Шалғы, Қолшалғы – шөп шабуға арналған құрал. Халық тілінде шалғының қолшалғы, белорақ, тартпа, қырғы деген жергілікті атаулары да бар. Шөп, егін шабатын машиналар шыққанға дейін шөпті шалғымен шабатын. Қазір шалғы машина жүре алмайтын жерлердің шөбін шабуға пайдаланылады. Шөпті орақпен орғаннан гөрі шалғымен шабу өнімді.
Жасалуы мен сипаты
Оның жүзі үлкенді-кішілі болып жасалып, әр адам өзіне лайықтысын пайдаланады. Басы темірден қайқылау жасалып, өткір жүз салынады. Жұмыр түзу ағаштан сабын жасап, тұтқа орнатады.
- Шалғыны саптау. Саптаудың өзіндік мәні бар. Оны саптағанда басының дұрыс тұруына ерекше мән беріледі. Егер шалғы басы шалқалап қалса шөп шапқанда шөпті қалың алып дұрыс жүрмейді. Ал өте қатты ішіне қарай имек болып кетуі де дұрыс емес. Сондықтан да оның жөнін білетін шалғышы қалыпты мөлшермен саптайды. Саптар алдында алдын ала дайындалған қарағай, тал т.б. сапты қолға ыңғайлап көріп алады. Одан кейін оны жуан келген басының бір жағын шалғының шүйдесі тегіс жататындай шабады. Шабылған орынға шалғының бүртігі бар жағын жатқызып, басының дұрыс тұрғанын тексеріп балғамен ұрып қағады. Одан ары оған тұйық дөңгелек темірден құрсау кигізіліп ағаш сынамен сыналанады. Оның сабының ортан беліне (адам кіндігіне келетін тұс) алдын-ала дайындалған тұтқаны арасына киіз т.б зат сала иіліп, екі басы бір-біріне жіп немесе қайыс таспамен тартып тұрып байланып бекітіледі. Шалғы тұтқасы көк талдың (жуандығы адам қолына шақталып) екі қарыстай кесілген кесіндісінен дайындалады. Оның қабығын сыдырып дәл орта тұсынан төртбұрышты етіп ұңғылып ойылады. Бұл кейін тұтқаны шалғы сабына бекіткенде тез иілуіне және сапқа оралып тегіс жатуына жақсы болады.
- Шыңдау және қайрау. Шалғы төске қойылып шыңбалғамен жүзі біртегіс шыңдалады. Мұны шалғы шыңдау деп атайды. Шыңдауы дұрыс болмаса, яғни, жүзіне қалта шығып кетсе, кедір-бұдыр болып шөпті тұтып жүрмейді. Сондықтан, шыңдауға ерекше мән беріледі. Кейінен оны сабын жерге тіреп тұрып, басын аударып ұстап құмқайрақпен үстінгі (шөп шапқандағы астыңғы жағы) бетін екі рет, ал астыңғы жағын бір реттен жануды бірнеше рет қайталайды. Шөп шабу кезінде осындай шыңдау мен қайрауды көп көрген, көп ұсталған шалғы ел арасында «кәрі шалғы» аталады. Өйткені оның жүзі әбден жұқарып жіңішкереді.
- Шалғы тарту. Шалғы тартудың да өзіндік ерекшелігі болады. Кейбір шалғышылар шалғыны ұрып шапса, ал біреулері айналдыра тартады. Ұрып шапқанда оның ұшы шөпке қиялай тиеді. Сондықтан да оның арты қияланып көрініп тұрады. Шалғыны жақсы тартатын адам оны айналдыра, сыдырта тартқанда екі, екі жарым адымдай аралықтағы жердің шөбін алып отырады. Шалғы тартқанда шөпке жұқалап салып отырады. Ал көбірек аламын деп қалыңырақ салып жіберсе, біріншіден шалғы «қақалады», екіншіден шалғышының қары мен беліне күш түседі. Шалғы шөбі шалғышының сол жағына жал болып түседі, әрі қурамай жатады. Бұл кейін шабылған шөпті жинап шөмеле салғанда да қолайлы.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969;
- Хозяйство казахов на рубеже XIX-XX веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980;
- ҚӘТС. Алматы: Арыс, 2009;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shalgy Қolshalgy shop shabuga arnalgan kural Halyk tilinde shalgynyn kolshalgy belorak tartpa kyrgy degen zhergilikti ataulary da bar Shop egin shabatyn mashinalar shykkanga dejin shopti shalgymen shabatyn Қazir shalgy mashina zhүre almajtyn zherlerdin shobin shabuga pajdalanylady Shopti orakpen organnan gori shalgymen shabu onimdi Shalgynnyn bolikteri 1 ushy 2 uatkysh 3 zhүzi 4 okshelik 5 tireuish 6 sakinasy 7 saby 8 tutkasyZhasaluy men sipatyOnyn zhүzi үlkendi kishili bolyp zhasalyp әr adam ozine lajyktysyn pajdalanady Basy temirden kajkylau zhasalyp otkir zhүz salynady Zhumyr tүzu agashtan sabyn zhasap tutka ornatady Shalgyny saptau Saptaudyn ozindik mәni bar Ony saptaganda basynyn durys turuyna erekshe mәn beriledi Eger shalgy basy shalkalap kalsa shop shapkanda shopti kalyn alyp durys zhүrmejdi Al ote katty ishine karaj imek bolyp ketui de durys emes Sondyktan da onyn zhonin biletin shalgyshy kalypty molshermen saptajdy Saptar aldynda aldyn ala dajyndalgan karagaj tal t b sapty kolga yngajlap korip alady Odan kejin ony zhuan kelgen basynyn bir zhagyn shalgynyn shүjdesi tegis zhatatyndaj shabady Shabylgan orynga shalgynyn bүrtigi bar zhagyn zhatkyzyp basynyn durys turganyn tekserip balgamen uryp kagady Odan ary ogan tujyk dongelek temirden kursau kigizilip agash synamen synalanady Onyn sabynyn ortan beline adam kindigine keletin tus aldyn ala dajyndalgan tutkany arasyna kiiz t b zat sala iilip eki basy bir birine zhip nemese kajys taspamen tartyp turyp bajlanyp bekitiledi Shalgy tutkasy kok taldyn zhuandygy adam kolyna shaktalyp eki karystaj kesilgen kesindisinen dajyndalady Onyn kabygyn sydyryp dәl orta tusynan tortburyshty etip ungylyp ojylady Bul kejin tutkany shalgy sabyna bekitkende tez iiluine zhәne sapka oralyp tegis zhatuyna zhaksy bolady Shyndau zhәne kajrau Shalgy toske kojylyp shynbalgamen zhүzi birtegis shyndalady Muny shalgy shyndau dep atajdy Shyndauy durys bolmasa yagni zhүzine kalta shygyp ketse kedir budyr bolyp shopti tutyp zhүrmejdi Sondyktan shyndauga erekshe mәn beriledi Kejinen ony sabyn zherge tirep turyp basyn audaryp ustap kumkajrakpen үstingi shop shapkandagy astyngy zhagy betin eki ret al astyngy zhagyn bir retten zhanudy birneshe ret kajtalajdy Shop shabu kezinde osyndaj shyndau men kajraudy kop korgen kop ustalgan shalgy el arasynda kәri shalgy atalady Өjtkeni onyn zhүzi әbden zhukaryp zhinishkeredi Shalgy tartu Shalgy tartudyn da ozindik ereksheligi bolady Kejbir shalgyshylar shalgyny uryp shapsa al bireuleri ajnaldyra tartady Ұryp shapkanda onyn ushy shopke kiyalaj tiedi Sondyktan da onyn arty kiyalanyp korinip turady Shalgyny zhaksy tartatyn adam ony ajnaldyra sydyrta tartkanda eki eki zharym adymdaj aralyktagy zherdin shobin alyp otyrady Shalgy tartkanda shopke zhukalap salyp otyrady Al kobirek alamyn dep kalynyrak salyp zhiberse birinshiden shalgy kakalady ekinshiden shalgyshynyn kary men beline kүsh tүsedi Shalgy shobi shalgyshynyn sol zhagyna zhal bolyp tүsedi әri kuramaj zhatady Bul kejin shabylgan shopti zhinap shomele salganda da kolajly DerekkozderҚazak enciklopediyasy 9 tom 18 bolim ҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterArgynbaev H Қazaktyn mal sharuashylygy zhajynda etnografiyalyk ocherk Almaty Ғylym 1969 Hozyajstvo kazahov na rubezhe XIX XX vekov Materialy k istoriko etnograficheskomu atlasu Alma Ata Nauka 1980 ҚӘTS Almaty Arys 2009 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan