Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.
'Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі..
Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін (қараң. Мутагендер). Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз; оларды үнемі қалыпты доминанттық ген (қараң. Доминанттылық) жауып тұрады.
Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация пайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық жасушаларда (аналық жасушасы немесе аталық ұрық) пайда болған мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті.
Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады.
Геномдық мутация
Геномдық мутация – клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар: 1) полиплоидия – жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі; 2) анеуплоидия – хромосома жиынтығының еселенбей өсуі; 3) гаплоидия – диплоидты (екі еселенген) хромосома жиынтығының кемуі.
Хромосомалық мутация
Хромосомалық мутация – микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс. Яғни ДНҚ-ның ұзын сегментін қамтитын және жеке хромосомалардың қалыпты емес санына әкелетін өзгеру процесі. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына (транслокация) байланысты.
Гендік мутация
Гендік немесе нүктелік мутация деп ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады. Ол молекулалық деңгейде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде ағза биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден немесе біраз уақыттан кейін біртіндеп байқала бастайды. Полиплоидты мутанттардың клеткалары мен органдарының көлемі ұлғайып, хромосома жиынтығы жұп болса, оның ұрпақ беру қабілеті сақталады, ал тақ болса бұл қабілеті сақталмайды. Гендік мутация кезінде ағза үлкен өзгеріске ұшырайды. Кейде бір геннің өзгеруінен ағзаның бірнеше белгі-қасиеттері өзгереді (плейотропия). Гендік мутация доминантты (басыңқы), жартылай доминантты және рецессивті (басылыңқы) болады. Хромосомалық және гендік мутациялардың себебі көпке дейін белгісіз болып келді. Бұл өзгерістер ағзаға әр түрлі физикалық, химиялық факторлар – мутагендердің әсер етуінен пайда болады. Мысалы, радий сәулелерінің саңырауқұлақта тұқым қуалайтын өзгеріс тудыратындығын 1925 ж. орыс ғалымдары Г.А. Надсон (1867 – 1940) мен Г.С. Филлипов ашты. 1927 ж. АҚШ ғалымы Г.Меллер (1890 – 1967) жасанды мутацияның рентген сәулелерінің әсерінен болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. АҚШ генетигі С.Райт (1889 – 1988), орыс ғалымы С.С. Четвериков (1880 – 1959), ағылшын биологі Дж. Холдейн (1892 – 1964) қазіргі популяциялық генетиканың негізін салып, мутацияның эволюциялық мәнін ашты. Мутация көпшілік жағдайда ағза үшін зиянды болып келеді. Түрлі тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктерді тудырып, кейде тіпті өлімге душар етеді. Сонымен қатар кейбір мутациялар ағзаға пайдалы өзгерістер де алып келеді. Мысалы, гендік мутация (табиғи және қолдан сұрыптауға қажетті негізгі материал береді) өсімдіктер, жануарлар және микроазғаларды сұрыптау жолымен жаңа түрін алғанда кейбір қасиеттерін жақсартады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақстан энциклопедиясы, VI-том
- Britanica настольная энциоклопедия.Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT), ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)
- Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mutaciya latyn tilinde mutatio ozgeru tabigi zhagdajda kenetten bolatyn nemese koldan zhasalatyn genetikalyk materialdyn ozgerui Sonyn nәtizhesinde agzanyn belgileri men kasietteri tukym kualajtyn ozgergishtikke ushyrajdy Ғylymga mutaciya terminin 1901 zh golland galymy H de Friz 1848 1935 engizdi Genetikalyk apparattyn ozgeruine bajlanysty mutaciyanyn genomdyk hromosomalyk gendik nemese nүktelik degen tүrleri bar Mutaciya mutation zhasushanyn genetikalyk materialynyn ozgerui bul kejingi urpakka da beriledi Bul tosynnan kejde syrtky faktorlardyn