Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактты философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.
Прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екі бағытта дауласуда, бірі рационализм (ақылшылдық), ол идеалды, сезімге бай, ақылға жүгінеді, үміткер, дінге сенеді, еркін ерік-жігерді дәріптейді. Енді бірі, эмпиризм (тәжірибешілдік), олар материалистер, суыққанды, сезімдік танымға мән береді, үмітсіз, атеист, себеп-салдар заңын (детерминизм) ұстанады. Прагматистер осы екеуінің арасынан жаңа жол тапқысы келеді, "тәжірибешілдік ойлау әдісі мен адамзаттық діни сенім дәстүрін лайықты үйлестіруді" дәріптейді.
Прагматистер шындыққа адал болуды жақтайды, бірақ дінге де сын айтқысы келмейді. Егер діндегі кейбір ұғым-түсініктердің тұрмыс үшін құнды екені мойындалса, онда діннің де рас екені дәлелденеді. Олар философиялық ойлауды жеке адамдық өмірдің нақты кешірмесіне дейін төмендетуді дәріптейді, бірақ діни сенімді сақтауды жақтайды. Олар әрі Дарвинизмді жақтайды, әрі дінді жақтайды, олар өздерін плюралистер деп атағанды ұнатады. Дегенмен, мысалы У.Джеймс те, басқа прагматистер де дінді этиканың тағаны деп есептемейді.
Прагматизм себепке қарағанда мақсатқа айырықша мән беруімен ерекшелеенеді. Олардың ойынша адам мақсат үшін өмір сүретін нәрсе. Адамның мақсаты адамның шындығын сомдайтын негізгі тетік. Ендеше мақсатты тану адамды танумен бірдей маңызға ие. Дегенмен, олар мақсат категориясы шегінде қамалып қалмай адамды өз мақсатына тегі қандай әрекет жеткізеді дегенді қазбалайды, мақсаттың адамда сенім болып орнығуына, белгілі бір әрекетте табысқа жеткізетін қозғалыс болып орындалуына айырықша назар аударады. Олардың ойынша ақиқат басқа емес, мақсатты дұрыс танытатын, адамға сенім беретін, практикалық тұрғыда адамды белсенді және табысты ететін білім. Егер кез келген білім адам үшіндік сипатқа ие болмаса, онда оның ақиқаттылығы да күмәнді. Ақиқаттың қайнары мақсатқа талпынған практика, ақиқаттың өлшемі, қозғаушы күші, бәр бәрі практика. Ендеше адамды өз мақсатына ең тез жылдамдықпен, ең қысқа уақытта, ең аз шығынмен, ең ыңғайлы жолмен мақсатына жеткізген нәрсе - шынайы құндылық, шынайы ақиқат. Адам баласы сондай ақиқатқа, құндылыққа талпынуы керек. Жалпы, АҚШ қоғамының табысты өмір салты қалыптастыруының негізгі тетігі прагматизмнің мақсатты негіз еткен өнімді қозғалыс идеясын ұстаным етуіне қатысты деп айтуға болады.
Прагматизмнің негізгі ұстанымдары:
- білім шындықты меңгерудің құралы, шындықты өзгертуге болады;
- нақты тәжірибе бәрінен маңызды, ереже мен ұстаным екінші орында;
- сенім мен түсініктің рас-жалғандығы оның әкелген нақты игілігіне байланысты;
- ақиқат идеяның табысты түрі, нәтижеге ие ететін, мақсатқа жеткізетін сана қозғалысы;
- теория әрекеттің болжалды қорытындысы, ол да құрал. Оның құндылығы әрекетті табысты ете алуына қатысты;
- адамның шындықты түсіндіруі шындықтың адамға пайдасы мен игілік өніміне байланысты;
- әрекет ережеден маңызды, ол қатып қалған ережені үздіксіз бұзып отырады;
- ұғымның мәні оның нәтижеге ие етуі, ақиқаттың құны оның қысқа уақытта, аз шығынмен, өте мол табысқа жеткізуі.
Прагматизм — шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. У.Джеймс (1842 — 1910) өзінің “Прагматизм” (1907) атты еңбегінде “Прагматикалық әдіс… әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Егер бұл ұғым емес, басқа бір ұғым ақиқат болған күнде де біреу үшін одан қандай практикалық мән болар еді” деген пайымдауды тұжырымдап, бұл философия туралы анық түсінік береді. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын “практикалық нәтижелерді” салыстыру жолымен филоселосы таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз — “біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет” дейді. Сөйтіп, прагматизмның “практика” мен ақиқатты субъективті тұрғыдан түсінуі оның ұғымды (идеяны) әрекет “құралы” (Дж. Дьюи) деп, ал танымды субъективтік “ақиқаттардың” жиынтығы (Ф.К.С. Шиллер) деп анықтама беруіне әкеліп тірейді. Бірақ прагматизм практикалық пайдалылық деп объективті ақиқатты практика өлшемімен дәлелдеуді емес, адамның жеке басының субъективті мүддесін қанағаттандыруды түсінеді. Шындықты түсіндіруде Прагматизм эмириокритицизммен үйлес “радикалды эмпиризм” позициясын ұстанады. Прагматизм объективті шындықты “тәжірибемен” барабар деп санап, танымның субектісі мен объектісін бөлуді тек тәжірибе шеңберінің ішінде жүргізеді.
Дереккөздер
- Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Pragmatizm pragma is әreket kazirgi zamangy filosofiyadagy subektivti idealistik bagyt Pragmatizmdi taza AҚShtyk filosofiya dep tүsinuge bolady ol kүni bүginge dejin AҚSh kogamynda ykpalga ie Amerikandyk tol filosofiya Pragmatizm terminin mәdeni ajnalymga 19 g dyn 70 zhyldary amerikalyk filosof Ch S Pirs 1839 1914 engizdi Pragmatizm negizinde akikattyn mәndiligi onyn pragmatikalyk tiimdiligimen anyktalady degen pragmatizm principi zhatyr Pragmatizm irgeli akikatty izdestiru kazhettiligin mojyndamajdy zhәne abstraktty filosofiyalyk zhүjeler zhasaudan bas tartady Munyn ornyna ol nakty tәzhiribe men tilge negizdelgen ozgerip otyratyn koptegen akikattardy karastyryp onda akikat praktikalyk nәtizhelerinin kundylygyna karaj anyktalady Pragmatizm terminin gylymga engizgen Charlz Pirs Pragmatizm bojynsha kazirgi zaman filosofiyasy eki bagytta daulasuda biri racionalizm akylshyldyk ol idealdy sezimge baj akylga zhүginedi үmitker dinge senedi erkin erik zhigerdi dәriptejdi Endi biri empirizm tәzhiribeshildik olar materialister suykkandy sezimdik tanymga mәn beredi үmitsiz ateist sebep saldar zanyn determinizm ustanady Pragmatister osy ekeuinin arasynan zhana zhol tapkysy keledi tәzhiribeshildik ojlau әdisi men adamzattyk dini senim dәstүrin lajykty үjlestirudi dәriptejdi Pragmatister shyndykka adal boludy zhaktajdy birak dinge de syn ajtkysy kelmejdi Eger dindegi kejbir ugym tүsinikterdin turmys үshin kundy ekeni mojyndalsa onda dinnin de ras ekeni dәleldenedi Olar filosofiyalyk ojlaudy zheke adamdyk omirdin nakty keshirmesine dejin tomendetudi dәriptejdi birak dini senimdi saktaudy zhaktajdy Olar әri Darvinizmdi zhaktajdy әri dindi zhaktajdy olar ozderin plyuralister dep atagandy unatady Degenmen mysaly U Dzhejms te baska pragmatister de dindi etikanyn tagany dep eseptemejdi Pragmatizm sebepke karaganda maksatka ajyryksha mәn beruimen ereksheleenedi Olardyn ojynsha adam maksat үshin omir sүretin nәrse Adamnyn maksaty adamnyn shyndygyn somdajtyn negizgi tetik Endeshe maksatty tanu adamdy tanumen birdej manyzga ie Degenmen olar maksat kategoriyasy sheginde kamalyp kalmaj adamdy oz maksatyna tegi kandaj әreket zhetkizedi degendi kazbalajdy maksattyn adamda senim bolyp ornyguyna belgili bir әrekette tabyska zhetkizetin kozgalys bolyp oryndaluyna ajyryksha nazar audarady Olardyn ojynsha akikat baska emes maksatty durys tanytatyn adamga senim beretin praktikalyk turgyda adamdy belsendi zhәne tabysty etetin bilim Eger kez kelgen bilim adam үshindik sipatka ie bolmasa onda onyn akikattylygy da kүmәndi Akikattyn kajnary maksatka talpyngan praktika akikattyn olshemi kozgaushy kүshi bәr bәri praktika Endeshe adamdy oz maksatyna en tez zhyldamdykpen en kyska uakytta en az shygynmen en yngajly zholmen maksatyna zhetkizgen nәrse shynajy kundylyk shynajy akikat Adam balasy sondaj akikatka kundylykka talpynuy kerek Zhalpy AҚSh kogamynyn tabysty omir salty kalyptastyruynyn negizgi tetigi pragmatizmnin maksatty negiz etken onimdi kozgalys ideyasyn ustanym etuine katysty dep ajtuga bolady Pragmatizmnin negizgi ustanymdary bilim shyndykty mengerudin kuraly shyndykty ozgertuge bolady nakty tәzhiribe bәrinen manyzdy erezhe men ustanym ekinshi orynda senim men tүsiniktin ras zhalgandygy onyn әkelgen nakty igiligine bajlanysty akikat ideyanyn tabysty tүri nәtizhege ie etetin maksatka zhetkizetin sana kozgalysy teoriya әrekettin bolzhaldy korytyndysy ol da kural Onyn kundylygy әreketti tabysty ete aluyna katysty adamnyn shyndykty tүsindirui shyndyktyn adamga pajdasy men igilik onimine bajlanysty әreket erezheden manyzdy ol katyp kalgan erezheni үzdiksiz buzyp otyrady ugymnyn mәni onyn nәtizhege ie etui akikattyn kuny onyn kyska uakytta az shygynmen ote mol tabyska zhetkizui U Dzhejms Pragmatizm shapshan әleumettik ozgerister kezeninde dүniege kelgen praktikalyk filosofiya ol parasatty oj men logikalyk әdisti praktikalyk istermen astastyruga tyrysyp tәzhiribege zhүginedi U Dzhejms 1842 1910 ozinin Pragmatizm 1907 atty enbeginde Pragmatikalyk әdis әrbir ugymdy tiisti praktikalyk nәtizhelerimen tүsindiruge tyrysady Eger bul ugym emes baska bir ugym akikat bolgan kүnde de bireu үshin odan kandaj praktikalyk mәn bolar edi degen pajymdaudy tuzhyrymdap bul filosofiya turaly anyk tүsinik beredi Dzhejms enbekterinde pragmatizm kandaj da bir teoriyadan tuatyn praktikalyk nәtizhelerdi salystyru zholymen filoselosy talasty sheshu tәsili zhәne akikat teoriyasy retinde tuzhyrymdalady akikat degenimiz biz үshin tiimdi bolatyn omirdin әrbir sәtine sәjkes kelip bizdin bүkil tәzhiribemizdin zhiyntygymen ushtasyp zhatkan әreket dejdi Sojtip pragmatizmnyn praktika men akikatty subektivti turgydan tүsinui onyn ugymdy ideyany әreket kuraly Dzh Dyui dep al tanymdy subektivtik akikattardyn zhiyntygy F K S Shiller dep anyktama beruine әkelip tirejdi Birak pragmatizm praktikalyk pajdalylyk dep obektivti akikatty praktika olshemimen dәleldeudi emes adamnyn zheke basynyn subektivti mүddesin kanagattandyrudy tүsinedi Shyndykty tүsindirude Pragmatizm emiriokriticizmmen үjles radikaldy empirizm poziciyasyn ustanady Pragmatizm obektivti shyndykty tәzhiribemen barabar dep sanap tanymnyn subektisi men obektisin boludi tek tәzhiribe shenberinin ishinde zhүrgizedi DerekkozderҚazakstan enciklopediyasy VII tom Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3