Суықбұлақ – қола дәуірі қонысы. Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстігінен 1,5 км жерде, Суықбұлақ қайнарының төңірегінде орналасқан.
Қоныстың ұзындығы 1 км, ені 200 – 250 м. Қоныс алаңында үй орындарымен бірге, ерте темір ғасырлары кезінде салынған 7 оба мен ортағасырлық 6 тас қоршау бар. Қонысты 1953 жылы Қарағанды мұражай қызметкері Л.Ф. Семенов тауып, 1955, 1962 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. Қоныстан екі үй орны аршылған. Бірінші үй төртбұрышты, аумағы 148 м, бөренеден тұрғызылып, ортасынан екіге бөлінген солтүстңк-батыс бөлігінде үлкен ошақ орны сақталған. Екінші үй аумағы 84 м. Онда да бөренелер орны сақталған. Үй маңы, ошақ жанынан өрнектелген қыш ыдыстардың сынығы, тастан, сүйектен жасалған құрал-сайман, әшекей бұйымдар, мал, аң сүйектері көптеп табылды. Суықбұлақ қонысынан ең алғаш рет темір қорытпалары табылды. Ол б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяғы – 1-мыңжылдықтың басында Орталық Қазақстан тайпалары Еуразия құрлығында алғашқылардың бірі болып темір өндірісін игергенін көрсетеді. Марғұлан қайта жаңғыртқан қоныстағы үй пішіні құрылыс өнерінің де биік дәрежеде болғанын білдіреді.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Suykbulak degen betti karanyz Suykbulak kola dәuiri konysy Қaragandy oblysy Қarkaraly kalasynyn ontүstiginen 1 5 km zherde Suykbulak kajnarynyn tonireginde ornalaskan Suykbulak konysy Қonystyn uzyndygy 1 km eni 200 250 m Қonys alanynda үj oryndarymen birge erte temir gasyrlary kezinde salyngan 7 oba men ortagasyrlyk 6 tas korshau bar Қonysty 1953 zhyly Қaragandy murazhaj kyzmetkeri L F Semenov tauyp 1955 1962 zhyldary Ortalyk Қazakstan arheologiyalyk ekspediciya zhetekshisi Ә H Margulan zerttegen Қonystan eki үj orny arshylgan Birinshi үj tortburyshty aumagy 14 8 m boreneden turgyzylyp ortasynan ekige bolingen soltүstnk batys boliginde үlken oshak orny saktalgan Ekinshi үj aumagy 8 4 m Onda da boreneler orny saktalgan Үj many oshak zhanynan ornektelgen kysh ydystardyn synygy tastan sүjekten zhasalgan kural sajman әshekej bujymdar mal an sүjekteri koptep tabyldy Suykbulak konysynan en algash ret temir korytpalary tabyldy Ol b z b 2 mynzhyldyktyn ayagy 1 mynzhyldyktyn basynda Ortalyk Қazakstan tajpalary Euraziya kurlygynda algashkylardyn biri bolyp temir ondirisin igergenin korsetedi Margulan kajta zhangyrtkan konystagy үj pishini kurylys onerinin de biik dәrezhede bolganyn bildiredi Derekkozder Қazak Enciklopediyasy