Оқшаулану - ағзалардың бір-бірімен еркін будандасуының (панмиксия) шектелуі.
Оқшаулану панмиксия деңгейін төмендетіп туыстық некелесуді жиілетеді. Ал, бұл гомозиготалылар жиілігін көбейтіп популяция генофондтарының айырмашылықтарын тереңдете түседі. Оқшаулану популяцияаралық генотиптік айырмашылықтардың теңесуіне кедергі келтіріп популяцияларда тіршілік мүмкіншілігі жоғары болып келетін генотиптердің сақталуына, таралуына мүмкіншілік туғызады.
Оқшауланудың екі түрі белгілі:
- географиялық оқшаулану
- биологиялық оқшаулану.
Географиялық оқшаулану- жер қыртысының ерекшеліктері салдарынан кеңістікте оқшауланып орналасқан популяцияларды айтамыз. Мысалы, су, теңіздер, тау қыраттары арқылы бөлшектенген популяциялар. Гавай аралдарында құрлық ұлулары таулардың ойлы алқаптарын мекендейді және бір-бірлерімен қыраттар арқылы бөлінген. Олардың қыраттардан асып өтуіне топырақтың құрғақ болуы және ормандар кедергі келтіреді. Осының нәтижесінде бұл ұлулар популяциялары толық болмаса да бір-бірінен оңашаланып фенотиптік ерекшеленген.
Биологиялық оқшаулану- түрішілік ерекшелердің негізінде пайда болады және оның бірнеше түрлері белгілі:
- экологиялық оқшаулану;
- генетикалық оқшаулану.
Дереккөздер
- С.А.Әбилаев,Е.Ө.Қуандыков "Медициналық биология және генетика" 2004 ж.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Okshaulanu agzalardyn bir birimen erkin budandasuynyn panmiksiya shektelui Okshaulanu panmiksiya dengejin tomendetip tuystyk nekelesudi zhiiletedi Al bul gomozigotalylar zhiiligin kobejtip populyaciya genofondtarynyn ajyrmashylyktaryn terendete tүsedi Okshaulanu populyaciyaaralyk genotiptik ajyrmashylyktardyn tenesuine kedergi keltirip populyaciyalarda tirshilik mүmkinshiligi zhogary bolyp keletin genotipterdin saktaluyna taraluyna mүmkinshilik tugyzady Okshaulanudyn eki tүri belgili geografiyalyk okshaulanu biologiyalyk okshaulanu Geografiyalyk okshaulanu zher kyrtysynyn erekshelikteri saldarynan kenistikte okshaulanyp ornalaskan populyaciyalardy ajtamyz Mysaly su tenizder tau kyrattary arkyly bolshektengen populyaciyalar Gavaj araldarynda kurlyk ululary taulardyn ojly alkaptaryn mekendejdi zhәne bir birlerimen kyrattar arkyly bolingen Olardyn kyrattardan asyp otuine topyraktyn kurgak boluy zhәne ormandar kedergi keltiredi Osynyn nәtizhesinde bul ulular populyaciyalary tolyk bolmasa da bir birinen onashalanyp fenotiptik erekshelengen Biologiyalyk okshaulanu tүrishilik erekshelerdin negizinde pajda bolady zhәne onyn birneshe tүrleri belgili ekologiyalyk okshaulanu genetikalyk okshaulanu DerekkozderS A Әbilaev E Ө Қuandykov Medicinalyk biologiya zhәne genetika 2004 zh