Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Мына мақаланы не бөлімін Құлжанова дегенмен біріктіруге ұсынылған. () |
Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) шілде айының 27-ші жұлдызында 1887 жылы Торғайда дүниеге келіп, 1934 өмірден озды. Ол - ағартушы-педагог, этнограф, журналист-аудармашы. Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебін, 1902 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясын бітірген. 1913 жылы Орыс географтар қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болған тұңғыш әрі жалғыз қазақ әйелі еді. Арғын тайпасы Жоғары шекті руы Айдарке бөлімінен шыққан.
Кәсіби қызметі
1903-1904 жылы 15 жасында Торғайдағы қыздар училищесінде мұғалімнің көмекшісі болды. Одан кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітіріп, 1905-1920 жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында ұстаздық етті. 1913ж «Азамат серіктігі» ұйымына кірді.
1914 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай өміріне арналған, 1915 жылы Петроградтағы мұсылман ауруханасы мен қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кештер ұйымдастырды. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттеріне әйел мәселелерін қоғамдық деңгейде арнайы көтеріп, мақалалар жазды.
1917 жылы Семей облыстық қазақ сыязына қатысып, оның төралқасы құрамына сайланды.
1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халкомының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның мүшесі болды. Құлжанова осы қызметте жүріп, қазақтың жаңа әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енді.
1922-1929 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарының редакцияларында жауапты қызметтер атқарды.
Еңбектері
1923 жылы Орынбор қаласынан Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы жарық көрді. Бұл Қазақстан Оқу комиссариатының нұсқауымен арнайы басылған алғашқы туынды еді. Кітапқа Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазған. Еңбек: «Күллі жер жүзінде», «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?», «Мектепке дейінгі тәрбиенің Россиядағы түрі», «Бала бақшасы деген не?» деген тараулардан тұрады. Осындағы алғашқы тараудан автордың сол кезде ақ шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеуге ұмтылыс жасағанын айқын көреміз. Педагог Италия, Швейцария, Шотландия елдеріндегі балалар бақшасының тәжірибелерін үлгі етіп ұсынады.
Құлжанова 1927 жылы Қызылорда қаласында «Ана мен бала тәрбиесі» әдістемелік кітабын баспадан шығарды. Автор бұл еңбегінде педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестер береді. Белгілі этнограф А.А. Затаевич Нәзипадан «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жазып алған. Публицист ретінде «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарына елдегі оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық мәселелеріне байланысты мақалалар жазып тұрды. А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С. Сейфуллин, т.б. ақындар Құлжановаға арнап өлең жазған. Нәзипа аударма саласында да елеулі жұмыстар атқарып, қазақ оқырмандарын В. Короленконың «Күн тұтылғанда» (1923), А. Куприннің «Лапылдап жанған крейслер» (1927), Б. Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928) сияқты шығармаларымен таныстырды. Арқалық қаласында бір көшеге ерлі-зайыпты Құлжановтар аты берілген. Арқалықта Құлжанова атындағы колледж жұмыс істейді. Семейлік жас ғалым Г.Кәріпжанова баспадан «Нәзипа Құлжанова - ағартушы, қайраткер» деген жинақ шығарды (2004).
Дереккөздер
- Х.М.Ғабжалилов = "Қазақ ру тайпалары тарихы" Арғын — Алматы: Алаш ТЗО, 2007. — Т. 9. — 660 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-16-2.
- Торғай елі. Энциклопедия , Құрастырған Т. Рсаев. Алматы, «Арыс» баспасы, 2013 жыл
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makala әli tekseristen otpedi Tekserilmegen makalalardagy mәlimetter senimsiz boluy mүmkin Tekserushilerge nuskaulykty oku үshin on zhaktagy korset degendi basynyz Makala tekserushilerge makalany tekserildi dep belgileu үshin bul үlgini alyp tastanyz Makalany tirkelgenine 6 aj bolgan 500 ondeme zhasagan barlyk katysushylar zhәne osy eki sharttyn bireuin bolsada kanagattandyratyn katysushylar tekserildi dep belgilej alady 2015 zhyldyn shildesinen bergi tekserilmegen makalalar myna sanatta tizimdeledi Sanat Uikipediya Tekserilmegen makalalar Osy ajdagy tekserilmegen makalalar sanatyn bastau Osy ajdagy tekserildi dep belgilengen makalalar https kk wikipedia org w index php title Arnajy Zhuyktagy ozgerister amp tagfilter Tekserildi dep belgiledi Bul makalany 2024 07 22 11 13 kezinde 4 aj buryn Kaiyr zhurnaly үlesi songy ret ondedi Tekserilmegender 2125 1 akpan 2017 Myna makalany ne bolimin Қulzhanova degenmen biriktiruge usynylgan Қulzhanova Nәzipa Segizbajkyzy Sagyzbajkyzy shilde ajynyn 27 shi zhuldyzynda 1887 zhyly Torgajda dүniege kelip 1934 omirden ozdy Ol agartushy pedagog etnograf zhurnalist audarmashy Torgaj kalasyndagy orys kazak mektebin 1902 zhyly Қostanajdagy kyzdar gimnaziyasyn bitirgen 1913 zhyly Orys geograftar kogamynyn Semej bolimshesine mүshe bolgan tungysh әri zhalgyz kazak әjeli edi Argyn tajpasy Zhogary shekti ruy Ajdarke boliminen shykkan Kәsibi kyzmeti1903 1904 zhyly 15 zhasynda Torgajdagy kyzdar uchilishesinde mugalimnin komekshisi boldy Odan kejin Orynbordagy mugalimder seminariyasyn bitirip 1905 1920 zhyldary Semej kalasyndagy mugalimder seminariyasynda ustazdyk etti 1913zh Azamat seriktigi ujymyna kirdi 1914 zhyly 26 kantarda Semej kalasynda kazaktyn uly akyny Abaj omirine arnalgan 1915 zhyly Petrogradtagy musylman auruhanasy men kazak shәkirtterine komek korsetu maksatynda әdebi keshter ujymdastyrdy Қazak Saryarka Alash gazetterine әjel mәselelerin kogamdyk dengejde arnajy koterip makalalar zhazdy 1917 zhyly Semej oblystyk kazak syyazyna katysyp onyn toralkasy kuramyna sajlandy 1920 zhyly Қyrgyz kazak AKSR Oku agartu halkomynyn kazak tilinde okulyktar kitaptar shygaru men baspasoz isteri zhonindegi arnauly komissiyanyn mүshesi boldy Қulzhanova osy kyzmette zhүrip kazaktyn zhana әlipbiin engizu zhonindegi komitettin kuramyna endi 1922 1929 zhyldar aralygynda Enbekshi kazak gazeti men Қyzyl Қazakstan Әjel tendigi zhurnaldarynyn redakciyalarynda zhauapty kyzmetter atkardy Enbekteri1923 zhyly Orynbor kalasynan Қulzhanovanyn Mektepten buryngy tәrbie okulygy zharyk kordi Bul Қazakstan Oku komissariatynyn nuskauymen arnajy basylgan algashky tuyndy edi Kitapka Ahmet Bajtursynov algysoz zhazgan Enbek Kүlli zher zhүzinde Mektep zhasyna tolmagan balaga tәrbie ne kerek Mektepke dejingi tәrbienin Rossiyadagy tүri Bala bakshasy degen ne degen taraulardan turady Osyndagy algashky taraudan avtordyn sol kezde ak shet elderdin mektepke dejingi tәrbie men okytu zhumystaryn zerdeleuge umtylys zhasaganyn ajkyn koremiz Pedagog Italiya Shvejcariya Shotlandiya elderindegi balalar bakshasynyn tәzhiribelerin үlgi etip usynady Қulzhanova 1927 zhyly Қyzylorda kalasynda Ana men bala tәrbiesi әdistemelik kitabyn baspadan shygardy Avtor bul enbeginde pedagogtarga tәrbieshilerge eresekter men balalar dәrigerlerine bala men ana densaulygyna katysty pajdaly kenester beredi Belgili etnograf A A Zataevich Nәzipadan Ғajni au sәulem Қadyr zary әnderin zhazyp algan Publicist retinde Ajkap Қazak Birlik tuy Alash basylymdaryna eldegi oku agartu mәdeniet densaulyk mәselelerine bajlanysty makalalar zhazyp turdy A Bajtursynov S Torajgyrov S Sejfullin t b akyndar Қulzhanovaga arnap olen zhazgan Nәzipa audarma salasynda da eleuli zhumystar atkaryp kazak okyrmandaryn V Korolenkonyn Kүn tutylganda 1923 A Kuprinnin Lapyldap zhangan krejsler 1927 B Lavrenevtin Қyryk birinshi 1928 siyakty shygarmalarymen tanystyrdy Arkalyk kalasynda bir koshege erli zajypty Қulzhanovtar aty berilgen Arkalykta Қulzhanova atyndagy kolledzh zhumys istejdi Semejlik zhas galym G Kәripzhanova baspadan Nәzipa Қulzhanova agartushy kajratker degen zhinak shygardy 2004 DerekkozderH M Ғabzhalilov Қazak ru tajpalary tarihy Argyn Almaty Alash TZO 2007 T 9 660 b 1000 taralym ISBN 9965 765 16 2 Torgaj eli Enciklopediya Қurastyrgan T Rsaev Almaty Arys baspasy 2013 zhyl