Сақтанушы – сақтандырушымен ерікті негізде немесе заңға сәйкес сақтандыру шартын жасаған заңды немесе жеке тұлға. Сақтанушы сақтандыру жарналарын төлейді және сақтандырушымен (сақтандыру компаниясымен) нақты қатынастарға түседі. Ол үшінші тараптың мүдделері үшін немесе соның атынан сақтандыру шартын жасауға құқылы. Халықаралық сақтандыру тәжірибесінде оны полис ұстаушы деп атайды. Міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша оларда көрсетілген тұлғалар заңға сәйкес, яғни шарт жасаспай-ақ Сақтанушы болып табылады. Мүлікті сақтандыруда мүлікті меншіктенуші, оралымды немесе сенімгерлікпен басқару құқықтары негізінде тиесілі тұлға, мүлікті жалға, лизингіге, тасымалдауға, кепілзатқа, ипотекаға, сақтауға, комиссияға, сатуға, т.б. мақсаттар үшін қабылдаған тұлға Сақтанушы бола алады.Сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның құқықтары мен міндеттері осы мүлікті мұралану тәртібімен қабылдаған тұлғаға көшеді. Басқа жағдайларда Сақтанушының міндеттері мен құқықтары сақтандыру ұйымының келісімімен жаңа меншіктенушіге ауысады. Жеке басты сақтандыруда өзін, басқа тұлғаларды (мысалы, балаларды) сақтандырған әрекет етуге қабілетті азаматтар, сондай-ақ өз қызметкерлерін сақтандырған ұйымдар Сақтанушы болып табылады. Жауапкершілікті сақтандыруда Сақтанушының іс-әрекеті, мүлікті иеленуі салдарынан үшінші тұлғаға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерін сақтандырушыға заң немесе шарт негізінде табыстайтын жеке немесе заңды тұлға Сақтанушы болып табылады. Сақтанушы заңды тұлға қайта құрылған кезде сақтандырудың кез келген түрі бойынша оның құқықтары мен міндеттері сақтандырушының келісімімен көшеді. Әлеуметтік сақтандыруда Сақтанушы – әлеуметтік сақтандыру қорына заңда белгіленген аударымды аударушы ұйым. Міндетті медицина сақтандыруда жұмыс істеуші халық үшін – меншік нысандарына және қызметінің ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан ұйымдар, мекемелер, өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілер; жұмыс істемейтін халық үшін мемл. басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары Сақтанушы болып табылады. Ерікті медициналық сақтандыруда Сақтанушы – азаматтар және кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалар. Сақтанушы сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру тәуекелін бағалау және тиісті сақтандыру тарифін белгілеу үшін елеулі мәні бар барлық мән-жайды сақтандыру ұйымына хабарлауға, сақтандыру жарналарын уақтылы және толық төлеуге міндетті. Сақтанушының сақтандыру уақиғасы болғанда сақтандыру төлемақысын алуға немесе сақтандырылушының немесе пайдасына сақтандыру шарты жасалған басқа тұлғаның алуын қамтамасыз етуге құқылы. Бұл үшін Сақтанушы болған оқиға туралы белгілі бір мерзімде хабарлауға тиіс.
Сілтемелер
- Сақтандыру уақиғасы
- Сақтандыру саласы
- Сақтандыру жауапкершілігі
Дереккөздер
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Saktanushy saktandyrushymen erikti negizde nemese zanga sәjkes saktandyru shartyn zhasagan zandy nemese zheke tulga Saktanushy saktandyru zharnalaryn tolejdi zhәne saktandyrushymen saktandyru kompaniyasymen nakty katynastarga tүsedi Ol үshinshi taraptyn mүddeleri үshin nemese sonyn atynan saktandyru shartyn zhasauga kukyly Halykaralyk saktandyru tәzhiribesinde ony polis ustaushy dep atajdy Mindetti saktandyrudyn zhekelegen tүrleri bojynsha olarda korsetilgen tulgalar zanga sәjkes yagni shart zhasaspaj ak Saktanushy bolyp tabylady Mүlikti saktandyruda mүlikti menshiktenushi oralymdy nemese senimgerlikpen baskaru kukyktary negizinde tiesili tulga mүlikti zhalga lizingige tasymaldauga kepilzatka ipotekaga saktauga komissiyaga satuga t b maksattar үshin kabyldagan tulga Saktanushy bola alady Saktanushy kajtys bolgan zhagdajda onyn kukyktary men mindetteri osy mүlikti muralanu tәrtibimen kabyldagan tulgaga koshedi Baska zhagdajlarda Saktanushynyn mindetteri men kukyktary saktandyru ujymynyn kelisimimen zhana menshiktenushige auysady Zheke basty saktandyruda ozin baska tulgalardy mysaly balalardy saktandyrgan әreket etuge kabiletti azamattar sondaj ak oz kyzmetkerlerin saktandyrgan ujymdar Saktanushy bolyp tabylady Zhauapkershilikti saktandyruda Saktanushynyn is әreketi mүlikti ielenui saldarynan үshinshi tulgaga keltirilgen ziyandy oteu zhonindegi mindettemelerin saktandyrushyga zan nemese shart negizinde tabystajtyn zheke nemese zandy tulga Saktanushy bolyp tabylady Saktanushy zandy tulga kajta kurylgan kezde saktandyrudyn kez kelgen tүri bojynsha onyn kukyktary men mindetteri saktandyrushynyn kelisimimen koshedi Әleumettik saktandyruda Saktanushy әleumettik saktandyru koryna zanda belgilengen audarymdy audarushy ujym Mindetti medicina saktandyruda zhumys isteushi halyk үshin menshik nysandaryna zhәne kyzmetinin ujymdyk kukyktyk nysandaryna karamastan ujymdar mekemeler ozge de sharuashylyk zhүrgizushi subektiler zhumys istemejtin halyk үshin meml baskaru organdary men zhergilikti ozin ozi baskaru organdary Saktanushy bolyp tabylady Erikti medicinalyk saktandyruda Saktanushy azamattar zhәne kez kelgen ujymdyk kukyktyk nysandagy zandy tulgalar Saktanushy saktandyru shartyn zhasau kezinde saktandyru tәuekelin bagalau zhәne tiisti saktandyru tarifin belgileu үshin eleuli mәni bar barlyk mәn zhajdy saktandyru ujymyna habarlauga saktandyru zharnalaryn uaktyly zhәne tolyk toleuge mindetti Saktanushynyn saktandyru uakigasy bolganda saktandyru tolemakysyn aluga nemese saktandyrylushynyn nemese pajdasyna saktandyru sharty zhasalgan baska tulganyn aluyn kamtamasyz etuge kukyly Bul үshin Saktanushy bolgan okiga turaly belgili bir merzimde habarlauga tiis SiltemelerSaktandyru uakigasy Saktandyru salasy Saktandyru zhauapkershiligiDerekkozderO D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 X tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet