетті. Өзі жетпеді, артына қалдырып кеткен көзі – өлеңдері жетті. Біз енді оның жырларының тойын тойлаймыз. Табиғатында момын, сенгіш, сезімтал ақын досымыздың қалдырған мұрасын – жырын біз әркез көкірегімізге басамыз. Оның өзін көргендей, жүзімізге жылу, көзімізге шуақ қайта пайда болады.»
Қадыр Мырза-Әли, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы: «Шәміл әдебиетке ә дегеннен жақсы еніп, кітаптары жыл сайын шығып, Жазушылар одағының мүшелігіне бірден қабылданды. Шәмілдің қарымы үлкен еді. Шәміл менің жақсы көретін ақыным. Қалжың-қағытпасы бар, ақкөңіл азамат. Ақындығы да, өмірі де алақандағыдай. Қашанда көңілде жүретін есім...»
Бекен Әбдіразақов, ақын: «Шәміл – өлең есігін еркін ашып келген ақын. Қасиетті Торғай даласынан ұшып шыққан мен білетін Шәмқам (үлкен де, кіші де Шәмқа дейтін) тәкаппарсуды, тәлімсуді білмейтін. Көңілі ашық, жарқын, жаны жайсаң еді. Жанарындағы жылт-жылт еткен уытты жымиысынан біраз жұрт жасқанатын.»
Әмірхан Абдуллин, қаламгер: «Құрдасы да, ой бөлісер сырласы да Шәмілге ақтаңгер ақын Мұқағали Мақатаев көптеген жырлар жолдаған. Талантты ақын болуымен қатар, Шәміл көпшіл жігіт, бауырмал жан, ақкөңіл азамат та болған. Шәмілдің тірілігіндегі жайма шуақ қалпы өлеңдерінен де сезіліп тұрады...»
Серікбай Оспанов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: «Шәміл ақынның қарапайымдылығын көріп өстік. Бос мақтан, өтірік сөз, ісініп-кебінуден аулақ еді. Өлеңдері сырлы, нәзік, көбіне-көп ойға құрылатын. Оның негізгі тақырыбы – достық, туған жер, ел, жастық шақ болатын. Поэзияны поэма жазудан бастаған ақынның еңбектері өлмес дүниелер. Ой теңізіне күні-түні қармақ салумен өткен ақын өлеңдері мәңгілікке жалғаса береді.»
Қоғабай Сәрсекеев, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты: «Шәміл ағаны көз алдыма елестетсем, менің есіме сонау алыстағы мектебім еске түседі. Негізін Ыбырай Алтынсарин қалаған сол мектептің тарихы да бөлек. «Алға» деп аталатын қабырға газеті шығып тұрушы еді. Шәкеңнің өлеңдері осы «Алғада» жарияланатын, одан кейін ауданның «Социалистік ауыл» газетінде ақын жырлары жиі жарық көретін. Шәміл ақын кейін зор ақын болды, шоң ақын атанды. Өмірінде шын мәнінде ақын бола білді, мәнді де мағыналы өмір кешті. Өзі де қарапайым, барынша бауырмал ақын ешкімді жатсынбайтын еді. Құшағы кең-тін. Досқа адал, ағайынға мейірімді Шамағаң сыртқа да, ішке де жайлы-тын...»
Дариға Шәмілқызы, ақын Шәміл Мұхамеджановтың қызы: «Бала күнімде папамның Торғай даласына деген сүйіспеншілігін онша түсіне бермейтінмін. Тақыр дала, қайда қарасаң да аспанмен шектескен көкжиек. Медеудің жөні бөлек қой. Тау, өзен, биік шыршалар. Қарлы шыңдар, көк майса шалғын. Ал папама ең ыстығы-даласы еді. Қазір есейген шақта әкемнің даласына деген сезімін түсінемін. Қазақ бойына күш-қуатты тек өзінің ұлан-байтақ даласынан алады... Папам әдемілікті кез келген нәрседен, тіпті шалғыннан да көре білетін. Ол үнемі біздің ой-қиялымызды байытуға тырысатын... Кейде қулана жымиып, әртүрлі пішінде өскен картоп пен қызанақты көрсетіп неге ұқсайтынын сұрайтын. Көкөністі қолыма алып, әрлі-берлі қарап, бір нәрсеге ұқсастығын тапқан сәтте қуана айқай салатынмын... Әкемнің шабыт көзі тек табиғатта ғана емес, оның балаларына деген сүйіспеншілігінде еді. Папам бізге арнап өлең шығарды, біз жайлы жазды. Ол мені ылғи да алдына отырғызып,шашымнан иіскейтін, сосын өзінің сүйікті қызына, яғни, маған арнап шығарған өлеңдерін оқып беруімді өтінетін. Жаздың салқын кештерінде жұлдызды аспанға қарап, Жетіқарақшы жұлдызы шоғырындағы жеті жұлдызды «бұл менің жеті балам» деп қайталап айтқанды ұнататын... Әкетайым менің! Менің бой жеткенімді көрмейтініңді, немерелеріңді де бағып-қаға алмайтыныңды сезбедің де... Мен небәрі он екі жасымда әкемнен айырылдым...»
Дереккөздер
- "Ақын Шәміл Мұхамеджановтың шығармашылығы": монография. Авторы: Әсем Мұхамеджанова - Алматы. 2011 жыл
- Құс жолының бір жұлдызы [Мәтін]: (ақын, аудармашы Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 90 жыл толуына арналған): жаднама / Арқалық қаласындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Әдістеме библиография бөлімі; [құраст.; К. М. Аубакирова; шығарылымға жауапты К.Б. Борибаева; ред. Ә.Қ.Ахметжанова]. – Арқалық: [б.б.], 2021. – 24 б.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shәmil Muhamedzhanov 14 kazan 1931 zhyl Torgaj oblysy Zhangeldin audany Torgaj auyly 15 zheltoksan 1980 zhyl Almaty kalasy kazak akyny audarmashy redaktor KSRO Zhazushylar Odagynyn zhәne Қazak KSR i Zhazushylar Odagynyn mүshesi 1956 zhyly Abaj atyndagy Қazak pedagogikalyk institutynyn filologiya fakultetin bitirgen Shәmil MuhamedzhanovTugan kүni 14 kazan 1931Tugan zheri Torgaj oblysy Zhangeldin audany Torgaj auylyӨmirden otken kүni 15 zheltoksan 1980 49 zhas Қajtys bolgan zheri Almaty kalasyAzamattygy KSROҚyzmeti akyn audarmashy redaktor Shәmil akynnyn Ana kushagy Қoshalak Ak zhalyn Tuyskan Konilashar Kүn tobede turganda Nazkonyr Arka sүjer tiregim Ak zhelen Dәuir dausy Zhas kanat Shabytty shak Zhyr gumyr Men әlemge oz tilimde үn katam siyakty zhyr zhinaktary әr zhyldarda zharyk korgen Koptegen olenderine atakty kompozitorlar әn zhazyp olar kazak sahnasynda shyrkalyp zhүr Sonymen katar balalarga arnap zhazylgan olenderine әn shygarylgan Mukagali Makataevtyn alty bolimnen turatyn Shәmilge zhazgan hattardan atty shygarmasy akyn Shәmil Muhamedzhanovka arnalgan Eki akyn birinin zhanyn biri tүsingen kurdastar zhakyn dostar bolgan Syrymdy bilmes syrt adam Ұgar au zhan dep zhutagan Zhakyn kep olar mendegi Sezimdi korse burkagan dep olendetken akyn zhүregin elendetken munajtkan elegiztken ojlar Shәmil Muhamedzhanov bolmysyn oz kozinen otkerip oz zhүregimen zhyrlasa talant kyry erekshelene tүseri sozsiz Al Shәmildin ereksheligi ne degende onyn aldymen ne zhajynda bolsa da zhүrek syryn kozgap shynyn rasyn ajtatyndygy dese artyk emes әbden oryndy Olaj dejtinim akynnyn takyryp orisi tym alys konil kүji shyn zejin zerdesi zhetetin koz aldyndagy kubylystardy gana kozgajdy Sondyktan bular onyn zhanyna zhakyn zhүregine zhyly ajkyn da ayan zhajlar dep zhazady akademik M Қarataev Osylajsha ol Shәmil Muhamedzhanovtyn Zhazushy baspasynan 1981 zhyly zharyk korgen Shabytty shak atty zhyr zhinagyna zhazgan algysozinde kundy pikirin bildirgen Bar zhogy 49 zhasynda koz zhumgan akyn zhajynda T Moldagaliev Shәmil ekeumiz tez tabystyk Shәmildin de menin de ajtar әngimemiz sherter kүjimiz olen boldy Өlen ekeumizdi tanystyrdy tabystyrdy dostastyrdy Өlendegi uzak zhylda birimizge birimiz ayalaj karadyk Zhana zhazylgan zhyrlarymyzdy birimizge birimiz okuga asygushy edik dep sagyna eske alady Enbek zholy Zhuldyz zhurnalynda kop zhyl bojy Zhazushy baspasynda kyzmet istegen Algashky toptama oleni zhas akyndardyn Zhas kanat zhinagynda 1959 zhyly basyldy Budan kejingi zhyldary akyn kalamynan onnan astam olen dastan zhinaktary balalarga arnalgan kitapshalary dүniege keldi Audarma salasynda M Lermontovtyn Ya Rajnestin L Ukrainkanyn T Shevchenkonyn R Ғamzatovtyn Ya Smelyakovtin t b shygarmalaryn tәrzhimalauga katysty Sh Muhamedzhanovtyn takyryp orisi ken tugan ana tugan zher katar kurby sүjgen zhar takyrybynan bastap barlyk zhyrlarynda nagyz zhүrek sozin ajtady omir korinisi men uakyt tynysy үndesip zhatady Balgyn balalyk shagy sogys kezine tura kelgen akyn Ұly Otan sogysyndagy zhәne tyldagy halyktyn erlikterin әri sogan oraj bүgingi bejbit omirimizdegi adamdardyn eren enbegin zhyrlap otti Akynnyn 70 zhyl toluyna oraj Zhyr gumyr shygarmalar zhinagy shykty Sonymen katar Prityazhenie otchej zemli atty bir tomdyk olender zhinagy orys tilinde zharyk kordi Orys tiline audargandar Amantaj Ahetov pen Lev Halif Қyska gumyrynda akyn Қapan Musin Mәkәlim Қojshybaev Dingebaj Botpaev Әset Bejseuov Iliya Zhakanov syndy talantty sazgerlermen tygyz shygarmashylyk bajlanys ornatyp Zhar sagynyshy Kel dostar Ana armany Eske alu Қajyndar sekildi sәndi әnderge soz de zhazgan OtbasyZhubajy Zhүnisova Mәriyam Syzdykkyzy 1935 zhylgy Balalary Almat Alua Lәjlә Samyrat Dastan Dariga zhәne Қazybek ShygarmalaryZhas kanat Өlender A ҚMKӘB 1959 Zhogalgan kojlek Өlender Kazgosizdat 1959 Ana kushagy Өlender A ҚMKӘB 1960 Қoshalak Өlender A ҚMKӘB 1962 Ak zhalyn Өlender A Zhazushy 1964 Қazak Sovet poeziyasynyn antologiyasy 2 tomdyktyn redaktory A Zhazushy 1966 Tuyskan Өlender A Zhazushy 1966 Konilashar Өlender A Zhazushy 1968 Қulynshaktarym Өlender A Zhazushy 1970 Kүn tobede turganda Өlender A Zhazushy 1972 Nazkonyr Өlender A Zhazushy 1973 Shagala konilim sharykta Tandamaly A Zhazushy 1974 Akzhelen Өlender A Zhalyn 1977 Arka sүjer tiregim Өlender A Zhazushy 1978 Zhas kanat Poemalar balladalar olender A Zhalyn 1979 Dәuir dauysy Өlender A Zhazushy 1979 Dala tynysy Өlender men balladalar A Zhazushy 1980 Zhas kanat Poemalar A Zhazushy 1980 Shabytty shak Өlender men poemalar A Zhazushy 1981 Zhyr gumyr Өlender A Gauһar 2001 Prityazhenie otchej zemli Өlender Audarmashy A Ahetov A Gauһar 2001 Men әlemge oz tilimde үn katam Өlender A Mektep 2011 AudarmalaryOrys zhәne ozbek tilderinen Mirtemir Sahra gүli Өlender A Zhazushy 1968 Ukrainka L Tandamaly olender A Zhazushy 1971 Noneshvili I Қazak zherinde Өlender A Zhazushy 1975 Narovchatov S Zhalyn Өlender A Zhazushy 1979 Abashidze I Gruziya kүmbezi Өlender A Zhazushy 1980 Shәmil Muhamedzhanov turaly basylym betterinde zhariyalangan makalalarShalkar Zhәlel Mukagali zhyrlagan Shәmil kim edi Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanov turaly Zhәlel Shalkar Үrker 2018 11 B 26 27 Muhamedzhanov Shәmil Қara bala Mәtin 1mausym Halykaralyk balalardy korgau kүnine oraj Shәmil Muhamedzhanov Zhyl on eki aj 2016 3 B 2 Niyazbekuly Bajbatyr Akynnyn zhyr gumyry Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn 80 zhaska tolu keshi turaly Bajbatyr Niyazbekuly Bizdin Torgaj 2011 8 15 karasha B 2 Sүndetbaev Ғabit Ardagym Torgaj asylym Torgaj dep zhyrlap otken Shәmil aga Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn tuganyna 80 zhyldyk merejtojyna oraj Almaty kalasynda otken eske alu keshi zhajly Ғabit Sүndetbaev Bizdin Torgaj 2011 1 karasha B 2 Abdullin Әmirhan Өtti aldymnan zhastyk eles Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn tuganyna 80 zhyl toluyna oraj Әmirhan Abdullin Bizdin Torgaj 2011 25 kazan B 3 Ғali T Torgajdan ushkan tarlanboz Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn tuganyna 80 zhyl toluyna oraj T Ғali Ajkyn 2011 18 kazan B 7 Makataev Mukagali Shәmilge zhazgan hattardan Mәtin olenmen zhazylgan hattar Mukagali Makataev Қazak 2011 7 kazan B 7 Muhamedzhanov Shәmil Zhariyalanbagan olender Mәtin olender Shәmil Muhamedzhanov Қazak 2011 7 kazan B 6 Shәmilkyzy Dariga Әke Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanov turaly estelik Dariga Shәmilkyzy Қazak 2011 7 kazan B 7 Abdullin Әmirhan Өtti aldymnan zhastyk eles Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanov shygarmashylygy turaly Әmirhan Abdullin Қazak 2011 16 kyrkүjek B 10 Қajyrbekov Ғafu Alpys zhyldykka arnalgan soz Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn 80 zhyldygyna oraj Ғafu Қajyrbekov Қazak әdebieti 2011 14 kazan B 10 Moldagaliev Tumanbaj Akyn Shәmil turaly soz Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanov shygarmashylygy turaly Tumanbaj Moldagaliev Қazak 2011 7 kazan B 6 7 Muhamedzhanov Shәmil Konildi kys Mәtin kys turaly olen Shәmil Muhamedzhanov Balapan әlemi 2010 1 B 25 Kenzheahmetuly Sejit Akikatyn ajtyp ketken akyn Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanov Sejit Kenzheahmetuly Torgaj 2001 19 kazan B 4 Zhүnisuly Murat Shәmil shykkan shyn Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanov turaly Murat Zhүnisuly Torgaj 2001 19 kazan B 4 Abdullin Әmirhan Қus zholynyn bir zhuldyzy Mәtin Shәmil Muhamedzhanovtyn tuganyna 70 zhyl toluyna oraj Әmirhan Abdullin Қostanaj tany 2001 9 kazan B 2 Muhamedzhanov Shәmil Inilerge Mәtin olen Shәmil Muhamedzhanov Қazak әdebieti 2001 5 kazan B 9 Zhүnisuly Murat Shәmil shykkan shyn Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanov turaly Murat Zhүnisuly Torgaj 2001 19 kazan B 4 Ospanov Sejfolla Adaldyktyn akyny Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanov turaly Sejfolla Ospanov Egemen Қazakstan 2001 20 kazan B 4 Zhүnisuly Zhaksylyk Zhaksy soz zhan semirter Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn tuganyna 60 zhaska toluy turaly Zhaksylyk Zhүnisuly Torgaj tany 1995 24 kantar B 4 Zhүnisov Zhaksylyk Өlenmen orgen omirin Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn 60 zhyldygy Zhaksylyk Zhүnisov Torgaj tany 1991 18 kazan B 4 7 Myrzaliev S Akyn tugan zherde otken toj Mәtin akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn tuganyna 60 zhyl merej tojy turaly S Myrzaliev Torgaj tany 1991 24 zheltoksan B 4 Muhamedzhanov Sh Mәtin Torgaj eli encikl kurast T Rsaev red A Ahmetov Almaty 2013 B 307 Muhamedzhanov Sh Mәtin Torgaj tarlandary omirbayandyk encikl kurast Ә Zhakyp Astana 2009 B 131 Makataev Mukagali Mәngilik olmejtugyn әn kaldyrsyn Mәtin olen Mukagali Makataev Mukagali 2019 6 B 3 11 Shәmil Muhamedzhanov zhajly pikirlerMuhametzhan Қarataev akademik Shәmil Muhamedzhanov kazak okyrmanyna kopten tanymal lirik akyn Өz katarynda oz enbegimen ozindik talant zhemisimen poeziya kazynasyna edәuir үles kosyp kele zhatkan kazhyrly kalamger Shynynda oj zhүgirtip karasak akyn enbeginin onimi auyz toltyryp ajtarlyk eken Ғafu Қajyrbekov akyn Memlekettik syjlyktyn laureaty Shәmil omirdin үlken sagynyshynyn zhyrshysy edi Onyn artynda ozinshe әsem ozinshe sүjkimdi sazdy әueni mol akyndyk murasy kaldy Өmir poeziyasynyn үlken bir tomy kaldy Zhәj kaldydan gori konil zhubatudan da zhogary shүkirshiligi mol әri tabigattaj shyn bar poeziyasy kaldy Ol barlyk kyzygyn poeziyasynan talantynan korip otti Tumanbaj Moldagaliev akyn Қazakstannyn Halyk zhazushysy Shәmil Muhamedzhanov oz omirinde on beske tarta zhyr zhinaktaryn shygardy Akyn bop tuyp akyn bop omir sүrdi Nege ekenin kim bilsin sol bayagy zhas kezimizde ol Men eluge senderden erterek kelemin Eludin ne ekenin senderge men ajtatyn bolamyn Tumash seni Torgajga bir aparsam Sen bizdin dalany korsen bagyn ashylyp keter edi au shirkin dep arman ajtyp otyratyn Shәmil shynynda eluge bizden erterek zhetti Өzi zhetpedi artyna kaldyryp ketken kozi olenderi zhetti Biz endi onyn zhyrlarynyn tojyn tojlajmyz Tabigatynda momyn sengish sezimtal akyn dosymyzdyn kaldyrgan murasyn zhyryn biz әrkez kokiregimizge basamyz Onyn ozin korgendej zhүzimizge zhylu kozimizge shuak kajta pajda bolady Қadyr Myrza Әli akyn Қazakstannyn Halyk zhazushysy Shәmil әdebietke ә degennen zhaksy enip kitaptary zhyl sajyn shygyp Zhazushylar odagynyn mүsheligine birden kabyldandy Shәmildin karymy үlken edi Shәmil menin zhaksy koretin akynym Қalzhyn kagytpasy bar akkonil azamat Akyndygy da omiri de alakandagydaj Қashanda konilde zhүretin esim Beken Әbdirazakov akyn Shәmil olen esigin erkin ashyp kelgen akyn Қasietti Torgaj dalasynan ushyp shykkan men biletin Shәmkam үlken de kishi de Shәmka dejtin tәkapparsudy tәlimsudi bilmejtin Konili ashyk zharkyn zhany zhajsan edi Zhanaryndagy zhylt zhylt etken uytty zhymiysynan biraz zhurt zhaskanatyn Әmirhan Abdullin kalamger Қurdasy da oj boliser syrlasy da Shәmilge aktanger akyn Mukagali Makataev koptegen zhyrlar zholdagan Talantty akyn boluymen katar Shәmil kopshil zhigit bauyrmal zhan akkonil azamat ta bolgan Shәmildin tiriligindegi zhajma shuak kalpy olenderinen de sezilip turady Serikbaj Ospanov akyn Қazakstan Zhazushylar odagynyn mүshesi Shәmil akynnyn karapajymdylygyn korip ostik Bos maktan otirik soz isinip kebinuden aulak edi Өlenderi syrly nәzik kobine kop ojga kurylatyn Onyn negizgi takyryby dostyk tugan zher el zhastyk shak bolatyn Poeziyany poema zhazudan bastagan akynnyn enbekteri olmes dүnieler Oj tenizine kүni tүni karmak salumen otken akyn olenderi mәngilikke zhalgasa beredi Қogabaj Sәrsekeev zhazushy Halykaralyk Alash syjlygynyn laureaty Shәmil agany koz aldyma elestetsem menin esime sonau alystagy mektebim eske tүsedi Negizin Ybyraj Altynsarin kalagan sol mekteptin tarihy da bolek Alga dep atalatyn kabyrga gazeti shygyp turushy edi Shәkennin olenderi osy Algada zhariyalanatyn odan kejin audannyn Socialistik auyl gazetinde akyn zhyrlary zhii zharyk koretin Shәmil akyn kejin zor akyn boldy shon akyn atandy Өmirinde shyn mәninde akyn bola bildi mәndi de magynaly omir keshti Өzi de karapajym barynsha bauyrmal akyn eshkimdi zhatsynbajtyn edi Қushagy ken tin Doska adal agajynga mejirimdi Shamagan syrtka da ishke de zhajly tyn Dariga Shәmilkyzy akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn kyzy Bala kүnimde papamnyn Torgaj dalasyna degen sүjispenshiligin onsha tүsine bermejtinmin Takyr dala kajda karasan da aspanmen shektesken kokzhiek Medeudin zhoni bolek koj Tau ozen biik shyrshalar Қarly shyndar kok majsa shalgyn Al papama en ystygy dalasy edi Қazir esejgen shakta әkemnin dalasyna degen sezimin tүsinemin Қazak bojyna kүsh kuatty tek ozinin ulan bajtak dalasynan alady Papam әdemilikti kez kelgen nәrseden tipti shalgynnan da kore biletin Ol үnemi bizdin oj kiyalymyzdy bajytuga tyrysatyn Kejde kulana zhymiyp әrtүrli pishinde osken kartop pen kyzanakty korsetip nege uksajtynyn surajtyn Kokonisti kolyma alyp әrli berli karap bir nәrsege uksastygyn tapkan sәtte kuana ajkaj salatynmyn Әkemnin shabyt kozi tek tabigatta gana emes onyn balalaryna degen sүjispenshiliginde edi Papam bizge arnap olen shygardy biz zhajly zhazdy Ol meni ylgi da aldyna otyrgyzyp shashymnan iiskejtin sosyn ozinin sүjikti kyzyna yagni magan arnap shygargan olenderin okyp beruimdi otinetin Zhazdyn salkyn keshterinde zhuldyzdy aspanga karap Zhetikarakshy zhuldyzy shogyryndagy zheti zhuldyzdy bul menin zheti balam dep kajtalap ajtkandy unatatyn Әketajym menin Menin boj zhetkenimdi kormejtinindi nemerelerindi de bagyp kaga almajtynyndy sezbedin de Men nebәri on eki zhasymda әkemnen ajyryldym Derekkozder Akyn Shәmil Muhamedzhanovtyn shygarmashylygy monografiya Avtory Әsem Muhamedzhanova Almaty 2011 zhyl Қus zholynyn bir zhuldyzy Mәtin akyn audarmashy Shәmil Muhamedzhanovtyn tuganyna 90 zhyl toluyna arnalgan zhadnama Arkalyk kalasyndagy oblystyk әmbebap gylymi kitaphanasy Әdisteme bibliografiya bolimi kurast K M Aubakirova shygarylymga zhauapty K B Boribaeva red Ә Қ Ahmetzhanova Arkalyk b b 2021 24 b Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet