Шотан Назарұлы (1705–1786) — қазақ батыры. Тегі — Кіші жүз Адай руынан шыққан. Шотанның анасы Мақпалжан - Қаратоқай Беріш руынан, атақты Есболай бидің қарындасы. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Түркістан қаласының маңында болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. 1739–1742 жылдар аралығы Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Хангелді, Өтеген батырлармен бірге Ұлы жүз жерін пен 35 мыңдық жасағының шабуылынан қорғау ұрыстарына қатысып, қазақ қолының бір бөлігіне басшылық етті. 1739–1740 жылы қыста жоңғарлардың қазақтарды Бетпақтың суығына ұстап қырмақ болған әрекетін іске асыртпай, табандылықпен шайқасты. Шотанның есімі 1750 жылдан кейінгі деректерде аталмайды, соған қарағанда кіші қалмақ ордасымен болған шайқастардың бірінде қаза тапқан болуы керек. Шотан батыр есімі түрікмендермен болған шайқастарда да көп кездеседі.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты Маңғыстау ауданының қарашаңырағы болып есептелетін Тұщықұдық жерінде халықтың ұмытылмас тұлғаларының қатарындағы, жоңғарлармен шайқаста қазақ жерін қасықтай қаны қалғанша қорғаған халық батыры Шотан Назарұлына және Ұлы Отан соғысында бастан-аяқ болып, елге аман оралып, халық шаруашылығын қалпына келтіруде қажырлы еңбек еткен Иса Жанәділұлы, Қалмырза Жұмалыұлы, Шаңытбай Ибаұлына көше аттары беріліп, дүбірлі той өткізілмекші. Халық өзінің ерен тұлғаларын қаншама тауқымет тартса да, естерінен шығарған жоқ. Жұртымыз талай рет небір басқыншылықты басынан өткізіп, шаңырағы ортасына түсіп, құрып кетуге айналды. Сол бір кездерде: «Жаным – арымның садағасы, арым – халқымның садағасы» деп елін сүйген, жанын шүберекке түйген, небір жүрек жұтқан батырлар, қазақ елінің қай жерлерінде де атқа қонып ерлік істері мен даңқын паш етті. Біздің бүгінгі әңгімеміздің арқауы – жоңғарлармен жан алып, жан беріскен сұрапыл жылдарда жасақтың бас сардары болған Шотан Назарұлы. Шотан 1705 жылы Әзіреттің Алатауының Қазығұртқа қараған беткейін жайлаған Адай ауылының белгілі биі және батыры Назардың шаңырағында дүниеге келген. Шотанның әкесі Назар – 1684 жылдардың шамасында туған, әрі би, әрі батыр, халқының алдында үлкен беделге ие болған тұлға. Адай тайпасында Қыдыр көрген үш Назар бар деп атайды. Олардың бірі – осы Жары Назар, Ескелді Саназар, Жаңай Қожаназар делінеді. Жары Назар Әйтеке бидің жиені және айырылмас досы болған. 1722 жылдың көктемінде Әбілқайырдың өткізген жиынында туған жерді уақытша жауға қалдырып, елді аман алып қалуды, ол үшін қыс түсіп, мұз қатқасын Сырдан өтіп, малды түгелдей өткізіп, жаз шыға қозғалу мәселесін бірінші Назар ұсыныпты. Әскер ісімен айналысуға табын Бөкенбай мен Көкінің Есеті бөлінген. Әбілқайыр өзінің сөзінде белді бекем буатын мезгілдің келгенін, сондықтан да Еділ мен Жайықтың арасына сұғынып торғауыт пен башқұртты ығыстыруды нысана етпесе болмайтынын айтып, шешім қабылдайды. Мінеки, Әбілқайыр осылай өзіне қарасты халықты жұрт аударуға тас-түйін даяр етіп қояды. Айтқандайын 1723 жылдың ерте көктемінде Сыбан-Раптан жүз мыңның үстінде мұздай қаруланған әскерін қазақ еліне төгіп жібереді. Әбілқайыр қалмақ қолымен Сұғындық асуында кездеседі. Осы соғыста Шотан өзінің ерекше ерлігімен көзге түскен болатын. Соғысты алыстан бақылап тұрған Әбілқайыр астында жүйткіген шұбар аты бар, өте жылдам қимылдайтын бір жігіттің қалмақтың ұйыққан ортасына қойып кетіп, жайратып шығып жүргенін көріп және артындағы бес жүздей нөкерінің одан екі елі қалмай жауға үлкен шығын келтіріп, жапырып бара жатқанына қуанып, қасындағылардан сұрағанда, қасында тұрған Мырзатай: «Ол Назар ағаның баласы Шотан ғой, үлкен ұрысқа бірінші кіруі», – дейді. Сонда Әбілқайыр: «Бірінші соғысып тұрғаны мынадай болса, бұдан кейінгі соғыстарда аман болса қалмақтарға жіберген Алланың жаналғышы десейші», – деп басын шайқап, күліп ризалығын білдіреді. Сол соғыста Бөкенбайдың ту сыртынан есік пен төрдей жерден келіп найза ұрғалы жатқан еңгезердей қалмақты байқап қалған Шотан шалт қимылмен қолындағы найзаны одан бұрын сілтеп, найза кеңірдектен шаншылып, өкіріп арт жағындағы құлап бара жатқан қалмақты енді аңғарған Бөкенбай найзасын суырып алып жатқан Шотанды көргенде өзін ажалдан арашалаған жасқа риза болады. Сол жерде шатқалға қамап, он мыңдай қалмақты біреуін қалдырмай қырған Әбілқайыр қолының ішінде асқан ерлік көрсеткен Шотанды табын Бөкенбайдың ұсынысымен он екі ата Байұлының «Бас сардары» етіп бекітіпті. Сол жерде Әбілқайыр Шотанға «Жұлдызың жарқырай берсін, Шотаным», – деп батасын беріпті. Он екі ата Байұлының Шотан басқарған қолы Жем бойын жағалай қоныстанып отырған Лекбай тайшының әскерін талқандап, бес жүз үймен отырған ауылын шауып, үлкен олжа түсіреді. «Қалмақ қырған» деген атау бұл жерде қалған. Сонымен қатар Шотан Ақтабан шұбырынды кезінде башқұрттар иеленіп алған Ырғыз, Елек, Ор, Қарғалы, жерлерін дұшпанның қарсылықтарына қарамастан қайтарып алды. Әбілқайыр бастаған қалың қол 1728 жылдың көктемінде Сарысудың оңтүстік батысындағы Бұланты өзенінің жазығында қалмақтың үлкен қолымен кездеседі. Сол кезде қалмақ жағынан шыққан батыр: «Осында Саңырық бар ма, батыр болса менімен жекпе-жекке шықсын, егер қорықса ең мықтысын жіберсін», – деп айқайды салып ортаға шыға келіпті. Атын атап шақырғасын жекпе-жекке шықпай қалуға болмайтынын білетін Ұлы жүздің бас сардары Саңырық атынан түсіп, айылын қайта тартып жатқанда Әбілқайыр келіп: «Саңырық атыңды атай берсін, ол жоңғар қолының бас сардары емес қой, сіздің орныңыз басқа ғой, басқа жас нояндардың бірі шығар», – деп еді, Саңырық: «Көптен бері жекпе-жекке шықпап едім, Құдай бергенін қайтып алмаса желкесін үзіп келейін», – деп атына міне бергені сол еді, қалың қол шу ете түсті. Әбілқайыр да, Саңырық та жекпе-жекке шақырған қалмаққа қарай оқша ұшып бара жатқан адам ба, үлкен шұбар жолбарыс па айырып жатуға болмайтын біреудің жылдамдықпен барып өте шыққанда қалмақтың атынан қалай құлағаны байқалмай қалыпты. Қайта оралған бетінде жығылған қалмақтың басын Саңырықтың алдына әкеліп тастап, өзі ортаға кіріп, көрінбей кетіпті. Жаңағы адамның кім екенін Әбілқайыр ғана танып қалыпты. Ол дулығасының астынан ақ жібек орамалмен бетін тұмшалап алған Шотан еді. Таңғалып тұрған Саңырыққа қарап Әбілқайыр: «Сәке, кешірім өтінемін, сіздің сыбағаңызды рұқсатсыз пайдаланып кеткен біздің бір жас сарбазымыз», – дегенде, Саңырық: «Ойпырмай, өзі адам ба, мен көмекке келген пірлердің бірі шығар деп едім», – деп күледі. Шотан бұл соғыста да он екі ата Байұлы жасақтарын бастап, қалмақ қолын бөліп, қоршап алып қырып тастайды. Бұланты соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін барлық әскерді сапқа тұрғызып, алдына Саңырық шығып, Шотанға: «Өркенің өссін, інім, жаудан сағың сынбасын, даңқың арта берсін», – деп күмістелген ер-тоқымды күрең арғымақты және алтын балдақты алмас қылышты сыйға тартыпты. 1730 жылғы соғыста да Шотан ерекше көзге түседі. Қалмақтар тау шатқалында бекініп алып, қазақ қолы жазық далада, күннің астына қалған жерде Шотанның ақылымен жауды жеңіп шығады. 1754 жылдың басында Абылай үш жүздің біріккен құрылтайын шақырады. Абылай сөзінде жоңғар үшін, қала берді, қазақ үшін ең қауіпті жау өзін жарым дүниенің әміршісі деп есептейтін Қытай мемлекеті екенін ашық айтады. Сол кезде қазақ елінің кейбір жерлерін жоңғарлар иемденіп отырған болатын. Кеңестің белгілеуі бойынша қазақ қолы мамыр айының ортасында Аягөз өзеніне – Ақшәуліге жиналуға сөз байласады. Бұл соғыста бес мың қолды бастап Ералы сұлтан мен Шотан келеді. Абылай әскербасыларымен жиын өткізіп, жауға үш бағытта аттанатын болады. Хан жасағын қосып Абылайдың өзі жүреді. Соғыс басталғанда Абылай мен Ералы сұлтан азғантай нөкерлерімен биіктеу жерге шығып, соғыстың барысын бақылай бастайды. Шотан бастаған топтың жоңғарды қынаша жайпауы назарды бірден аударды. Абылай Шотанға садақтан атылып жатқан жебелер мен мылтық оқтарының біреуі дарымай, сілтеніп жатқан шоқпар мен айбалтаның біреуі тимей жатқанына таңғалғаны сондай: «Мына Шотан батыр құдіреттің өзі екен ғой, тусаң ту», – депті. Шотанның оққағарының бар екендігіне, қасиетті батыр екендігіне Абылайдың көзі жетіпті. Шотанның қолы қалмақтарды тұтастай қоршауға алғанда қалмақтар ақ жалау көтеріп, бас сауғасын сұрапты. Шотан Абылайға қараған екен, Абылай: «Жауды жеңген сіз, билік жеңген адамдікі, сондықтан шешімді өздеріңіз алыңыздар», – дейді. «Егер олай десеңіздер, қалмақтардан бұдан былай қазаққа қол көтермейміз деген антын алып, қару-жарақтарын алып, өздеріне екі адамға бір ат-көліктен беріп, елдеріне қайтарамыз және елін көшіріп, жоңғар қақпасынан әрі кететін болады» депті. Шотанның керемет ерлігіне және оның қанқұмар еместігіне, үлкен ақылдылығына Абылай іштей разы болады. Адайлардың негізгі тайпалары 1740–1741 жылдардың шамасында Доңызтау, Желтау, Қарақұм, Аспантай-Матай, Сам құмдарын қыстап Маңғыстауға қарай бағыт алған. Өткен тарихи деректерді азды-көпті айтып кеткен ақындар Абыл, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Мұрат, Аралбай, Сәттіғұл, Сүгірлерден, Айтқұл, Шамығұлдардан қалған әңгімелер бар. Кәрі Маңғыстау – талай аузы дуалы билерінің кесімді адал биліктеріне, түмен-түмен қол ертіп, терлігін терге шірітіп, елін қорғаған ерлердің ерліктеріне, малының көптігінен көшкенде жұртына желідегі елу құлынды бие, қырық боталы түйені ұмытып тастап кетіп жүрген байлардың байлықтарына, таңды-таңға ұластырып жырлаған жыршыларға, олардың әр қилы тағдырларына куә болған өлке. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның кезінде Маңғыстауға Адай елін бастап келген батырлардың басында да Шотан тұр. Осы елдің Маңғыстау жеріне алғаш қоныстануын ақын Түмен Балтабасұлы «Маңғыстау» атты дастанында былай деп жырлапты:
- Маңғыстау – үш қиянның өткен жері,
.:Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
- Елеспен есі кеткен иесіз жерді,
- Халқымыз Адай мекен еткен жері.
- Суы сүт, шөбі шүйгін, бал татиды деп,
- Төлдейтін төрт түліктің өскен жері.
- Бөлініп босқан елден қоныс қарап,
- Ел болып ірге қоныс тепкен жері.
- Ер Шотан шұбар атты ұстап мініп,
- Аға деп Әжібайға бата айтқызып,
- Той жасап Адай туын тіккен жері…
- Немесе кейбір жазбаларда:
- Жолдасы Есболай мен Есек мерген,
- Өңшең батыр қайыспас көпті көрген.
- Еліне қоныс іздеп шыққаннан соң,
- Би Әжібай Шотанға бата берген, – депті.
Мұрат Мөңкеұлының, Қалнияз Шопықұлының кейбір айтқандарына қарағанда да елді бастап келіп, қондырған батырлардың алдында Шотан айтылады. Немесе жергілікті азаматтардан жасақ құрып, Сағызда отырған қалмақтармен, түрікмендермен, Хиуаның сарттарымен соғысып, жерді иеленген Шотан деп әңгімеленеді. Ең бірінші Маңғыстаудың ойына жер қарап келген Шотан екендігін Мұрат Мөңкеұлының мына бір жыр шумақтарынан тағы да көруге болады:
- Есболай, Кете, Әжібай қарай келген,
- Қасына батыр жары Шотан ерген.
- Әжібай Арқа жағын қыстап қалып,
- Керелді Есболай бай иеленген.
Осындай тарихи жазбаларға сүйенсек, Адай тайпасын Маңғыстауға бастап келген Шотан, Есболай, Есек мерген, Атағозы, Өмір, Лабақ, Ақпан батырлар екеніне күмән тумайды. Сөйтіп, Керелге Есболай бірінші болып орналасса керек. Көшке жол бастап Өрмелі арқылы құлатқан Қосай Есенқұлұлы Есек батыр делінеді. Өңшең алып тұлғалы, арыстан жүректі батырларын, олардың ішіндегі жолбарыс тұқымдас шұбар мінген, екі көзінен от шашып тұрған, ұзын бойлы, екі иығына екі кісі ер салып мінгендей, бесқаруы бойында, ешқандай жаудан сескенбейтін, жүрек жұтқан Шотанды түрікменнің әйгілі батыры, алдын болжап отыратын қасиет иесі Ерсары анадай жерден көрісімен-ақ өзінің отбасын алып, желкенді қайықпен Әзірбайжанға көшіп кетіпті деген аңыздың артында шындық жатқан сияқты. Маңғыстауға Адай тайпасының алдыңғы легі күзге салым уақытта келсе керек. Оған Түмен Балтабасұлының мына бір жыр шумағы дәлел болатын сияқты: Келгенде алпыс үйден аз келіпті, Ішінде Ақпан деген таз келіпті. Есболай бірге келген екі үй екен, Қалғаны қыс өткен соң жаз келіпті. Алғашқы кездерде қазақтардың келіп қоныстануын жақтырмаған түрікмен ағайындардың ішіндегі пейілі тарлары Хиуа хандығына қазақ босқындары келіп рұқсатсыз жер-суымызды басып алып, иеленіп жатыр деп хабар жеткізіпті. Осыған байланысты Хиуа ханы келіп, қоныстанып жатқан ауылдарды шұғыл көшіруге, егерде қарсылық жасаса түгелдей қырып тастауға тапсырма беріп, Бектұрлы деген батырын бес жүз адамдық жасақпен жібереді. Азғантай жасағымен жауды күтіп алған Шотан жекпе-жекте Бектұрлы батырын өлтіріп, қалғандары жеңіліп, еліне қашыпты. Одан кейін Маңғыстауды жайлап отырған түрікмен Аннасейіттің ауылын Еділ-Жайық арасындағы торғауыттар тұтқиылдан келіп шабуыл жасап, көптеген адамдарын тұтқын етіп, дүние-мүлік малдарын олжалап кеткен жерінен Шотан жасағын шұғыл ұйымдастырып, жауды талқандап, тұтқын болып бара жатқан түрікмен ағайындарын, мал-мүліктерді және қалмақтардың көптеген малдарын олжалаған. Одан кейін де Хиуа ханы Нәдіршахтың салған салығын төлеуден бас тартып, сол үшін Хиуа ханына қарайтын түрікмендердің басшылары Оғылша, Сейітқұтылықтармен соғысып, оларды жекпе-жекте өлтіріп, жасақтарына тимей Нәдіршахқа салық төлеудің қажеті жоқ екенін түсіндіріп, таратып жіберген. Міне, осы кезден бастап біршама уақытқа дейінгі Маңғыстаудағы түрікмендер мен қазақтар арасында тыныштық орнаған. Соңынан он екі ата Байұлынан үш мыңға тарта жасақ ұйымдастырып, Жем, Сағыз, Жайық бойындағы торғауыттарға қарсы соғыс ашып, оларды Еділ бойына толықтай ығыстырып барып, елін қоныстандырғаны жазба деректерде сақталған. Шотанның құба қалмақтармен соңғы соғысы 1771 жылы болды. Онда Еділ қалмақтары толықтай жойылды. Қазақ тарихын зерттеуші, ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің зерттеуінде былай деп көрсетіледі: «Қалмақтардың басым бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни шығыс бетін қоныстанатын. Дүрбіттер мен Хошауыттар оң жағада жатқан. Бүкіл қалмақ жұрты түп көтеріле көшетін 1771 жылдың бесінші қаңтарында қатты аяз болып, Еділдің мұзы жарылады, мұз үстіне қызыл су жүреді, сөйтіп, сол жақ қабақтағы 11 198 шаңырақ Еділден өте алмай, салқар көштен бөлініп, біржола Ресей шегінде қалады. Еділ дариядан өтіп үлгерген, үйімен, үйелменімен, мыңғырған малымен жоңғарға бет қойған қалың елдің нақты саны 30 999 шаңырақ екен. Шамамен 170–180 мың адам. Қарулы әскер де аз емес – 40 мың қол. Бір ғана кілтипан – қалмақ көші қазақ қоныстары арқылы өтуге тиіс еді». Осындай үлкен қозғалыс қазақтың көптеген ауылдарын тапап өтеді. Нұралы хан бастап, шұғыл түрде үлкен жасақ ұйымдастырып, бас сардар Шотанның бастауымен алғашқы ұрыс Жем бойында болыпты. Нұралы хан қалмақтардан кейін қайтуды талап еткен. Қалмақтардың басшысы Үбашы бітім сұрап, зиян тигізбей өтіп кетулеріне рұқсат сұраған, бірақ қазақтар жағы келіспеген. Ол кезде кешегі Ақтабан шұбырынды уақытындағы қалмақтардың тарапынан аяусыз қырғынды көрген адамдардың көбінің көзі тірі болатын. Олар қалмақ көрсе қандары қарайып тұратын. Міне, осындай бұрыннан өшіккен қазақ қолы алға басқан сайын қалмақтарға ауыр соққыны үсті-үстіне берумен болды. Өкшелей тықсырып, кейде қос қанаттан кезек соғып, жауды үлкен қырғынға ұшыратады. Осылай күнде қасқыр тиген қой отары сияқтанумен маусым айының аяқ шенінде Балқашқа жақындап, Мойынты өзеніне келгенде Абылай хан бастаған әскер жетіп, қалмақтың қалың көші қоршауға түседі. Сол соғыста қалмақтар тұтасқа жуық қырылады. Жоңғарға 15–20 мың адам ғана қансырап зорға жетеді. Олар да алдарынан жарылқайтын жағдай таба алмады. Қытай басшылары оларды да бөлшектеп құл етіп жойып жіберді. Шотан жүрек жұтқан батырлығымен қатар, елге ақыл айтып, жөн сілтейтін ел ағасы болды десек те қателеспейміз. Ол барлық соғыста да қолына түскен тұтқындарды өлтірмеген, соғыспалық, дос-жаран, туыс болалық деп елдеріне қайтарып отырған. Ағайындар арасында туындайтын түсінісбестіктер мен даулы жағдайлардың талайын әділетті түрде билік айтып, татуластырып жіберген. 1750 жылдардың орта шенінде Маңғыстауда тұтастай қуаңшылық болып, ел жаппай қоныс іздеп, көшуге ыстық түсіп кетіп және жөнді қоныс болмай өте қатты қиналып қалыпты. Мал апарайын десе, су жоқ. Сол кезде Шотан қасына ерткен азғантай нөкерімен далаға түнеп, таңертең ерте бір жолдасын атына мінгізіп, сол қонған жерін шаптырып, өзі құлағын жерге төсеп, тың тыңдап, әлденеше жерге келіп, осы жағдайды қайталапты. Содан кейін тап осы жерден құдық қазылады деп бір жерді белгілепті. Өзі отауын көшіріп алып келіп, құдықты қазуға кірісіп кетеді. Шотан құдықтан қазған топырағын он метр тереңдікке барғанша сыртқа өзі лақтырып тұрыпты. Он метрден әрі қарай Шотанның қазып шығарған топырағын он жігіт шығыр салып, зорға үлгеріп төгіп тұрыпты деген әңгіме ел аузында күні бүгінге дейін сақталған. Сөйтіп, құдықшылар бір жылда қазатын тереңдігі 75 метр құдықты бір айда қазып бітіріп, сол маңдағы елдің малы су ішіп, қонысы бар жерге жайылып, күзге жетіпті. Қазірде Шотан шымырауы деген бар. Күні кешеге дейін отар-отар мал суарып, қалың ел жайлап отырды. Жекешелендіруден кейін мал басы күрт азайып, қырдың үстіндегі шымырауларға баратын мал болмай, құлазып қалды. Мал басы тағы да өсіп келеді, болашақта Шотанның шымырауынан малдарымызды суарып, жаз жайлауға қайтадан шығарамыз деген үміт бар. Шотанның әкесі Назар Жарыұлы 1684 жылы туып, 1771 жылы өлген. Қазіргі Құлсары кентінен көп қашық емес жердегі Бақашы деп аталатын қорымда жерленген. Шотан 1786 жылдың қыркүйек айында орталық Үстіртте жасы жетіп, өз ажалынан қайтыс болған. Сисем ата қорымда жерленген. Шотан батыр туралы жазылған «Бас сардар» атты еңбек баспаға берілгеннен кейін, Маңғыстау облысынан әдейі делегацияны бастап Бекбол Қартбаев Балқаштың айналасындағы жоңғармен соғыс болған белгілі жерлерді аралады. Карағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Шотанның атымен аталған елді мекенге, Шотанның атымен аталған көлге барып ондағы жасы үлкен қарт адамдармен әңгімелесіп, Шотанның Абылай ханның қарауында қол басқарған батыр екендігін анықтаған. Сол жердің ең жасы үлкені, 90 жастағы Әукен деген қария 1940 жылдардың екінші жартысына дейін тау сілемдерінде қырылған адамдардың қу сүйектері топырақтың астынан шығып, шашылып жатқанын және сол жердің «Шотан қырған» деп аталатындығын әңгімелеп берген. «Шотанның шайқасқан жерлерін бұрын дүниеден өткен ақсақалдардан естіген едім», – деп өзі бастап жүріп көрсетіпті. Бекбол Қартбаев бастаған бір топ маңғыстаулықтар Шотанның шайқасқан жерлері мен күні бүгінге дейін оның атымен аталып отырған елді мекенді, көлді суретке түсіріп әкелді. Бұл материалдар «Жұлдыз» журналының 2006 жылғы № 1 санында жарияланды. Тұлғаларды еске алып, оларға көше атақтарын бергізуде үлкен еңбек еткен ауыл әкімі Аманқос Қодаров пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Жұмақалиевқа көптің айтар алғысы зор.
