Соматотропин (СТГ, соматотроптық гормон, өсу гормоны) — гипофиздің алдыңғы бөлігі гормонының бірі. Пролактин мен плацентарлық лактоген сияқты пептидтік гормон тобына жатады.
Соматотропиннің ағзаға әсері
Соматотропин гормонын өсу гормоны деп атау себебіне сүйектердің жабылмаған аймақтары бар балалар, жасөспірімдер мен жастарда ол ұзын қуысты сүйектердің өсуін қамтамасыз етеді. Соматотропин қуатты анаболитикалық және анти-катаболитикалық әрекет жасай отыра, нәруыз синтезінің қарқынды болуын, нәруыз ыдырауының және тері асты майы қыртысы түзілуінің тежелуін, ағзадағы бұлшық ет массасының майға қатынасының артуына әкеледі. Оған қоса, соматотропин көмірсулық алмасу реттеуіне қатысады - ол қандағы глюкоза мөлшері деңгейін арттырады, контринсулярлық гормон ретінде инсулиннің көмірсулық алмасуға әрекетіне кереғар әрекет жасайды.
Өсу гормонының секрециясы
Секрецияның тәуліктік ырғағы
Өсу гормонының секрециясының белгілі бір периоды бар және оның бірнеше шыңдары кездеседі (негізінде гормонның үдемелі кездері әрбір 3-5 сағатта болады). Ең жоғары және болжамды шыңы түнде, ұйқыға батқан кезден бір-екі сағаттан кейін байқалады.
Секрецияның жастық өзгерісі
Соматотропиннің қан плазмасында ең жоғары концентрация болатын кез - нәрестенің құрсақтағы дамуының 4-6 айы. Осы концентрация ересек адамдағы концентрациясына қарағанда жүз есе артық. Адамның өсуіне байланысты секреция төмендейді. Қарт адамдарда секреция минималды болады, оларда негізгі деңгеймен бірге секрецияның үдемелі кездерінің амплитудасы мен жиілігі азаяды. Балалық шақта негізгі деңгей, ал жасөспірімдерде шыңдардың амплитудасы максималды болады.
Гормонның қандағы концентрациясы
Өсу гормонының қандағы орташа концентрациясы - 1-5 нг/мл. Шыңдарда 10-20 нг/мл-ге дейін де өсуі мүмкін.
Өсу гормонының реттелуі
Соматотропин гормонын реттеушілері - соматостатин мен соматолиберин гормондары (гипоталамустың пептидтік гормондары). Олар гипоталамустың нейросекреторлық жасушалардан бөлініп, гипофиздің портальды веналарына енеді және соматотроптарға тікелей әсер етеді. Дегенмен, соматотропиннің реттелуіне физиологиялық факторлар да ықпалын тигізеді. Секрецияны арттырады:
- соматолиберин гормоны
- грелин
- ұйқы
- жаттығулар
- аргинин, орнитин, лизин, глутамин сияқты аминқышқылдарын тұтыну
- эстроген
- тиреоидтық гормон
- гипогликемия (гипогликемия кезінде глюкоза мөлшерін реттеу үшін соматотропин мөлшері артады)
Секрецияны тежейді:
- соматостатин
- гипергликемия
- глюкокортикоидтер
Өсу гормонымен байланысты патологиялар
Шамадан тыс болу
Ересектерде соматотропин деңгейінің патологиялық өсуі немесе экзогенді соматотропинді шамадан тыс енгізу сүйектердің жуандап өсуі мен бет пішінінің қатты болуына, тіл өлшемінің артуына әкеледі. Соған байланысты асқынулар - жүйкелердің жаншуы(туннельдік синдром), бұлшық ет күшінің азаюы, ұлпаның инсулинтұрақтылықтың артуы, акромегалия.
Тапшылық
Бала кезінде соматотропин тапшылығы гипофизарлық нанизм ауруына, жыныстық жетілу кідірісіне, ал ересек кезінде денеде май қатпарларының шамадан тыс түзілуіне әкеледі. Гипофиздің дамуын реттейтін HESX1 және LHX3 гендері мен гипофиздің алдыңғы бөлігінің жасушаларының дамуын реттейтін PROP1 гендерінің мутациясы өсу гормонының тапшылығына әкеледі. Өсу гормоны рецепторы генінің мутациясы Ларон синдромына әкеледі. Ауру белгілері - өсудің кенет бәсеңденуі, бассүйектің беткі бөлігінің мөлшері азаюы.
Соматотропиннің терапиялық қолданысы
Балаларда бой өсу кідірісі кезіндегі қолданысы
Бұзылыс кезінде ағзаға гипофиздің экстрактын күнделікті енгізу қажет. 1970-ші жылдарда экстракт бұқа, жылқы гипофизінен, содан кейін ғана адам гипофизінен таза күйінде шығарылған. Қазіргі таңда ең нәтижелі әдіс болып табылады.
Жүйке жүйесінің бұзылуы кезіндегі қолдануы
Бірнеше эксперименттерде соматотропин гипофизарлық нанизммен ауыратын адамдарда есте сақтау қабілеті мен танымдық функциялардың жұмысын жақсартты. Оған қоса, соматотропин депрессияға шалдыққан адамдарда көңіл-күйді мен хал-жағдайды жақсартуға үлесін қосты.
Спортта қолдануы
Өсу гормоны бар дәрі-дәрмектер медицинамен қатар соматотропиннің бұлшық ет массасын арттырып, май мөлшерін азайту қабілетіне байланысты спортта да қолданысты тапты.
1989 жылы өсу гормонын қолдану Олимпиада комитетімен ресми түрде тыйым салынған. Көбінесе соматотропинді спортшы-бодибилдерлер басқа анаболитикалық дәрі-дәрмектермен бірге қолданады.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Somatotropin STG somatotroptyk gormon osu gormony gipofizdin aldyngy boligi gormonynyn biri Prolaktin men placentarlyk laktogen siyakty peptidtik gormon tobyna zhatady Somatotropinnin agzaga әseriSomatotropin gormonyn osu gormony dep atau sebebine sүjekterdin zhabylmagan ajmaktary bar balalar zhasospirimder men zhastarda ol uzyn kuysty sүjekterdin osuin kamtamasyz etedi Somatotropin kuatty anabolitikalyk zhәne anti katabolitikalyk әreket zhasaj otyra nәruyz sintezinin karkyndy boluyn nәruyz ydyrauynyn zhәne teri asty majy kyrtysy tүziluinin tezheluin agzadagy bulshyk et massasynyn majga katynasynyn artuyna әkeledi Ogan kosa somatotropin komirsulyk almasu retteuine katysady ol kandagy glyukoza molsheri dengejin arttyrady kontrinsulyarlyk gormon retinde insulinnin komirsulyk almasuga әreketine keregar әreket zhasajdy Өsu gormonynyn sekreciyasySekreciyanyn tәuliktik yrgagy Өsu gormonynyn sekreciyasynyn belgili bir periody bar zhәne onyn birneshe shyndary kezdesedi negizinde gormonnyn үdemeli kezderi әrbir 3 5 sagatta bolady En zhogary zhәne bolzhamdy shyny tүnde ujkyga batkan kezden bir eki sagattan kejin bajkalady Sekreciyanyn zhastyk ozgerisi Somatotropinnin kan plazmasynda en zhogary koncentraciya bolatyn kez nәrestenin kursaktagy damuynyn 4 6 ajy Osy koncentraciya eresek adamdagy koncentraciyasyna karaganda zhүz ese artyk Adamnyn osuine bajlanysty sekreciya tomendejdi Қart adamdarda sekreciya minimaldy bolady olarda negizgi dengejmen birge sekreciyanyn үdemeli kezderinin amplitudasy men zhiiligi azayady Balalyk shakta negizgi dengej al zhasospirimderde shyndardyn amplitudasy maksimaldy bolady Gormonnyn kandagy koncentraciyasy Өsu gormonynyn kandagy ortasha koncentraciyasy 1 5 ng ml Shyndarda 10 20 ng ml ge dejin de osui mүmkin Өsu gormonynyn retteluiSomatotropin gormonyn retteushileri somatostatin men somatoliberin gormondary gipotalamustyn peptidtik gormondary Olar gipotalamustyn nejrosekretorlyk zhasushalardan bolinip gipofizdin portaldy venalaryna enedi zhәne somatotroptarga tikelej әser etedi Degenmen somatotropinnin retteluine fiziologiyalyk faktorlar da ykpalyn tigizedi Sekreciyany arttyrady somatoliberin gormony grelin ujky zhattygular arginin ornitin lizin glutamin siyakty aminkyshkyldaryn tutynu estrogen tireoidtyk gormon gipoglikemiya gipoglikemiya kezinde glyukoza molsherin retteu үshin somatotropin molsheri artady Sekreciyany tezhejdi somatostatin giperglikemiya glyukokortikoidterӨsu gormonymen bajlanysty patologiyalarShamadan tys bolu Eresekterde somatotropin dengejinin patologiyalyk osui nemese ekzogendi somatotropindi shamadan tys engizu sүjekterdin zhuandap osui men bet pishininin katty boluyna til olsheminin artuyna әkeledi Sogan bajlanysty askynular zhүjkelerdin zhanshuy tunneldik sindrom bulshyk et kүshinin azayuy ulpanyn insulinturaktylyktyn artuy akromegaliya Tapshylyk Bala kezinde somatotropin tapshylygy gipofizarlyk nanizm auruyna zhynystyk zhetilu kidirisine al eresek kezinde denede maj katparlarynyn shamadan tys tүziluine әkeledi Gipofizdin damuyn rettejtin HESX1 zhәne LHX3 genderi men gipofizdin aldyngy boliginin zhasushalarynyn damuyn rettejtin PROP1 genderinin mutaciyasy osu gormonynyn tapshylygyna әkeledi Өsu gormony receptory geninin mutaciyasy Laron sindromyna әkeledi Auru belgileri osudin kenet bәsendenui bassүjektin betki boliginin molsheri azayuy Somatotropinnin terapiyalyk koldanysyBalalarda boj osu kidirisi kezindegi koldanysy Buzylys kezinde agzaga gipofizdin ekstraktyn kүndelikti engizu kazhet 1970 shi zhyldarda ekstrakt buka zhylky gipofizinen sodan kejin gana adam gipofizinen taza kүjinde shygarylgan Қazirgi tanda en nәtizheli әdis bolyp tabylady Zhүjke zhүjesinin buzyluy kezindegi koldanuy Birneshe eksperimentterde somatotropin gipofizarlyk nanizmmen auyratyn adamdarda este saktau kabileti men tanymdyk funkciyalardyn zhumysyn zhaksartty Ogan kosa somatotropin depressiyaga shaldykkan adamdarda konil kүjdi men hal zhagdajdy zhaksartuga үlesin kosty Sportta koldanuy Өsu gormony bar dәri dәrmekter medicinamen katar somatotropinnin bulshyk et massasyn arttyryp maj molsherin azajtu kabiletine bajlanysty sportta da koldanysty tapty 1989 zhyly osu gormonyn koldanu Olimpiada komitetimen resmi tүrde tyjym salyngan Kobinese somatotropindi sportshy bodibilderler baska anabolitikalyk dәri dәrmektermen birge koldanady