Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу)
- лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;
- өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.
Символдың табиғаты
Символдың табиғаты мағынасын ашып, түсінуді қажет етеді. Сондықтан да өзіндік таным, тіршілігіне байланысты белгілі бір символдар тілінде түсінісетін топтың қалыптасуына мәжбүрлейді. Символ астарлы мағынаға бай болғандықтан әркім өзінің ұғым-түсінігінің дәрежесіне сай тереңдеп түсініп, өз мүмкіндігіне лайық қажетті мәнді табады. Философия тарихында Символ негізінен транцедентті, хикметті әлемді бейнелеп, тану үшін қолданылған. Мәселен, Сократ “болмыс ақиқатын” ақиқаттың көз қарықтырар нұрынан қорынғандықтан тікелей емес, жанама бейнелермен тануға шақырды. И.Кант символды қоршаған дүниені рухани тұрғыда игеретін эстетикалық құрал ретінде таниды. Неокантшылдық бағыттағы Кассириер символды рухани әлемді танытатын әмбебап құрал деп түсіндіреді. Дінде символдың орны ерекше. Көптеген діни салт-жоралғылар мен рәсімдер символдық мәнге ие.
Символ - суреткер сомдаған кермек туындының түпнегізін төркіндеттіретін аса мәнді өзектердің бірлігінен, тектестігінен туындайтын деректі бейне.
Абай орыс және Еуропа әдебиеттерінің классик. үлгілерін сіңістірді. Оның М. Ю. Лермонтовтан аударған «Жалау» атты өлеңінде албырт жанның алып ұшқан ынтызарлығын мәңгі бұрқанған дүлей теңіздің тылсым сырымен үндестіреді. Осы әралуан құбылыстың - адам табиғаты мен дүлей табиғаттың өзектестігі дәл сол кек теңіздің бетінде асау толқынмен арпалысқан «жалғыз жалаудың» символдық бейнесі ретінде көрініс тапқан.
«Ойнақтап толқын, жел гулеп, Майысар діңгек сықырлап, Ол жүрген жоқ бақ іздеп, Кашпайды бақтан бойды ұрлап». Осы секілді сәйкестік жүйелерін Абайдың басқа өлендерінен де ұшыратуға болады. «Жартас» атты аударма өлеңінде кәрі жартасты мешеу қарт бейнесінде, оның басына қонып кетіп тұратын ұшпа бұлтты таңсығы басылмаған жас қыз бейнесінде суреттеп, сол табиғат құбылысы мен адам мінезінің құбылмалық сипатын ортақ С-мен белгіледі. Ал өзінің «Сегіз аяқ» өлеңінде: «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық, Естісем үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім каңғырып. - Баяғы жартас - бір жартас, «Қаңқ» етер, түкті байқамас», - деп жартас бейнесін жалаң табиғат көрінісі емес, адам мен табиғатқа ортақ қоғамдалған шындықтың деректі бейнесі ретінде суреттеді. Жалпы Абай өлеңдерінде Символдау тәсілін қүбылыстардың егіздеуіне, ішкі сәйкес тіктер жүйесіне орайластыра қолданды.
Символ (таңба) (символ (знак); character, symbol) —
- 1) таңбалық жағдайда басқа объектінің орнына қолданылатын объект;
- 2) бедербелгілік тізбекше немесе қандай да бір нәрсені белгілеуге пайдаланылатын бірнеше бедербелгі;
- 3) белгілі бір алфавит бірлігі, таңбасы. Стандартты әріптік, цифрлық белгілерден немесе арнайы таңбалардан тұратын символ;
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Simvol grekshe symbolon tanymdyk belgi tanba rәmiz perneleu lingvistika logika matematika gylymdarynda tanba ugymyn beredi onerde filosofiyada nәrsenin kubylystyn kasietin syr sipatyn bejnelep astarlap bildiretin әmbebap estetikalyk kategoriya Dini simvoldar Simvol korkem bejne men ugymnyn aralygynda ekeuinin de kyzmetin atkara alady Alajda simvol ugymnan gori astarly magynaga baj al korkem bejneden gori naktyly mәnge ie Simvoldyn simvolikalyk formasy saktala otyryp isharalajtyn nәrsesimen salystyra tanu barysynda kopkyrlylygy ashylady bul onyn ereksheligi bolyp tabylady Simvoldyn tabigaty Simvoldyn tabigaty magynasyn ashyp tүsinudi kazhet etedi Sondyktan da ozindik tanym tirshiligine bajlanysty belgili bir simvoldar tilinde tүsinisetin toptyn kalyptasuyna mәzhbүrlejdi Simvol astarly magynaga baj bolgandyktan әrkim ozinin ugym tүsiniginin dәrezhesine saj terendep tүsinip oz mүmkindigine lajyk kazhetti mәndi tabady Filosofiya tarihynda Simvol negizinen trancedentti hikmetti әlemdi bejnelep tanu үshin koldanylgan Mәselen Sokrat bolmys akikatyn akikattyn koz karyktyrar nurynan koryngandyktan tikelej emes zhanama bejnelermen tanuga shakyrdy I Kant simvoldy korshagan dүnieni ruhani turgyda igeretin estetikalyk kural retinde tanidy Neokantshyldyk bagyttagy Kassirier simvoldy ruhani әlemdi tanytatyn әmbebap kural dep tүsindiredi Dinde simvoldyn orny erekshe Koptegen dini salt zhoralgylar men rәsimder simvoldyk mәnge ie Simvol suretker somdagan kermek tuyndynyn tүpnegizin torkindettiretin asa mәndi ozekterdin birliginen tektestiginen tuyndajtyn derekti bejne Abaj orys zhәne Europa әdebietterinin klassik үlgilerin sinistirdi Onyn M Yu Lermontovtan audargan Zhalau atty oleninde albyrt zhannyn alyp ushkan yntyzarlygyn mәngi burkangan dүlej tenizdin tylsym syrymen үndestiredi Osy әraluan kubylystyn adam tabigaty men dүlej tabigattyn ozektestigi dәl sol kek tenizdin betinde asau tolkynmen arpalyskan zhalgyz zhalaudyn simvoldyk bejnesi retinde korinis tapkan Ojnaktap tolkyn zhel gulep Majysar dingek sykyrlap Ol zhүrgen zhok bak izdep Kashpajdy baktan bojdy urlap Osy sekildi sәjkestik zhүjelerin Abajdyn baska olenderinen de ushyratuga bolady Zhartas atty audarma oleninde kәri zhartasty mesheu kart bejnesinde onyn basyna konyp ketip turatyn ushpa bultty tansygy basylmagan zhas kyz bejnesinde surettep sol tabigat kubylysy men adam minezinin kubylmalyk sipatyn ortak S men belgiledi Al ozinin Segiz ayak oleninde Zhartaska bardym Kүnde ajgaj saldym Onan da shykty zhangyryk Estisem үnin Bilsem dep zhonin Kop izdedim kangyryp Bayagy zhartas bir zhartas Қank eter tүkti bajkamas dep zhartas bejnesin zhalan tabigat korinisi emes adam men tabigatka ortak kogamdalgan shyndyktyn derekti bejnesi retinde surettedi Zhalpy Abaj olenderinde Simvoldau tәsilin kүbylystardyn egizdeuine ishki sәjkes tikter zhүjesine orajlastyra koldandy Simvol tanba simvol znak character symbol 1 tanbalyk zhagdajda baska obektinin ornyna koldanylatyn obekt 2 bederbelgilik tizbekshe nemese kandaj da bir nәrseni belgileuge pajdalanylatyn birneshe bederbelgi 3 belgili bir alfavit birligi tanbasy Standartty әriptik cifrlyk belgilerden nemese arnajy tanbalardan turatyn simvol DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Informatika zhәne kompyuterlik tehnika Zhalpy redakciyasyn baskargan tүsindirme sozdikter toptamasyn shygaru zhonindegi gylymi baspa bagdarlamasynyn gylymi zhetekshisi pedagogika gylymdarynyn doktory professor Қazakstan Respublikasy Memlekettik syjlygynyn laureaty A Қ Қusajynov Almaty Mektep baspasy ZhAҚ 2002 zhyl 456 bet ISBN 5 7667 8284 5