Дайындаған Искендер Карбаев - Шогы ұрпағы
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shotan Nazaruly 1705 1786 kazak batyry Tegi Kishi zhүz Adaj ruynan shykkan Shotannyn anasy Makpalzhan Қaratokaj Berish ruynan atakty Esbolaj bidin karyndasy Zhongar shapkynshylygy kezinde Tүrkistan kalasynyn manynda bolgan urystarda erekshe kozge tүsti 1739 1742 zhyldar aralygy Қarakerej Қabanbaj Қanzhygaly Bogenbaj Hangeldi Өtegen batyrlarmen birge Ұly zhүz zherin pen 35 myndyk zhasagynyn shabuylynan korgau urystaryna katysyp kazak kolynyn bir boligine basshylyk etti 1739 1740 zhyly kysta zhongarlardyn kazaktardy Betpaktyn suygyna ustap kyrmak bolgan әreketin iske asyrtpaj tabandylykpen shajkasty Shotannyn esimi 1750 zhyldan kejingi derekterde atalmajdy sogan karaganda kishi kalmak ordasymen bolgan shajkastardyn birinde kaza tapkan boluy kerek Shotan batyr esimi tүrikmendermen bolgan shajkastarda da kop kezdesedi Ұly Otan sogysyndagy Zhenistin 65 zhyldygyna bajlanysty Mangystau audanynyn karashanyragy bolyp esepteletin Tushykudyk zherinde halyktyn umytylmas tulgalarynyn kataryndagy zhongarlarmen shajkasta kazak zherin kasyktaj kany kalgansha korgagan halyk batyry Shotan Nazarulyna zhәne Ұly Otan sogysynda bastan ayak bolyp elge aman oralyp halyk sharuashylygyn kalpyna keltirude kazhyrly enbek etken Isa Zhanәdiluly Қalmyrza Zhumalyuly Shanytbaj Ibaulyna koshe attary berilip dүbirli toj otkizilmekshi Halyk ozinin eren tulgalaryn kanshama taukymet tartsa da es terinen shygargan zhok Zhurtymyz talaj ret nebir baskynshylykty basynan otkizip shanyragy ortasyna tүsip kuryp ketuge ajnaldy Sol bir kezderde Zhanym arymnyn sadagasy arym halkymnyn sa da gasy dep elin sүjgen zhanyn shү berekke tүjgen nebir zhүrek zhut kan batyrlar kazak elinin kaj zherlerin de de atka konyp erlik isteri men dan kyn pash etti Bizdin bүgingi әngimemiz din arkauy zhongarlarmen zhan alyp zhan berisken surapyl zhyldarda zhasaktyn bas sardary bolgan Shotan Nazaruly Shotan 1705 zhyly Әzirettin Ala tauynyn Қazygurtka karagan betkejin zhajlagan Adaj auylynyn belgili bii zhәne batyry Nazardyn shanyragynda dүniege kelgen Shotannyn әkesi Nazar 1684 zhyl dardyn shamasynda tugan әri bi әri batyr halkynyn aldynda үlken bedelge ie bolgan tulga Adaj tajpasynda Қydyr korgen үsh Nazar bar dep atajdy Olardyn biri osy Zhary Nazar Eskeldi Sanazar Zhanaj Қozhanazar delinedi Zhary Nazar Әjteke bidin zhieni zhәne ajyrylmas dosy bolgan 1722 zhyldyn kokteminde Әbilkajyrdyn otkizgen zhiynynda tugan zherdi uakytsha zhauga kaldyryp eldi aman alyp kaludy ol үshin kys tүsip muz katkasyn Syrdan otip maldy tүgeldej otkizip zhaz shyga kozgalu mәselesin birinshi Nazar usynypty Әsker isimen ajnalysuga tabyn Bokenbaj men Kokinin Eseti bolingen Әbilkajyr ozinin sozinde beldi bekem buatyn mezgildin kelgenin sondyktan da Edil men Zhajyktyn arasyna sugynyp torgauyt pen bashkurtty ygystyrudy nysana etpese bolmajtynyn ajtyp sheshim kabyldajdy Mineki Әbilkajyr osylaj ozine karasty halykty zhurt audaruga tas tүjin dayar etip koyady Ajtkandajyn 1723 zhyldyn erte kokteminde Syban Raptan zhүz mynnyn үstinde muzdaj karulangan әskerin kazak eline togip zhiberedi Әbilkajyr kalmak kolymen Sugyndyk asuynda kezdesedi Osy sogysta Shotan ozinin erekshe erligimen kozge tүsken bolatyn Sogysty alystan bakylap turgan Әbilkajyr astynda zhүjtkigen shubar aty bar ote zhyldam kimyldajtyn bir zhigittin kalmaktyn ujykkan ortasyna kojyp ketip zhajratyp shygyp zhүrgenin korip zhәne artyndagy bes zhүzdej nokerinin odan eki eli kalmaj zhauga үlken shygyn keltirip zhapyryp bara zhatkanyna kuanyp kasyndagylardan suraganda kasynda turgan Myrzataj Ol Nazar aganyn balasy Shotan goj үlken uryska birinshi kirui dejdi Sonda Әbilkajyr Birinshi sogysyp turgany mynadaj bolsa budan kejingi sogystarda aman bolsa kalmaktarga zhibergen Allanyn zhanalgyshy desejshi dep basyn shajkap kүlip rizalygyn bildiredi Sol sogysta Bokenbajdyn tu syrtynan esik pen tordej zherden kelip najza urgaly zhatkan engezerdej kalmakty bajkap kalgan Shotan shalt kimylmen kolyndagy najzany odan buryn siltep najza kenirdekten shanshylyp okirip art zhagyndagy kulap bara zhatkan kalmakty endi angargan Bokenbaj najzasyn suyryp alyp zhatkan Shotandy korgende ozin azhaldan arashalagan zhaska riza bolady Sol zherde shatkalga kamap on myndaj kalmakty bireuin kaldyrmaj kyrgan Әbilkajyr kolynyn ishinde askan erlik korsetken Shotandy tabyn Bokenbajdyn usynysymen on eki ata Bajulynyn Bas sardary etip bekitipti Sol zherde Әbilkajyr Shotanga Zhuldyzyn zharkyraj bersin Shotanym dep batasyn beripti On eki ata Bajulynyn Shotan baskargan koly Zhem bojyn zhagalaj konystanyp otyrgan Lekbaj tajshynyn әskerin talkandap bes zhүz үjmen otyrgan auylyn shauyp үlken olzha tүsiredi Қalmak kyrgan degen atau bul zherde kalgan Sonymen katar Shotan Aktaban shubyryndy kezinde bashkurttar ielenip al gan Yrgyz Elek Or Қargaly zherlerin dushpannyn karsylyk taryna karamastan kajtaryp aldy Әbilkajyr bastagan kalyn kol 1728 zhyldyn kokteminde Sarysudyn ontүstik batysyndagy Bulanty oze ninin zhazygynda kalmaktyn үlken kolymen kezdesedi Sol kezde kalmak zhagynan shykkan batyr Osynda Sanyryk bar ma batyr bolsa menimen zhekpe zhekke shyksyn eger koryksa en myktysyn zhibersin dep ajkajdy salyp ortaga shyga kelipti Atyn atap shakyrgasyn zhekpe zhekke shykpaj kaluga bolmajtynyn biletin Ұly zhүzdin bas sardary Sanyryk atynan tүsip ajylyn kajta tartyp zhatkanda Әbilkajyr kelip Sanyryk atyndy ataj bersin ol zhongar kolynyn bas sardary emes koj sizdin ornynyz baska goj baska zhas noyandardyn biri shygar dep edi Sanyryk Kopten beri zhekpe zhekke shykpap edim Қudaj bergenin kajtyp almasa zhelkesin үzip kelejin dep atyna mine bergeni sol edi kalyn kol shu ete tүsti Әbilkajyr da Sanyryk ta zhekpe zhekke shakyrgan kalmakka karaj oksha ushyp bara zhatkan adam ba үlken shubar zholbarys pa ajyryp zhatuga bolmajtyn bireudin zhyldamdykpen baryp ote shykkanda kalmaktyn atynan kalaj kulagany bajkalmaj kalypty Қajta oralgan betinde zhygylgan kalmaktyn basyn Sanyryktyn aldyna әkelip tastap ozi ortaga kirip korinbej ketipti Zhanagy adamnyn kim ekenin Әbilkajyr gana tanyp kalypty Ol dulygasynyn astynan ak zhibek oramalmen betin tumshalap algan Shotan edi Tangalyp turgan Sanyrykka karap Әbilkajyr Sәke keshirim otinemin sizdin sybaganyzdy ruksatsyz pajdalanyp ketken bizdin bir zhas sarbazymyz degende Sanyryk Ojpyrmaj ozi adam ba men komekke kelgen pirlerdin biri shygar dep edim dep kүledi Shotan bul sogysta da on eki ata Bajuly zhasaktaryn bastap kalmak kolyn bolip korshap alyp kyryp tastajdy Bulanty sogysy zhenispen ayaktalgannan kejin barlyk әskerdi sapka turgyzyp aldyna Sanyryk shygyp Shotanga Өrkenin ossin inim zhaudan sagyn synbasyn dankyn arta bersin dep kүmistelgen er tokymdy kүren argymakty zhәne altyn baldakty almas kylyshty syjga tartypty 1730 zhylgy sogysta da Shotan erekshe kozge tүsedi Қalmaktar tau shatkalynda bekinip alyp kazak koly zhazyk dalada kүnnin astyna kalgan zherde Shotannyn akylymen zhaudy zhenip shygady 1754 zhyldyn basynda Abylaj үsh zhүzdin birikken kuryltajyn shakyrady Abylaj sozinde zhongar үshin kala berdi kazak үshin en kauipti zhau ozin zharym dүnienin әmirshisi dep eseptejtin Қytaj memleketi ekenin ashyk ajtady Sol kezde kazak elinin kejbir zherlerin zhongarlar iemdenip otyr gan bolatyn Kenestin belgileui bojynsha kazak koly mamyr ajynyn ortasynda Ayagoz ozenine Akshәulige zhinaluga soz bajlasady Bul sogysta bes myn koldy bastap Eraly sultan men Shotan keledi Abylaj әskerbasylarymen zhiyn otkizip zhauga үsh bagytta attana tyn bolady Han zhasagyn kosyp Abylajdyn ozi zhүredi Sogys bastalganda Abylaj men Eraly sultan azgantaj nokerlerimen biikteu zherge shygyp sogystyn barysyn bakylaj bastajdy Shotan bastagan toptyn zhongardy kynasha zhajpauy nazardy birden audardy Abylaj Shotanga sadaktan atylyp zhatkan zhebeler men myltyk oktarynyn bireui darymaj siltenip zhatkan shokpar men ajbaltanyn bireui timej zhatkanyna tangalgany sondaj Myna Shotan batyr kudirettin ozi eken goj tusan tu depti Shotannyn okkagarynyn bar ekendigine kasietti batyr ekendigine Abylajdyn kozi zhetipti Shotannyn koly kalmaktardy tu tastaj korshauga alganda kalmaktar ak zhalau koterip bas saugasyn surap ty Shotan Abylajga karagan eken Abylaj Zhaudy zhengen siz bilik zhengen adamdiki sondyktan she shimdi ozderiniz alynyzdar dejdi Eger olaj desenizder kal mak tardan budan bylaj kazakka kol kotermejmiz degen antyn alyp karu zharaktaryn alyp ozderine eki adamga bir at kolikten berip elderine kajtaramyz zhәne elin koshirip zhongar kakpasynan әri ketetin bolady depti Shotannyn keremet erligine zhәne onyn kankumar emestigine үlken akyldylygyna Abylaj ishtej razy bolady Adajlardyn negizgi tajpalary 1740 1741 zhyldardyn shamasynda Donyztau Zheltau Қarakum Aspantaj Mataj Sam kumdaryn kystap Mangystauga karaj bagyt algan Өtken tarihi derekterdi azdy kopti ajtyp ketken akyndar Abyl Nurym Aktan Қalniyaz Murat Aralbaj Sәttigul Sүgirlerden Ajtkul Shamyguldardan kalgan әngimeler bar Kәri Mangystau talaj auzy dualy bilerinin kesimdi adal bilikterine tүmen tүmen kol er tip terligin terge shiritip elin korga gan erlerdin erlikterine maly nyn koptiginen koshkende zhurtyna zhelidegi elu kulyndy bie kyryk botaly tүjeni umytyp tastap ketip zhүrgen bajlardyn bajlyktaryna tandy tanga ulastyryp zhyrlagan zhyrshylarga olardyn әr kily tagdyrlaryna kuә bolgan olke Aktaban shubyryndy Alkakol su lamanyn kezinde Mangystauga Adaj elin bastap kelgen batyrlardyn basynda da Shotan tur Osy eldin Mangystau zherine algash konystanuyn akyn Tүmen Baltabasuly Mangystau atty dastanynda bylaj dep zhyrlapty Mangystau үsh kiyannyn otken zheri Zherlenbej zheti zhurttyn ketken zheri Elespen esi ketken iesiz zherdi Halkymyz Adaj meken etken zheri Suy sүt shobi shүjgin bal tatidy dep Toldejtin tort tүliktin osken zheri Bolinip boskan elden konys karap El bolyp irge konys tepken zheri Er Shotan shubar atty ustap minip Aga dep Әzhibajga bata ajtkyzyp Toj zhasap Adaj tuyn tikken zheri Nemese kejbir zhazbalarda Zholdasy Esbolaj men Esek mergen Өnshen batyr kajyspas kopti korgen Eline konys izdep shykkannan son Bi Әzhibaj Shotanga bata bergen depti Murat Monkeulynyn Қalniyaz Shopykulynyn kejbir ajtkandaryna karaganda da eldi bastap kelip kondyrgan batyrlardyn aldynda Shotan ajtylady Nemese zhergilikti azamattardan zhasak kuryp Sagyzda otyrgan kalmaktarmen tүrik men dermen Hiuanyn sarttarymen sogysyp zherdi ielengen Shotan dep әngimelenedi En birinshi Mangystaudyn ojyna zher karap kelgen Shotan ekendigin Murat Monkeulynyn myna bir zhyr shumaktarynan tagy da koruge bolady Esbolaj Kete Әzhibaj karaj kelgen Қasyna batyr zhary Shotan ergen Әzhibaj Arka zhagyn kystap kalyp Kereldi Esbolaj baj ielengen Osyndaj tarihi zhazbalarga sүjensek Adaj tajpasyn Mangystauga bastap kelgen Shotan Esbolaj Esek mergen Atagozy Өmir Labak Akpan batyrlar ekenine kүmәn tumajdy Sojtip Kerelge Esbolaj birinshi bolyp ornalassa kerek Koshke zhol bastap Өrmeli arkyly kulatkan Қosaj Esenkululy Esek batyr delinedi Өnshen alyp tulgaly arys tan zhүrekti batyrlaryn olardyn ishindegi zholbarys tukymdas shubar mingen eki kozinen ot shashyp turgan uzyn bojly eki iygyna eki kisi er salyp mingendej beskaruy bojynda eshkandaj zhaudan seskenbejtin zhүrek zhutkan Shotandy tүrikmennin әjgili batyry aldyn bolzhap otyratyn kasiet iesi Ersary anadaj zherden korisimen ak ozinin otbasyn alyp zhelkendi kajykpen Әzirbajzhanga koship ketipti degen anyzdyn artynda shyndyk zhatkan siyakty Mangystauga Adaj tajpasynyn aldyngy legi kүzge salym uakytta kelse kerek Ogan Tүmen Baltabasulynyn myna bir zhyr shumagy dәlel bolatyn siyakty Kelgende alpys үjden az kelipti Ishinde Akpan degen taz kelipti Esbolaj birge kelgen eki үj eken Қalgany kys otken son zhaz kelipti Algashky kezderde kazaktardyn kelip konystanuyn zhaktyrmagan tүrikmen agajyndardyn ishindegi pejili tarlary Hiua handygyna kazak boskyndary kelip ruksatsyz zher suymyzdy basyp alyp ielenip zhatyr dep habar zhetkizipti Osygan bajlanysty Hiua hany kelip konystanyp zhatkan auyldardy shugyl koshiruge egerde karsylyk zhasasa tүgeldej kyryp tastauga tapsyrma berip Bekturly degen batyryn bes zhүz adamdyk zhasakpen zhiberedi Azgantaj zhasagymen zhaudy kүtip algan Shotan zhekpe zhekte Bekturly batyryn oltirip kalgandary zhenilip eline kashypty Odan kejin Mangystaudy zhajlap otyrgan tүrikmen Annasejittin auylyn Edil Zhajyk arasyndagy tor gauyttar tutkiyldan kelip shabuyl zhasap koptegen adamdaryn tutkyn etip dүnie mүlik maldaryn olzhalap ketken zherinen Shotan zhasagyn shugyl ujymdastyryp zhaudy talkandap tut kyn bolyp bara zhatkan tүrikmen aga jyndaryn mal mүlikterdi zhәne kal maktardyn koptegen maldaryn olzhalagan Odan kejin de Hiua hany Nәdir shahtyn salgan salygyn toleuden bas tartyp sol үshin Hiua hanyna ka rajtyn tүrikmenderdin basshylary Ogylsha Sejitkutylyktarmen sogy syp olardy zhekpe zhekte oltirip zhasaktaryna timej Nәdirshahka sa lyk toleudin kazheti zhok ekenin tүsindirip taratyp zhibergen Mine osy kezden bastap birshama ua kytka dejingi Mangystaudagy tүrik mender men kazaktar arasynda ty nyshtyk ornagan Sonynan on eki ata Bajulynan үsh mynga tarta zhasak ujymdastyryp Zhem Sagyz Zhajyk bojyndagy torgauyttarga karsy sogys ashyp olardy Edil bojyna tolyktaj ygystyryp baryp elin konystandyrgany zhazba derekterde saktalgan Shotannyn kuba kal mak tarmen songy sogysy 1771 zhyly boldy Onda Edil kalmaktary tolyktaj zhojyldy Қazak tarihyn zertteushi galym Қazakstannyn halyk zhazushysy Muhtar Magauinnin zertteuinde bylaj dep korsetiledi Қalmaktardyn basym boligin kurajtyn torgauyttar Edildin sol zhagasyn yagni shygys betin konystanatyn Dүrbitter men Hosha uyttar on zhagada zhatkan Bүkil kal mak zhurty tүp koterile koshetin 1771 zhyldyn besinshi kantarynda katty ayaz bolyp Edildin muzy zharylady muz үstine kyzyl su zhүredi sojtip sol zhak kabaktagy 11 198 shanyrak Edil den ote almaj salkar koshten boli nip birzhola Resej sheginde kalady Edil dariyadan otip үlgergen үji men үjelmenimen myngyrgan malymen zhongarga bet kojgan kalyn eldin nakty sany 30 999 shanyrak eken Shamamen 170 180 myn adam Қaruly әsker de az emes 40 myn kol Bir gana kiltipan kalmak koshi kazak konystary arkyly otuge tiis edi Osyndaj үlken kozgalys kazaktyn koptegen auyldaryn tapap otedi Nuraly han bastap shugyl tүrde үlken zhasak ujymdastyryp bas sardar Shotannyn bastauymen algashky urys Zhem bojynda bolypty Nuraly han kalmaktardan kejin kajtudy talap etken Қalmaktardyn basshysy Үbashy bitim surap ziyan tigizbej otip ketulerine ruksat suragan bi rak kazaktar zhagy kelispegen Ol kezde keshegi Aktaban shubyryndy uakytyndagy kalmaktardyn tarapynan ayausyz kyrgyndy korgen adam dardyn kobinin kozi tiri bolatyn Olar kalmak korse kandary karajyp turatyn Mine osyndaj burynnan oshikken kazak koly alga baskan sajyn kalmaktarga auyr sokkyny үsti үstine berumen boldy Өkshelej tyksyryp kejde kos kanattan kezek sogyp zhaudy үlken kyrgynga ushyratady Osylaj kүnde kaskyr tigen koj otary siyaktanumen mausym ajynyn ayak sheninde Balkashka zhakyndap Mo jynty ozenine kelgende Abylaj han bastagan әsker zhetip kalmaktyn kalyn koshi korshauga tүsedi Sol sogysta kalmaktar tutaska zhuyk kyrylady Zhongarga 15 20 myn adam gana kansyrap zorga zhetedi Olar da aldarynan zharylkajtyn zhagdaj taba almady Қytaj basshylary olardy da bolshektep kul etip zhojyp zhiberdi Shotan zhүrek zhutkan batyrly gymen katar elge akyl ajtyp zhon sil tejtin el agasy boldy desek te katelespejmiz Ol barlyk sogysta da kolyna tүsken tutkyndardy oltir megen sogyspalyk dos zharan tuys bolalyk dep elderine kajtaryp otyr gan Agajyndar arasynda tuyndajtyn tүsinisbestikter men dauly zhagdajlardyn talajyn әdiletti tүrde bilik ajtyp tatulastyryp zhibergen 1750 zhyldardyn orta sheninde Man gystauda tutastaj kuanshylyk bolyp el zhappaj konys izdep koshuge ystyk tүsip ketip zhәne zhondi konys bolmaj ote katty kinalyp kalypty Mal aparajyn dese su zhok Sol kezde Shotan kasyna ertken azgantaj nokerimen dalaga tүnep tanerten erte bir zholdasyn atyna mingizip sol kongan zherin shaptyryp ozi kulagyn zherge tosep tyn tyndap әldeneshe zherge kelip osy zhagdajdy kajtalapty Sodan kejin tap osy zherden kudyk kazylady dep bir zherdi belgilepti Өzi otauyn koshirip alyp kelip kudykty kazuga kirisip ketedi Shotan kudyktan kazgan topyragyn on metr terendikke bargansha syrtka ozi laktyryp turypty On metrden әri karaj Shotannyn kazyp shygargan topyragyn on zhigit shygyr salyp zorga үlgerip togip turypty degen әngime el auzynda kүni bүginge dejin saktalgan Sojtip kudykshylar bir zhylda kazatyn terendigi 75 metr kudykty bir ajda kazyp bitirip sol mandagy eldin maly su iship konysy bar zherge zhajylyp kүzge zhetipti Қazirde Shotan shymyrauy degen bar Kүni keshege dejin otar otar mal suaryp kalyn el zhajlap otyrdy Zhekeshelendiruden kejin mal basy kүrt azajyp kyrdyn үstindegi shymyraularga baratyn mal bolmaj kulazyp kaldy Mal basy tagy da osip keledi bolashakta Shotannyn shymyrauynan maldarymyzdy suaryp zhaz zhajlauga kajtadan shygaramyz degen үmit bar Shotannyn әkesi Nazar Zharyuly 1684 zhyly tuyp 1771 zhyly olgen Қazirgi Қulsary kentinen kop kashyk emes zherdegi Bakashy dep atalatyn korymda zherlengen Shotan 1786 zhyldyn kyrkүjek ajynda ortalyk Үstirtte zhasy zhetip oz azhalynan kaj tys bolgan Sisem ata korymda zherlengen Shotan batyr turaly zhazylgan Bas sardar atty enbek baspaga berilgennen kejin Mangystau oblysynan әdeji delegaciyany bastap Bekbol Қartbaev Balkashtyn ajnalasyndagy zhongarmen sogys bolgan belgili zher lerdi aralady Karagandy obly synyn Zhanaarka audanyndagy Shotannyn atymen atalgan eldi mekenge Shotan nyn atymen atalgan kolge baryp ondagy zhasy үlken kart adamdarmen әngimelesip Shotannyn Abylaj hannyn karauynda kol baskargan batyr ekendigin anyktagan Sol zherdin en zhasy үlkeni 90 zhastagy Әuken degen kariya 1940 zhyldardyn ekinshi zhartysyna dejin tau silemderinde kyrylgan adamdardyn ku sүjekteri topyraktyn astynan shygyp shashylyp zhatkanyn zhәne sol zherdin Shotan kyrgan dep atalatyndygyn әngimelep bergen Shotannyn shajkaskan zherlerin buryn dүnieden otken aksakaldardan estigen edim dep ozi bastap zhүrip korsetipti Bekbol Қartbaev bastagan bir top mangystaulyktar Shotannyn shaj kas kan zherleri men kүni bүginge de jin onyn atymen atalyp otyrgan eldi mekendi koldi suretke tүsirip әkeldi Bul materialdar Zhuldyz zhurnalynyn 2006 zhylgy 1 sanynda zhariyalandy Tulgalardy eske alyp olarga koshe ataktaryn bergizude үlken enbek etken auyl әkimi Amankos Қodarov pen ardagerler kenesinin toragasy Askar Zhumakalievka koptin ajtar algysy zor Dajyndagan Iskender Karbaev Shogy urpagyDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet