Соғым сою, соғым — қысқы азық қорына арналып дайындалған ет.
Қазақ халқының бұлжымас салты. Бұл әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азық-түліктің мол қоры. "Қыс қамын жаз ойлайтын" ел жаз шығысымен-ақ күздік және қыстық соғымын ерте ойластыра, қарастыра бастайды. Ондай малды күні бұрын белгілеп, күтімге алады. Соғымға түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал сойылады. Ауқатты отбасылар 2-4 ірі мал сойып алады. Соғым сою да мәртебелі, берекелі әрі атаулы сәт. Әр елде, әр ауылда кәсіпқой соғым союшылар болады. Оны «қасапшы» деп атайды. Мал союдың жөн жосығы, тәртібі болады. Соған орай әрбір жілік, омыртқа, қабырға, қазы тағы басқа кәделі мүшелер тиісті ет майымен бірге бөлінуі керек. Олай болмаған жағдайда қасапшыға да, табақ тартқанда үй иесіне де мін.
Соғым кезінде ішек-қарын тазартатын әйелдер де әзір тұрады. Әсіресе, жылқының ішек-қарындары яғни, қазы-қарта деп жұрт қадірлейтін мүшелері өте мұқият тазртылуы қажет. Ірі малдың жіліктері мен қабырғалары екіге бөлінеді. Яғни бір жарты жілігі, басқа еттермен бірге бір табақ есебіне жүреді. Қазақ қасиетті мал есебіне жатқызатын түйе мен жылқының басын бөлмей асып, пісірген. Сиырдың басын ғана бөліп, жеке-жеке тартқан.
Соғым сойылғаннан кейін міндетті түрде мол қуырдақ қуырылады. Одан қасапшылармен бірге, ақсақалдар, көрші-көлемдер тойғанша жейді. Қасапшыларға еңбегі үшін «қолкесер» яғни еңбегі үшін ет беріледі.
Соғымнан жақын-жуық, туыс-туған, құда-жекжаттарға міндетті түрде ауыз тигізу керек. Немесе сыбағасын беріп жібереді.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sogym soyu sogym kysky azyk koryna arnalyp dajyndalgan et Қazak halkynyn bulzhymas salty Bul әr zhyl sajyn kajtalanyp otyratyn kystyk azyk tүliktin mol kory Қys kamyn zhaz ojlajtyn el zhaz shygysymen ak kүzdik zhәne kystyk sogymyn erte ojlastyra karastyra bastajdy Ondaj maldy kүni buryn belgilep kүtimge alady Sogymga tүje zhylky siyr siyakty iri mal sojylady Aukatty otbasylar 2 4 iri mal sojyp alady Sogym soyu da mәrtebeli berekeli әri atauly sәt Әr elde әr auylda kәsipkoj sogym soyushylar bolady Ony kasapshy dep atajdy Mal soyudyn zhon zhosygy tәrtibi bolady Sogan oraj әrbir zhilik omyrtka kabyrga kazy tagy baska kәdeli mүsheler tiisti et majymen birge bolinui kerek Olaj bolmagan zhagdajda kasapshyga da tabak tartkanda үj iesine de min Sogym kezinde ishek karyn tazartatyn әjelder de әzir turady Әsirese zhylkynyn ishek karyndary yagni kazy karta dep zhurt kadirlejtin mүsheleri ote mukiyat tazrtyluy kazhet Iri maldyn zhilikteri men kabyrgalary ekige bolinedi Yagni bir zharty zhiligi baska ettermen birge bir tabak esebine zhүredi Қazak kasietti mal esebine zhatkyzatyn tүje men zhylkynyn basyn bolmej asyp pisirgen Siyrdyn basyn gana bolip zheke zheke tartkan Sogym sojylgannan kejin mindetti tүrde mol kuyrdak kuyrylady Odan kasapshylarmen birge aksakaldar korshi kolemder tojgansha zhejdi Қasapshylarga enbegi үshin kolkeser yagni enbegi үshin et beriledi Sogymnan zhakyn zhuyk tuys tugan kuda zhekzhattarga mindetti tүrde auyz tigizu kerek Nemese sybagasyn berip zhiberedi