әserinen boluy mүmkin karan Mutagender Genetikalyk kodty anyktajtyn zhүjedegi bir azottyk negizdin ornyn baska bireu almastyrsa nemese bir nemese odan da kop negizder genge engende nemese gennen zhogalganda gendik mutaciya pajda bolady Mutaciyalardyn kobi ziyansyz olardy үnemi kalypty dominanttyk gen karan Dominanttylyk zhauyp turady Kejbir mutaciyalar ajtarlyktaj saldar tugyzady mysaly ata anasynyn ekeuinen de tukym kualakshylykpen berilgen belgili bir mutaciya pajda boluyna әkep sogady Ұrpakka zhynystyk zhasushalarda analyk zhasushasy nemese atalyk uryk pajda bolgan mutaciyalar gana beriledi Әdette bundaj mutaciyalar agzaga kauipti Mutaciya agza үshin tiimdi ozgeristerge әkep sogatyn sirek kezdesetin zhagdajlarda osy geni bar derbes agzalardyn sany mutaciyaga ushyragan gen populyaciyada kalpyna kelmejinshe arta beredi Bundaj pajdaly mutaciyalar evolyuciyanyn materialy bolyp tabylady Genomdyk mutaciyaGenomdyk mutaciya kletkadagy hromosomalar sanynyn ozgerui Onyn birneshe tүri bar 1 poliploidiya zhiyntygynyn birneshe eselenip osui 2 aneuploidiya hromosoma zhiyntygynyn eselenbej osui 3 gaploidiya diploidty eki eselengen hromosoma zhiyntygynyn kemui Hromosomalyk mutaciyaHromosomalyk mutaciya tүrleri deleciya duplikaciya translokaciya Hromosomalyk mutaciya mikroskop arkyly korinetin hromosoma kurylymyndagy ozgeris Yagni DNҚ nyn uzyn segmentin kamtityn zhәne zheke hromosomalardyn kalypty emes sanyna әkeletin ozgeru procesi Bul ozgeris hromosomanyn kej boliminin үzilip kaluyna deleciya kosarlanyp ketuine duplikaciya nemese onyn baska bir bolimine auysuyna translokaciya bajlanysty Gendik mutaciyaDNҚ molekulasynyn ultrafiolet sәulenin әserinen ozgeriske ushyrauy Gendik nemese nүktelik mutaciya dep DNҚ molekulasynyn belgili bir boliginde nukleotidterdin katar tizbeginin ozgeruin ajtady Ol molekulalyk dengejde otedi mikroskop arkyly korinbejdi Mutaciya nәtizhesinde agza biohimiyalyk fiziologiyalyk morfologiyalyk ozgeristerge ushyrajdy Organizmdegi bul ozgerister birden nemese biraz uakyttan kejin birtindep bajkala bastajdy Poliploidty mutanttardyn kletkalary men organdarynyn kolemi ulgajyp hromosoma zhiyntygy zhup bolsa onyn urpak beru kabileti saktalady al tak bolsa bul kabileti saktalmajdy Gendik mutaciya kezinde agza үlken ozgeriske ushyrajdy Kejde bir gennin ozgeruinen agzanyn birneshe belgi kasietteri ozgeredi plejotropiya Gendik mutaciya dominantty basynky zhartylaj dominantty zhәne recessivti basylynky bolady Hromosomalyk zhәne gendik mutaciyalardyn sebebi kopke dejin belgisiz bolyp keldi Bul ozgerister agzaga әr tүrli fizikalyk himiyalyk faktorlar mutagenderdin әser etuinen pajda bolady Mysaly radij sәulelerinin sanyraukulakta tukym kualajtyn ozgeris tudyratyndygyn 1925 zh orys galymdary G A Nadson 1867 1940 men G S Fillipov ashty 1927 zh AҚSh galymy G Meller 1890 1967 zhasandy mutaciyanyn rentgen sәulelerinin әserinen bolatynyn tәzhiribe zhүzinde dәleldedi AҚSh genetigi S Rajt 1889 1988 orys galymy S S Chetverikov 1880 1959 agylshyn biologi Dzh Holdejn 1892 1964 kazirgi populyaciyalyk genetikanyn negizin salyp mutaciyanyn evolyuciyalyk mәnin ashty Mutaciya kopshilik zhagdajda agza үshin ziyandy bolyp keledi Tүrli tukym kualajtyn aurular men kemistikterdi tudyryp kejde tipti olimge dushar etedi Sonymen katar kejbir mutaciyalar agzaga pajdaly ozgerister de alyp keledi Mysaly gendik mutaciya tabigi zhәne koldan suryptauga kazhetti negizgi material beredi osimdikter zhanuarlar zhәne mikroazgalardy suryptau zholymen zhana tүrin alganda kejbir kasietterin zhaksartady DerekkozderҚazak enciklopediyasyҚazakstan enciklopediyasy VI tom Britanica nastolnaya encioklopediya Tom I AST Astrel Moskva 2006 ISBN 978 5 17 08532 4 T 1 ACT ISBN 978 5 271 1512 0 T 1 Astrel Patologiyalyk anotomiya terminderinin oryssha latynsha kazaksha tүsinikteme sozdigi Aktobe ISBN 9965 437 40 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet